Сондықтан минералды ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану
экономикалық саясаттағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Табиғи ресурстарды қолданумен байланысты
келесі мәселелерді атап
өтсек болады:
1. Пайдалы қазбаларға бай аудандардағы шаруашылықты игерудегі қиын
жағдайлар.
2. Көлік шығынына әкелетін өндіру және өңдеу салаларын
орналастырудағы үйлеспеушілік.
3.
Өндіретін шикізаттың, кен орнын игерудегі тау-кен геологиялық және
тау-кен техникалық жағдайлардың сапасының нашарлауы.
4. Пайдалы қазбалар өндірісінің және меншікті
капитал жұмсалымының
өндіріліп жатқан шикізаттың бірлік уақытына шаққан кезіндегі өзіндік
құнының өсуі.
5. Қайта өңдеу және іске қосу кезіндегі
минералды және орманды
ресурстарды жоғалту.
6. Табылған шикізатты кешенді түрде қолданбау.
7. Кен орындарында қолданылатын ескі өндіру әдістері және техника.
8. Табиғи ресурстарды игеру аймақтарындағы экологиялық тепе-теңдікті
бұзу.
Адам өз дамуындағы барлық кезеңдерде қоршаған
ортамен тығыз байланыста
болды. Бірақ, жоғары индустриалды қоғам пайда болғаннан бері, адамның табиғатта
деген теріс әсері күшейе түсті. Бұл қазір
ғаламдық мәселелердің бірі болып
табылады.
Қазіргі кезде қалпына келмейтін шикізат түрлері өсуде,
егістік жерлердің орнына
қалалар мен зауыттар салынуда. Осыған орай,
адам биосфера шаруашылығына
араласуға мәжбүр. Қазіргі уақытта Жердің биосферасы үдемелі
антропогендік
ықпалдарға душар болуда.
Зауыттардан шыққан лас түтін
Су жағалауындағы қоқыс