ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімдерінің өндірістік көлемі 2,6 миллиард теңгені құрады, физикалық көлем индексі - 100,2%. Тау кен өндірісі көлемінің азаюы ильменит концентратына деген сұраныстың төмендеуі себепті. Аудандағы 5 кен өндірушілердің біреуі ғана – СТМ – кен өндіру жұмыстарын жүргізуде, қалғандары барлауын жалғастырып, кең қорының көлемін анықтауда. «Родниковое» кең орында жұмыс істейтін «Бенефит» ЖШС басшылық ауысуы мен орталық атқарушы органдарда рұқсаттама қағаздардың шешілуіне байланысты ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрды.
Кен өндірумен айналысатын 4 компанияның бұл жұмыстарды жүргізуге берілген рұқсаттамасының мерзімі аяқталған, құжаттары толық рәсімделмеген. Бірқатар жылдар бойында олар кен орнын барлаудың мерзімін ұзартып қана отыр, ал кен өндіру жүргізілмеген. Парламенттің үшінші сессиясының ашылуынада сөйлеген сөзінде, ел Президенті өзінің келісім-шарттық жауапкершілігін орындамаған кен өндіруші компаниялардың лицензиясын қайтарып алуды талап етті. Біз биыл осы жұмысты қолға алдық, өйткені бұл жергілікті бюджетті толықтырудың бір жолы.
Экономиканы әртараптандырудың негізі өндеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады, ауданның жалпы өнеркәсіп көлеміндегі оның үлесі 78,7%, облыс бойынша орташа көрсеткіш 83,2%.
КӘСІПКЕРЛІК
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы бірінші кезекте шағын және орта бизнестің дамуына байланысты. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда.
2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген шағын және орта бизнес нысандарының саны 105,1% өскен және ол 1685 бірлікті құрайды, белсенді субъектілер саны 20 % артып отыр. Жаңадан 100 аса жұмыс орындары ашылды, жұмыспен қамтылғандар саны 102,7% артты және ол 4347 адамды құрайды.
Шағын және орта бизнес субьектілерінен 152 миллион теңге салықтық түсімдер немесе өзіндік кірістердің 24 %.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 115,3 % өсіп, 3,8 миллиард теңгеге жетті.
Өндеу өнеркәсібі «Мәмбет» шаруа қожалығы және «Рыбпром» ЖШС жолға қойылған.
Аудан тұрғындарына 439 шағын кәсіпкерлік нысандары қызмет көрсетеді. Бұл дүкендер, қоғамдық тамақтану пункттері, наубайханалар, дәріханалар, ЖҚС, дүңгіршектер, сауда базарлары және басқалар.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлік секторды сауықтыруға және жаңа бастамаларды қолдауаға бағытталған, бірінші кезекте шаған және орта бизнеске. Бұл бағдарлама бойынша Үлгілімалшы ауылдық округіндегі «Бекзат» шаруа қожалығында қазақтың асыл тұқымды қызыл қасқа ірі қарасын өсіру мақсатында 13,2 миллион теңге қаржыландырылды.
Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында «Көкпекті несие НС» ЖШС жалпы сомасы 64,2 миллион теңге несиелер берді.
«БТА» банкінің аудандық филиалы бизнес-жобаларды дамыту үшін жалпы сомасы 42 миллион теңге болатын 3 жобаны қаржыландырды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 185 бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін 463,8 миллион теңге қаржыландырды. Ауылдық округ әкімдері берген өтініштерінің негізінде 2014-2016 жылдарға арналған аудандық Кәсіпкерлікті дамыту Картасы жасалды. Биылғы жылдан бастап «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында несие беру жасалған ауданның Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпкерлігін ұйымдастыру үшін шағын бизнес субьектілеріне жалпы аумағы 4 гектар болатын 10 жер телімі берілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өзара әріптестік қызмет ету туралы жалпы сомасы 171,9 миллион теңге болатын 329 меморандумға қол қойылды және олардың барлығы да толықтай орындалды. Ірі меценаттар қатарында «Каскад-H» ЖШС (Т.Мусин), «SТМ LTD» ЖШС (С.Стрельников), «Құсайынұлы» (Б.Құмаров), «Мәмбет» шаруа қожалығы (Е.Мәмбетов), «Талап» шаруа қожалығы (Ж.Күшікпаев), ЖҚУ-14» (А.Вайс), «Көкпекті жолдары»(Г.Нұрғалиева).
Тұрғындардың инвестициялық және қаржылық сауаттылығын арттыру үшін «Даму» Қоры «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көшпелі кеңестер ұйымдастырды. Кәсіпкерліктің заңдылық шарттарын жетілдіру мақсатында ауданда кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобы қызмет етеді.
Инфляция деңгейін тежеу үшін бірқатар шаралар қолданылды. Ауылдық округ әкімдері азық-түлік тауарларына 10 % үстеме ақы қосып сату жөніндегі 196 Меморандумдар жасасты. Маусымдық ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Олар тұрғындардың керекті азық-түлікті орташа нарықтық бағадан арзан сатып алуына мүмкіндік туғызады. Жалпы жыл бойына 137 жәрмеңкелер өткізіліп, онда 54 млн. теңгенің өнімдері саудаланды. Облыстық тұрақтандыру қорынан 429 тонна әлеуметтік ұн алынды. Ауданда нан бағасын тұрақты ұстап тұруда «Мәмбет» шаруа қожалығы маңызды орын алады. Әр күн сайын ауданның 125 дүкенінде 3000 бөлке нан сатылады. Былтырғы жылдың күзінде, Көкпекті ауылында нан бағасы шарықтап кеткенде ол қажетті нан өнімдерін 43 және 48 теңгеден жеткізіп тұруды қамтамасыз етті.
Сандық көрсеткіштердің біртіндеп өскеніне қарамастан, қызмет көрсету саласындағы қызметтер сапасы әлі де төмен болып қалуда. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие ала отырып, кәсіпкерлер өз ісін ашып, салықтарды төлеп, жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Аталған жауапкершіліктерді орындауға бақылау жүргізу Жұмыспен қамту орталығының да, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің де назарынан тыс қалған, бұл салық түсімдерінің төменгі көрсеткіштеріне негізгі себеп болды.
Екі жылдың ішінде кәсіпкерлік бөлімі Көкпекті ауылында орталық базар, өсімдік қоймаларын ашу мәселесін шеше алмай келеді, ал бұл өз кезегінде бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берер еді. Индустриализациялау Картасына енгізу үшін және «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу үшін жобалар ұсынылмаған, инновациялық жобалар жоқ, шағын бизнестің мамандандырылуы және оны орта бизнеске айналдыру мәселесінде ешқандай шаралар қолданылмаған.
Осы орайда, шағын және орта бизнесті дамыту үшін, кәсіпкерлік бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне міндеттеймін:
-
Жалпы өңірлік өнім құрамындағы өнеркәсіп үлесін 20% жеткізу.
-
Жаңадан қайта өндеу өнеркәсіп орындарын ашу арқылы, ауданның жалпы өнеркәсіп көлеміндегі қайта өндеу өнеркәсібінің үлесін 10% көбейту.
-
Кәсіпкерлікті дамыту картасын жандандыру, оны толық мөлшерде іске асыру үшін тиісті шаралар қолдану.
-
Шағын бизнестің шағын бизнес дәрежесіне өту басымдығын ала отырып мамандандырылуы бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын жасау.
-
Инновациялық жобаларды белсенді қолдау, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың тетіктері туралы ақпарат беру. Бизнесмендердің бастамаларын ынталандырып отыру, ішкі нарықты дамыту.
-
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жасалған меморандумдар тәжірибесін жалғастыру. «Туған жерге тағзым» акциясын ескере отырып, ауылдарға өзекті жобаларға инвестициялар тарту.
-
Баға мониторингін жүргізіп отыру, инфляциялық үрдістерді тежеу бойынша жедел шаралар қабылдау.
ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Автокөлік жолдары саласының ары қарайға дамуы, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелері, абаттандыру және тұрғын үй мәселелерін шешуге аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің жұмысы бағытталған. Тұрғындар мен экономиканың сұранысын қамтамасыз ете алатын автокөлік жолдары желісін жетілдіру және дамыту айтарлықтай қаржылық салымды қажет ететін маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. 2013 жылы жергілікті бюджет есебінен жергілікті маңыздағы жолдарда жалпы сомасы 153,4 миллион теңгеге жұмыстар жүргізілді. Қаржының айтарлықтай бөлігі қысқы уақытта жолдарды қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынының алдын алу іс-шараларына жұмсалды. Жазғы уақытта «ЖПБ-14» ЖШС Үкілі қыз ауылына апаратын жолға және көпірге орташа жөндеу жұмыстарын, ал «Көкпекті жолдары» ЖШС Көкпекті ауылындағы С.Сейфуллин көшесінде жөндеу жұмыстарын атқарды.
Көкпекті-Көкжайық-Үлгілімалшы бағыты бойынша ауданаралық тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін «Рустемов» ЖК төленген дотация көлемі 893 мың теңге.
Автокөлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында Көкпекті және Тассай ауылдарында 54 жол белгілері қойылды.
Ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы жолдарды қысқы және жазғы уақыттарда қамтамасыз ету, сондай-ақ, олардың жөндеу жұмыстарына 116 миллион теңге қаражат бөлінді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Самар ауылын абаттандыруға 34,6 миилион теңге, Көкжайық, Преображенка, Самар ауылдарында көшелерді жарықтандыруға 43,6 миллион теңге, Көкпекті ауылында біздің жерлестеріміз – Кеңес Одағы Батырларының мүсіндерін орнатуға – 9 миллион теңге бағытталды.
Сумен қамту қызметінің басты міндеті тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. 5 ауылдық елді мекенде тұрғындар орталықтандырылған көздерден су алады, ал 49 елді мекенде санитарлық талаптарға сай келетін жергілікті су көздерінен. Аудан тұрғындарының орталықтандырылған (қауіпсіз ауыз су) ауыз сумен қамтылуы – 42,2% құрайды (13334 адам).
Аудандағы суқоршаулы құрылыстар мен суқұбырлар жүйесі «Көкпекті» ШЖҚ иелегіндегі КМК және «Самар» ШЖҚ иелігіндегі КМК теңгерімінде тұр. Аталған кәсіпорындар 101 шақырым суқұбырлары жүйесін қамтиды, оның ішінде 21,5 шақырым Көкпекті ауылында, 13 шақырым Тассай ауылында, 44 шақырым Самар ауылында, 16,5 шақырым Сарыбел ауылында және 6 шақырым Палатцы ауылында.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы Тассай ауылында су құбырлары жүйесі салынды, жоба құны 190, 8 миллион теңге.
2013 жылы Үлгілімалшы, Бастаушы, Теректі және Көкпекті ауылдарында су қоймаларын бұрғылау арқылы жер асты суларының қорын анықтау бойынша барлау-растау жұмыстары жүргізілді. Геология және жер қойнауын пайдаланушылар департаментінің аймақаралық қорды растау комиссиясы расталған су қорларының қорытындысы берілді. Бұл аталмыш ауылдарда сумен қамтамасыз ету жүйесін салу және қайта жөндеу жұмыстары үшін 2015-2020 жылдарға «Ақбұлақ» бағдарламасына енгізуге мүмкіндік берді.
Ауданның коммуналды шаруашылықтары тарапынан су құбырларының алдын ала жөндеу, су бөлетін құдықтар орнату, суқұбырлары жүйесінің қатардан шығуын жою сынды бірқатар жұмыстар атқарылған. Суқұбырлары жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін 39 миллион теңге бөлінген, соның ішінде «Самар» ШҚЖ иелігіндегі КМК 25,3 миллион теңге, «Көкпекті» ШҚЖ иелегіндегі КМК 13,7 миллион теңге.
Тұрғындардың сумен қамтамасыз етілуін жетілдіру үшін сумен қамтамасыз ету қызметінің тарифін көтеру жұмыстарын жүргізу керек. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін коммуналдық шаруашылықтарға екі бірлік ассенизациялық автокөлік алу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен Теректі, Бастаушы, Үлгілімалшы ауылдарында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбырлары жүйесін салуға жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін 19 миллион теңге қаражат бөлінді. Облыстық бюджеттен Көкпекті және Самар ауылдарындағы суқұбырлары жүйесін қайта жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 26,4 миллион теңге бөлінді.
Тұрғындар саны 500-ге жетпейтін елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 16 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл аудан тұрғындарының қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейін 12% көтеруге мүмкіндік береді.
Энергия шығымын азайту және энергоаудит жүргізу үшін 52 бюджеттік мекеме мемлекеттік энергетикалық реестрге енгізілді. БҰҰДБ (Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы) бағдарламасы бойынша коммуналдық шаруашылықтарды жаңғырту және технологиялық құрылғыларды үнемді әрі өнімдіге ауыстыру мақсатында тозығы жеткен тереңдік насостарды жалпы құны 4,6 миллион теңгеге ауыстыру жоспарлануда. Алайда, жалпы алып қарайтын болсақ, энергия үнемдеу бағытындағы жұмыс нашар жүргізілуде. Сонымен, көше жарықтандыруында энергия үнемдеші шамдар 10% ғана қолданылады.
Тұрғын үй мәселелері жөніндегі комиссия Көкпекті ауданындағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы есепке алуды реттеу бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің теңгерімінде 105 тұрғын үй мен 34 пәтер тұр.
Тұрғын үй алу кезегінде 410 адам тұр, оның ішінде: 234 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар, 114 адам тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз тобынан, 62 бюджеттік сала жұмысшылары мен мемлекеттік қызметкерлер. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында Көкпекті ауылында Ұлы Отан Соғысының ардагеріне және қызметтік үй алынды, Самар ауылында 8 пәтер жөндеуден өткізілді. Тұрғын үй мәселелері жөніндегі комиссия шешемімен олар тұрғындардың әлеуемттік әлжуаз топтарына кезекте тұру тәртібі бойынша берілді, төртеуі – жетім балаларға, үшеуі - мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді және біреуі қызметтік пәтер болып танылды.
Тұрғын үй ретінде қайта жөндеу үшін Көкпекті ауылында ғимарат сатып алынды. 2014 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Бұл Көкпекті ауылында тұрмыстық комбинатын қайта жөндеуден өткізу және жобалық-сметалық құжаттарды жөндеуге қаражат бөлу, ол жерде тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына беру үшін 8 пәтер іске қосу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің алдына келесі міндеттерді қоямын:
1. Сумен қамтамасыз ету қызметінің тиімді тарифін табу, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша қолға алынған барлық жобаларды жүзеге асыру.
2. Көкпекті, Теректі, Үлгілімалшы, Бастаушы және Самар ауылдарындағы су құбырлары жүйесін қайта жөндеу мен құрылысқа қажетті жобалық-сметалық құжаттарды дайындау.
3. Автокөлік жолдарының жеке бөліктеріндегі жөндеу жұмыстарын мақсатты жүргізу.
4. Ауылдардың санитарлық тазалығы мен көгалдандырылуы, абаттандырылуы бойынша жұмысты жалғастыру.
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2013 жылы Көкпекті Аймақтық Энергия Желісінде жалпы ұзындығы 6,7 шақырым электрберу желісінің қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарлық-алдын алу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1230 шақырым желелер қамтылды. 541 КТП мен 22 шағынстанцияларда ағымдық жөндеу жұмыстары атқарылды. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында Палатцы ауылында 13,8 миллион теңгеге желелерді қайта жөндеу жұмыстары және Самар ауылының ауданаралық ауруханасында екінші желі жүргізілді.
Телекоммуникацияларды дамыту мақсатында Көкпекті аудандық байланыс орталығы 2013 жылы «Жұмба» базалық станциясы эксплуатацияға берілді. Ол өз кезегінде Жұмба, Маринагорка, Палатцы, Мойылды ауылдарында жоғары жылдамдықтағы ғаламторға және сандық телефон желісіне қосылуға мүмкіндік беріп отыр. Биғаш ауылындағы тозығы жеткен анологтық стация жаңадан сандық станцияға ауыстырылды. Тұрғындардың телефон байланысымен қамтамасыз етілу деңгейі - 80,4% құрады.
ҚҰРЫЛЫС
2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады, өсу қарқыны - 104,1 %. Қолданысқа берілген тұрғын үй аумағы 2156 шаршы метр, өсім 151,9%.
Көкжайық ауылында инженерлік инфрақұрылымымен 10 екіпәтерлі тұрғын үй, Мамай ауылындағы орта мектеп, Самар ауылындағы заманауи спорттық модуль қолданысқа берілді, Көкпекті, Теректі, Бастаушы, Көкжайық, Самар ауылдарының бас жоспары түзетілді. Преображенка ауылының құрылыстары мен аумағының сұлбасы жасалды және Көкпекті ауылындағы орталық қазандық құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.
Сонымен бірге, бұл саладағы кемшіліктер де баршылық. Ауданда құрылыс индустриясы кенжелеп қалған. Құрылыс бөлімі мердігер ұйыммен тіл табыса алмайды, соның салдарынан құрылыс көлемінің уақытылы және сапалы орындалуына әсер етіп жатады. Мердігерлермен екіжақты қарым - қатынас орнатылмаған, өндірістік жұмыстардың орындалу кестесіне бақылау нашар жүргізіледі, бөлінген қаражаттың толықтай игерілуі бойынша шаралар уақытылы қабылданбайды. Құрылыс нормаларының бұзылуына және сапаның нашарлығына жол бермеу үшін қоғамдық ұйымдардың, партиялық ұйымдардың, депутаттық корпустың мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде қолданылмайды.
Тұрғын үй алу кезегінде 400-ден астам адам тұр. Алайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша нақты жоспар жоқ. «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының зор мүмкіндіктері толық мөлшерде қолданылмай келеді. Жалдамалы тұрғын үй мәселесі бойынша ешбір ұсыныс жоқ.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы жобалық-сметалық құжаттарды дайындалу барысында қарамайды, ол болашақта сапасыз құрылысқа, тапсырыс беруші мен мердігердің арасында мәселе туындауына әкеп соғады. Кейбір жағдайларда жобалау-сметалық құжаттарда жіберілген қателіктер мекеме және ұйым басшыларын жазалауға ұшыратады. Бұл жұмыста құрылыс бөлімінің үйлестірушілік қызметі байқалмайды.
Ағымдағы жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің алдына келесі міндеттерді қоямын:
-
Преображенка ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының уақтылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету.
-
Көкпекті, Самар ауылдарындағы су құбырлары желісінің қайта жөндеу жұмыстары мен Теректі, Бастаушы, Үлгілмалшы ауылдарында су құбырлары желісін салу бойынша сметалық-жобалау құжаттарын жасау бойынша іс-шаралар қабылдау.
-
Көкпекті ауылындағы байырғы Тұрмыстық комбинат құрылысының қайта жөндеу жұмыстарының сметалық-құжаттары мен оның қайта жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі басты басымдық ретінде әлеуемттік саланың дамуын қойып отыр.
БІЛІМ БЕРУ
Жыл сайын білім беру саласының дамуына бағытталған бюджеттік қаражат көлемі көбейіп келеді. Былтырғы жылы ол аудан бюджетінің 70% құрады немесе 2 миллиард теңгеден астам қаражат, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,9% артық.
Бұл аудандағы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге септігін тигізді. Мамай және Ақой ауылындағы мектептердің құрылысы аяқталды. Ж.Болғанбаев және Самар бастауыш мектептерінде толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмба, Подгорное, Маринагорка, Шәріптоғай, Ж.Шайжүнісов атындағы, Үлкенбөкен мектептерінде жалпы сомасы 24,5 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пантелеймоновка және Ажа ауылдарындағы мектеп ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық-жобалық құжаттар жасалды. Республикалық бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттерінің есебінен ауданның 5 мектебі жалпы сомасы 4,9 теңгеге биология, химия, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, матиматика пәндерінің кабинеттерін жабдықтады. Ауданнның 11 мектебі жалпы сомасы 7,6 миллион теңгеге мектеп асханаларына құрылғылар сатып алды.
Ауданда 41 жалпы білім беретін мектеп, 3 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым, бір қосымша білім беру мекемесі, 2 мектеп жанындағы интернат бар. 15 мектепте білім беру қазақ тілінде, 2–орыс тілінде, 24-аралас тілде жүргізіледі. 12 жылдық білім беру жүйесіне өту жауапты міндет болып қала бермек. Осы орайда жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби білім беретін мектептер анықталды. Ж.Шайжүнісов және Көкпекті, Октябрь орта мектептерінде ресурстық орталықтар ашу жақын маңдағы 5 шағынкешенді мектептердің мәселесін шешеді. Ауданның 18 ауылынан 396 оқушылардың тасымалы ұйымдастырылған, 36 оқушы мектеп жанындағы интернаттарда тұрады.
Соңғы жылдары оқушылар санының қысқару үрдісі байқалады. Сонымен, қазіргі уақытта аудан мектептеріне 4247 оқушы білім алуда, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 146 оқушыға аз. Бірінші сыныпқа қабылдау ағымдағы оқу жылы 27 оқушыға кеміді.
Оқушылар санының азаюы оңтайландыруға әкеліп соғады, ол Үкіметтің 21.12.2007 жылғы №1256 Қаулысына сай жүргізіледі. 2013 жылы Өрнек бастауыш мектебі жабылды. Қазіргі уақытта ауданда білім беру жүйесінің оқушылар саны турасындағы талабына сай келмейтін 6 орта мектеп және 11 мектеп бар. Сондықтан да, Көкпекті ауылында 120 орындық интернат салу жоспарлануда.
Ауданда «Балапан» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 47 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2190 бала тәрбиеленуде, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2013 жылы 96,5 миллион теңге бөлінді.
Ауданда 909 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 82% - жоғарғы білімді мамандар. Жоғарғы және бірінші категориялы мұғалімдер саны 6% артқан. Білім беру саласының қызметкерлерінің беделін арттыру мақсатында моральдық және заттай ынталандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ең үздік педаготарға тамыз кеңесінде қаржылай сыйлық табысталады.
Былтырғы жылы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға 36 жас маман келді, оның ішінде 13 мұғалім тұрғын үй алу мақсатында жалпы сомасы 26,3 миллион теңге несие, жалпы сомасы 3,2 миллион теңге болатын 26 көтерме ақы берілді.
Дарынды балларға арналған «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы жұмыс істейді. Республикалық байқаулар мен олимпиадаларда 21 оқушы бақ сынады, олардың ішінен біреуі бас жүлде иеленді, екеуі 1 орын алды, тағы екеуі екінші орынды олжалады. Облыстық байқауларда 5 оқушы жүлдегер атанды.
«Тәрбие орталығында» 412 оқушы қамтылған. Саз мектептерінің екі тәрбиеленушісі облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері атанды.
3 жазғы сауықтыру балажайларында 289 оқушы демалды. Бүгінгі күні «Балауса-1» спорттық-сауықтыру балажайын қалпына келтіру жұмыстарының алгоритмі жасалды.
Әлеуеметтік әлжуаз топ оқушыларына көмек көрсетуге арналған жаппай оқу қорының қаржыландырылу көрсеткіші тұрақты. Былтырғы жылы ол 28 миллион теңгені құрады немесе жалпы қаржыландырылудың 2 % Барлық мектептерде ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған. Бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балалары толықтай тегін тамақтанады, ауданның 38 мектебі оқушыларды сүт және балмен қамтамасыз етіп отыр. Осылайша, облыс әкімінің осы мәселе бойынша берген тапсырмасы толықтай орындалды.
Мектептерде 36 мүмкіндігі шектеулі оқушылар білім алуда, қамқорлықпен 55 бала қамтылған. Патронаттық тәрбиеде 5 бала, мүмкіндігі шектеулі 24 бала үйде тегін оқытумен қамтамасыз етілген. Педагогикалық-психологиялық түзету орталығы жұмыс істейді, онда 50 бала қамтылған.
Оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 10 миллион теңге бөлінген, 16 841 дана оқулық алынды, ол өз кезегінде оқулықтармен және әдістемелік құралдармен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Көкпекті орта мектебінде «Қазақстан жолы» оқыту-тәрбие орталығы жұмыс істейді, орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2,6 миллион теңге бөлінген.
Ауданда патриоттық тәрбие пайдалана отырып, оқыту сапасын арттыру болып табылады. Көкпекті, Ж.Шайжүнісов атындағы, Ж.Болғанбаев атындағы, Самар №1, Самар бастауыш мектептерінде электронды оқыту жүйесі енгізілген.
Барлық мектептер Ғаламтордың ақпараттық көздерін белсенді қолданады. Ғаламтор 7 мектепте Megaline желісі арқылы қосылған, 13 мектепте – жер серіктік ғаламтор, 23 мектепте - Dial-upя жолымен қосылған. Барлық орта мектептерде интерактивтік құрылғылар, мамандандырылған бөлмелер бар, оның ішінде 25 лингафондық және мультимедиялық бөлмелер, 50 жаңа модикация бөлмесі, оның ішінде 12 химия кабинеті, 17 биология, 21 физика кабинеттері.
10 мектепте 424 адам компьютерлік сауаттылықты ашу курстарынан өтті.
Ауданда Самар аграрлық-техникалық колледжі бар, онда 219 студент оқиды, оның ішінде техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша 126 адам білім алуда (58%). Мамандар 8
Орын алған оңды өзгерістерді атай отырып, кемшіліктерді де атап өткен маңызды деп ойлаймын.
Білім беру мекемелері жұмысының негізгі көрсеткіші – бұл Ұлттық Бірыңғай тестілеудің қорытындысы. Былтырғы жылы «Алтын белгімен» үздік аттестатқа үміткер 17 түлек пен үздік аттестатқа үміткер 12 түлектің бірі де үмітті ақтай алмады. Аудан бойынша ҰБТ орташа балы 67,2 болды, ал бұл облыстағы 17 орын. Ең төменгі көрсеткіштер келесі мектептердің еншісінде: Амангелді (55,3 бал) - директор Ж.Шарифуллин), Преображенка (56,2 бал) – Ж.Азина, М.Әуезов атындағы (57,3 бал) – С.Чалова, Миролюбовка (60,0 бал) - Райхан Рысты. Білім сапасының төмен көрсеткішіне байланысты 5 мектеп директорлары қызметінен босатылып, 13 директорға қатаң сөгіс жарияланды, оқушылары қанағаттанарлық баға ала алмаған 17 мұғалім сөгіс алды, білім беру бөлімі қызметкерлерінің 60% жаңартылды.
Оқушылардың білім деңгейі төмен болуының негізгі себептерінің бірі – бұл мамандармен қамту бойынша нашар атқарылған жұмыстың нәтижесі. Тәжірибесі облыс немесе республикаға таратылатын бір де бір педагог жоқ ауданда. Математика, химия, биология, шағын кешеніді мектептердегі ән-күй, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша жетіспеушілік анық сезіледі. Мамандардың басқа салаға ауысу үрдісі қадағаланбайды, екі-үш жыл қызмет еткен жас мамандар болашақ басымдық сезбестен кетіп жататын ешкімге де жасырын емес. Білім беру бөлімі мамандық таңдау жұмысын мақсатты жүргізбейді, алайда педагогикалық мамандықты насихаттау, оқушыларды педагогикалық жоғарғы оқу орындарға берудің тұрақты жүйесі қалыптасқан. Мектептерде 12 мұражай, 2 әскери-спорттық клуб, «Жас Ұлан» балалар ұйымы жұмыс істейді.
Білім беру саласын дамытудың басымдығы ақпараттық технологияларды түсінуге дайындау жұмыстары жолға қойылмаған, ауданның студенттерімен арада байланыс орнатылмаған.
Білім беру саласын оңтайландыру жұмысы нашар жүргізілуде, алайда оның мақсаты мамандық, материалдық-техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарды тиімді пайдаланудың арқасында оқушылардың білім сапасын көтеру болып табылады. Қазіргі уақытта ауданда білім беру жүйесінің оқушылар саны турасындағы талабына сай келмейтін 6 орта мектеп және 11 мектеп бар. Ол мектептерде 517 оқушы білім алуда, бұл оқушыларда мемлекеттік білім беру стандарттарына сай келетін сапалы білім алудың заманауи жағдайлары жоқ.
Мектепке дейінгі білім алу саласында орын жетіспеушілік мәселесі әлі шешімін таппаған. Ауданда балабақшалардан орын алу үшін 67 бүлдіршін кезек күтіп тізімде тұр. Бұл үрдісті санақ қорытындысы мен туылған сәттен 6 жасқа дейін есепке алу нәтижесі бойынша болжауға болады. Бұл мәселені шешуде мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестік мүмкіндіктері қолданылмайды.
Мектептерде психолог мамандар нашар жұмыс істейді, ол мектеп оқушыларының өз-өзіне қол салуының екі жағдайына себепші болды. Осындай қайғылы статистикалық көрсеткіштер тәрбие беру үрдісіндегі кемшіліктер мен ата-аналарды оған тарту бойынша жұмыстың нашарлығын айғақтайды. Бұл жерде психолог мамандар мен тәрбие ісінің орынбасарларына және қайғылы оқиғаға жол берген мектеп директорларына қатысты қатаң шаралар қолданылуы керек.
Білім беру бөлімінде бюджеттік шығымдарды қысқарту жұмысы жолға қойылмаған, көмір мен электр энергиясын тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылданбаған. Білім беру бөлімінің басшысы мен мектеп директорлары бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған жұмыс жүргізуі керек.
Самар аграрлық-техникалық колледжінің жұмысы ауданның техникалық және кәсіби білімі бар мамандарға деген сұранысын толық өтей алмай отыр. Бүгінгі күні олар аудан экономикасы мен білім беру саласының ортасындағы байланыстырушы ретінде жұмыс істеуі керек.
Осының бәрін ескере отырып, білім беру бөлімінің алдына келесі міндеттерді қоямын:
-
2011-2020 жылдарға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды және 12 жылдық білім беру жүйесіне жоспарлы өтуді қамтамасыз ету.
-
ҰБТ тапсыру кезінде оқушылардың білім деңгейін 90 балға дейін көтеру бойынша іс-шаралар қабылдау.
-
3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтамасыз ету, білім берудің заманауи әдістемелері мен бағдарламаларын енгізу. Жеке меншік балабақшалар ашу үшін меценаттар мен демеушілерді тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру.
-
Жас мамандарды бекіту және оларға жан-жақты көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру. Ауданның педагогикалық мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жұмысын жүйеге салу.
-
«Мәңгілік Ел» жобасын жүзеге асыруға белсене атсалысу, қазақстандық патриотизм, тәрбие берудің тиімді тәсілдерін ендіру негізінде тұлғаның адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.
-
Бір біріне сыйластықпен қарау, үлкен адамдарды құрметтеу сезімін қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу бойынша тәрбиелік жұмыстарды қалыптастыру. Өз-өзіне қол жұмсау жағдайларын болдырмауға басты назар аудару.
-
Тілдерді меңгеру тәрбиесін жүргізу, оқушылардың бойында сыни ойлау қабілетін, ақпаратты өз бетімен іздеу және терең қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
-
Самар аграрлық-техникалық колледжінде дуалды оқыту жүйесін ары қарай дамытуды қамтамасыз ету, ауданның мектептері мен шаруа қожалықтарымен етене байланыс орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |