Құрметті ауыл тұрғындары және бүгінгі есеп беру жиынына қатысушылар!



жүктеу 55.14 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі55.14 Kb.
«М.Нәлібаев» ауылдық округінің әкімі Е.Ильясовтың «2013 жылғы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері жайлы» есепті баяндамасының негізгі бағыттары.

Құрметті ауыл тұрғындары және бүгінгі есеп беру жиынына қатысушылар!

Үстіміздегі жылдың 15 тамызында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы №615-ші жарлығы қабылданып, жарлықта есепті кездесулер кезеңдері белгіленді. 2013 жыл Қазақстан халықтары үшін де, Машбек ауылының тұрғындары үшін де табысты жыл болды.2012 жылы 14 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында ҚР Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан–2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Онда Қазақстан Республикасының–Еліміздің тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде адам танымастай өзгергені, дүние жүзіндегі экономикасы өркендеген, мәдениеті дамыған 50 елдің қатарына қосылғанымызды қорытындылап, Қазақстан халқының алдына 2050 жылға дейін экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндетін қойды.



М.Нәлібаев ауылдық округінің экономикалық даму көрсеткіші.

Машбек елді мекенінде бүгінгі күнде 162 отбасында, 1058 халық тұрып жатыр. Ауылда 200 орындық 1 орта мектеп, 1 бала бақша, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық дәрігерлік емхана, 1 кітапхана, 1 монша, 1 мешіт және 2 дүкен, 12 шаруа қожалығы, 2 күріш диірмені мен 1 жанар-жағар май құю бекеті халыққа қызмет көрсетуде. Еңбекке қабілетті азаматтар -577, жұмыс істейтін азаматтар-446, оның ішінде бюджеттік мекемелерде-107, шаруа қожалықтарында-53, жеке кәсіпкерлер-7, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер-262, ауылдан тыс мекемелерде жұмыс істейтін азаматтар-17. Ақылы қоғамдық жұмысқа 20 адам тартылып, еңбекақыларына–746 мың теңге қаржы бөлінді. Байланыс телефоны бұрын 50 нүктелік болса, қазір 111 үйге және 4 мекемеге байланыс құралдары құрылған.



«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылы - 1 адам кәсіби негізде оқуға жолданды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 ші бағытымен 1 адам мал шаруашылғымен айналысу мақсатында Асқанов Ниетхан 1500 мың теңге көлемінде несие алды.

Машбек ауылдық округі әкімі аппараты ауыл аумағындағы жергілікті мемлекет басқаруды ұйымдастырып, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

Машбек ауылдық округі әкімі аппаратында 2013 жылдың ІІІ-IV тоқсанында 3 шешім, 38 өкім қабылданып, 3 өтініш түсіп уақытылы орындалып, барлығы да қанағаттандырылды. Олар негізінен жер учаскелерін рәсімдеу, тұрғын үй салу үшін жер бөлу, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне байланысты болуда.

Ауыл бюджеті және қаржылық түсімдер мен шығыстар туралы мәлімет.

М.Нәлібаев ауылдық округі әкімінің аппаратына бөлінген 2013 жылғы қаражат 28 575 000 теңге, 31.12.2013 ж. дейін игерілгені 27 766 000 тенге. Республикалық бюджеттен балалар ойын алаңын алуға 2 млн теңге бөлінді. Қаралған қаржының 1245 мың теңгесі игерілді. Игерілген қаржыға елді мекендегі Абылайхан көшесінің бойынан балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Қалған 755 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.Жергілікті бюджеттен ауылдық округке 736 мың теңгеге уақ мал тері ауруларына қарсы профилактикалық шомылдыру (дизенфекциялау) ваннасы салынды.



Салықтың орындалуы

Мүлік салығы 174% ға, жер салығы 98,2% ға, көлік салығы 77,2 % ға орындалып отыр.



Ауылдағы ветеринариялық жұмыстардың атқарылуы

Машбек ауылдық округі бойынша үстіміздегі 2013 жылдың соңында елді мекенде 1715 бас МІҚ, 8621 бас қой-ешкі, 902 бас жылқы, 97 бас түйе, 263 бас құс паспортталып бірдейлендіру базасына енгізілді.2013 жылдың 9 айында 1614 бас МІҚ-дан бруцеллез ауруына қан алып тексерілді



Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары

Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және абаттандыру бойынша 1000 мың теңге қаржы жұмсалды.Атап айтқанда елді мекенге кіре берістегі Абылайхан көшесінің бойынан 3*2м2 4 дана пано, 9*3м2 пано жасалды және көлемі 0,80х1 м болатын 18 дана баннер екі рет жаңартылып жасалды.Елді мекендегі бәйтерекке сырлау-әрлеу, түрлі-түсті гирляндалармен, фонарлармен жарықтандырылып,жан-жағын көріктендіру мақсатында бручатка, бардюрлер төселді. Ауылды көркейту-көгалдандыруға байланысты Машбек Нәлібаев ауылдық округіне кіретін асфальт трассасының екі жағын, кіре берістегі арка маңайының күл-қоқысы жиналып, өртелді және 316 түп ағаш отырғызылды. 200 ағаш бұталары оталып, түбі ай сайын 2 рет әктелді. Елді мекен бойынша 1000 метр арық тазаланды.



Білім саласы бойынша

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың айтқанындай Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады.Біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қорытынды жолға қоюымыз керек.№196 орта мектепте 37 мұғалім 249 оқушыға дәріс береді.Мектепте ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.2012-2013 оқу жылында мектеп бітіруші 7 оқушының 6-ы ҰБТ-ға барып, орташа балдық көрсеткіші 78,3 құрап, 2 бітіруші облыс әкімінің грантына ие болса, 3 оқушы ақылы жоғары, 1 оқушы арнаулы орта оқу орнына түсті. Ата-аналар пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен байланыста болып,оқушылардың байқау сынақ тестерінің қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.Биылғы оқу жылы 12 оқушы мектеп бітіргелі отыр. 2012-2013 оқу жылындағы мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына тоқталсақ, 14 жартылай жетім, 136 оқушы көп балалы және тұрмысы төмен отбасының балаларын құраса. Міндетті оқу қорынан әлеуметтік көмек алған оқушалардың саны 78, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан балалар саны 26, оралман отбасы балалар саны 2, мүгедек балалар саны 5. Жазғы маусымда аудандық «Тау самалы» лагеріне 8 оқушы, облыстық «Талдысу» лагеріне 6 оқушы демалса, оның 3-уі өз қаражатымен барып демалды.№17 «Әділ» бала бақшасында 2 топта 50 бала тәрбиеленіп, 20 адам (8 пед қызметкер) қызмет жасауда.



Мәдени-спорттық шаралар

М.Нәлібаев атындағы дәстүрлі турнир биылдан бастап қазақша күрестен Қазақстан Республикасы бойынша жастар арасындағы чемпионатқа ұласты.Бұл чемпионаттың барлық шығындарын өтеуге Машбек ата ұрпқтары демеушілік жасағанын мақтанышпен айтуымыз керек.Ауыл клубы үйінде 4 штат бірлігін (меңгеруші,сүйемелдеуші, 2 тех қызметкер) бар.Клубта домбыра, ән, би үйірмелері жұмыс жасайды.Жыл бойы 38 мәдени көпшілік іс-шаралар («Елбасы жолдауы-елдіктің арқауы», «Қарттарым-асыл қазынам», аймақтақ «Супер келіндер сайысы» т.б.)концерттік бағдарламалар, сайыстар, дөңгелек столдар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.



Ауыл шаруашылығы бойынша

Ауыл көлемінде 1 «Бақытжан» ірілендірілген және 11 шаруа қожалықтары күріш, бидай, жоңышқа, бақша дақылдарын егумен айналысып келеді. Жалпы жер көлемі 5815 га, оның ішінде елді мекен үшін 923 га, ауылшаруашылығы мақсатында 4892 га, оның 3240 га жайылымдық, 87 га шабындық, 1245 га егістікке пайдалануда. Ауыл халқының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Ауылшаруашылығы саласы бойынша 2013 жылы егілген егіс көлемі 1301 га, оның ішінде күріш 353 га болса, одан түскен орташа өнім 43 ц, бидай 171 га, орташа өнім 10 ц, тары-15 га,орташа өнім-22 ц, дәндік жүгері 10 га, орташа өнім 28 ц, картоп 15 га, орта өнім 93 ц, бақша 10 га, орташа өнім 150 ц, көкөніс 15 га, орта өнім 160 ц, жаңа жоңышқа 173 га, орта өнім 10 ц,ескі жоңышқа 539 га, орта өнім 49 ц, уақтылы межеленген мерзімде жинап алынды. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша 2010 жылы салынған жаңа су қоймасы халықты таза сумен қамтамасыз етуде, ауыз су тазалағыш қондырғысы орнатылып, алдағы аптада пайдалнуға берілмек.



«Машбек Нәлібаев» ауылдық округінің шешімі табылмай отырған проблемалық мәселелер:

1.Мектеп қазіргі заман талабына сәйкес келмейді, cебебі кезінде алғашқы болып асар әдісімен салынған.Содан бері 10 жылдан астам уақыт өтсе де әлі еш күрделі жөндеу көрмеген.Бала бақша апатты жағдайда.Сондықтан, 300 орындық мектеп пен 50 орындық бала бақша жаңадан салуды қажет етеді.

2. Ауылдық округ бойынша барлық электр желісін таратушы трансформаторлар 1967 жылы салынған.Ескі, тозығы жеткен қуаттылығы өте төмен және ауыстыруды қажет ететін ескі ағаш (столбалар) бағандар саны – 118, цемент бағандардың саны 34 дана.

3.Орталық Абылайхан көшесіндегі асфальт жол бұрыннан тозығы жетіп тұрса, ауыз су құрылысы кезінде одан сайын қазылып, бұзылып қайта жөнделген жоқ. Асфальттауды қажет ететін аудан теңгеріміндегі бұл көшенің ұзындығы 2,5 километрді құрайды.



4.Ауылдың абаттандыру жұмыстарына тоқталсақ, көше бойларында тал егілген жерлерді сәнді темір қоршаулармен қоршап, жаңадан 10 пано (бильборд), көше атаулары мен бағыттарын орнату, 5 көшеге жай жөндеу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Назар аударғандарыңызға рахмет!


АУЫЛ ӘКІМІ: Е.ИЛЬЯСОВ


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет