Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының



бет2/8
Дата01.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#171043
1   2   3   4   5   6   7   8

ЕСКЕРТУ: * - ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 5.1.1-тармағында көрсетілген мәндер Q3-тің тұрақты шығынының мәні ішінен.
7.2.4. ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 4.2-тармағына сәйкес суды есептеу құралын өндіруші суесептегіштің істен шығып қалуына немесе берілген метрологиялық сипаттарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырмау үшін есептегіштерді дұрыс таңдау мен монтаждау үшін қажетті ақпаратты жеткілікті етіп беруі қажет. Оның ішінде өндіруші индикацияның нақты болмау мүмкіндігіне әсер ететін факторларды көрсетуі қажет.

Индикация мен өлшеу диапазонының көрсеткіштерінің нақты болмауына әсер етуші факторларға оны монтаждау кезіндегі суесептегішінің орналасу жағдайы жатады: тігінен немесе көлденеңінен.

Әдiстемелiк нұсқаулардың 7.2.2-тармағында ескерiлген жағдайлар үшiн су есептеуiштi таңдауда және бұл ретте монтаждау кезінде су есептеуiш күйінің өлшеу диапазонына ықпалы туралы өңдірушінің ақпараты жоқ болғанда су есептеуіш Әдiстемелiк нұсқаулардың 2-кестесінің диапазонында өлшеу қателiгiн қамтамасыз ету мақсатындапен тік күйінде бекiтiлуi қажет.

Әдiстемелiк нұсқаулардың 7.2.3-тармағында ескерiлген жағдайлар үшiн су есептеуiштi таңдауда және бұл ретте монтаждау кезінде су есептеуiш күйінің өлшеу диапазонына ықпалы туралы өңдірушінің ақпараты жоқ болғанда су есептеуіш Әдiстемелiк нұсқаулардың 3-кестесінің диапазонында өлшеу қателiгiн қамтамасыз ету мақсатындапен тік күйінде бекiтiлуi қажет.

7.2.5. Суды есептеу құралдарының әртүрлі типтерінің анықтамалық сипаттамасы 1-қосымшада берілген.

8. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат беру
8.1. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат беру Қызмет көрсетушімен және Тұтынушымен есептеу түйінінің құжаттары мен монтажын жүзеге асырған қызмет көрсету компаниясының өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

8.2. Суды есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат беру үшін қызмет көрсету компаниясының өкілі мыналарды көрсетеді:

- құрылғының құбырларының принципиалдық сызбалары;

- қызмет көрсетушімен келісілген есептеу түйінінің жобасын;

- есептеу түйінінің құралының төлқұжатын;

- есептеу түйінінің құралдарының алғашқы немесе кезеңдік тексерісі (тексеріс таңбасы, өзі жапсырылатын лейбл, пластиктік пломба) туралы құжат;

- монтаждалған және жұмыс істей алатындығы тексерілген суды есептеу түйіні.

8.3. Есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат берерде мыналар тексеріледі:

- құбыржелісінің есептеу құралы орнатылған жерінде судың ағып кетуінің болмауы;

-есептеу құралының типі мен оның орнатылу сызбасының Қызмет көрсетушінің техникалық талаптарына сай келуі;

- есептеу құралының төлқұжаты;

- есептеу құралдарының зауыттық номерлерінің олардың төлқұжаттарында көрсетілген номерлерге сәйкес келуі;

- Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген есептеу құралының типін бекіту сертификаты;

- өлшеу құралдары мен байланыс желілерін монтаждау сапасы, сондай-ақ оның төлқұжат пен жобалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі;

- пломбалардың болуы;

- оны пайдалануға рұқсат берген уақыттағы құралдың көрсеткіштері.

8.4. Осы Әдістеменің талаптарына есептеу түйінінің сәйкес келмеуі жағдайында оны пайдалануға рұқсат етілмейді, ол туралы Актіде табылған кемшіліктердің барлығы көрсетіліп, жазылады.

8.5. Есептеу түйіні тұтынылған суды есептеуді бастауға Қызмет көрсетушінің өкілі мен Тұтынушының өкілі Актіге қол қойған сәттен бастап кіріседі деп саналады.

8.6. Суды есептеу түйіні берілген суды есептеуге жарамды деп Қызмет көрсетушінің, қызмет көрсетуші компанияның өкілдерінің және суды есептеу түйіні орнатылған объектінің жетекшісінің Актіге қол қойған сәтінен бастап саналады.

8.7. Тұтынушының Қызмет көрсетушінің өкілін есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру үшін шақырту оны жабдықтау күнінен 10 күн бұрын жүзеге асырылады, ал өкілін есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру турлы шешім тұтынушының өтініш берген күнінен 15 күннен кем емес мерзім ішінде қабылдануы керек.



9. Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу торабын іске қосуға рұқсат беру
9.1. Тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу тораптарын іске қосуға рұқсат беру тұтынушының өкілінің қатысуымен Қызмет көрсетушінің өкілімен жүзеге асырылады, ол туралы акт жасалынады. Тұтынушы - жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және /немесе тұрғын үйлердің жалпы үйлік есептеу түйіндері үшін акт 3-қосымшада берілген нысан бойынша, тұрмыстық тұтынушылар үшін 4-қосымшада берілген нысан бойынша жасалынады.

9.2. Тұрғын үйлік емес ғимараттарда және/немесе тұрғын үйлердің жалпы үйлік есептеу түйіндерін пайдалануға беру үшін Тұтынушының өкілі мыналарды көрсетуі қажет:

- қызмет көрсетушімен келісілген есептеу торабы жобасын;

- есептеу торабы құралының төлқұжатын;

- есептеу торабы құралдарының алғашқы немесе кезеңдік тексерісі (тексеріс таңбасы, өзі жапсырылатын лейбл, пластиктік пломба) туралы құжат);

- қызмет көрсетушімен келісілген шығынды өлшеу құралдарының есептеулері (судың массасын немесе көлемін ауыспалы қысым әдісімен өлшейтін құралдар бойынша ғана);

- қызмет көрсетуші ұйымның өлшеу құралының нақты осы түрін монтаждауға құқығы бар екендігін растайтын құжат;

- қызмет көрсетуші ұйымның АӨЖ нақты осы түрін монтаждауға құқығы бар екендігін растайтын құжат;

- судың параметрлерін тіркеуші құралдарды қоса алғанда, монтаждалған және жұмыс істей алатындығы тексерілген суды есептеу түйіні.

Тұтынушылар – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және /немесе тұрғын үйлердің жалпы үйлік есептеу тораптарын пайдалануға рұқсат берерде мыналар тексеріледі:

- есептеу құралдарының зауыттық нөмірлерінің олардың төлқұжаттарында көрсетілген нөмірлерге сәйкес келуі;

- қызмет көрсетушімен жобада келісілген диаметрге суесептегіштің өту жолы диаметрінің сәйкес келуі;

- өлшеу құрылғыларын, байланыс желілерін, АӨЖ орнату мен жұмыс істей алатындығын монтаждаудың сапасы;

- есептеу құралдарының құжаттарымен қарастырылған есептеу түйіндерінің құралдары мен органдарында пломбалардың болуы.

9.3. Жеке есептеу түйінін пайдалануға рұқсат алу үшін тұрмыстық тұтынушы мына құжаттарды көрсетуі қажет:

- есептеу түйіні құралының төлқұжаты;

- сенушінің жұмыс істейтің таңбасымен есепке алуды түйінің құралдарының тексерісі туралы құжаттар;

- осындай қызмет көрсетуге құқығы бар ұйымның есептеу түйінін монтаждағанын растайтын құжат;

- монтаждалған және жұмыс істеу сапасы тексерілген суды есептеу түйіні.

Жеке есептеу түйінін пайдалануға рұқсат алу үшін мыналар тексеріледі:

- есептеу құралдарының зауыттық номерлерінің олардың төлқұжаттарында көрсетілген номерлерге сәйкес келу;

- суесептегіштің шартты өту жолы диаметрінің және нақтылықтың метрологиялық класының Қызмет көрсетушінің техникалық талаптарына сәйкес болуы;

- өлшеу құралдарының монтажының сапасы, сондай-ақ монтаждың төлқұжаттар мен жобалық құжаттарға сәйкес болуы;

- есептеу құралдарының құжаттарымен қарастырылған есептеу түйіндерінің құралдары мен органдарында пломбалардың болуы.

9.4. Тұрғын үйлік ғимаратта осы Әдістеменің 7.1.3. тармақтары бойынша Қызмет көрсетушімен АӨЖ орнатылғанда процедураны бастамас бұрын немесе оны өткізу барысында Қызмет көрсетуші жеке немесе жалпыүйлік суды есептеу құралдарын АӨЖ қосады.

9.5. Қызмет көрсетуші Актілерге қол қойылғаннан соң оларды пайдалуға бергенде Тұтынушылардың суды есептеу құралдарына пломба қояды ( 2, 3 қосымшалар).

9.6. Тұтынушының есептеу түйіні тұтынылған суды есептеуді бастауға Қызмет көрсетушінің өкілі мен Тұтынушының өкілі Актіге қол қойған сәттен бастап кіріседі деп саналады.

Тұтынушының суын есептеу оның есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру Актісіне қол қойылған сәттен бастап жүзеге асырылады.

9.7. Тұтынушының Қызмет көрсетушінің өкілін есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру үшін шақырту оны жабдықтау күнінен үш күн бұрын жүзеге асырылады, ал есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру турлы шешім тұтынушының өтініш берген күнінен бес күннен кем емес мерзім ішінде қабылдануы керек.

10. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу торабын пайдалану
10.1. Суды есептеу түйіндері осы Әдістеменің 8.2-тармағында көрсетілген техникалық құжаттарға сәйкес пайдаланылады.

10.2. Есептеу құралдарының техникалық құжаттармен анықталған пайдалану талаптарын бұзу суды есептеу торабының бұзылуымен бірдей болып саналады.

10.3. Пайдалану кезінде суды есептеу тораптарының құралдарының техникалық жағдайына есептеу торабы оның балансында орналасқан ұйымның лауазымды тұлғасы жауапты болып табылады.

10.4. Суды есептеу торабын пайдалану және оның жұмыс істеу мүмкіншілігін қадағалауды ол монтаждалған нысанның қызмет көрсетуші персоналы жүзеге асырады.

Тұтынушының есептеу құралдары Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау жүйелерінде орналасқан болса, Тұтынушының өкілімен кедергісіз оларды қарау мүмкіншілігі қамтамасыз етіледі.

10.5. Суды есептеу түйінінің істен шығу мерзімі кезекші персоналдың журналында жазылынады.

10.6. Суды есептеу түйіні істен шыққан болып мына жағдайларда саналады:

- оның жұмысына рұқсатсыз араласу;

- суды есептеу түйінінің жабдықтарында пломбалардың, электрлік байланыс желілерінің бұзылуы;

- есептеу түйіндерінің құралдары мен элементтерінің механикалық зақымдануы;

- 8.2.2-тармақшада белгіленген нақтылық нормалар шегінен асып жұмыс істеу.

10.7. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда тұтынылған/берілген суды есептеуді жүргізудің тәртібі алдыңғы айдағы судың берілуінің орташа мәнімен жүзеге асырылады.

10.8. Пайдалануға берілген есептеу құралына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызмет көрсетудің қосымша келісім-шарты бойынша қызмет көрсету компаниясымен жүзеге асырылуы мүмкін.

10.9. Пайдаланудың тексеру мерзімі өткеннен соң, тіркеу бойынша орган тіркелген сынау зертханалары есеп алу құралдарының мерзімді тексерісті жүргізеді.



11. Тұтынушының суды есептеу тораптарын және өлшеулік-ақпараттық жүйелерін пайдалану
11.1. Тұтынушының суды есептеу тораптары осы Әдістеменің 9.2, 9.3-тармақтарында көрсетілген техникалық құжаттарға сәйкес пайдалануы қажет.

11.2. Тұтынушылар – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаларға тиесілі аумақтарда орналастырылған есептеу тораптары мен АӨЖ жабдықтарын пайдалануға беру үшін жауаптылық, ағымды қызмет көрсету, сақтау үшін жауаптылыққа осы есептеу түйіні соның балансындағы ұйымның басшысымен тағайындалған лауазымды тұлға ие. Тұрмыстық тұтынушылардың жеке және жалпыүйлік су есептеу тораптары мен АӨЖ жабдықтарын пайдалануға беру үшін жауаптылық, ағымды қызмет көрсету, сақтау үшін жауаптылыққа тұрмыстық тұтынушылар және/немесе кондоминиум басқармасының органдары ие. Қызмет көрсетушімен арнайы ғимараттарда жеке және жалпыүйлік су есептеу түйіндері орнатылған жағдайда олардың сақталуы үшін Қызмет көрсетуші жауапты болып табылады.

11.3. Тұтынушылардың су есептеу тораптары мен АӨЖ жабдықтарына кедергісіз қолжетімділік Қызмет көрсетушінің өкілдерінің, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы өкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Мемстандарының бірінші талабы бойынша қамтамасыз етіледі.

11.4. Тұтынушылардың пайдалануға берілген су есептеу тораптарының көрсеткіштері әрбір тәулік бойында АӨЖ тіркеледі. Бұл көрсеткіштерді негізге ала отырып Қызмет көрсетуші есептеу кезеңінде тұтынушылардың төлеуге тиіс су көлемін анықтайды.

Тұтынушының АӨЖ алынған суесептегіш құралының көрсеткіштерімен келіспейтін жағдайында Қызмет көрсетуші суесептегіштің индикаторының көрсеткіштерін шынайы уақыт мерзімінде салыстырылып, тексеріледі. Егер олардың көрсеткіштері әртүрлі болса, төлеуге негіз болып суесептегіштің индикаторының көрсеткіштері алынады да, Қызмет көрсетуші тұтынылған суға төленетін ақыны қайта санайды.

11.5. Осы Әдістеменің 9.2, 9.3-тармақтарында көрсетілген техникалық құжаттарында көрсетілген пайдалану талаптарын, сондай-ақ ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 талаптарын бұзу суды есептеу түйінінің Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған болып саналады.

11.6. Суды есептеу түйінінің Тұтынушының кінәсінен емес тұрғыдан істен шығарылған жағдайында белгіленген тәртіп бойынша есептеу құралының орта айлық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

11.7. Суды есептеу тораптарының Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған жағдайда:

- тұтынушының су есептеу сызбасының бұзылуы фактілері анықталғанда;

- есептеу түйінінде (оның ішінде қоршау желісінің жабу арматурасында), есептеу құралдарында (тексеру пломбаларында, өзі жапсырылатын лейблдерге), электрлік желілерде (есептеу құралдарының импульстік шығу жолдарында) пломбаға зақым келтірілгенде;

- олардың сақталуы үшін тұрмыстық тұтынушылар және/немесе кондоминиум басқармасының органдары жауапты болып табылатын есептеу түйіндерінің және АӨЖ құралдарының, элементтерінің механикалық зақымдануы;

- оның жұмысына рұқсатыз араласу, есептеу көрсеткіштерін қате көрсететін құрылғыларды орнату;

- нәтижесінде суды талан-таражға салуға алып келген, бұрын Қызмет көрсетушімен байқалынбаған әрекеттер,

Мұндай Тұтынушылармен есептесуді Қызмет көрсетуші белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырады. Сонымен қатар, 11.6-тармағының ережелері мұндай Тұтынушыларға қатысты қолданылмайды.

11.8. Есептеу шиелінісінің дұрыс жұмыс істемей тұрғандығы туралы Қызмет көрсетушіге хабарланбаған жағдайда есептеу түйіні Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған болып есептеледі және есептеуді жүзеге жүргізу Әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

11.9. Суды есептеу тораптарының біреуінің болса да тексеру мерзімі өткеннен кейін бұл есептеу торабының құралының көрсеткіштері Қызмет көрсетуші мен Тұтынушының арасындағы өзара есеп айырысуда есепке алынбайды. Осы Әдістеме нұсқауларының 11.8-тармағына сәйкес есептеу түйіні Тұтынушының кінәсінен істен шығарылған болып есептеледі.

11.10. Тұтынушының су есептеу түйіндерінің жұмыс істеуі қалпына келтірілгеннен соң оны пайдалануға рұқсат беру Осы Әдістеме нұсқауларының 9-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, ол туралы 3, 4-қосымшаларда берілген нысан бойынша акт жасалынады.

11.11. Үш айда бір рет Қызмет көрсетушінің өкілі Тұтынушының өкілімен бірге кемшіліктерінің бар-жоғын тексеру мақсатында есептеу түйінінің және АӨЖ құрылғыларының техникалық тексерісін өткізеді.

__________________________

Утверждены


приказом Председателя

Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства

от «28» апреля 2012 года

№ 167



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет