Әлем халықтарының арасында қазақтар нешінші орында екенін көрсетіңіз.
А/ 130-шы
В/ 3000-шы
С/ 300-шы
Д/ 70- ші
Е/ 100-ші
Қазақ жерін мекендеген этнос жастарынын мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
А/ барлық ем түрлерін қабылдауға
В/ жоғары оқу орнына түсуге
С/ жұмыс таңдауға
Д/ демографияны өзгертуге
Е/ құжаттарды рәсімдеуге
3-топқа мәтін
Арал тенізі - Қазакстаның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын (сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң) терісі игерілген.
Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғаны қашан?! Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңірі экологиялық апатқа ұшырады. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.тонн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халыктарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу, Аралды қалпына келтіру, аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Достарыңызбен бөлісу: |