Құрметті жерлестер!



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#11050
1   2   3   4
«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасын толық масштабты жүзеге асыру басталды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 113 адам даярлау мен қайта даярлаудан өтті, оның ішіндегі 109 адам жұмысқа орналасты. 60 адам кәсіби оқудан өтті. 27 адам жастар практикасын өтіп, оның 17 жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарында 50 адам жұмыс істеді.
Екінші бағыт бойынша 82 миллион теңге жалпы сомасына 35 бизнес-жоба бекітілді.
Үшінші бағыт бойынша Көкжайық ауылында екі пәтерлі он үйдің құрылысы жүргізілді.
Төртінші бағыт бойынша 58,9 миллион теңге қаржыландыру жоспарымен 8 жобаны жүзеге асыру барысында 22 жұмыс орны құрылды.
25,9 миллион теңге балалар жәрдемақысы, 34,5 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 7 миллион теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Күнкөрісі төмен отбасылар саны 220 адамға немесе 13,3% азайған. Отбасында бір де бір адам жұмыс істемейтін жанұялар саны 49ға азайды.
2012 жылы күнкөрісі төмен отбасыларына көрсетілген көмек 5,6 миллион теңгені құрады.
Ауданда 28 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 36 интернационалист жауынгерлер, 16 Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар бар. Оларға 4,6 миллион теңге сомасына көмек көрсетілді.
2012 жылы «Уба» санаториясына 26 зейнеткер саноториялық – курорттық емдеуге жіберілді.
Мүгедектер мәселесі қашанда мемлекеттің ерекше назарында. Алты адам мүгедектік арбамен қамтамасыз етілді, 34 адам ортопедиялық көмек және 3 мүгедек бала сурдо-тифло техникалық көмек алды.
8 наурыз және 1 маусым мерекелерінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көпбалалы аналарға 13 миллион теңге сомасына көмек көрсетілді.
Қазан айында қайырымдылық айлығы өтті. Оның қорытындысы бойынша 3000нан астам жалғызбасты қарттарға миллионнан астам сомаға көмек көрсетілген.
Жыл ағымында Семей ядролық сынақ полигоны бойынша біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу жұмысы жалғасып, 23 адамға 360,0 мың теңге төленді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен «Қазақстан – ата-жұртым аңсаған» атты оралмандар форумы қандастарымыздың өзіндік шығармашылығын ғана емес, сонымен қоса, олардың белсенді қоғамдық өмірге деген ұмтылыстарын көрсетті. Қазақ халқының дәстүрін айшықтайтын бірегей қолданбалы өнер туындылары мен бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Оралман бауырларымыздың отансүйгіштігі, елжандылығы ауылдарды ары қарай дамыту мәселелерін бірлесіп шешудегі бастамаларынан айқын көрінді.
Халықты әлеуметтік қорғауда Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы маңызды рөл ойнайды. Орталықпен 233 адамға қызмет көрсетіледі, соның ішінде 120 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер болса, 113 мүмкіншіліктері шектеулі балалар.
2012 жылы мүгедектер мен қарттарды оңалту бағдарламасына жергілікті бюджет есебінен 40,7 миллион теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14% артық.
Маусым айынан бастап орталықта мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін, қажетті құралдармен жабдықталған әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларына үйрету кабинеті ашылды. Осы уақытқа дейінгі жұмыстардың нәтижесінде балалардың дамуында өзгерістер байқалады. «Ақыл-ой кемістігі» диагнозы белгіленген бір баланың денсаулығы мүгедектікті алып тастауға дейін жақсарды.
Өткен жылдың 12 қыркүйегінде облыс әкімі Б.М. Сапарбаев Орталыққа шағын автобус кілтін табыстады және бүгінгі күні жақын елді-мекендегі мүмкіншіліктері шектеулі балалардың келіп, Орталықта өткізілетін жеке және топтық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар.
Орталықтың қызметкерлері қызмет алушылардың қатысуымен ай сайын әртүрлі мерекелік іс-шаралар, концерттер өткізуді ұйымдастырады. Ауданда алғаш рет аудан әкімінің жүлдесіне арналған мекеменің әлеуметтік қызметкерлері арасында аймақтық сайыс өтті.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2013 жылы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүгедектер үшін жартылай стационар ашу жоспарланған, ол үшін облыстық бюджеттен 5,5 миллион теңге бөлінген. Сонымен қоса, елді-мекендердегі азаматтарға әлеуметтік қызметтер қолжетімді болу мақсатында әлеуметтік қызметкерлердің мобильдік тобын құру жоспарлануда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімі алдына 2013 жылға келесідей міндеттер қоямын:
• Қажетті мамандықтар мониторингі деректері бойынша 100-пайыздық жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздарды оқытуды ұйымдастыру.
• «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру.
• Күнкөрісі төмен отбасылары саны мен жұмыссыздық деңгейін төмендету.
• Жалғызбасты жандарға, мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне материалдық көмек беруді қамтамасыз ету.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Адам потенциалының деңгейін арттырудың маңызды бағыты медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. «Саламатты Қазақстан – 2015» бағдарламасын жүзеге асыру осыған бағытталған.
2012 жылы денсаулық сақтау саласына арналған бюджет 487 миллион теңгені құрайды. Өткен жылы №1 аудандық медициналық бірлестікте 69 миллион теңгеге емхананың толық жөндеу жұмыстары жүргізілді, жеке меншік сектор мен мемлекет бірлесе күш жұмсауының негізінде ота жасау бөліміне толық жөндеу жұмыстары жасалып, 8 миллион теңгеге құрал-жабдық алынды.
Аудандағы демографиялық жағдай жақсарды. Тұрғындар санының өсуі байқалады, өлім-жітік көрсеткіші тұрақтанды, табиғи өсім көрсеткіші 1000 тұрғынға алғанда 4,7% көбейді. Былтырғы жылмен салыстырғанда нәресте өлімі 2 есеге азайды деуге болады. Туберкулез ауруына шалдығу ауданда 37,7 жағдайға азайтылды, өлім-жітік 1000 тұрғынға алғанда 17,7 қысқарды. Туберкулез ауруына шалдыққандар санын қысқарту мақсатында есепте тұрған 72 науқасқа айына 7560 теңгеден төленіп тұрады, жалпы алғанда бұл жыл бойынша 1,8 теңгені құрады. Қазіргі жағдайдың сараптамасы онкоқызметтегі негізгі көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай аудан бойынша қалыпты сақталыуда.
Аурудың алғашқы сатысында анықтау мақсатында тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу жүргізілуде.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді дәріханалар мен дәріханалық нүктелер жүзеге асыруда. Әлеуметтік маңызға ие ауруға шалдыққан науқастар толықтай тегін дәрілермен қамтамасыз етіледі. Алайда, жыл сайын қаржыландырудың артып отырғанына қарамастан, денсаулық сақтау саласында бірқатар түйінді мәселелер бар. Туберкулез және зиянды ісікке шалдығу бойынша көрсеткіштер облыстағы ең жоғарғылардың қатарында. Медициналық қызмет көрсету сапасы әрдайым тиісті нормаға сай келмейді.
Ауылдық округтердегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нашар жабдықталған. Соңғы 10-15 жылда медициналық және фельдшерлік пункттерде бір де толық жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, олардың 90% апаттық жағдайда тұр.Олардың көбінде температуралық режим сақталмайды. Қосымша қаражат бөлу қажет, әсіресе алғашқы медико-санитарлық көмекті дамытуға. Аса қымбат құрылғыларды сатып алу барлық жерде тиімді қолданылмайды. Әрбір адамның өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау мәселесі әлі төмен деңгейде. Медициналық қызмет көрсету деңгейі әлі де жеткіліксіз деңгейде, бұл тұрғындар тарапынан мазасыздық тудырады. Бірқатар жыл бойына жүргізілген мақсатты жұмыс нәтижесіне қарамастан, мамандар жетіспеушілігі байқалады, бүгінгі күні әртірлі мамандықтағы 12 дәрігер тапшы болып отыр. Бұл сала ерекше назарда қала бермек.
Осылардың барлығын қорытындылай келе, денсаулық сақтау саласына келесі міндеттерді қоямын:
• «Саламатты Қазақстан – 2015» бағдарламасын толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
• Денсаулық сақтау жүйесінің бірегей ұлттық Концепциясына сай денсаулық сақтау мекемелерін оңтайландыра отырып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.
• 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық түрімен қамту.
• Ақылы қызмет түрлері мен жеке медициналық тәжірибені дамыту бойынша шаралар қабылдау.
• Амбулаторлық деңгейде медициналық қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізу, соның ішінде әлеуметтік қызметкерлер көрсететін қызмет түрлері бар.
• Ана және бала өмірін қорғау мәселесін басымдық ретінде анықтау.
• Скринингтік бағдарламалардың толық деңгейде уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
• Басты назарды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы медициналық алдын алуды дамытуға жұмсау, оның ішінде адамдардың өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселесі бар.
МӘДЕНИЕТ
Мәдениет саласындағы жұмыстар жаңа сапалық деңгейге көтерілуі тиіс. Өйткені, ол қазіргі заман адамының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік жаңғыртудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржыландыруды арттыруға назар салынды. 2012 жылы мәдениет мекемелеріне бөлінген бюджет қаржысы 244,5 миллион теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 15, 3 миллион теңгеге артық.
Былтырғы жылы Көкжайық ауылының мәдениет үйі толықтай жөндеуден, Бастаушы және Сарыбел ауылдарындағы клубтар ағымдық жөндеуден өткізілді. Бұған барлығы 72 миллион теңге қаражат жұмсалды.
Жыл сайын қаржыландырудың артып отыруы өзінің нәтижесін беруде, бұл фактордың арқасында мәдениет саласының қызметкерлері облыстық және республикалық шараларда аудан намысын абыроймен қорғауға мүмкіндік алады. Ауданның мәдениет саласы жыл өткен сайын қалыпты дамып келеді. Ауданда 2 аудандық және 27 ауылдық кітапханалар, 2 аудандық мәдениет үйлері, 38 ауылдық клубтар, 2 тарихи-өлкетану мұражайлары жұмыс істейді.
Мәдениет-бос уақыт қамту шаралары маңызды рөл атқарады, олар тұрғындардың түрлі жас және әлеуметтік топтарын қызықтырады. 2012 жыл бірқатар мерейтойлық шаралармен ерекшеленді. Олар Қалихан Алтынбаевтың туғанына 85 жыл, «Русский сувенир» ансамблінің 30 жылдығы және «Асыл мұра» ансамблінің 25 жылдық мерейтойлары. Біздің ардагерлер облыстық патриоттық әндер байқауында бірінші орынды еншіледі. Сонымен бірге, мемлекеттік тілді дамыту және тілдердің үштұғырлылығын арттыру бағытындағы жұмыс нашар жүргізілуде. Бұл жұмыста аса сауатты және бірізділікпен, ешбір ұлттық құқығын қорламай, орыс және ағылшын тілдерін дамытуға бағытталған шараларды қабылдай отырып жүргізу керек.
Ономастикалық комиссия жұмысында жіберілген кемшіліктер бар. Қайта атау мәселесіне деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек. Ауылдардың тарихын және мұрағат деректерін зерттеп, қоғамдық пікірді сараптау, әлбетте шешім қабылдарда оны басты назарға алу керек. Бұл жұмыс маусымдық сипат алмауы керек, ол мақсатты түрде әрдайым идиология, тарих және ғылым тұрғысынан жүргізілуі қажет.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндеттері:
• Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, көркемөнерпаздар жұмысын дамыту, қызығушылыққа қарай үйірмелер ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстарды жалғастыру.
• Қазақ халық аспаптар оркестрін қажетті мамандармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
• Ономастикалық комиссия мен тарихи-өлкетану мұражайының жұмысын жандандыру.
• Қазақ тілін насихаттау бағытындағы кешенді шаралардың жүзеге асырылуын, оның күнделікті қолданыстағы және барлық салалардағы қолданылу аясын кеңейтуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілді оқыту орталығын ашу.
СПОРТ
Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау үшін, ауқымды акциялар және спорттық шаралармен бірге тұрғындардың бұқаралық дене шынықтырумен айналасуына жағдай жасау. Бұл тұрғыда ауданда бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екі спорт мектептерінде спорттың 11 түрі бойынша 466 спортшы шұғылданады. Бізде самбо, таэквон-до, волейбол, армрестлинг, көкпар жақсы дамыған.
Қысқы спорт түрлерін дамытуға баса назар аударылып отыр. 2012 жылы 10 ауылдық округте хоккей қорапшалары орнатылды. Ағымдағы жылы 34 дана хоккей ойнауға қажет құрал –жабдық алу үшін 3 миллион теңге қаражат бөлінді.
Былтырғы жылы Самар ауылында басталған спорт модулінің құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарланып отыр, ол үшін 202 миллион теңге қаражат бөлінді. Көкжайық ауылындағы спорт залдарының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жерде самбо күресінен үйірме өз жұмысын бастап кетті. Көкжайық және Преображенка ауылдарында шағын футболға арналған жасанды төсеніші бар типтік алаңдар салынды. Жалпы алғанда ауданда спортпен айналысуға арналған 173 спорт нысаны бар.
Біздің спортшыларымыз бірқатар айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Марат Қасенбаев таэквон-додан әлем біріншілігінде 3 орын алды. Смоляженко Илья мен Оразханов Ерасыл аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында 1 орынды олжалады. Абай атындағы (Үлгілімалшы ауылы) орта мектептің хоккей құрамасы облыс біріншілігінде жүлделі 3 орынды иеленді.
2012 жылы «Шаңғы шақырады», «Денсаулыққа апарар жол», «Спорт-есірткіге қарсы», «Күзгі және көктемгі жаяу жүгіріс» атты спорттық жарыстар өткізілді. Ұлттық спорт ойындары ерекше қарқынмен дамуда. Аудандық спартакиада, ардагерлер арасындағы облыстық турнир нағыз спорттық мерекеге айналды.
Алайда, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруда жіберетін кемшіліктерінен біздің спортшылардың мүмкіндігі толық ашылмай отыр. Бұл кемшіліктер аудан құрама командасының облыстық халық ойындарында жоғарғы нәтиже көрсете алмауының себебі болды.
Осының барлығын ескере отырып, дене шынықтыру және спорт бөліміне келесі тапсырмаларды жүктеймін:
• Әрбір елді мекенде бұқаралық спортпен және белсенді демалыспен айналысуға барлық жағдайларды жасау, барлық спорттық құрылыстарды еркін қолдануға мүмкіндік беру.
• Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойына орай бұқаралық футболды дамыту, барлық ауылдық округтерде футбол алаңдарын жасау үшін шара қолдану.
• 17 халық ойындарына жоғарғы деңгейлі дайындықты қамтамасыз ету.
• Аудандық спартакиаданы ауылдық округтердің бірінде өткізуді жоспарлау, ол ауыл спортын дамытып, ондағы спорттық нысандардың жағдайын түзеуге әсер етеді.
• Балалар-жасөспірімдер қосалқы құрамасын жасақтау бағытында шара қолдану, «Дархан» ат спорты клубының дамуына жағдай жасау.
САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ АХУАЛ
Ауданда тұрақты саяси – қоғамдық ахуал сақталып отыр. Тұрғындар барлық қоғамдық маңыздағы іс-шараларға қатысып, түйінді мәселелердің шешілуіне атсалысады. «Туған жерге тағзым» акциясының аясында жалпы сомасы 122,5 миллион теңгені құрайтын 80 жоба жүзеге асырылды. Жыл ішінде «Парыз» қайырымдылық қорына 2,4 миллион теңге салым жасалды, оның 80 % - бюджеттік ұйым өкілдері – мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметкерлер үлесінде.
Былтырғы жылы 9 ақпараттық-насихаттық топ мүшелері мемлекеттік саясат басымдықтары бойынша тұрғындармен 54 кездесу өткізді. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер жоғарғы деңгейде өткізіледі. «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты үгіт - насихат керуені аудан өмірінің айнымас бөлігіне айналды, ол былтырғы жылы Қазақстан халқының бірлігіне арналды. Оның аясында әртүрлі сала мамандары ауыл тұрғындарына қызмет көрсетті, мерекелік концерттер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Мерекелік шаралардың құрметті қонағы облыстық Достық үйінің, Семей және Өскемен қалаларының ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері болды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – туған өлке тарихына көз салу, адамгершілік және имандылық тәрбие беру, ұлтаралық келісім мен достастықты нығайту. Былтырғы жылы керуен қайырымдылық айының аясында өткізіліп, бұл оның ерекшелігіне айналды. Мың жарым тұрғын жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын көмек алды.
Жастар саясаты сәтті жүзеге асырылуда, жастар ісі жөніндегі кеңес, «Жас Отан» жастар қанаты белсенді жұмыс атқаруда. Жастар саясаты бағдарламасын қаржыландыру екі есеге артты. Екі жүзден аса шара ұйымдастырылды, соның ішінде Жастар форумы, 25 дөңгелек үстел, 30 - дан астам түрлі акциялар. «Жасыл ел» бойынша 3 жасақ жұмыс істеді, «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» республикалық эстафетасына 250 жас көкпектілік қатысты.
«Толағай тентектері» аудандық КВН құрамасы облыстық ойынның жеңімпазы және республикалық ойынның жүлдегері.
Ауданда «Нұр Отан» ХДП филиалы тіркелген, оның құрамында 19 бастауыш ұйым бар. Олардың барлығы аудан өміріне белсене атсалысып, саяси-қоғамдық жағдайды нығайтуға көмек қолын созады. Он үшінші сайлау-есептік конференция қорытындылар жасап, алдағы күнге жаңа міндеттерді жүзеге асыру үшін жоспарлар бекітті.
Қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдары жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесе отырып, аудан өміріне белсене атсалысуда. Әдеттегідей, алдыңғы азаматтық ұстанымда біздің ардагерлер жүреді. Оқушылар мен жастарға патриоттық тәрбие беруге арналған облыстық байқауда ауданның ардагерлер ұйымы бірінші орынды жеңіп алды.
Өмірлік тәжірибесімен, даналық кеңесімен олар бізге түйіні қиын мәселелерді шешуге көмек береді. Олардың нақылы жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырады, Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтжандылық қасиеттерді тәрбиелеуге әсер етеді.
Имандылық, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мәселесі назардан тыс қалған емес. Бүгінгі күні аудан аумағында 12 діни бірлестік бар, оның 11 мұсылман, 1 православ дінінде. Былтырғы жылы «Туған жерге тағзым» акциясының аясында Бастаушы және Теректі ауылдарында мешіт үйлері салынды. Олардың барлығы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңға сай қайта тіркеуден өткізілді, жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым - қатынаста, бір - біріне түсінушілікпен қарап, толеранттық және діни сыйластық сезімін білдіреді.
Біздің жерлестеріміздің кері діни ағымдарға тартылуының алдын алу мақсатында діни экстремизмге қарсы тұру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
«Жұлдыз – Новая жизнь» газеті аудандағы жалғыз мерзімді басылым болып табылады, оның құрылтайшысы аудандық әкімшілік. Аудандық газет аптасына 2 мәрте мемлекеттік және орыс тілінде толықтүсті форматта 24 табақ бет болып басылып шығады. Былтырғы жылдың ақпан айынан бастап аудандық газеттің сайты ашылды, ол оқырмандар санын айына 5000 мың сайтқа кірушілерге арттырды. Сайт аптасына екі мәрте жаңартылып, қызықты ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді.
Ішкі саясат бөлімінің міндеттері:
• Азаматтық қоғамның барлық топтарымен келелі кеңес тәжірибесін жалғастыру.
• Ұлтаралық достық пен келісімді нығайту, этномәдени орталықтарды құру бойынша жұмыстарды жандандыру, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты достық фестивалін өткізу.
• Қазақстандық елжандылықты, туған өлке тарихын насихаттау мақсатында жерлес Кеңес Одағының Батырларына арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру.
• Типография ашу жобасына ұйымдастыру жағынан көмек көрсету.
• Қоғамдық пікір көшбасшыларына сүйене отырып, бағдарламалық құжаттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
• Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде қала бермек.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Аймақтық бағдарлама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларының жоспары жүзеге асырылуда. Барлық мемлекеттік органдардың координациясын қажет ететін қоғамдық қауіпсіздік мәселесі қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның 4 отырысында қаралды.
Преображенка, Бастаушы, Тассай ауылдарында облыс әкімі Б.Сапарбаевпен, құқыққорғау органдарының басшыларымен тұрғындардың дәстүрлі кездесулері өткізіліп, онда қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Дәл осындай кездесулерді мен барлық ауылдық округтерде өткіздім. Тұрғындар жиынында учаскелік инспекторлардың есептері тындалды.
2012 жылы ішкі істер бөлімі қылмыспен күреске, қоғамдық қауіпсіздік пен құқыққорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды. Алайда, осыған қарамастан, қылмыс саны 8 жағдайға немесе 3,8 % - ға артуына жол берілген. Қылмыс санының өсуі орташа және ауыр емес қылмыстардың үлесінен болып отыр. Сонымен бірге, қылмыстың жалпы ашылуы 8,2 %- ға кеміген, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 50 пайызға. АІІБ жұмысына байланысты рейтинг көрсеткіштері бойынша аудан жыл бойына облыстағы соңғы орындарда болды. Бұл тұрғындар мен атқарушы билік тарапынан шынайы сынға ұшырауға негіз болады. Бүгінгі күні құқыққорғау органдарының қызметі сапалы жаңғыртуды қажет етеді. Елбасы атап өткендей, біз ең кішкентай құқықбұзушылықтардың, мәдениетсіздіктің өзін болдырмауға тиіспіз. Құқыққорғау органдары қарапайым тұрғындар тарапынан күш институты ретінде қолданады, өйткені олардың жұмысында көбіне алдын алу жұмыстары екінші қатарда қалып жатады. Құқыққорғау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша мүмкіндік толық деңгейде қолданылмайды. Қылмыстардың жасырылу фактісі де орын алып отыр. Көбіне нәтижені бағалау сапалық емес, сандық көрсеткіштерге негізделген.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, АІІб алдына келесі міндеттерді қоямын:
1. Қалыптасқан жағдайдың қорытындысы негізінде қылмыс саны артуының шынайы себептерін анықтап, оларды жою үшін түбегейлі шаралар қолдану.
2. Тұрғындармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуге баса назар аудару, бұл жұмысты азаматтық қоғам топтарымен бірлесе жүргізу.
3. Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында құқыққорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен біліктіліге талапты жоғарылату.
4. Құқыққорғау органдарына ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, полицияға көмек көрсететін қоғамдық құрылымдарды дамыту, олардың жұмысына жағдай жасау.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Аудан әкімі аппараты өңір дамуының қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға сәйкес, атқарушы үкіметтің мемлекеттік саясатын қамтамасыз етеді. Атқарушы биліктің жұмыс сапасын бағалау,өзекті міндеттерді анықтауда азаматтардың хаттары, шағымдары және өтініштерімен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. 2012 жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан аудан әкімі аппаратына 1077 ұсыныс түскен. Бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 198-ге артқан. Олардың 328-і қанағаттандырылып, 749-ы түсіндірілді. Қарағандыкөл, Белое, Казнаковка ауылдық округтерінен ұсыныстар көп түсетінін атап өтуге болады. Жерді пайдалану, еңбекпен қамту, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы, субсидиялар мен кредиттер алу мәселелері тұрғындарды аса толғандырады. Өткен жылы 39 жеке қабылдаулар мен 246 азаматтар менің қабылдауымда болды. 121 өтініш бақылауға алынып, 223-і түсіндірілді. Бұдан басқа, ауылдық округтерде 22 көшпелі қабылдаулар өткізіліп, ол жерлерде 122 азамат қабылданды және 100 өтініш бақылауға алынды, 22 сұрақ қолма-қол, 13 ұсыныс оң шешімін тапты, 82 ұсынысқа түсіндіру жұмысы жүргізілді. Басым бағыттардың бірі болып, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, яғни мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің тиімділігін арттыруды бағалау жүйесі енгізілген.

Мемлекеттік органдарға азаматтардың сенімділігін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі электронды үкіметті дамыту болып табылады, мемлекеттік қызмет көрсетуді арттырады, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын көтереді және басқару процедураларын жеңілдетеді.


Тұрғындарға қызмет көрсету арқылы 100-ден астам мемлекеттік қызмет, 51 қызмет мемлекеттік органдарымен шалғай елді-мекендердегі азаматтарға қызмет көрсету үшін аудандық тұрғындарға қызмет көрсету орталығымен мобильді топ ұйымдастырылған. «Электронды әкімдік» жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Электронды форматқа әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауыстыру жүйесі енгізілген.
«Электронды Үкіметтің» веб-порталына жеті қызмет түрі шығарылған. Аудан әкімінің сайты үнемі жаңартылып, оған кірушілер саны артты. Виртуалды қабылдау және аудан әкімінің блогы ашылып, жұмыс істеуде.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлемдік деңгейде танымал болған мемлекеттік қызметтің моделі қалыптасты. Биылғы жылдан бастап Елбасының Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында айтылған әкімшілік реформасы жүзеге аса бастайды. Елбасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің Концепциясын 2011 жылдың шілде айында бекіткен болатын. Бұл үкіметке лайықтыларға, немесе «меритократия» принципін сақтау және бүкіл мемлекеттік қызмет институтын жұмыстарының жүзеге асуы, тұрғындардың сенімділігін жоғарылатады.
Мемлекеттік қызметкерлер халыққа жақын болып, оның игілігіне жұмыс істеуі қажет. Мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заң сыбайлас-жемқорлыққа қарсы шаралардың күшеюін қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысының тазалығын жоғарылатады, үздік кадрларды жоғарылатудың принциптерін енгізеді. Қала және аудан әкімдерінен тұратын мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыратын «А» корпусы –кәсіби басшылардың жаңа түрі қалыптасуда.
Биылғы жылы орталық пен аймақтардың өкілеттілігі мен жауапкершілігіне шек қою бойынша нақты шаралар қабылданады.
Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттілігі кадрлық және қаржылық қорлармен нығайтылады. Ауылдық округ әкімдерінің шаруашылық және әлеуметтік салада, шағын және орта бизнестің өсуіне нақты қолдау көрсетуде, мүлік пен жер –жергілікті ресурстарды пайдалану мәселелерін шешуде өкілеттіліктері кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Биылғы жылы экономиканың барлық саласының 39 индикаторы кіретін ауылдық округ әкімдерінің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі алғаш рет енгізілді. Азаматтар тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында мемлекет басшысы осы жылдан бастап ауылдық округ әкімдерін сайлау жүйесін енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет