Рухты елге 30 жыл Керей


Жәнібек хан Жәнібек хан Барақұлы



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#450468
1   2   3
қазақ хандығы

Жәнібек хан

Жәнібек хан Барақұлы - қазақ ордасының екінші ханы, шын аты Әбу Сағит. Қазақ халқы елге айрықша сіңірген еңбегі мен кемеңгерлік істерін жоғары бағалап, оны Әз Жәнібек деп құрметтеп атаған. Ол Қазақ ордасының тұңғыш ханы Кереймен бірлесіп Қазақ мемлекетінің іргесін қалаушылардың бірі. Әкесі Барақ XV ғасыр басында Ақ Орда мен Алтын Орданы билеген. Жәнібектің ата-бабалары ел билеп, мемлекет билеушісі, хандық құрған адамдар болса, өзі 1473-1480 жылдары қазақ ханы болды. Жәнібек хан тұсында Қазақ хандығының беделі Дешті Қыпшақта өсе түсті. Сөйтіп, бұл кез дербес Қазақ хандығының күшейюіне тұстас келді. Бұған Жәнібек ханның атқарған тарихи ролі өте зор. Әсіресе 1469-1472 жылдары Әбілхайыр хан ұрпақтарына қарсы күресте қазақ жасағын басқарған Жәнібек ханның қатысуы Шайбани әулеті билігін толық жойып, соның арқасында жеке ұлт хандықтары құрылды. Соның ішінде Қазақ хандығы толық әрі қуатты мемлекетке айналды. Жәнібек хан Сарайшық қаласын мемлекет астанасы етті және сонда жерленген.

Қасым хан (1445-1521) - Әз Жәнібек ханның баласы, қазақ халқының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» атты әлеуметтік маңызы зор, Дала Заңы негізін жасаған ұлы хан өзінің билік еткен заманында қазақ қоғамы жоғары сатыға көтерілді. Халықтың этникалық құрылымы мен территориясы толық бірігіп жасалады. Хандық биліктің ролі артты. Мемлекеттің жер көлемі де, халық саны да бірнеше есе өсе түсті. Халықтың ұлттық, әлеуметтік, мемлекеттік жағдайын асай жаңаша әдет-ғұрып, билік, әділет заңы жасалды. Қасым өзі хандық құрған 10 жыл ішінде Қазақ мемлекетінің ішкі, сыртқы саясатын нығайтып, сол замандағы ең қуатты елге айналдырды. Қасым хандығын көрші елдерді былай қойғанда Европа елі де таныды. Қырым, Астрахан, Қазан хандықтарымен, Мәскеу княздықтарымен дипломатиялық қатынастар орнады.

Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды.

Әз Төуке (1643-1718) - Салқам Жәңгір ұлы, қазақтың ұлағатты ұлы ханы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танылған кемеңгер көсемі. Қалай айтса да мақтауға да, мақтануға да тұрарлық Тәуке хан «атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» қағидасымен өсті. Тәукенің негізгі мақсаты Қазақ мемлекетін халықаралық деңгейге дейін көтеру еді. Ол үшін ел ішіңдегі ұсақ рушылдықты біріктіріп, алауыздықты жойды. Орданы бір орталықтан басқаратын басқару жүйесін бекітті. Ел тарихында алғаш рет «Билер кеңесін» құрып, сол арқылы шешім шығарды. Бұрын хан төңірегінде өзінің жақын туыстары ақылшы ретінде отыратын болса, Тәуке шыққан тегіне қарамастан халық арасынан шыққан ақылды, парасатты кісілерді тартты. Әз-Тәукенің мәңгі ұмытылмас жұмыстарының бірі, әйгілі «Жеті жарғы» деп аталатын құқық жүйесі болды. Әз-Тәуке тұсында маңызды мәселенің бірі ретінде әрбір рудың таңбалары болды. Әр ауылдың, үйдің малына өзіндік белгісі, ен салынатын тәртіп белгіленді. Әз-Тәуке көз жұмар алдында «қазақтың ұраны - бірлік болсын» деген өсиет қалдырыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет