Робот тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы. Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген



бет6/7
Дата12.11.2023
өлшемі0.59 Mb.
#483054
1   2   3   4   5   6   7
топтарға тест мәтін

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Отан неден басталады, көрсетіңіз.
А) оттан
В) Қазақстаннан
С) елден
Д) анадан
Е) отбасынан
2. Қазақ халқының атамекені қай елдермен шектеседі, анықтаңыз.
А) Әзірбайжан, Ресей, Литва, Иран, Ауғанстан
B) Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
С) Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан.
D) Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан.
Е) Қытай, Ресей, Ирак, Ауғанстан.
3. «Ереуіл атқа ер салмай» кімнің шығармасы, анықтаңыз.
А) Мағжан Жұмабаев
В) Махамбет Өтемісұлы 
С) Ахмет Байтұрсынұлы
Д) Міржақып Дулатов
Е) Жүсіпбек Аймауытов
4. « Дербес» деген сөздің аудармасын көрсетіңіз.
А) самостоятельный, развитый
В) развитое, суверенное
С) независимый, национальный
Д) самостоятельный, суверенный
Е) независимое, многонациональное
5. Мәтінге лайық мақалды көрсетіңіз.
А) Ел болам десең, бесігіңді түзе.
В) Отан – елдің анасы. Ел – ердің анасы.
С) Отанды сүю – от басынан басталады
Д) Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Е) Жаңбыр жаумаса – жер жетім. Басшы болмаса  ел жетім. 











5-топқа мәтін

Байқоңыр – ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан дан астам ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында Төретам стансиясынан 18-20 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шарашы шақырым жерді алып жатыр. Ғарыш алаңы, космодром – ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқанжер. Ғарыш алаңының басты нысандары: техникалық позиция, старттық және командалық өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады.


Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болащақ ғарышкерлерқаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарынын болуы, т.б. факторлар ескеріледі.
Байқоңыр айлағын алғаш құруды ұсынып, басқарған А.И. Нестеренко болатын. Сонымен қатар ғарышкерлер айлағының алғашқы объектілері мен қаланың құрылысы Георгий Максимович Шубниковтің де есімімен тығыз байланысты. Ол полигон құрылысына 1955 жылы сәуірдің 10-да келді. Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді, сол жылы Р-7 зымыранының бірінші рет эксперементальды ұшырылуы болды. Мақсаты: старт техникасын тексеру және 1-ші мен 2-ші сатыларының бөлінуі болды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин « Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар старттық орнына айналды.
1991 жылы 2 қазанда қазақ ғарышкерлігінде жаңа парақ ашылды. Сынақшы- ұшқыш Тоқтар Әубәкіров алғаш қазақ елінен ғарышқа жол тартты. Бұл күн тарихта Қазақстан ғарышкерлік күні болып табылады. Тоқтар Әубәкіровтен кейін ел мақтанышына айналған Талғат Мұсабаев болды.
( 245 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет