«Қорытынды» бөлімде зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен ұсыныстар мазмұндалды. Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қоғамдық-саяси үдерістер Ташкент қаласымен тығыз байланыста өрбіді. Қалалық өзін-өзі басқару құрылымдарының қалыптасуы өлкедегі қоғамдық-саяси өмірде модернизациялаудың өзегі болды.
Ташкент қаласының Түркістан генерал-губернаторлығының саяси-әкімшілік орталығы болуы оның қазақ тарихындағы орнын айқындайды. Өлкенің құрамына саяси-әкімшілік бірлік болып енген Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қоғамдық-саяси үдерістер Ташкент қаласымен тығыз байланыста өрбіді. Ташкент қалалық өзін-өзі басқару құрылымдарының қалыптасуы өлкедегі қоғамдық-саяси өмірде модернизациялаудың өзегі болды. Сондықтан да тарихи танымда қалалық өзін-өзі басқару жүйесіне өлкедегі қазіргі заманғы билік институттары қалыптасуына негіз қалаған ықпал етуші фактор ретінде жете мән берілуі керек.
Ташкент қаласының халқымыздың саяси және мәдени-рухани тарихындағы алар маңызы ерекше. Патша билігі мен кеңес өкіметінің түсында қазақ жерінің едәуір бөлігін біріктірген әкімшілік, мемлекеттік бірліктің орталығы болған қала Ресейдің шет аймақтарындағы аса ірі қаржы-өнеркәсіптік орталық болып қалыптасқанға дейін-ақ өңірде үлкен маңызға ие болған еді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында тұңғыш ұлттық оқу орындарының қалыптасуы да тікелей Ташкент қаласымен байланыстырылады.
Қорыта айтқанда, отарлық биліктің қоғады жаңалау үдерісі қарама-қайшылықты сипатына қарамастан өлкеде ұлт зиялыларын қалыптастырушы негізгі факторлардың біріне айналды. Билік құрылымдарының халықағарту саясаты білім беруде шектеулі ғана мақсаттарды көздегенімен қоғамдық дамудың заңдылықтарына сай жергілікті ұлттың алдыңғы қатарлы өкілдері қазіргі заманғы зиялылақтың өлшемдерін шұғыл игере бастады. Отарлық биліктің шовинистік саясатымен бетпе-бет келіп, онымен қоян-қолтық араласа жүріп жергілікті ұлттың зиялылары қалыптасып келе жатты.
Ташкент қаласы ХХ ғ. бас кезінде отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің түйінді буынына айналды. Әлемдік ұлт-азаттық қозғлыстың аймақтық құбылысы ретінде Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыс әлеуметтік әртектілігімен, саяси ала-құлалығымен ерекшеленді. Оның үстіне өлке халқының полиэтникалық құрамы да бұл қозғалысқа өзіндік ерекшеліктер берді. Осындай күрделі саяси-рухани үдеріс практикасы жекелеген ұлт тұлғаларының белсенді саяси қызметі арқылы қоғамдық өмірде атқратын рөлі арта түскен зиялылар тобының қалыптасуына шешуші ықпал жасады. Түркістандағы қазақ саяси элитасының бастамашылығымен құрылып, жұмыс жасаған «Кеңес» астыртын үйірмесінің қызметі ұлт зиялыларының саяси күрестегі алғашқы тәжірбиесі болды. Қысқа мерзім ғана жұмыс істеп, қызмет ауқымын кең өрістете алмағанымен олардың әрекеті ізсіз кеткен жоқ. Оның басшылары 1917 ж. «Шурои Исламия» және Алаш партияларының ұйымдық тұрғыда қалыптасуына ықпал жасап, оның саяси күрес қызметінің түрлерін осы жылы мамырдан бастап жарық көре бастаған «Бірлік туы» газеті арқылы одан әрі жалғастырылды.
Ташкент қаласы оңтүстік Қазақстандағы саяси қозғалыстың үлкен орталығына айналды. Өлкелік билік институттарының тоғысқан жері ретінде қалада шоғырланған қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар отарлық және кеңестік билік жағдайында ұлттық мүдделерді қорғау және іске асыру жолында саяси күреске шыға отырып, халықтың саяси еркін білдірді. Осы ұйымдар мен қозғалыстарға тартылған қазақ ұлтының көрнекті тұлғалары қоғамдық сана мен саяси ойдың алдыңғы сапына шығып, ұлт зиялыларының қалыптасу үдерісінің бағыттарын айқындап, мазмұнын байыта түсті. Бұл жағдай, әсіресе, кеңестік биліктің қоғамды модернизациялау шаралары барысында барынша өткір сипат алды.
Ташкент қаласында «Түркістан уалаятының газеті» атты алғашқы қазақ мерзімді баспасөзінің жарық көруі өлкедегі қазақ облыстарының қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өміріндегі модернизациялық үрдістің бастауы болса, кейінгі жылдары бұл үрдіс «Алаш», «Бірлік туы», «Ақ жол» газеттерімен «Сана», «Шолпан», «Жас қайрат» сияқты журналдардың жарық көруі арқылы одан әрі жалғасын тауып, қазақ қоғамында ықпалды рөл атқара бастады. Осы баспасөз органдарының төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары ғылым мен білімді дамытуды ұлттың алдында тұрған басты міндет деп бағалап, зәру мәселелерді билік органдарының алдына батыл қойып, оны шешудің ұйымдық және мазмұндық шараларын ұсынып отырды.
Өлкеде халық ағарту жүйесін жаңалауда отарлық билік ұсынған европалық жүйеге ұлттық мазмұн беріп, білім беруге ұлттық құндылықтарды енгізіп, орнықтыруда ұлт зиялылары Ресейдің орталығынан келген ғылыми қоғамдардың қызметіне тартыла жүріп, халық ағарту комиссариатаның жанындағы Мемлекеттік ғылыми кеңестің қолдауымен «Талап» қоғамын құрып, оның бүкіл қызметін қазақ қоғамының мәдени-ағарту жұмыстарын жаңа сапаға көтеруге жұмылдырды. Барлық күш жігерін осы іске жұмылдырған ұлт зиялылары тарихи қысқа мерзімде кеңестік биліктің реформаларына сай қазіргі заманғы білім беру жүйесінің негізін қалыптастыра алды. Сонымен бірге ұлт зиялыларының бастамашылығымен Ташкент қаласында қазақ облыстарының әлеуметтік дамуына тың серпін берген ғылыми және мәдени мекемелер қалыптасты. Бұл мекемелер біртұтас қазақ мемлекеттігі орнаған кезде ұлттық дамудың ортақ арнасына қосылды.
Қорыта айтқанда, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Түркістан Республикасының орталығы Ташкент қаласында ашылып, жұмыс істеген халық ағарту және мәдениет мекемелерінің сан-салалы қызметі еліміздің ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына негіз қалады. Сол сияқты кеңестік модернизация барысында бұрынғы орыс ғылыми қоғамдарының негізінде қалыптасқан түрлі ғылыми мекемелердің қызметіне тартылған ұлт зиялылары отандық ғылым салаларының іргетасын қалады деп айта аламыз. Ташкентте жарық көрген мерзімдік басылымдар да ұлттық мазмұндағы қоғамдық сана мен саяси ойдың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Түркістанның орталығында іске асырылған қоғамдық-саяси жаңарту шаралары өзінің ауқымдылығымен және өзектілігімен кең мазмұн алып, болашаққа қадам басқан қазақ халқының алдыңғы қатарлы әлеуметтік тобы – ұлт зиялыларының қалыптасуына өлшеусіз ықпал жасады. Осы тарихи қызметі арқылы Ташкент қаласы қазақ халқының тарихынан лайықты орын алады деп бағалаймыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра -1999. –296 б.
2 Добромыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. –Ташкент: 1912. -225 с.
3 Додонов И.К. Восстание 1916 года в Узбекистане // Национально-освободительное восстание 1916 года в Узбекистане. - Ташкент: 1947; Житов К.Е. Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Узбекистане. -Ташкент, Гос.издат УзССР. Тип.№3 Узбекполиграфиздата.- 1949. -72 с.; Житов К.Е., Непомнин В.Я. От колониального рабства к социализму. - Ташкент: (К 15-летие образование УзССР). Узпартиздат. 1939. -124 С.; Пулатов Г.П., Рашидов Г. Ташкент в первые годы советской власти (ноябрь 1917 – 1920 гг.). - Ташкент: «Узбекистан», 1972. -190 с. и др.
4 Вахабов М.Г. Ташкент в период трех революции. – Ташкент: Госиздат УзССР, 1957. -284 с.
5 Шомухамедов Ш.М., Дан З.П. Ташкентский университет-основоположник науки Средней Азии. - Ташкент: 1980. – 330 с.
6 Шамсиева И.М. Роль Ташкентского государственного унисверситета в истории высшего образования Средней Азии (1920-1960 годы): Автореф... канд. ист. наук.-07.00.02. -Ташкент, 1999. - 27 С.
7 Алимова Д.А. История как история, история как наука. - Т. 1. История и историческое сознание. –Ташкент: ИПТД «Узбекистан». -277 с.
8 Шарапова М.Ф. Тошкентнинг ХІХ асрнинг икинчи ярми ХХ аср бошларидаги ижтимои-сиесий ахволи: Тарих фан. номзоди... автореф. 070002. – Ташкент: 2005. -26 с.
9 Асылбеков М. Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970 гг.) – Алма-Ата: 1973. – 327 с.; Түрксібте тағдыры түйіскен арыстар // Қазақ тарихы. –2001. -№2. -44-49 бб. және т.б.
10 Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 260 с.
11 Нұрпейісов К.Н., Григорьев В.К. Турар Рыскулов и его время. // Рыскулов Т. Собр. соч. в 3-х т.– Алматы: Казахстан, 1997 - Том 1.. –С. 9-48.
12 Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ – ХХ ғғ.). Зерттеулер. –Алматы: Жалын, 2004. - 400 б.
13 Мажитов С.Ф. Национально освободительная война, 1916 г. // Исторический опыт защиты отечества. – Алматы. 1999. – С.139-162; Проблемы истории историографий народно-освоботельного движения ХVІІІ-ХХ в.в. в Казахстане. -Алматы: Мектеп. -2007. - С. 350.
14 Исмаилов А.И. Из истории южных областей Казахстана. – Шымкент: 2006. - 240 с.
15 Еңсепов Б.Б. Қазақстанның қоғамдық-мәдени өміріндегі Орта Азия мемлекеттік университетінің рөлі (1918-1930 ж.ж.): тарих ғыл. канд... дис. авторефераты. - Семей: 2010. - 24 б.
16 Туркестанские ведомости, 1899, 26 август.
17 Туркестанские ведомости, 1885, 22 октябрь.
18 Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образавания в Туркестане (1865-1917 годы). - М.: Издательства Академии педогических наук РСФСР. 1960. - 602 с.
19 ӨРОМА. 372 - қ., 1-тіз., 20-іс, 1-2 – пп.
20 Садвокасов С.С. О значении ВУЗ-а для Казахстана // Год работы Казахского высшего педагогического института. - Ташкент: Типолитография № 2 Казгиза. 1928. - С. 21-32
21 ӨРОМА. 372- қ., 1-тіз., 29- іс.
22 ӨРОМА. 34- қ., 1-тіз., 16-20 іс.
23 Халк дорилфунуни.- 1918, 11 июля.
24 ӨРОМА. 1630 - қ., 1- тіз., 8-іс, 6 - п.
25 Жүргенов Т.К. Итоги и перспективы организации ВУЗ-а в КССР // Год работы Казахского высшего педагогического института. - Ташкент: Типолитография № 2 - Казгиза. 1928. – С. 3 – 19.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарындағы мақалалар:
1. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Ташкенттегі білім ошақтарының қалыптасу тарихы // Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰУ. -22-23 қараша 2007 ж. – 121-123-бб.
2. Ташкент қаласындағы тұңғыш қазақ педагогикалық оқу орындары // Ізденіс. – 2008. - №1. – 166-170-бб.
3. Ташкент ұлттық басшы кадрлар дайындау орталығы. Қазақстан бірлік пен әр аудандық жолында // Қазақ гуманитарлық заң университеті Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция . – Астана: 2009ж. – 217-222-бб.
4. ХХ ғасыр басындағы Түркістан өңіріндегі Кеңес үйірмесі туралы // ҚазҰУ Хабаршысы, 2009. - №3- 99-103-бб.
5. Түркістандағы саяси күрес және «ғұламалар» қоғамы // «Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның мәселелері» атты ІІ Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның еңбектері. – Шымкент: Сапарбаев атындағы ОҚГИ. 2009. - 286-290-бб.
6. «Ақ жол» газетінің ұлттық интелегенцияны қалыптастырудағы ролі // Қазақ тарихы. – 2009. - № 6.- 24-26-бб.
РЕЗЮМЕ
РСЫМБЕТОВА ЛАЗЗАТ АМАНГЕЛЬДИЕВНА
«Роль города Ташкента в формировании
казахской интелигенции (в конце XIX - первой четверти XX веков)»
диссретации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история (история Республики Казахстан)
Актуальность темы исследования. В диссертации рассматриваются на документальной основе роль города Ташкснта в формировании казахской интеллигенции и значимость города в общественно-политической, культурно-духовной жизни казахского общества.
Цель исследования. Выявление и уточнение роли города Ташкента как политически-административного центра советского Туркестанского автономного округа в становлении и формировании интеллигенции казахского общества, оценить влияние на развитие общественно-политического строя страны.
Соответственно данной цели поставлены следующие определённые задачи:
-анализ с документальной точки зрения формирования города Ташкента как политически-административного центра казахских областей;
-
анализ деятельности и формирования самоуправленческих структур города Ташкента как фактор формирования национальной интеллигенции;
-определение влияния городской национальной интеллигенции на общественно-политическое развитие казахского общества;
- раскрыть роль города Ташкента в подготовке и привлечении национальной интеллигенции в деятельность структуры советской власти и колонизации округа;
-уточнить мотивы вмешательства национальной интеллигенции в Туркестанском национально-освободительном движении в конце XIX - первой четверти XX веков;
-детальный анализ влияния на казахское общество ташкентской национальной науки как центра образования и культуры;
- дать историческую оценку влияния Ташкента как одного из центров,
формирующих казахскую интеллигенцию.
Научная новизна исследования.
-история общественно-политического, культурно-духовной деятельности казахской интеллигенции, сформированного и действовавшего в городе Ташкенте.
- конкретизируются роль и деятельность казахской интеллигенции в городе Ташкенте, изучаются разносторонние действия национальной интеллигенции и политических деятелей города Ташкента;
-проводится сопоставительный анализ работы в руководстве и активного участия в общественно - политических организациях национальной интеллигенции многонационального Туркестанского округа;
-
даётся оценка в новых взглядах влиянию учреждений образования, науки и культуры города Ташкента на социально-культурное развитие казахского обшества;
-
сделаи шаг на современной методико-теоретической основе в изучении истории отечества, где история города Ташкента является её неотъемлимой частью.
Положение, выносимые на защиту:
-город Ташкент играет особо важную историческую роль в развитии казахского общества как политически-административный центр казахских областей Туркестанского окрута;
-
деятельность организации «Кенес», организованной казахской интеллигенцией в городе Ташкенте, открывает путь формированию в политической борьбе идеи за независимость;
-
казахская интеллигенция борется за национальные интересы народа через активное участие в работе политических организаций, несущих всетуркестанский характер, как «Шурои Исламия», «Шурои-Улема», «Иттифок-и муслимун»;
-
представители национальной элиты, служившие в высших эшелонах советской власти, не ограничивались только национальными интересами, главным и основным направлением выявляют для себя единство и дружбу этносов, населявших Туркестан;
-
идеи и общественный опыт, касающиеся развития отраслей образования, науки и культуры, возникших в городе Ташкенте, распространялись в сфере казахской государственности и находили своё дальнейшее применение.
Структура диссертации. Диссертационная работа состоит из вводной части, трёх глав, заключительной части и списка использованной литературы.
Rsymbetova Lazzat
”The role of Tashkent city in formation Kazak intellectuals (at the end of XIX and the first quarter of XX-th centuries) “
Summary
Candidate s thesis of academic science degree on specialty in historical sciences. 07.00.02 - National History (History of Republik of Kazakhstan)
The actuality of theme research. Тhe role of Tashkent city in formation Kazakh intellectuals and significance of city in social- political, cultural and spiritual life of Kazakh society in the first quarter of XX-th century is concrete considered in this dissertation.
The purpose of research work. Discovery and verification the role of Tashkent city as a political and administrative centre of Soviet Turkistan autonomous district in marking and formation the intellectuals of Kazakh society and appreciate influence to development of social political country’s system.
Accordingly given aim is put following definitely tasks:
-analysis with documental point of formation Tashkent city as political administrative centre of Kazakh oblats;
-analysis of activity and formation the self-government structures of Tashkent city as a factor of formation national intellectuals;
-definition the influence the city’s intellectuals on social political development of Kazakh society;
- to open the role of Tashkent city in preparation and attraction national intellectuals in activity of structure of Soviet power and colonization of district;
- to fin out the reasons of interference national intellectuals in Turkestan national –liberation movement at the end of XIX and the first quarter of XX centuries;
-detail analysis the influence of Tashkent’s national science as a centre of education and culture to Kazakh society;
-to give the historical values of influence Tashkent as a centre of formation the Kazakh intellectuals;
Scientific novelty of the research.
-first of all in personal foreshortening the role of Tashkent city as political -administrative and cultural centre in the South region of Kazakhstan are considerate and investigated;
- identity and common understanding in political movement of national –liberation movement in the South Kazakhstan Turkestan district are analyzed;
-role and activity of Kazakh intellectuals in Tashkent are concretized, versatile activity of Kazakh intellectuals and political figures of Tashkent city are learned;
- influence Tashkent’s establishments of education, science and culture to social and cultural development of Kazakh society is given valuation in new views;
-on modern methodical and theoretical basis, the history of Tashkent with its integral part in teaching the native land history is made the steps.
Regulations for tne defense:
-as political administrative centre of Kazakhs oblasts of Turkestan district Tashkent plays important role in development of Kazakh society;
-the activity of “Kenes” was formed by Kazakh intellectuals in Tashkent open the way to formation ideas for independence in political struggle;
-Kazakh intellectuals struggle for national interests of people through active participation in political organization work, which vital importance all Turkestan character as “Shuroi Islamiya”,”Shuroi Ulema”, “Ittifok- and Muslimun”;
-representatives of national elite, serviced in higher level of Soviet power, was not only limited on national interest, the main and basic direction are revealed for it’s the unity and friendship of ethnos which inhabitant Turkestan;
Ideas and social experience concerning the development the branches of education, science and culture were springing up in Tashkent and spreading in the sphere of Kazakh government and find its further using.
Passing and investigation through the critic: the main results and conclusions of dissertation were published in 6 scientifically publishing lists which established by the Committee on Control the Education and Science MES RK, in 3 international publishing, in collection of republic’s scientific practical conferences.
The structure of the dissertation: Dissertation work consist of: introduction part, three chapters, final part and bibliography (the list of literature) .
Рсымбетова Лаззат Амангельдиевна
Ташкент қаласының ХІХғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
07.00.02 – Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
Дайындалған диссертациясының
авторефераты
02.09.2010ж. басуға қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.
«SvetoCopy» қағазы. Көлемі 1,5 п.л. Таралымы 100 дана.
Тапсырыс № 28.
«Тарих тағылымы» баспасы
050008, Алматы, қаласы, Жамбыл көшесі, 175 үй
Байланыс тел.: +7 (727) 277 53 49
Достарыңызбен бөлісу: |