Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері арқылы оқушыларға бір – біріне тілек айтқыза отырып, жайлы ахуал ұйымдастыру Үйге тапсырмасын тексеру: №
Ұйымдастыру сәті Сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату.
Әрбір оқушы келесі оқушыға дауысты дыбыстан басталатын комплимент айтады. Мысалы: Бүгін сен ең «ақылдысың», «алғырсың», «әдемісің»...
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім 10 минут
Білімнің өзектілігін арттыру мақсатында оқушыларға карточкалар беріледі, белгілі бір қасиеттер фигураға сәйкес келген жағдайда , «+» белгісін қою қажет. Оқушылар сәйкестікті анықтағаннан кейін, олар бір-бірімен алмасып, мұғалімге дұрыс жауаптар береді
Егер сәйкестік бар болған жағдайда,«+» белгісін қойыңыз
Параллело
грамм
Тіктөртбұрыш
ромб
квадрат
Қарама қарсы қабырғалары тең
+
+
+
+
Барлық қабырғалары тең
+
+
Қарама-қарсы бұрыштар тең
+
+
+
+
Барлық бұрыштар тең
+
+
Диагональдар қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
+
+
+
+
Диагональдары тең
+
+
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисалары болып табылады
+
+
Төртбұрыштардың қасиеттерін слайд бойынша қайталаймыз: ромб, квадрат, параллелограмм, тікбұрыш.
(Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.
Бүгін төртбұрыштың тағы бір түрі трапециямен танысамыз. Жаңа тақырыпты «Галерияға саяхат»әдісін қолданып түсіндіріледі. 1-топ: трапеция 2-топ: тең бүйірлі трапеция 3-топ: тікбұрышты трапеция 4-топ: трапецияның қасиеттері Анықтама.Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады ABCD трапеция, AD // BC AD мен ВС трапеция табандары деп, ал параллель емес қабырғалары бүйір 1 –сурет қабырғалары деп аталады, АВ мен CD бүйір қабырғалары болып табылады. Трапецияның бүйір қабырғалары тең болса, ол теңбүйірлі трапеция деп аталады. MNKF теңбүйірлі трапеция 2 –сурет Егер трапецияның бір бұрышы тік болса, онда ол тікбұрышты трапеция деп аталады. DEFK тікбұрышты трапеция 3 –сурет Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады. 2-суреттегі MNKF трапециясында ND ﬩MF , ND кесіндісі N төбесінен MF табанына түсірілген биіктік болып тұр. Трапецияның қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диагоналі деп аталады.4-суреттегі DEFK трапециясында EK мен DF диагональдар болады. Теңбүйірлі трапецияның кейбір қасиеттері 1-қасиет. Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең болады. 2-қасиет. Теңбүйірлі трапецияның диагональдары тең болады