Құрметті көкпектіліктер!



бет4/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.65 Mb.
#7380
1   2   3   4

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Аудан әкімінің аппараты өңірдің даму сұраныстары мен қажеттілігіне сай атқарушы биліктің мемлекеттік саясаттын жүргізуді қамтамасыз етеді. ауданда 136 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Атқарушы билік жұмысына баға беріп, өзекті мәселелердә анықтауға тұрғындар тарапынан түскен шағымдар мен ұсыныстар, хаттармен жұмыс істеу мүмкіндік береді.

  2013 жылы аудан әкімінің аппаратына 1138 өтініш келіп түсті, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 өтінішке көп. Олардың ішінде 344 өтініш қанағаттандырылып, 794 өтінішке түсініктеме берілді. Көкпекті, Үлгілімалшы, Теректі, Миролюбовка ауылдық округтерінен түскен өтініштер санының артқаны байқалады. Тұрғындар үшін жер және жер телімін игеру, еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік және зейнетақылық төлемдер, тұрғын үй тұрғысындағы сұрақтар өзекті болып қалуда.

Жоғарғы органдарға 18 тұрғын өтініш білдірген, оның ішінде Көкпекті ауылдық округінен 7, Самардан – 5, Құлынжон және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтерден екеу, Бастаушы және Маринагорка ауылдық округтерінен бір өтініш түскен. Материалдық көмек беру, емделуге квота беру, жұмыспен қамтамасыз ету сынды мәселелер жергілікті ауылдық округ әкімдерінің құзырында. Олар осы мәселелерді жергілікті жерде шешулері керек болатын. Өтініштердің қорытындысы олардың көпшілігі заңнамаларды нақты түсіндіруді қажет ететінін көрсетіп отыр. Сонымен, Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мамандарының сауатсыз жауап беру облыс әкімінің аппаратына және Премьер Министрдің кеңсесіне қайта жүгінуге әкеліп соқты. Самар ауылдық округі әкімінің аппаратында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының дұрыс қолданылмауы салдарынан жоғарғы органдарға қайта жүгіну жағдайы орын алды. Жоғарғы органдарға ұжымдық өтініштің түсуі Құлынжон, Кокпекті және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімдерінің аппараты жергілікті жағдайды білмейді, түсіндіру жұмыстарын қажетті денгейде жүргізбейді, тұрғындармен тіл табыса алмайды деген сөз.

Мемлекеттік қызметті жаңғырту мемлекеттік басқару жүйесіндегі бәсекелестікті қамтамасыз етуде ерекше орын алды. Елбасы мемлекет пен халыққа қызмет етуді бәрінен жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы тапсырма қойып отыр. Әкімшілік реформа аясында ауданда ауылдық округ әкімдерінің сайлауы болып өтті. Қазіргі уақытта ауыл әкімдерінің өкілеттілік ауқымы кеңейген, бірқатар жаңа функциялар бекітілді. Ауылдық округ әкімдерінің аппаратын күшейту үшін қосымша 39 бірлік бөлінді. Ауданда персоналды басқару қызметі құрылды.

12 желтоқсанда ауданда алғашқы рет мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізіліп, оның барысында мемлекеттік қызметтің ары қарайғы жетілдірілуі, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту сұрақтары талқыланды. Жастар резерві мен жас мамандарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл ауқымды жоба, оның мақсаты таяу арада ауданның болашақ дамуына айтарлықтай үлес қосуға қабілетті адамдар тобын жасақтау, жас басқарушы мамандарды дайындау. Қазіргі уақытта жастар кадрлық резервіне 40 маман енгізілген, оның 8 бүгінгі күні басшылық қызметке тағайындалған.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет саласында бірқатар түйінді мәселелер бар, оның ішінде: мамандардың жиі ауысуы, оқыту жүйесінің нашар тиімділігі, ынтаның жоқтығы. Тағы да мынандай мәселе бар – көптеген жастар маған жұмысқа орналасу туралы өтініш білдіреді, алайда, олар әкімшілік бос орынға байқау жарияланғанда оған қатыспайды. Ал жастар – бұл қоғамның ең белсенді тобы, олар тың өзгерістерге тез бейімделеді. Олар жаңаша көзқараспен ойлап, бастамашыл идеялар көтереді, оларға мақсатқа ұмтылу, жылдамдық сынды қасиеттер тән, ауданның әл-ауқаты мен өркендеуі олардың соңы бастамаларына байланысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналған. Бұл жұмыста басты назарды алдын алу шаралары мен дер кезінде болдырмау шараларына аударған жөн. 2013 жылы ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен 3 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасалған. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын білмеу екі бөлім басшысының атқарып отырған қызметінен босатуға себеп болды. Егер Ар-Намыс Кодексі, парақорлыққа байланысты болса, сыбайлас жемқорлықпен күрес қатал жүргізілуі керек. Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында, ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясат жүргізуді міндеттеді. Жергілікті басқарушы органдардың өз бетімен әрекет ету мүмкіндігі кеңейтіледі, бірақ олардың нәтижеге деген жауапкершілігі арта түседі, тұрғындар алдындағы есеп беру жиілейді. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына болта шабу үшін барлық тұрғындардың тарапынан қолдау және толық түсіністік қажет.

Жұмыстың жетістігі көбінесе қолданылатын шаралардың белсенділігіне, кадрлардың біліктілігіне, аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының бірігіп атқарған жұмысына байланысты. Құрметті жерлестер! Өткен жылы менің орынбасарларымның алдында қандай тапсырмалар қойылғандығын білесіздер. Солардың бір бөлігі олардың назарынан тыс қалды. Олардың әр қайсысының осы қызметтегі жұмыс өтілінің салыстырмалы аздығы, стратегиялық мақсат пен оған жету жолында нақты жұмыстың болмауы салдарынан жеке салалардағы күйреуге себеп болып отыр.

Осыдан үш-төрт жыл бұрың инновациялық үрдісті егізу кезінде барлық әлеуметтік саланы дамытудың алға басу жұмыстары қолға алынды. Алайда, соңғы екі жылда басталған бастамалардың дамуы орынбасар К.Смаилованың тарапынан жалғасын таппады. Ал, ол өз кезегінде спорт, мәдениет, білім беру салаларындағы орындарды жоғалтуға әкеліп соқты.

Жаңадан құрылған халық аспаптар оркестрі, менің тарапымнан үй мәселесінің шешіліп беруіне қарамастан, қажетті мамандармен толық жабдықталған жоқ. ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша біздің аудан облыстың басқа аудандары арасында соңғы орындарға жайғасты. Самар ауылында өткізілген спорт қауымдастығымен кездесуім түйінді мәселелерді шешу алаңына айнала алмады. Жауапты орынбасардың жұмысқа деген осындай көзқарасы әлеуеметтік – экономикалық рейтингте әлеуметтік сала көрсеткіштерінің төмендеуіне себепші болды.

Орынбасар Р.Сағындықов тарапынан бөлім басшыларына талапты күшейтіп, жауапкершілікті арттыру керек. Оған жауапты бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп, стратегиялық міндеттерді шешудің жүйелі шараларын ұйымдастру қажет.

Қаржы-экономикалық блокқа жауапты орынбасар А.Әкімоваға салалардың даму мүмкіндіктерін анық көрсететін нақты экономикалық қортынды жасау жетіспейді.

Осы ескертулерді есепке ала отырып, өзімнің орынбасарларыма басшылардың жұмысы мен жауапты бөлім мамандарының мүмкіндіктерін сараптауды, инновациялық және бастамашыл негізде салалық міндеттерді шешу үшін түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырамын.

Бірқатар дербес бөлімдердің тиімсіз жұмысы жеке салалардың дамуын тежейді. Сонымен, кәсіпкерлік бөлімінде шағын және орта бизнесті, туристтік саланы дамытуға кешенді қарау жұмысы жоқ, олар мемлекеттік қолдау шараларын қолданбайды. Сан жағынан аз емес ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі (М.Теміржанов) қосалқы шаруашлықтың даму жағдайынан, суармалы жерлердің қолданылуынан бейхабар. Білім беру бөлімі жұмысқа деген көзқарасын өзгертуі керек.

Палатцы (Б.Мұқышев), Маринагорка (Қ.Сұрашев), Үлгілімалшы (А.Смағұлов), Сарыбел (К.Сақуанова), Құлынжон (Ш.Шайырғазин)

Ауылдық округінің әкімдеріне басты назарды экономиканы дамытуға аудару, инвестиция тарту мен инновацияларды енгізу бойынша жұмыс істеп, округтердің экономикасына мән беру керек.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру – бұл тұрғындардың мемлекеттік орган қызметіне деген сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бөлігі. Бүгінгі күні тұрғындардың мемлекеттік қызметті мемлекеттік орган арқылы, тұрғындарға қызмет көрсету орталығы арқылы және электронды үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Былтырғы жылы ауданда 59 қазмет түрі бойынша 93 846 қызмет көрсетілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сапаны көтеру мен «бір терезе» принципі бойынша қол жетімді мемлекеттік қызмет алу құралы тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Қазіргі уақытта Көкпекті ауылында халыққа қызмет көрсету ортағы 7 терезе, Самар ауылында 3 бар.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 171 түрі көрсетіледі. Электрондық үкіметті дамыту, автоматтандыру және мемлекеттік қызметті оңтайландыру, оны электронды нұсқаға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін дербес бөлімдерде «электронды үкімет» порталымен интегралданған ақпараттық жүйе енгізілуде.

2013 жылы аудан әкімінің аппараты және 12 дербес бөлімдер электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен жұмыс атқару мақсатында мемлекеттік органдардың бірегей транспорттық жүйесіне қосылды. Ағымдағы жылы осы жүйеге 17 ауылдық округ аппараттарын қосу жоспарлануда.

Аудан әкімі аппаратының міндеттері:


  1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қатаң орындалуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытын күшейту, мемлекеттік қызметкерлер әрекетінің этикалық нормалары бойынша шаралар қабылдау, тұрғындардың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру.

  2. Электрондық әкімшілікті енгізу бойынша жұмысты жалғастыру.

  3. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды орындау және жергілікті өзін - өзі басқару Концепциясын орындауды басымды ретінде қарастыру.

  4. Мемлекеттік қызмет түрлері мен сапасының артуына ықпал ету.

  5. Тұрғындар өтінішінің мониторингін жүргізіп отыру, тұрғындардың түйінді мәселелерін уақытылы шешу.

  6. Азаматтық қоғамның барлық институттарын тарта отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту.


Құрметті көкпектіліктер!

Өткен жылға көз жүгіртсек, атқарылған жұмыстар аз емес, өсу қарқыны бар. Дегенмен, әлі де шешімін табуды қажет ететін келелі мәселелер баршылық.

Әкімшіліктің алдағы іс-әрекеті Елбасының «Қазақстан жолы: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ.» атты Жолдауында көрсетілген азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асады. Әлеуметтік орта және экономикалық салалардағы, біздің көзқарасымыз бойынша, ең маңызды мәселелердің басын қоса отырып, ағымдағы жылға келесі міндеттерді қоямын:

1.«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ.» Жолдауын ақпаратты-насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізу. Ауданның даму көрсеткішін стратегиялық міндеттерді есепке ала отырып белсендіру және оның орындалуы бойынша шаралар қолдану.

2.Аудан экономикасын дамыту үшін мемлекеттік, салалық және аймақтық күш-қуатты пайдалану. Аймақтық жалпы ішкі өнім көлемін 9%, өнеркәсіп өнімдерін өндіруді 15%, ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімін 5%, құрылыс жұмыстарының көлемін 15% арттыруды қамтамасыз ету.

3. Қазіргі заманғы технологиялар және еңбек өнімділігін арттыруға назар аудара отырып, аграрлық сектордың инновациялық дамуына бағытталған шаралар кешенін әзірлеу. Қайта өңдеу және сақтау жобаларына басымдық бере отырып, жаңа салалар қалыптастыру бойынша бос орындарды ашу шараларын дайындау.

4.Индустрияландырудың аймақтық Картасына енгізілген «Елім-ай Көкпекті» АӨК жобасының жоспарлық іс-шараларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

5.Инвестицияларды тарту үшін негізгі капиталды жалпы көлемі 3,5 миллиард теңге болатын екі еседен астам шамаға ұлғайтып, қолайлы жағдай туғызу.

6.Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін 100% орындау. Салық салу базасын жасырын қорларды анықтау және жеке меншік нысандарын толық есепке алу жолымен кеңейту. Аудан бюджетіне жеке кірістердің есебінен 700 миллион теңгеден астам түсім енгізуді қамтамасыз ету.

7. Кен өндірушілердің келісім-шартта белгіленген жауапкершіліктерін уақытылы әрі толық мөлшерде орныдауын қамтамасыз ету, басшылармен екіжақты келелі кеңес жүргізу.

8.Көкпекті және Самар ауылдарын жоғары даму қуаты бар ауылдардың қатарына қосу үшін олардың даму көрсеткіштерінің табысын қамтамасыз ету.

9. Мемлекеттік қолдау мен шағын және орта бизнес нысандарынан түсетін салық қаржысын 20-22% арттыру шараларын қолдана отырып, ауылда кәсіпкерліктің мамандануын дамытуға жағдай жасау.

10.Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар мен жұмыссыздардың санын азайту. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» Бағдарламасының механизмдері арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын белсендіре отырып, масылдық пиғылды түбірімен құрту. Аудан бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 4,7%, пайыздан, ал ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі тұрғындардың үлесі 4,4% пайыздан аспауы керек.

11.Жеке адамды қазақстандық қоғамның шешуші құндылықтары негізінде тәрбиелеу және дамытуға бағытталған оқытудың заманауи бағдарламалар мен әдістемелеріне қол жеткізу негізінде білім беру мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ететін сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау.

12.Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөліп, олардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның барлық нысандарын тарту.

13.Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін арттырудағы ынтымақтастықты анықтау.

14.Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешудің ұзақ мерзімді шараларын әзірлеу. Тұрғын үй алуға аса мұқтаж деген 20 отбасын баспанамен қамту мәселесін шешу.

15.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны жүзеге асыруды және кадрлық саясатта меритократия принциптерін енгізуді жалғастыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын және құқыққорғау органдарының жұмыстарын дәйекті түрде көтеру.



Аталған міндеттердің орындалуы әлеуметтік және экономикалық салалардың қарқынды дамуына, тұрғындардың тұрмыс жағдайларының жоғарылауына мүмкіндік береді.

Міндеттердің жемісті жүзеге асуы жергілікті атқарушы органдардың, депутаттық корпустың, азаматтық қоғам және бүкілхалықтық қолдаудың бірлескен жұмысына байланысты. Ертеңгі күннің жарқын болуы сіз бен біздің қолымызда. Сол себепті, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іс жүзіне асыруда барлық күш-қуатымызды аямай, белсенді жұмыс жасау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет