Робот тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы. Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген



бет5/7
Дата12.11.2023
өлшемі0.59 Mb.
#483054
1   2   3   4   5   6   7
топтарға тест мәтін

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:
1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А) Арал теңізінің байлығы
В) Арал теңізі туралы
С) Арал апатына себеп болған факторлар
Д) Арал теңізінің тағдыры
Е) Арал теңізінің болашағы
2. Мәтіннің толық негізгі ойын беретін сөйлемді анықтаңыз.
А) Арал тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлады.
В) Аралды қалпына келтіру, аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
С) Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Д) Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Е) Әмудария мен Сырдария екі өзен бойындағы шаруашылық жұмыстары.
3. Мәтінге сәйкес мақалды таңда
А) Ел іші - алтын бесік.
В) Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті. 
С) Ерінен айрылған көмгенше жылайды, 
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Д) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
Е) Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
4. Арал апатына себеп болған ең басты фактісі:
А) Суды үнемді пайдаланбау
В) Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау
С) Басқа да салаларды барынша дамыту
Д) Су желілерінің қалпынан шығуы
Е) Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср.
5. Аралдың қазіргі жағдайы...
А) нашар
В) жайлы
С) апатты
Д) жеткілікті
Е) қалпына келтірілуде











4-топқа мәтін


«Отан – от басынан басталады»,- дейді қазақ. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақ халқының атамекені - көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі - Сібірге және Алтай тауларына, күнгейі Қырғызтан, Өзбекстан, Түркіменстан, республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады.
Осындай жері үшін күрес, байлық үшін күрес қазақ халқын « мың өліп, мың тірілген» күйге әкелді, бірақ ешкімге мойынсұнған жоқ, тәуелсіздігі үшін, азаттығы үшін «ереуіл атқа ер салды».
Қазақ халқының басынан «ақтабан шұбырынды» заманы да өтті. Бұл заманның куәгері- Бұқар жырау, Абылай хан.
Абылай- халық арманын, халық мүддесін жүзеге асырған асқақ тұлға.
Қазақ халқы - патшалық Ресейдің отаршалдығына ең көп қарсыласқан, отарлық бұғауына бас имеген күрескер қауымдардың бірі. Осы наразылықтар қазақ тарихында көптеген батырлардың атын қалдырды: Сырым, Кенесары, Наурызбай, Қабанбай, Исатай, Амангелді, т.б.
М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов сынды зиялылар патша ісіне наразы бола отырап, өз өмірлерін сарп етті. Зиялы қауымынан, ақыл-ойынан айырылған халықты ұлтсыздандыру оңай деп ойлады. Бірақ осы қасіретті бастан кеше отырып, ұлттық намысынан, абыройынан, жігер-күшінен айырылған жоқ. 1986 жыл оқиғасы- осының дәлелі. Бұл тәуелсіздікке деген ел сенімін үдетті.
Сонымен 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуілсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президентін сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті. 1995 жалы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Дербес, тәуілсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Дүниежүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды. Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Көптеген мемлекеттерде Қазақстанның елшілігі бар. Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық ұымдарға мүше болды. Соның ішіндегі ең беделдісі- Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет