Құрметті көкпектіліктер!


ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.65 Mb.
#7380
1   2   3   4

ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Мемлекеттің стратегиясы әлеуеметтік қорғаудан әлеуметтік өрлеуге бағытталған. 2013 жылы ауданның әлеуметтік саласына 264,2 миллион теңге жұмсалды.

Нәтижелі және тұрақты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру тіркеуде тұрған жұмыссыздардың санын 30% - ға қысқартуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарда 402 адам жұмыс істеді, 570 жұмыс орны құрылды, 357 адам жұмысқа орналастырылды. Осылайша 1 қаңтарға қараған жағдай бойынша қазіргі күні есепте 86 адам тұр, ол тұрғындардың экономикалық белсенділер санындағы үлестің 0,5 %-ын құрайды.

Вакансиялар (бос жұмыс орындары) жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 40 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 28 адам оқуға жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 7, жастар тәжірибесі бойынша 4, 8 адам жұмысқа орналастырылды, 80 – нен астам адам кеңес алды.

475 отбасына 20,9 миллион теңге балалар жәрдемақысы уақытында төленді. 2012 жылмен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 23,2%-ға азайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 289 отбасына 33,3 миллион теңге төленді, алушылар саны 3,8% - ға азайды. Тұрғын үй көмегі 291 отбасына тағайындалып, 6 миллион теңге төленді.

2013 жылы әлеуметтік жағынан кемшіл 135 отбасына 4,7 миллион теңге материалдық көмек тағайындалды. Облыс әкімінің гранты негізінде тұрмысы төмен отбасыдан 49 бала түрлі оқу орындарында білім алуда. Туберкулезбен ауыратын пациент 187 жыл бойына 1,4 миллион теңге көлемінде көмек алды.

Жыл бойы Семей сынақ полигонынан зардап шеккен 30 адам 499,4 мың теңге бір жолғы өтемақы алды.

Қазіргі күні аудан көлемінде 17 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 36 интернационалист жауынгер, 16 ЧАЭС апатын жоюға қатысушы тұрып жатыр. Оларға ай сайын 5,6 миллион теңге көлемінде коммуналдық қызмет ақысы төленеді. Осы топтағы азаматтарға 434 мың теңгеге баспасөз құралдары жаздырылып берілді.

Аудандағы мүгедек жандарға айрықша назар аударылады. Жыл бойына 93 мүгедек арнайы әлеуметтік құрал –жабдықтар түрінде көмек алды, оның ішінде алты мүгедек арбасы берілді, 36 бала үйде оқытылып тәрбиеленіп жатыр.

Жеңіс күні мерекесінде 9 соғыс ардагеріне 690 мың теңгенің көмегі берілді, 36 зейнеткер «Уба» санаториясында санаториялық – курорттық емдеуден өтті. Сегізінші наурыз және 1 маусым балаларды қорғау күнінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және 295 көпбалалы аналарға 13 миллион теңге сомасында көмек берілді. Қайырымдылық айлығы негізінде 4000 - нан астам жалғызбасты және қарт адамдар 12,8 миллион теңге көмек алды.

Осылайша, ауданның 4846 тұрғыны мемлекеттік көмектің және қолдаудың барлық түрімен қамтылды, оған жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұл Президенттің тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қорғауға мүмкіндік беретін сындарлы саясатының және еліміздің экономикалық әлеуетінің нақты көрінісі.

Аудан өмірінде оңалту орталығы айрықша орын алып отыр. Орталық 232 адамға қызмет көрсетіп отыр, оның ішінде 119 жалғызбасты қариялар және мүгедек адамдар,112 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Мүгедектер мен қарт адамдарды оңалту бағдарламасына аудан бюджетінен 40,9 миллион теңге бөлінген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыру және құқықтарын қатамасыз ету бойынша Ұлттық Жоспарға сәйкес 2013 жылы Арнайы әлеуметтік көмек орталығында мүгедектердің күндіз келіп тұруына арналған жартылай стационар ашылып, оған республикалық бюджеттен 5,5 миллион теңге бөлінді.

2014 жылдың 1 ақпанынан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру ережесі күшіне енеді. Бұл жобада тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік келісімшарт негізінде келісілген қаржылай көмекпен қамтамасыз ету қарастырылған. Жоба тұрғындар арасында масылдық пиғылды жойып, тұрмысы төмен отбасыларына белсенді көмек көрсетуге бағытталған. Оны жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әр отбасына тыңғылықты түрде түсіндіру қажет. Оған жалпы жұмыс барысы тәуелді болады.

Алайда іс жүзінде бұл жұмыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әрекеті жетімсіздеу болып тұр. Шағын несиелеу бойынша тұрғындардан тоқтаусыз түсіп жатқан өтініштер тұрғындар арасындағы насихат жұмысының жетімсіздігін байқатады. Сонымен бірге «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушылар бойынша да кешіліктер бар. Қазірдің өзінде Биғаш және Үлгілімалшы ауылдық округінде бағдарлама қатысушыларының несиені уақтылы төлемеу деректері кездесуде. Ауылдық округ әкімдері мен жұмыспен қамту бөлімі несие алушылардың бизнес жобалары бойынша жұмыс орындарын ашу міндеттерінің орындалуын қадағалауды босаңсытқан, сондықтан бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрғындарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жүзеге аспай отыр. Бұл өз кезегінде бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауына, кірістің азаюына әкеліп соқтырған. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен инженерлік – коммуникациялық құрылымды орнату мәселесі бойынша өзара үйлесімді жұмыстың жоқтығы бөлінген қаржы көздерінің игерілу уақытын кешіктіріп отыр.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдына келесі міндеттер қоямын:

1.Мониторинг мәліметтері бойынша жұмыссыздарды оқытуды жүзеге асырып, олардың міндетті түрде жүз пайыз жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.

2.Өз бетімен қамтылған, жұмыссыз және тұрмысы төмен тұрғындардың еңбегінің өнімділігін көретіндей ету.

3. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және «Өрлеу» пилоттық жобаларын толықтай жүзеге асуын қамтамасыз ету, «кәсіби біліктілікті арттыру, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс – тәжірибесі, сондай – ақ 2013 жылы жұмысқа орналаса алмағандарды, 10% зейнетақы жарнасының түсуімен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету.

4. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысушылардың жеке кәсіпкер ретінде Салық басқармасында уақытында тіркелуіне бақылау жасауды ұйымдастыру, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, құрылған жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының салық төлеулерін қамтамасыз ету.

5. Несие қаражаттарының мақсатты жұмсалуын және несиенің қайтарылуын бақылауды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу.

6. Жеткіліксіз инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарды орнату бойынша тапсырыстарды жұмыс комиссиясымен уақтылы қарауды қамтамасыз ету.

7. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орнласуына ықпал ету.
ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУ

Адами капиталдың деңгейін арттырудың маңызды бағыты медициналық қызмет сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Оған мемлекеттің «Саламатты Қазақстан – 2015» бағдарламасы қарастырылған. Ауданның денсаулық қорғау саласының жылдық бюджеті 648, 5 миллион теңгені құрайды. Тұрғындарға медициналық көмекті Орталық және ауданаралық аурухана, олардың құрамындағы екі емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 29 медпункт, 11 арнайы баспанасыз медбикелер жүзеге асырады.

Өткен жылдың көрсеткіші бойынша денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштер жақсартылған, бұл медициналық қызметтің негізгі барысы жаман емес деген сөз. Соңғы екі жылда туберкулезбен науқастану деңгейі төмендеген, алайда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де болса ширығып тұр. Науқастың ең көп тараған жері Самар, Қ.Аухадиев атындағы округтерде байқалады, ал ең төмен көрсеткіш Көкжайық, Белое, Тассай ауылдық округтерінде.

Онкологиялық науқас бойынша өлім саны төмендеген. Сәбилер өлімі 2012 жылмен салыстырғанда қанағаттанарлық болса да, бұл көрсеткіш республикалық деңгейден жоғары. Жалпы өлім саны тұрақтанып, төмендеген. Аудан бойынша бірнеше жыл қатарынан туу саны азайғаны байқалады.

Орталық аудандық аурухана басшысы тарапынан оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.Сонымен, жыл барысында кредиторлық берешек толық жабылды деуге болады, отын шығындары екі есеге қысқарылды, медициналық қызмет көрсету жұмысында тиімді бағыт қолға алынды.

Сонымен бірге, ауданның денсаулық қорғау саласында бірқатар кемшіліктерді атауға болады. Сараптау және болжау орталығының жүргізген әлеуметтік сауалнамасы бойынша медициналық қызмет сапасына шағымдану аудан проблемалары арасында бірінші орында тұр. Бұл әрине негізсіз емес. Атап айтсақ, ауданаралық аурухана дәрігері Д.Раеваның кінәсінен ана өліміне жол берілген. Тергеу нәтижесі бойынша егер акушер – гинеколог емдеу хаттамасын дұрыс орындағанда қайғылы жағдай орын алмас еді. Орталық аудандық ауырухана емхана дәрігерлеріне жазбаша және ауызша түрде шағымдар бірнеше мәрте түсуде. Преображенка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкерлерінің тарапына шағымдар бірнеше рет түскен. Күн тәртібінен дәрігерлік этиканы сақтау, пациенттер тарапына дөрекілік таныту мәселесі түспей тұр. Мұның барлығы жекелеген медицина қызметкерлерінің өз жұмыстарына немқұрайлылығынан, міндеттерін жүрдім – бардым орындауларынан туындап отыр. Осындай көзге ұрып, айғайлап тұрған дәйектер орын алса да, медициналық мекемелер басшылары қызметтеріне салғырт қарайтын қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартпайды. Әрине, дәрігерлердің жетіспеушілігі жағдайында әрбір маман бағалы, бірақ талапқа сай емес маманнан науқасқа зиян келтіргенше, дер кезінде құтылған жақсы.

64 дәрегердің төртеуі жоғары санатты, 30 дәрігердің біліктілік дәрежесі жоқ. Ауданда атақты дәрігерлер жоқ. Қазіргі кезде көптеген емделушілер, әсіресе жүкті әйелдер қалаға барып қаралып жатқандары жасырын емес.Қазір медициналық қызметкерлер ауданда ең жоғарғы еңбекақы алушылар болып табылады. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан дәрігерлер кадрлардың жетіспеушілігі орын алуда. Қазір ол 5 адамды құрайды.Осы мақсатта біздің студентермен жұмыс жүргізіп, білікті мамандарға жағдай жасап, ауданнан кетуге жол бермеу қажет. Бұл бірнеше жыл бұрың болған жағдай.

Материалдық – техникалық базаны нығайтуды қамтамасыз ету мәселесі нашар шешіліп отыр. Ауданаралық аурухананың медициналық құралдармен жабдықталуы 53% - дан аспайды. Медициналық пункттер мен ФАП – тар ыңғайластырылыған ғимараттарда орналасқан. Аудандағы денсаулық қорғау нысандарының 34 –і күрделі жөндеуді қажет етеді, 8 медициналық мекеме апаттық жағдайдағы ғимаратта орналасқан. Бұл мәселелерді облыстық басқарма деңгейінде және мемлекеттік - жекеменшік іскерлік аясында шешу жолдары қарастырылмайды.

Қатерлі ісікпен науқастану жағдайы бір жарым есеге артып отыр. Олардың салдарынан көз жұму жалпы өлім санының себептерінде үшінші (12,8%) деңгейде тұр.

Медицинада алдын алуға бағытталған шаралар төмен деңгейде, азаматтардың өз денсаулықтарына деген ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру бойынша тұрғындар арасында мақсатты насихаттық жұмыстар жоқтың қасы.

Осы айтылғандардан денсаулық қорғау саласында келесі міндеттер туындайды:

1.Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан – 2015» бағдарламасын жүзеге асыру қамтамасыз етілсін. Денсаулықты нығайтудың бірыңғай ұлттық Концепциясы жүйесіне сәйкес денсаулық қорғау мекемелерінде оңтайландыруды жүргізу жалғастырылсын.

2. Бала мен ананы қорғау мәселесінің алғышарттары бекітілсін, ана және сәби өліміне жол бермеу және алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту шаралары қабылдансын.

3. Тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қанағаттандыру деңгей қамтамасыз етілсін. Амбулаториялық деңгейде медициналық қызмет көрсетудің жаңа әдістері енгізілсін.

4. Скринингтік бағдарламалардың уақтылы және толық орындалуына қол жеткізілсін.

5. Медицинада профилактикалық шараларды ақпараттық – насихаттық жұмысты күшейту арқылы дамытуға назар аударылсын, сонымен бірге азаматтардың өз денсаулықтарына ынтымақтастық жауаптылығы мәселесі қамтылсын.


МӘДЕНИЕТ

Мәдениет саласының дамуы 2011-2015 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес жоспарлы жүргізіліп келеді. Үш жылдың ішінде аталмыш салаға бағытталатын бюджеттік қаражат көлемі 50 % артқан. Бұл мәдениет саласының инфрақұырлымын дамыту, ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа жүйесін құру, мамандар мүмкіндігін жетілдіру бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.

Мәдениет саласының мемлекеттік мекемелер желісі 70 бірлікті құрайды, оның ішінде: 39 клуб мекемелері, 29 кітапхана. Былтырғы жылы 9 клубтар мен мәдениет үйлері жөнделді, оларға сахналық киімдер, музыкалық аспаптар мен аппаратура алынды. Техникалық базаның жаңартылуы шығармашылық ұжымдардың дамуына айрықша көмек. Бүгінгі күні ауданда 17 шығармашылық ұжым бар, оның ішінде 3 ұжымның халықтық атағы бар – олар «Толағай» вокалдық аспаптар ансамблі, «Асыл мұра» этнографиялық клубы, «Іңкәрім-ай» триосы.

Аудан кітапханаларының кітап қоры үш жылдың ішінде 21612 данаға немесе 5,5% көбейді. Соның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар 20921 данаға немесе 5,3% көбейді. Бұл оқырмандар саны мен кітап таралымын ұлғайтуға әсер етті. Мемлекеттік «Даму» бағдарламасының қолдауымен 2 кітапхана базасында тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шағын және орта бизнес өкілдеріне биснес кеңесшілердің қызмет көрсетуне арналған онлайн Орталықтар құрылды.

Осыдан үш жыл бұрын «Толағай сазы» халық аспаптар оркестрі құрылған болатын. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі осы уақыт аралығында мамандарды тарту бойынша нашар жұмыс жүргізгені оркестірдің шығармашылық мүмкіндігін тежейді, дамуына кедергі келтірді, бұл жұмыстағы үлкен кемшілік. Мәдениет үйлері мен клубтарын заманауи әдістемелік менеджментпен қамтамасыз ету мәселесі дұрыс қолға алынбаған.

Дамудың қазіргі кезеңінде ономастикалық саясат және тілдерді дамыту саласында жаңаша көзқарас қажет. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі, былтырғы жылы бірінші рет құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 % жетті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудың онлайн орталығы ашылып, онда 170 адам тіл үйренуде. Онлайн орталықтың алдыңғы қатарлы міндеті мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту. Бұл жерде бастама мен қызығушылық мемлекеттік қызметкерлерің тарапынан тууы керек. Бүгінгі күні түрлі байқаулар мен фестивальдар мемлкеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтудің негізгі басымдығына айналмауы керек. Басты назарды бұл саладағы заңнамаларды сақтауға аударылуы қажет. Сыртқы көрнекі ақпараттарды рәсімдеу мен орналастырудың механизмі жасалмаған. «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңының 21 тармағын бұзатын көрнекі ақпараттардың әлі күнге ілініп тұратыны қынжылтады. Заңнамада бұл тармақты бұзушыға қарсы шара қолдану жодары көрсетілсе де, біздің ауданда ол қолданылмай келеді.

Былтырғы жылы ономастика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осы өзгерістер ескеріле отырып, былтырғы жылы Бастаушы, Көкжайық, Құлынжон, Үлгілімалшы, Миролюбовка, Преображенка, ауылдарында 27 көшенің атауы өзгертілді, сондай – ақ, Казнаковка – Құлынжон, Малоросийка-Жұмба, Московка-Мойылды болып қайта аталды. Ономастика саласындағы жұмыс тарихи атауларды зерттеп, оларды тұрғындар арасында насихаттау және түсіндіру бағытында жүргізілуі керек. Бұл мәселені шешуде ақсақалдардың пікірі, қоғамдық ұйымдардың орыны, жауапты тұлғалардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігі аса маңызды.

Айтылғандарды ескере отырып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алдына келесі міндеттерді қоямын:


  1. Мәдени мұраны сақтап, шығармашылық мүмкіндікті дамытуды қамтамасыз ету.

  2. Тұрғындардың түрлі топтары ақпараттық ресурстар мен мәдениет құндылықтарына баршаға ортақ қол жеткізілуіне жағдай жасау.

  3. Мамандармен сапалық қабілеттерін арттыру бойынша жұмысты күшейту.

  4. Ономастикалық саясат және тілдерді оқыту саласында жұмыстың инновациялық әдістерін енгізу, заңнамалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету.


СПОРТ

Дене шынықтыру мен спортты дамыту біздің елімізде мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген. Ауданда спортпен және дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасау жұмысы мақсатты жүргізіліп келеді. 186 спорттық құрылымдар бар, оның ішінде, 40 спорт залдары, 146 алаңдар, 20 хоккей қорапшалары, олардың 15 жарықтандырылған, ипподром және ұлттық спорт түрлеріне арналған алаңдар бар. Былтырғы жылы Самар ауылында жасанды футбол алаңы бар Спорт модулі қолданысқа берілді. Үш тірек ауылдық елді мекендерде спорт алаңдары және жасанды төсеніші бар шағын футбол алаңдары салынды. Грек-рим күресін жандандыру мақсатында Көкпекті ауылында жас балуандардың тобы ашылды. Қаржыландыру көлемі 18 миллион теңгені құрады. Облыстық және аудандық деңгейдегі 68 жарыстар, турнирлер мен чемпионаттар өткізілді. Жүйелі түрде спортпен жеті мыңнан астам адам айналысады. Бұл жалпы тұрғындар санының 22,4% құрайды.

Алайда, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің нашар ұйымдастырушылық қабілеті облыстық халықтық ойындар спартакиадасындағы төменгі көрсеткіштердің негізгі себебі болды, волейбол, көкпар, футбол сынды біздің ауданда дәстүрлі түрде күшті саналатын спорт түрлері бойынша тиісті орнымыздан айрылып қалуымыздың да себебі ұйымдастырушылық қабілеттің жоқтығы.

Осыдан төрт жыл бұрын менің бастамам бойынша аудан спортын дамытудың жаңа бағыты қолға алынды. Ол өз кезегінде сапалық көрсеткіштердің өсуіне әсер етті. Алайда соңғы жылдары бұл бастамалар жоққа шығарылды. Оған тікелей осы салаға жауапты орынбасар К.Смаилова және қызметінен босатылған дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Ахметқалиев кінәлі. Бөлімге келген жаңа басшының алдына дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен жаттықтырушылар құрамы жұмысының заманауи әдістемелерін енгізу, республикалық және облыстық деңгейде спортшылардың шеберлігі мен көрсеткіштерін көтеру.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басты міндеттерінің бірі ретінде Халықтық спорттық ойындар спартакиадасына дайындықты жоғарғы деңгейде ұйымдастыруды қоямын. Бөлім жұмысының басымдықтары қатарына бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасау, жаттықтырушылардың сапалы жұмысы, талантты балаларды ерте жастан анықтауға бағытталған жұмыс, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізу жатады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жүйесін жетілдіру, спорттық резервті дайындау басты назарда қала бермек. «Дархан» ат спортының клубы биылғы жылы тек қана көкпарға дайындалмай, ат спортының басқа да түрлерінен дайындық жұмыстарын жүргізеді.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Аудандағы саяси-қоғамдық жағдай бірқатар жылдар бойына тұрақты болып келеді. Бұған аудан экономикасының динамикалық дамуы әсер етуде, оның нәтижелері тұрғындарға болашаққа деген сенім ұялатады. Қалыптасқан тұрақтылықты нығайта түсуге азаматтық қоғам институттары, азаматтық ұстаным және тұрғындардың саяси көзқарас қалыптастыруы маңызды орын алады.

Жүйелі илеологиялық жұмыс жақсы жолға қойылған, оның түрлері мен әдістері сан алуан. Болжау және қорытынды институтының жүргізген әлеуметтік зерттеулеу мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттандырылу деңгейі 95,4 % құрайды, осылайша біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша үздік үштікке ендік. Былтырғы жылы ауданда жастармен тәжірибе алмасу, азаматтық қоғам институттары, діни бірлестіктер бойынша үш облыстық семинар болып өтті. Жыл сайын күз айларында өткізілетін дәстүрлі керуен шарасы тұрғындар үшін шынайы халықтық мерекеге айналды. Биылғы жылы керуен «Ауыл жасампаздығы-жарқын істерде» ұранымен өткізілді.

Жерлестеріміздің азаматтық ұстанымы дами түскенінің жарқын дәлелі «Туған жерге тағзым» патриоттық акциясының көрсеткіштері болды. Жалпы сомасы 171,4 миллион теңге болатын 60 жоба жүзеге асырылды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 51,3 миллион теңгеге көп деген сөз. Барлық меценаттар мен демеушілерге алғысымды білдіре отырып, ең маңызды деген жобаларға тоқталып өтпекпін. Болат Бекбердинов Көкжайық ауылын дамытуға бөлген 20 миллион теңге, Ержан Қойгелдин Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ елді мекендерін абаттандыруға бөлген 13 миллион теңге, Самархан Жотабаев демеушілікке бөлген 3 миллион теңге, Айдын Рахымбаев Құлынжон ауылының оқушылары Астана қаласына саяхат жасауы үшін және мектепке 10 ноутбук алу үшін бөлген 3 миллион теңге, Қанат Сыдықов Теректі ауылының әлжуаз топтағы тұрғындарының қосалқы шаруашлық жүргізуі үшін берген ұсақ мал мен 1 миллион теңге.

Бүгінгі күні біздің ардагерлердің жұмысын ерекше атап өтуге болады, олар көптеген істердің алдыңғы шебінде жүруден жалыққан емес. Жасамыс тартқандарына қарамастан олар көптеген істе бастама көтеріп, оларды орындауды бірінші болып қолға алады. Осындай ұстаным жастардың үлгі алар сабақ болып қана қоймай, ардагерлер ұйымының облыстық деңгейде жетістікке жетуінің негізі болды. Сонымен, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің ардагерлер ұйымы ауылдық округ ұйымдарының арасындағы «Ең үздік ардагерлер бастауыш ұйымдары» облыстық байқауында бірінші орынды жеңіп алды.

Жергілікті жазушы ақсақал Р.Арыновтың облыстық «Дидар» және «Ертіс өңірі» газеттерінің бетінде жарық көрген тыл еңбеккерлерінің қажымай қайраты мен қажырлы еңбегі туралы мақаласы оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Аталмыш мақала облыстық байқаудың жүлдегері атанып, арнайы дипломмен марапатталды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Әбеновтың еңбегі мемлекеттік жоғары марапат «Құрмет» орденімен бағаланғаны бекер емес. Таисия Шнайдер, Нұрила Шалова, Қуан Түсіпбеков, Армия Бектасов, Нұрасыл Бекенов, Виталий Лебеденко, Камалбек Кисин сынды ардагерлер қозғалысы белсенділерінің есімі тек қана аудан емес, одан тысқары жерлерде де жақсы танымал. Құрметті ардагерлер! Сіздерге біздің кез-келген бастамамызды қолдап, оларды жүзеге асыруға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін, белсенді азаматтық ұстаным мен біздің Отанымызға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғысымды айтамын!
Жастар саясатын ұйымдастыру үшін «Жастар орталығы» құрылды. 14 ауылдық округте мемлекеттік қызметкерлер – жастар саясаты жөніндегі мамандар жұмыс істейді. Олар барлығы 174 іс-шара өткізген, оның ішінде форумдар, конференциялар, дебаттар мен пікір-таластар, дөңгелек үстелдер, түрлі акциялар бар. Жастардың Самар және Преображенка ауылдарында қазақтың атақты балуаны Дәулет Тұрлыхановпен кездесуі патриттық сезім мерекесіне айналды. Аты аңызға айналған саңлақ спортшымен болған кездесу талай талантты жастың жүрегінде спортқа деген сүйіспеншілік отын жаққаны анық.

Ауданда «Нұр Отан» партиясының филиалы тіркелген, оның 19 бастауыш партия ұйымдары бар. Былтырғы жылы бизнесмендер мен кәсіпкерлердің көрсеткен демеушілік көмектің арқасында филиалдың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаз бен құрал-жабдықтар алынды. Бұл өз кезегінде Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін партияның жоғарғы беделін көрсетеді. Филиалдың, партияның әрбір мүшесінің алдына жаңа саяси доктринаны жүзеге асыру бойынша ауқымды міндеттер қойылған.

10 қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдары жергілкті атқарушы билік органдарымен бірлесе отырып, ауданның өміріне белсене атсалысады.

Ұлтаралық достықты, тұрақтылық пен руханилық мәселелері де назардан тыс қалған емес. ауданда 12 діни бірлестік қызмет етеді, оның 11 мұсылман және 1 проваслав. Жерлестерімізді теріс ағымдағы діни ағымдарға кіріп кетуден қорғау мақстанды түрлі алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Ішкі саясат бөлімінің міндеттері:


  1. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу.

  2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, идеологиялық жұмыстың формаларын жетілдіру.

  3. Азаматтық қоғам институттарымен келелі кеңесті жалғастыру, аудандағы саяси-қоғамдық жағдайға мониторинг жасап отыру.

  4. Беделді секталар мен ағымдардың, теріс бағыттағы діни ағымдардың идеяларының насихатталуына жол бермеу.

  5. Ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту, этномәдени орталықтар құру бағытындағы жұмыстарды жандандыру, «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты достық фестивалін өткізу.

  6. Жастар саясатының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.


ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Ішкі істер бөлімі қылмыспен күрес, азаматтардың қызығушылығы мен заңды құқығын қорғау және заңнамалық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар жүргізілді.

Аудандағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қолданылды, жедел-алдын алу шаралары өткізілді, тиісті қоғамдық қауіпсіздік сақталды.

Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, ауданда қылмыс саны 19,9 % көбейіп отыр. Ауыр қылмыс саны үш есе артқан, аса ауыр қылмыс екі есе, орта дәрежелі қылмыс 9,9%, жеңіл дәрежелі қылмыс саны 23,3 % өскен. Соның ішінде тонау қылмысы бес есе, зорлау және қарақшылық саны екі есе, көшеде жасалған қылмыстар үш есе өскен, мас жағдайда жасалған қылмыс саны бес есе өсіп отыр. Тіркелген қылмыстық істерді ашу денгейі төмендеген. Біздің ауданның әлеуетін ескере отырып, бұл статистикаға жол берілмеу керек деп ойлаймын. Бұл көрсеткіштер жұмысты терең қорытындылауға себепші болуы керек, ал АІІБ басшысына қылмыстық жағдайды жақсарту үшін шаралар қолдану қажет.

Былтырғы жыл бойында әкімшілік полиция бөлімі әкімшілік құқықбұзулар бойынша 2177 хаттама тіркелді. Қарапайым салыстырмалы есеп орташа есеппен әр округте ай сайын 10 хаттама түсетінін көрсетеді. Мүмкін бұл шағын әрі салыстырмалы түрде қылмыстық жағдайды алып қарағанда тұрақты елді мекендер үшін жеткілікті де шығар. Алайда, Көкпекті, Самар, Үлкенбөкен, Преображенка, Құлынжон, Белое сынды ең көп қылмыстар саны тіркелген ауылдарда әкімшілік құқықбұзушылық үшін тіркелген хаттамалар саны әлдеқайда көп болуы керек. Ол нәтижесінде қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылы Палатцы ауылдық округінде (учаскелік полиция инспекторы Т.Қалиев) қылмыс саны бес есе, Теректі ауылдық округінде (учаскелік полиция инспекторы Ж.Разаев) және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінде (учаскелік полиция инспекторы Е.Бахаев) төрт есе, Тассай ауылдық окрігінде (учаскелік полиция инспекторы С.Ахметқалиев) үш есе, Құлынжон ауылдық округінде (учаскелік полиция инспекторы Р.Садықов) екі есе артқан.

Әлі күнге Самар ауылында қылмыстық жағдай қиын, онда 70 қылмыс жасалған, басым бөлігі біреудің жеке меншігін ұрлау болып табылады. (учаскелік полиция инспекторы О.Ахметжанов).

2013 жылы Самар полиция бөлімінде 120 қылмыстық іс тіркелген. Олардың төрттен бір бөлігі ашылмай қалды, ал бұл өз кезегінде аудандық рейтингтік көрсеткіштерге кері әсер етті.

2013 жылы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның 9 отырысы өткізіліп, онда ішкі істер бөлімінің түрлі бағыттар бойынша жұмысты нашар жүргізіп отырғандығы айтылған, алайда түбегейлі шара қолданылусыз қала берген.

Табиғат қорғау бағытындағы заңдылықтың сақталуы алаңдатушылық тудырады. Ауданда «Самар орман шаруашылығы» КММ және Үлкенбөкен орман шаруашылығының «Таудала» филиалы жұмыс істейді. Бір жылдың ішінде олар табиғат қорғау заңанамаларының бұзылуы туралы 30 хаттамалар толтырылған, жалпы сомасы 213 мың теңге әкімшілік айып салынған, келтірілген зиян мөлшері 63 мың теңгені құрады. Бұл сандар орманшылардың нашар жұмысының анық көрсеткіші. Шын мәнінде, орманды заңсыз кесу мөлшері әлдеқалай көп екені белгілі. Алайда, ол біздің орманшылардың назарынан тыс қалуда. Бұл мәселені менің қабылдауымда тұрғындар сан мәрте көтерген болатын. Бірақ, орман шаруашылығы, салық басқармасы, құқыққорғау органдарының бірі де бұл мәселемен шындап айналысқан жоқ.

Балық өнімдерін шығару және пайдалану мәселесінде қиындықтар жетерлік. Былтырғы жылдың соңында өткен облыстық прокуратура отырысында табиғат қорғау полициясы мен балық инспекциясы қатал сынға ұшырады. Облыс прокуроры аталмыш құрылым қызметінің жүйелі қаскөйлікке итермелейтін кері фактілерін ашып айтты. Ауданда табиғат қорғау полициясы, Тассай балық инспекциясы және Бұқтырма инспекциясы жұмыс істейді. Олардың қызметкерлері Зайсан көлінің солтүстік-батыс бөлігін (жыл бойы балық аулауға рұхсат берілмеген аймақ), Ескі Қарақас пен Василий Өткелінің аралығын алып жатқан 200 шақырымнан астам аумақта орналасқан 8 балық аулау аумақтары бар Ертіс өзенін, Қайынды қарағайлы орманында қызмет етеді. Облыстық прокуратура отырысында айтылған мәліметтер бойынша, Зайсан көлінде соңғы жылдары көксеркенің саны екі есе, табан балықтың саны төрт есе азайған. Дәл осындай жағдай Бұхтырма су қоймасында да орын алып отыр. Зайсан көлі мен Ертіс өзенінде балық аулау және оны сыртқа шығару бақылаусыз жүргізіліп жатыр. Жыл бойы аулауға қатаң рұхсат етілмеген аумақтарда балық ұсталады, уылдырық шашу кезеңінде де жұмыс тоқтамайды, барлық жерде қытайдың аулары қолданылады.

Алайда, балық ресурстарын қорғау басты міндеті болса да, балық инспекциясы мен табиғат қорғау полициясы бұл бағытта өте нашар жұмыс істейді. Бір жыл бойына олар 211әкімшілік материал тіркеген, жалпы сомасы 711 теңге. Айға шаққанда әрбір қызметкерге орташа есеппен сомасы 14 820 теңге болатын 4 материалдан келеді.

Аталған жағдайларды ескере отырып, аудандық ішкі істер бөлімінің алдына келесі міндеттерді қоямын:


  1. Азаматтардың конститутциялық құқықтары мен бостандығын қорғау және заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету. Қылмыстық жағдайды тұрақтандыру үшін түбегейлі шаралар қабылдау.

  2. Қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл аудару, азаматтық қоғам субьектілерін осы жұмысқа жұмылдыру.

  3. Мамандармен жұмысты жетілдіру, тәртіпті заңдылықты күшейту, жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыру.

  4. Есірткі бизнесімен, басқа біреудің жеке меншігін ұрлаумен күресті күшейту, сондай-ақ, терроризм мен экстремизмнің пайда болуын және заңсыз көші-қоңнын алдын алу.

  5. Ішкі істер бөлімінің бұқаралық ақпарат құралдармен байланысын жақсарту, полицияның жағымды имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыру.

  6. Табиғат қорғау полициясының жұмысын жандандыру, қаскөйлікпен қатал күрес жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет