Рsm-5 Таңдаған спорт түріндегі спорттық шеберлікті арттыру


Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрету



бет4/6
Дата27.06.2022
өлшемі305.5 Kb.
#459504
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
РSM-5 Таңдаған спорт түріндегі спорттық шеберлікті арттыру

4.Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрету.

5.Секіру техникасы негіздері.

6.Жеңіл атлетика негізгі қимылды жаттығулардың негізгі түрлері.

7.Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі




Практикалық сабақтардың тақырыптар тізімі:
1.Қысқа қашықтыққа жүгіру техникаларының негіздері (100м,200м,эстафета4*100м) Қысқа қашықтыққа жүгіру барлық жеңіл атлетика пәндерінің ішіндегі ойын-сауық жағынан ең керемет болып саналады. Бұл жоғары дамыған төзімділікті, сондай-ақ қысқа мерзімдерде жоғары жылдамдықты дамытуды қажет етеді. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің қозғалыстарыңыздың үйлестіруін басқара білуіңіз керек.
2.Дистанцияның басқы техникасын үйрету.
Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты - адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқ жиілігінің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді, адым жиілігі шаршаған сайын төмендей береді.
3.Тіке жүгіру техникасын үйрету.
Тіке қашықтыққа жүгіруге оқыту жүгіруді көрсетуден басталады, кейін техниканың кейбір элементтерін дұрыс орындау үшін жағдайлар жасалады.Жеңіл атлетиканың бұл түрін оқытудың негізгі әдісі –түрлі қашықтық бөліктерінде жылдамдықпен орындалатын көп жүгіру болады, ол алдымен жай қарқында, ал жүгіру дағдыларын меңгеруге қарай неғұрлым жоғары жылдамдықпен орындалады.
4.Найзаны екпінмен және бұрыштап лақтыру техникасына үйрету. Екпінмен найза лақтыруды үйрету.
Екпінмен жүгірген кезде найза иық үстінде болады. Екпінмен жүгіруді екі бөлікке бөлуге болады: алғашқы сөреден бақылау белгісіне дейін (14-20 м), ақырғы бақылау белгісіне дейін (7-9 м). Алғашқы бөлікке екпін серіппелі алға - артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. сол қол жай жүгіріс кезіндегі қозғалысын жасайды, найза бар қол иық үстінде алға-артқа ырғақ жасайды.
5.Орта қашықтыққа жүгіру техникаларының негіздері. 800м,1500м-ге жүгірудің техникаларын үйрету. Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.
6.800м,1500м-ге жүгірудің техникаларын үйрету. Арнайы жүгірушілердің жаттығуы Ойын техникасын мен тактикасын жетілдіру. Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.
7.Бұрылыста жүгірудің үйретудің техникалық негіздері.
Бұрылыс бойынша жүгіру техникасына оқыту үшін стадионның (манеж) жүгіру жолының бұрылысы бойынша жүгіру, сондай-ақ бұрылыстың ішкі жағымен тіке жүгіру және кейін тіке жүгіріске шығумен бұрылыс бойынша жүгіру қолданылады. Вираж бойынша жүгіруге оқыту процесінде дененің бұрылыс жағына еңкеюін және бұрылыстан алыс қолдың кеңінен көбірік жұмыс жасауын қадағалау керек. Кеуденің шеңбер ішінде еңкеюі бұрылыстың құлдилығына және жүгіру жылдамдығына байланысты.
8.Жоғарғы старттан жүгіру техникасын жетілдіру. Физикалық сапалардың дамуы. Мұғалім қол жұмысына, белсенді итерілуге, еңкеюді сақтауға және қашықтық бойынша жүгіруге ауыса отырып дененің уақытында тіктелуіне назар аударады.Жоғары сөрені орындау техникасын меңгеруге қарай сөрелік қашықтықтар ұзын болады, ал олардың жүгіріп өту жылдамдығы ұзарады.
9.Ұзындыққа секіру техникаларының негіздері. Ұзындыққа аяқты бүгіп секіру. Секірушілердің ұзындыққа секіру жаттығуларын үйрету. Бұл әдіс өте қарапайым және қолдануға қолайлы, өйткені ол алғашқы сәттен – ақ қолданылады. Жаңадан секірушілер алдын ала көрсетпей – ақ, ұзындыққа секіруде осы тәсілді қолданады. Адымдау жағдайында итерілгенен кейін артқа қалдырылған аяқты алға қарай тартып, екі аяқты да кеудеге жақындатуы керек. Денені бұл жағдайда алға қарай июдің қажеті жоқ. Жерге түсер алдында шамамен 0,5 м. дейін аяқтар түгелдей тік қалыпқа көшіріледі. Қол басталған қозғалысты жалғастыра отырып, алға – артқа қарай түсіріледі. Осы қозғалыс жерге түсер алдында тізені дұрыстауға және тұрақтылықта сақтауға мүмкіндік береді. Секірудің елеулі кемшілігі, ұшқаннан кейін алға қарай айналу сәтін ұлғайту болып табылады.
10.Біркелкі және өзгергіш жылдамдықтың, жүгірудің техникасын үйрету. Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азаяды. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бірқалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бірқалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге және тыныс алуға аударған жөн.
11.Арнайы даму шыдамдылығы.
Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы мүмкіндіктерінің, барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар
12.Итеру мен ұшуды уйрету.
Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады. Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әртүрлі өзгереді.

13.Итерудің соңғы 4 адымын үйрету.


Итеру- бұл бұлшық еттің таза нәтижесі емес, бұлшық ет пен тірекке түсетін инерция күшінің өзара әрекеті. Тірек неғұрлым қатты болса, итеру көлемі соғұрлым үлкен болады. Мысалы, екі тірек алайық: жүгіретін жол және тегіс жол. Жүгіретін жол тегіс жолға қарағанда қатты, демек, жүгіретін жолдағы тірек реакциясының күші көбірек болады.
14.Қонудың техникасын үйрету.
Көптеген секірушілер жерге дұрыс түспеу салдарынан ӛздерінің тиісті нәтижелеріне жете алмайды. Секірудің барлық тәсілдеріне топталу, жерге түсуге дайындалу ұшу траекториясының тік кесіндісінен бұрын басталады, бұл жағдайда дене массасының жалпы орталығы өзінің бастапқы деңгейіне жетеді, яғни итерілген сәттегі биіктікке деңгейлес келеді.
15.Ұзын кашықтыққа жүгіру техника негіздері.
Жеңіл атлетика сабағының талаптары өте қатал. Мұнда мықты денсаулық, спорттық мінезбен қатар икемділік, шапшаңдық, төзімділік, күш жылдамдығы, иілгіштік іс-қимылдарын шоғырландыру арқылы қозғалу сапасын көтеруге бағытталған күш-жігерді жұмылдыру, саналы түрдегі белсенділік талап етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет