Сайлауды 2013 жылдың жаз айларында жанама жолмен, немесе аудандық мәслихат депутаттары арқылы өткізу жоспарлануда. Ауылдық округ әкімдеріне үміткерлер аудан әкімінің альтернативті негіздегі келісімі бойынша жергілікті бірлестіктермен ұсынылады.
Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер және оларды жүзеге асыру процесін қабылдау жұмысына тартылуы қажет. Бұл олардың жағдайға әсер етуін күшейтеді, оларға қатысты өңірлерде өтетін жиындар мен кездесулерде мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Азаматтарға жергілікті маңызды мәселелерді бел шеше кірісетін уақыт жетті. Осы жағынан алғанда, үстіміздегі жылдағы ауылдық округ әкімдерінің қорытынды есебінде тұрғындардың белсенділік танытқанын атап өтуге болады. Бұл кездесулерде 6000-нан астам адам қатынасып, оның 153-і жергілікті әкімдердің жұмысына баға беріп, сөз сөйледі.Тұрғындарды ауданның және жекелеген ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қызықтыратыны байқалды. Көкжайық, Үлгілімалшы, Қарағандыкөл ауылдық округтерінің тұрғындарын автомобиль жолдарын жөндеудің аяқталуы туралы мәселе толғандырады. Тассай, Самар, Сарыбел, Палатцы, Көкпекті ауылдық округтерінің тұрғындарын толғандыратын басты мәселелер ауыз сумен қамту болып отыр. Мариногоркалықтардың басты мәселесі – қазақстандық телеарналарды тарату мен ұялы телефон байланысымен қамту. Кездесулерде 71-ге жуық сұрақтар қойылды. Ұсыныстардың сипатына қарай тұрғындардың заман талабына сай жайлы өмір сүруге ұмтылуы байқалады. Олардың негізгі бөлігі сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жөндеу және әлеуметтік сала объектілерін, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білікті дәрігер мамандарды тарту, аудан орталығына қатынайтын автобус маршруттарын ашу, интернет байланыс жүйесінің жылдамдығын арттыру, сапалы телефон және ұялы телефон байланысымен қамту, елді-мекендерді абаттандыру мен жарықтандыру, жер Заңнамасы және т.б көптеген мәселелер көтерілді. Сонымен қоса, тұрғындар қылмыс жасаудың өсуімен, маскүнемдікпен күрес мәселелерін көтерді, адамгершілік пен рухани байлықты дамыту жөніндегі бастамалар, ана мен баланы қорғау, жастар саясатын жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу сұрақтарын алдыға қойды. Түскен сұрақтарға қорытынды жасай келе, аудан тұрғындары мемлекеттік саясатты қолдап қана қоймай, сонымен бірге маңызды мәселелерді бірлесе шешуге даяр екендігі байқалды. Көтерілген барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Ал, қосымша қаралуды қажет ететіндері бақылауға алынды. Бүгінгі күні сыбайлас-жемқорлықпен күресу идеологиясына өзгеріс енгізу талап етіледі. Бұл жұмысқа барлық азаматтық қоғамның топтары тартылуы қажет. Өкінішке орай, өткен жылы ауданда сыбайлас-жемқорлыққа байланысты қылмыстық фактілері тіркелген. Бұның барлығы құжаттарды рәсімдеуде жіберілген қателіктер мен мемлекеттік сатып алу бойынша заңнама нормаларын жеке мекеме қызметкерлерінің білместігіне байланысты екенін тәжірибе көрсетті. Қазіргі уақытта екі дәлелді негіздегі іс бойынша нақты шешім қабылданбаған. Осыған қарамастан, мұндай жағдайларды болдырмау шараларын қабылдап, нақты шешімдер шығару қажет.
Аудан әкімі аппаратының міндеттері:
• Электрондық әкімшілік жүйесін енгізу жұмысын жалғастыру.
• Жергілікті өзін - өзі басқару Концепциясы мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның орындалуы басшылыққа алынсын.
• Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен санын арттыру бойынша шаралар қабылдансын.
• Азаматтардың арыз – шағым, өтініштері бойынша ұдайы мониторинг жасалсын, тұрғындар көтерген мәселелерді шешу шаралары қабылдансын.
• Азаматтық қоғам институттарын қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілсін.
Экономиканың тұрақты дамуы мен оның салаларының дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлік даму түпқазығын нығайту қажет.
• Экономика мен әлеуметтік сала мәселелері біздіңше ең өзекті, сондықтан да ағымдағы жылға мынадай міндеттерді қоямын:
• «Қазақстан - 2050» Стратегиясының негізгі баптарын түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттық жұмыс барыншы белсенді жүргізілсін, оның идеологиялық мағынасын жүзеге асыру шаралары қамтамасыз етілсін.
• Экономиканың ұдайы дамуын қамтамасыз ету қажет, ол үшін өңірлік жалпы өнім өндіру көлемін 10 пайызға арттыру, өндірістік өнім өндіруді 12 пайызға, ауылшаруашылығының жалпы өнім өндіруін 10 пайызға, құрылыс жұмыстарын 25 пайызға арттыру керек.
• Аудандық жобаларды жүзеге асыру үшін экономиканы диверсификациялау, әлеуметтік саланы модернизациялау, тұрғындардың әл – ауқатын арттыру бойынша өңірлік, салалық және мемлекеттік бағдарламалардың қуаты пайдаланылсын.
• Ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер бірінші тоқсанның аяғына дейін ауылдық округтердің ұзақ мерзімдік және болашақтағы даму бағдарламаларын жасасын, онда индустриалдық өндіріс құру, олардың экономика мен тұрғындардың өмір сапасы мен әл – ауқатын арттыруға мамандандырылуы айқындалсын. ТАЕМ құруды дамытуға айрықша назар аударылсын.
• Инвестиция тарту бойынша өңірлік жоспар жасалсын, олардың көлемі екі еседей ұлғайтылсын. Мемлекеттік және жекеменшіктің арасындағы өзара іскерлік келісім институттары мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумдар жасау жұмыстары жалғастырылсын.
• Бюджеттік қаражаттың мерзімінде және тиімді пайдаланылуына бақылау күшейтілсін, ағымдық шығындар көлемі оңтайландырылсын, салық кірістері ұлғайтылсын,оның ішінде салық базасын кеңейту арқылы меншік кірістер арттырылсын.
• Жаңа сала құрылымдарын ашу шаралары дайындалсын, онда өнімді өңдеу мен сақтау жобаларына назар аударылсын, инфляцияның экономикалық дамуға тиімді деңгейі сақталсын.
• Аудандық инновациялық жобаларға Қарқынды инновациялық - индустралдық бағдарламасына енгізілуіне қолдау көрсетілсін. Облыс әкімінің тапсырма – жоспарын есепке ала отырып, «Елімай – Көкпекті» асыл тұқымды мал репродукторын, мал бордақылау алаңын, ет комбинатын салу жобасын жүзеге асырушы инвесторларға қолдау жасалсын.
• Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін және қызмет бабындағы жүйелілігі мен тиімділігін арттыру басымдығы әкімшілік реформалау заңнамасы мен жергілікті өзін - өзі басқару Концепциясына сәйкес анықталсын, басқару ресурстары мен кадрлық резерв жұмысын жетілдіру жалғастырылсын.
• Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға атсалысу, бұл бағытта «Сыбаға», «Бизнестің Жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларының ресурстарын қолдану керек. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 % - дан артпауы керек, ал табысы тұрмыстық деңгейден аз тұрғындар бөлігі 4,5% аспауы керек.
• Жоспарланған нысандардың құрылысын уақытылы және сапыл аяқтау, соның ішінде экономиканың дамуына әсер ететін инфрақұрылым да бар. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында салынған тұрғын үйді қолданысқа беру бойынша шара қабылдау. 20 аз емес тұрғын үй тапшылығын сезінген отбасыларды қамтамасыз ету мәселесін шешу.
• Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту аясында оңтайландыру жүргізу, оны көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағыттау, ана мен бала өмірін қорғау және әлеуметтік ауруға шалдыққандар бойынша алдын алу жұмыстарын мақсатты жүргізу, скринингтік бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету.
• Құқыққорғау органдарының басымдығы тұрақтылықты сақтау, азаматтар қауіпсіздігін қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күресу болуға тиіс. Бұл жұмысқа азаматтық қоғамның барлық топтарын тартып, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес идеологиясын түбегейлі өзгерту қажет.
Құрметті көкпектіліктер!
Қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеміз.
Бұл жұмыста ауданның барлық жауапты күштерінің – партия, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық және кәсіби кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы керек.
Біздің жұмысымыздың бірлігі, заңға бағынушылық, шыдамдылық қана қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі бола алады.
Күш біріктіру арқылы біз экономиканы нықтап, азаматтарымыздың әл-ауқатын көтереміз. Мақсатымыздың бірлігі арқасында, біз кез-келген қиындықты жеңіп, алға қойған мақсаттарға жетеміз. Күш біріктіру арқылы ғана өз еңбегіміздің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |