ҚҰРТ. Оның пайдасы



Дата25.04.2024
өлшемі9.1 Kb.
#499811
ҚҰРТ презентация

ҚҰРТ және ОНЫҢ ПАЙДАСЫ

«Ақмола облысы білім басқармасының

Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қазақтың ұлттық тағамы «құрт» шығу тарихын зерттеп, басқа да дайындау әдістерін үйрену.
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ:
ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ:
    • Құрттың түрлерін салыстыру;
    • Құрттың пайдасын анықтау;
    • Құрттың дайындалу әдістерін тәжірибеде жасау

Зерттеу жұмысының жаңалығы:
ұлттық тағам құрттың жаңадан жасалу тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу нысаны:
қазақтың ұлттық тағамы: құрт
Зерттеу гипотеза:
үйдегі ашытылған сүт өнімдері дүкен сөрелеріндегі өнімдерге қарағанда пайдалы әрі дәмді екенінің анық болуы;

Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. 
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Осындай пайдалы заттардан құралған құртты сан жылдар бойы сақтауға болады. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген.
ҚҰРТ ТУРАЛЫ
НЕ БІЛЕМІЗ?
қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем.
Ыстық құрт 
Сықпа құрт 
қайнатқан құрттан айырмашылығы, ашыған айранды қапқа құйып сүзіп тұздайды. Кейін әртүрлі формада бөлшектеп, сөреде кептіреді.
Малта 
езілген құрттың түйіршіктері. Ол жұмсақ болып келеді. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт 
сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосуға немесе сусын дайындауға арналған құрт ұнтағы. Ақ малта құрт – езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол – өте жұғымды және тез сіңетін тағам, сусын ретінде пайдаланылады.
жайғанына бір-екі күн ғана болған, әлі толық кеуіп үлгермеген құрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды.
Жас құрт 
Ұнтақ құрт 
арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
Құрт-май
сары майға батырып жейтін құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындыларын «құрт-май» деп атайды.
Көбік
қайнап жатқан құрттың қалқып алынған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салт болған. Ол майлы болады.
ҚҰРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құрттың адам ағзасындағы керексіз майларды ыдырататын қасиеті бар.
Адам қанының қою болуын қамтамасыз етеді
Қандағы май мөлшерінің артып кетуі деген мәселе бар
Малта құрт шөлдеген адамға сусын бола алады.
Күнделікті 2-3 құрт жеп жүрген адамның ауыз қуысында ешқандай ауру болмайды.
Тістеріңіз ағарып, бүйрегіңіз сыр бермейтін болады.
Ағзаңызда кальций көбейіп сүйектеріңіз сынғыш болмайды.
ҚҰРТТЫҢ АДАМ
АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ
Кейін кебу үшін пештін бұрышына қойып қоямыз, біраз уақыттан соң екінші жағына ауыстарамыз, жазда далаға күннің көзіне кептреміз.
ҚҰРТТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛЫ
Ен алдымен айранды бірнеше күнге қойып қоямыз.
Кейін отқа қоямыз, сары суы шыққанша қыздырамыз
Бір күн сорыққан соң, дәміне қарай тұз салып, бірнеше түрлерін жасап табаққа жаямыз.
Содан соң капрон мәрліге немесе дорбаға саламыз
«Ақ жесең, ішің ағарады»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Оның ішінде құрт тағамы да ерекше орын алады.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек. Барынша осы ұсынылған әдістерді қолданып, ағзамызға пайдалы құртты жасалу жолдарын дамытамын деген ойдамын.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет