Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (БСЖ) патофизиологиясы
- бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
Себептері:
Бүйректің созылмалы аурулары:
гломерулонефрит, пиелонефриттер, бүйрек поликистозы, бүйрек амилоидозы, несеп тас ауруы, қантты диабетте бүйректің зақымдануы, гипертониялық аурулар кезінде, атеросклерозда кездеседі.
Патогенезі:
Нефрондардың үдемелі түрде өлуі және олардың дәнекер тіндермен алмасуы (нефросклероз) ® өзекшелер мен шумақтар қызметінің үдемелі төмендеуі ® несеп түзілуінің төмендеуі ® уремия ® уремиялық кома
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (БСЖ) САТЫЛАРЫ
Бүйрек қызметі бұзылуының дәрежесі бойынша:
Жасырын саты
|
Қандағы қалдық азот қалыпты, шумақтық сүзілу деңгейі 50%-ға дейін төмендейді.
|
Гиперазотемиялық саты
|
Гиперазотемия, шумақтық сүзілу деңгейі 20% -ға дейін төмендейді.
|
Уремиялық саты
|
Уремия, жоғары дәрежелі гиперазотемия, шумақтарда несептің сүзілу деңгейі 10- 5% -ға дейін төмендейді.
|
Диурез бойынша:
Жасырын саты
|
диурез қалыпты, Зимницкий сынауы қалыпты, жүктемелік сынауда (құрғақ тамақтанғанда) бүйректің қоюландыру қабілетінің төмендеуі байқалады.
|
Полиурия саты
|
Гипостенурия, бүйрек түтікшелерінің қоюландыру қабілетінің әдеттегі жағдайдан төмендеуі.
|
Олигурия саты
|
Уремия, изостенурия, диурез 500 мл- ден аз.
|
Уремия ( грекше. uron –несеп, haima - қан) – зәрліқан.
Бүйрек қызметінің теңгерілмеген кезінде пайда болатын синдром.
Патогенезі:
Қалыпты жағдайда бүйрек арқылы несеппен шығарылтын, зат алмасу өнімдерімен организмнің аутоуыттануы:
- қалдық азоттың құрамбөлшектері - азоттық (аммиак, креатинин, несеп қышқылы, зәрнәсіл ж.б.) қалдықтармен
- аминқышқылдары метаболизмі (фенол, скатол, индол) ж.б. өнімдерімен
су-электролиттер алмасуының бұзылуы:
гипоосмолялдық гипергидратация = сумен улану;
гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокәлциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия;
метаболизмдік ацидоз (биокарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылуы, сутегі иондары шығарылуының төмендеуі);
гормондар, витаминдер (вит.Д) метаболизмінің бұзылуы,
эритропоэтиндер, простагландиндер, кининдер ж.б.түзілуінің бұзылуы,
Достарыңызбен бөлісу: |