Ресурс Іс-әрекеттегі кәсіптік оқыту әдісі ретінде зерттеу


Тәжірибені түсіну - деректер мен талдау



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.01.2024
өлшемі192.2 Kb.
#488663
1   2   3   4
Ресурс 2 - 6

Тәжірибені түсіну - деректер мен талдау. 
Туындаған мәселе мен сұрақты анықтағаннан кейін, екі нәрсе туралы ойлану қажет: 
1. Сіздің сұрағыңызға жауап бергеніңізге көз жеткізу үшін қандай дәлелдер қажет? 
2. Күн сайын мұндай дәлелдемелер бола алатын
қандай құралдарды пайдаланасыз? 
Мысалы, сыныпта сыйластық қоғамдастығын дамыту туралы сіздің мәселеңізге 
көшейік. Бір қарағанда бұл сұрақтың жасырын жобасы осы сыныптағы балалардың
арасындағы сыйластық пен құрметтің жоқтығы туралы дәлелі болды. Бәлкім, мұғалім өзіне
дөрекі тонның маркері ретінде көрінген мінез-құлықты атап өтті. Ол, мүмкін, бұл туралы 
директор мен ата-аналарға хабарлаған да шығар. Барлық осы деректер, бәлкім, 
зерттеушілер жекелеген бақылау жағдайын фиксациялау деп аталатын әдіспен жиналды. 
Сіз, әрине, осындай ақпаратты осындай жолмен жинайсыз. Осылайша сіздің иелігіңізде бір 
құрал бар. Күн сайын мұғалімдер пайдаланатын басқа құралдарға: 
1. сынып карталары; 
2. жекелеген бақылау жағдайларын тіркеу
3. уақытша-іріктемелі бақылау; 
4. оқушылардың жұмысының үлгілері; 
5. суреттер мен фотосуреттер; 
6. сұқбат және әңгімелесу; 
7. сұрастырулар;
8. ғылыми оқытушылық журналдары жатады. 
Сынып карталары. Сыныптың орналасуы мен безендірілуін сыни тұрғыда бейнелеген 


картаны сызыңыз. Кімнің жұмыстары қабырғаларда ілініп тұр? Орындықтар қалай 
орналасқан? Барлық қозғалыстарды бақылаңыз: өзіңіздің, оқушылардың, топтың. 
Әңгімелесу желісін бақылаңыз: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме, оқушылар 
арасындағы әңгіме. 
Жекелеген бақылау жағдайларын тіркеу және уақытша-іріктемелі бақылау. Әрқашан 
дәптерде немесе күнделікте жазбалар жасағанда, оны жазған күнін көрсетіңіз. Уақытты 
үнемі жазып тұрыңыз. Ұсақ-түйектерге назар аударыңыз. Тез жазыңыз және дәл 
дәйексөздерді жазыңыз. Сіз жасаған жазбаларды түзетпеңіз. 
Оқушылардың жұмыс үлгілері және суреттер мен фотосуреттер. Кейде сызбалар – 
көрнекі жазбалар жасауға болады. Ол бізге көрнекі нәрселерді есте сақтауға көмектеседі. 
Фотосуреттер де сол сияқты. Жұмыс істеп отырған оқушыларды түсіру қажет. Тіпті қызмет 
кезеңдерін де. Белгілі бір уақыт ішінде жиналған индивидтің, шағын топтың немесе бүкіл 
сыныптың жұмыс үлгісі, артефакт ретінде оқушылардың жасаған жұмыстары зерттеудің 
маңызды дәлелі болып табылады. Сұраққа байланысты артефактілер пайдалы болуы 
мүмкін. Оқушылардың жұмыс үлгілері жеке немесе топтық прогресс стратегиясын 
көрсетеді. Олар оқушылардың ұғымдарды қалай түсінетінін, қалай пайдаланатынын 
көрсете алады. 
Сұқбат және әңгіме. Зерттеудің жақсы құралы болып табылады. Ресми әңгімелесу – 
бұл Сіз өзіңізге сұхбатқа дейін сценарийді жазасыз, Сіз әңгімелесіп отырған адамдардың 
барлығына бір ретпен және бір сұрақтарыңызды қоясыз. Бейресми сұқбат немесе әңгімені 
дайындау үшін, Сіз нені білгіңіз келетін туралы ойлауыңыз тиіс. Сөйлесуді немесе 
сұқбатты бастаған бетте есіңізде болсын, Сіз мақсатқа бағытталған әңгіме жүргізуіңіз 
керек. Былай бастауға болады «Мен ... туралы естігім келеді». Сынып қоғамдастығы туралы 
тақырып бойынша ұсынылатын бірнеше сұрақтар: 
Мұғалімге: «Мен топтағы балалар бір-бірімен шын мәнінде байланыс орнатқанын 
қашан сезгеніңізді естігім келеді». 
Оқушыға: «Мен Сіз үшін сыныптағы ең тамаша немесе ең көңілсіз күн туралы естігім 
келеді». 
Егер сұқбатқа басқаларды жетекші ету мүмкіндігі ретінде қарайтын болсаңыз, бәлкім, 
сіз толық жауап ала аласыз, ал егер күн тәртібін жасайтын болсаңыз, ала алмайтын жауап.
Сауалнамалар. Бүкіл сыныптан немесе үлкен топтан ақпарат алу үшін жақсы құрал 
болып табылады. Бірақ, сұрақтардың мазмұны мен және олардың санынан сақ болу керек. 
Социограмма сіздің сыныптағы әлеуметтік қауымдастықтарды көрсетуге көмектесетін 
талдамалық құрал болып табылады. Егер сіз сыныптың интерактивті динамикасын қалай 
өзгертуге болатынын анықтауға тырыссаңыз, олар пайдалы. Сондай-ақ, ол балаларды 
оқыту үшін қалай топтастыру керек екенін білуге тырысқанда пайдалы. 
Ғылыми оқытушылық журналдары. Әрбір зерттеуші-мұғалім зерттеу журналын 
жүргізуі тиіс. Бұл ең жақсы күнделік. Ол Сіздің сұрақпен не істеу керек туралы он минуттық 
күнделікті жазбаларды қамтуы мүмкін; бірлі-жарым бақылау туралы ескертпелер; осы 
жазбалар туралы ойларыңыз; оқығаныңыз туралы жазбалар. Журнал әрқашан Сізде болуы 
керек. Оның арқасында Сіз қағаз бетінде ойланасыз. 
Ал енді деректерді ұйымдастыру проблемасын қарастыру қажет. Үш түрлі құралды 
пайдалану қажет (сауалнамалар мен сұрастырулар ғана емес). Бұл триангуляция үшін 
жасалады және Сіз алатын нәтижелерге сенімді болуға көмектеседі, нақты және сынға 
төзімді. Сіз пайдаланатын құралдар сіздің мәліметтеріңізді қалай ұйымдастыруға 
болатынын анықтайды. Негізінен бұл диаграммалар, графикалар және кестелер, олар 
мысалдар, уақытша реттеулер, қатынастар мен жетіспейтін бөлшектерді жылдам көрсетуге 
көмектеседі. 
Деректерді талдау. Бұл іс-әрекетті зерттеумен өз тәжірибесін ұғынудың негізгі 
процесі. Бұл қызықты және ретсіз процесс. Деректер өздері үшін ешқашан сөйлемейді. 
Талдау Сіздің деректеріңіз Сізді әрекет жасауға итермелеген тұжырым жайлы сенімді тарих 
процесі болып табылады. Сонымен қатар, Сізге күмәнді тыңдаушыларды Сіз айтып жатқан 


оқиға және Сіздің сезімдеріңіз дәлелдемелермен нығайтылатыны туралы сендіру керек. 
Сіздің дәлелдемелеріңізді қолдаудың екі негізгі көзі бар: 
1. Сіз жинаған деректер және сіз жасаған модельдер. 
2. Тақырып туралы білгеніңіз.
Деректерді талдағаннан кейін, Сізге келесі қадамдарды жасау қажет (Сіздің іс-
әрекетіңіздің нәтижелері туралы есеп): 
1) жасаған іс-әрекеттерді сипаттаңыз; 
2) жинаған дәлелдерді рефлексиядан өткізіңіз; 
3) есептеңіз және үлгілерді табыңыз; 
4) әріптестермен дәлелдемелерді бөлісіңіз
5) алынған мәліметтердің түрлі түсініктемелерін оқып шығыңыз; 
6) балалар мен оқу жағдайы туралы болжамдарды қайта қараңыз; 
7) алдын ала түсіндірмелерді тұжырымдаңыз; 
8) дәлелдемелер мен тұжырымдары бар аргументтерді әзірлеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет