1 есеп
2 жыл бұрын қойылған «жіті гломерулонефрит» диагнозына полиурия болуы қайшы келмей ме? (Жіті гломерулонефриттің созылмалы түріне ауысуын полиурия және гипостенурия дәлелдейді).
Осы жағдайда гипостенурия және полиурияның даму тетіктері қандай? (өзекшелерде сулардың кері сорылуының төмендеуі, ағымға қарсы –бұрылу механизмі жұмысының бұзылуы)
Науқаста полиурия дамуының себептері қандай? (компенсаторлы, қандағы қалдық азоттың жоғарылауын тежейді)
№ 2 есеп
1. Науқаста нефриттік синдромның белгілері бар. Бұл жағдайда жедел диффузды гломерулонефрит туралы ойлауға болады.
2. Стрептококкты жұқпадан кейінгі бүйрек шумақтарының аутоиммунды зақымдануы (антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрларының жоғарылауы).
3. Бүйректің шығару қызметінің бұзылысының төмендеуі және гипопротеинемия гипергидратацияның дамуына әкелді (қанның онкотикалық қысымының төмендеуі) және салдарлық әлдостерон және ДҚГ мөлшерінің жоғарылауы; АҚ-ның жоғарылауы судың ұсталуымен және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің әсерленуімен байланысты. Олигурия, гематурия, протеинурия шумақтардың зақымдануын дәлелдейді.
№ 3 Есеп
1. Сүйек тінінде байқалған өзгерістердің даму механизмі қандай? (Гипокәлциемия → салдарлық гиперпаратиреоз → остеопороз)
2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіру (Д 1,25 (ОН)2Д3 витамин белсенді түрінің түзілуінің бұзылысы)
№ 3 тақырып «Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің ерекшеліктері».
№ 1 есеп
Зимницкий сынамасын бағалаңыз.
Науқаста никтурия бар: түнгі диурез (600мл) күндізгіге қарағанда көп (330мл)
Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Осы көрсеткіштің өзгерістері нені анықтайды?
Минөттік диурез = тәуліктік диурез : 1440 мин (24сағ) = 0,65 мл/мин
Эндогенді кратинин бойынша клиренс = зәр креатинині : қандағы креатинин х минөттік диурез = 520 : 6,9 х 0, 65мл/мин = 49 мл/мин
Бүйректің сүзілулік қабілетінің бұзылуын клиренстің төмендеуі және никтурия дәлелдейді. Салыстырмалы тығыздық 1020 дан- 1030 дейін ауытқып тұрады → бүйректің қоюландыру қызметі бұзылмаған.
Осы науқаста несептің сапалық өзгерістері нені дәлелдейді?
Науқастағы протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия (сүзгі мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы) нефрон шумақтарының қызметінің бұзылысын дәлелдейді.
Қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістері нені дәлелдейді?
Протеинурияның салдарынан науқаста гипопротеинемия, диспротеинемия бар.
Қан сарысуында зәрнәсіл жиналуының жоғарылауы және гиперазотемия болуы бүйректің шығару қызметінің бұзылысының салдары және ол бүйрек жеткіліксіздігін мәлімдейді.
Осы науқастағы гипертензия мен анемияның патогенезі қандай?
Бүйректің гипертензиясының патогенезінде бүйрек ұлпасының азаюының маңызы бар, соған байланысты депрессорлық заттардың өндірілуі азаяды (ренопривті АҚ); эритропоэтиннің өндірілуінің төмендеуі эритропоэздің төмендеуіне және эритропоэзді тежейтін жайттардың өндірілуіне әкеледі.
Есеп бойынша жалпы қорытынды жасаңыз.
Науқас бүйрегінің сүзіулік және шығарулық қызметі бұзылған, ол шумақтың бұзылысымен сипатталады, яғни гломерулонефритпен.
№ 2 есеп 1. Науқастағы әйгіленімдер патологияның қай түрінің дамығандығын дәлелдейді? Нефроздық синдром, артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, ісіну, гиперлипопротеинемия, гипопротеинемия. 2. Осы кезде липидтер алмасуының бұзылысының қандай түрлері пайда болады және олардың даму тетіктері қандай? Гиперлипопротеинемиялар. Гепатоциттермен ӨТТЛП сөлденуінің жоғарылауы, липопротеинлипаза белсенділігінің төмендеуінен ӨТТЛП ыдырауының баяулауы, бауырмен ТТЛП сөлденуі, ӨТТЛП және ТТЛП ыдырауының баяулауы, гиперлипацидемия салдарынан үшглицеридтердің өндірілуінің жоғарылауы. 3. Ұзаққа созылған гиперлипидемияның мүмкін болатын салдары қандай? Ұзаққа созылған гиполипопротеидемия өзгерген ЛП-дің түзілуінің жоғарылауымен және тамырлардың атеросклероздық бұзылысының дамуымен қабаттасады. 4. Науқаста уремия және бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері бар ма? Науқаста уремия және бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері бар: қанда қалдық азот деңгейінің көтерілуі, гипопротеинемия (протеинуриямен байланысты), гиперлипидемия, гипернатриемия, гиперстенурия.
№ 3 есеп
1. Науқаста болған жағдайларды сіз қалай түсіндіресіз? Уремия. 2. Осы жағдайдың аса мүмкін болатын себебі? Созылмалы гломерулонефриттің салдарынан нефрон санының үдемелі төмендеуі. 3. Гематологиялық, психоневрологиялық, кардиологиялық әйгіленімдердің, сонымен қатар зәрдегі қышқылдық-сілтілік үйлесімнің өзгерістерінің дамуы патогенезі қандай? Уремиялық синдромның патогенезін дәрістен қараңыз. 4. Науқастағы бұзылыстардың үдеуі қандай жағдайға әкеледі? Уремиялық команың дамуына.
№
Достарыңызбен бөлісу: |