Рухани жаңҒыру: Қасиетті туған жер атты байқауға қатысу



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі182 Kb.
#486656
1   2   3   4
Баяндама Қазақ әдебиетінен М.Дулатовтың өмірі мен Алаш қозғалысы

Жұмыстың өзектілігі: М.Дулатұлының қоғамдық өмірі мен Алаш идеясы жолында сіңірген еңбектері туралы мәліметтер мен оқиғаларға зерттеу жүргізу
Мақсаты: Алаш ардақтыс Мыржақып Дулатұлынңы қоғамдық жұмысы барысында қазақ халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күресін, істеген еңбектерін жас ұрпаққа жаңа қырынан таныстыру
Елі үшін, халқы үшін ерлік жасаған ата- бабаларымыздың ерлігін келесі ұрпаққа аманат етіп қалдыру
Құрылымы: жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ЖӘНЕ АЛАШ ИДЕЯСЫ
І Кіріспе

Биыл Тәуелсіздігімізді алғанымызға 26 жыл толады. Қазақ халқы Тәуелсіздік алған кезден бастап ұлт зиялыларының қазақ даласындағы қайраткерлік қызметі мен олардың шығармаларын бізге жаңа қырынан таныстыра бастады. Алаш арыстарының қазақтың азаттығы, еркіндігі үшін еткен еңбектері өз бағасын алып, халқы үшін құрбан болғандардың есімі ақталды.


Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасында «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. ... ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды»,[1]- деген аталы сөзінде зұлматқа толы дәуірдің зұлымдық көргендердің тағдыры баяндалғандай.
Қазақтың теңдігі мен азаттығы үшін әрбір тұлғаны тану, олардың өмірі мен қызметіне шынайы баға беру- өркениетті, мәдениетті елдің жоралғысы.
ХХ ғасыр басында елдік ұранын көтерген, Алаш атымен күреске шыққан тұлғаларымыздың ерлігі мен еңбегін ұлықтау-кешегінің азаматы, бүгінгінің парызы, болашақтың қамы.
Осы ғылыми жобаны жазу барысында Алаш азаматтарының ұлт мүддесі
1
үшін жасаған істері туралы көп мәлімет алдым. Аталарымыздың адал
еңбектерін ақтау барысында М.Қойгелдиев, Е.Тілешов, Т.Жұртбай, М.Тәжімұратов, Д.Қамзебекұлы және Гүлнәр Дулатованың естеліктерімен танысып шықтым. Тәуелсіздігіміздің арқасында халқына жанашыр болған, елінің еркіндігі мен жерінің азат болуы үшін күресіп, құрбан болған 902 Алаш арыстарының тағдырымен танысып, Алаш мемлекетін құру жолында алаштықтардың жүргізген жұмыстары мен тәуелсіз мемлекет болудың мақсат – мүдделері туралы мәліметтер алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет