Руководителю соц



бет16/19
Дата04.10.2022
өлшемі0.73 Mb.
#461918
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
МодульДыхС.каз-26.06.10

43. Тыныс орталығының мый қыртысымен байланысуы бұзылуынан дамиды

  1. ерікті тыныс алуды басқарудың бұзылысы

  2. Пиквик синдромы пайда болуы

  3. тыныс алулық автоматизмнің жоғалуы

  4. «Ундина қарғысы» синдромының пайда болуы

  5. тыныс алу қозғалысының амплитудасының төмендеуі және кезеңді апноэ

44. ЕТДС патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. ұяшық қабырғасының қылтамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы

  2. ұяшық қабырғасының қылтамырларында гидростатикалық қысымның төмендеуі

  3. артериялық қысым деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы

  4. өкпе қылтамырлары және әлвеолоциттердің таралған зақымдануы

  5. өкпенің жүректік ісінуі

45. ЕТДС кезінде әлвеолоциттер мен қылтамырлардың жайылған зақымдануының патогенезінде, әсерінің маңызы бар (5)

  1. интерлейкиндер

  2. өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)

  3. оттегі радикалдары

  4. протеазаларға қарсылар

  5. лейкотриендер

46. РДС-синдромының көріністерне жатпайтыны

  1. тахипноэ

  2. ӨТС, ӨЖС төмендеуі, өкпенің функционалдық қалдық көлемінің төмендеуі

  3. гипоксемия, тиімсіз оксигенотерапия

  4. айқын цианоз

  5. Тиффно индексінің жоғарылауы

47. Жаңа туылғандардың тыныстық бұзылыстар синдромы (ТБС) патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. ұяшықтар қабырғасында гиалиннің шөгуі

  2. сурфактанттың жетіспеушілігі

  3. өкпе тіні созылғыштығының төмендеуі

  4. жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы

  5. кіші бронхылардың жиырылуы

48. Зақымдаудан, жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы пайда болады

  1. өкпелік капиллядың эндотелилік жасушасы

  2. бронхтың шырышты қабатының жасушалары

  3. тыныстық бронхиоланың эпителий жасушалары

  4. альвеолоциттердің I түрі

  5. альвеолоциттердің II түрі

49. РДС-синдромнан қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі кезінде анықталуы мүмкіншілігі жоғары (1)

  1. нейтрофильдермен сіңбеленген ұяшықтар

  2. ұяшық қабырғаларының фиброзы

  3. өкпенің желдетілуінің жоғарылауы

  4. ұяшық мембраналарының гиалинозы және бүріскен ұяшықтар

  5. өкпенің қалыпты құрылымы

50. Жаңа туған нәрестелердің респираторлық дизстресс–синдромының патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз

  1. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция

  2. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → ателектаз → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі

  3. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → ателектаз

  4. шала туылу → ателектаз → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния

  5. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гиповентиляция→ ателектаз



Ситуациялық есептер әрбір сабаққа қара.

4. ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ





  • желдетілулік, диффузиялық және перфузиялық тыныс жеткіліксіздігінің патогенезін түсіндіре алу

  • Бронхообструкциялық синдромның, өкпе тінінің тығыздалу синдромының патогенезін түсіндіре алу

  • Қанның газдық құрамы мен спирометрлік көрсеткіштер бойынша сыртқы тыныс бұзылыстарының түрлерін анықтау;



Оқу құралдары

1) Орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі барлық дәрістердің мультимедиялық көрсетілімдері:


2) Сабақтың мультимедиялық қойылым

Тақырып

Көрнекілік құралдардың түрі

Кестелер мен бумалардың №

Тыныс алу патофизиологиясынан дәрістер
Сыртқы тыныс патофизиологиясынан
сабақ

Мультимедиялық қойылым

Таратылатын материал


Кестелер

Қатты диск
ЖМ 2-ТЖ

25.1Тыныс жеткіліксіздігінің жіктелуі


25.2 Сыртқы тыныстың реттелуі
25.3 Тыныстың дерттік түрлері

Ситуациялық есептердің жауаптары


Тақырыбы «Cыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшықтық гипо- және гипервентиляция»
1 тапсырма

  1. Кеңірдек тарылғанда брадипноэ қалыптасып, содан демді ішке тарту кезеңі ұзарады және қиындайды (стеноздық тыныс дамиды).

  2. Стеноздық тынысалудың негізінде демалу кезінде кеңірдектің айқын бітелуімен қабаттасқан Геринг-Брейер рефлексінің кешігуі жатыр. Бұл өз кезегінде өкпе ұяшықтарының баяу толуына және тыныс орталығының қозу жағдайының ұзаққа созылуына әкеледі.

  3. Бұндай тыныс алудың өзгерістері жоғарғы тыныс жолдарының тарылуымен жүретін көптеген ауруларда дамиды. Мәселен, күл ауруында, көмей ісінуінде немесе өспесінде, дауыс байламы жиырылып қалғанда, тыныс жолдарына кесек бөгде заттар түскенде дамиды.

2 тапсырма
Тыныс алу жолдарында түзілетін оң қысым нәтижесінде кеудеден тыс тыныс алу жолдарының дерті кезінде олардың олардың кеңістігі ұлғайып, бітелу деңгейі азаяды. Демалу кезінде тыныс алу жолдарындағы теріс қысым айналасындағы (атмосфералық) қысымнан төмендеп, тыныс алу жолдарындарының тарылуына әкеледі. Кеудеішілік тыныс жолдарының дерттерінде демді шығарғандағы плевралдық оң қысым тыныс алу жолдарының кеңістігін тарылтса, демді ішке алғанда плевралдық теріс қысым – кеңітеді.
3 тапсырма

  1. Тыныс үстіртін және жиі болады (полипноэ немесе тахипноэ)

  2. Жасанды гидроторакс өкпе сыйымдылығының азаюын, өкпенің қозғалуы шектелуін және тыныс алу беткейінің азаюын туындатады. Гидроторакспен қысылмай қалған ұяшықтар бөлігі, қалыптағыдан бұрын ауаға толып, Геринг-Брейер рефлексін тездетеді. Әрі қарай демді ішке тарту демді шығарумен ауысады. Соған сәйкес дем шығарғанда, қызмет атқарушы ұяшықтардың басылуы тез жүреді де, дем шығару мен дем алу тез алмасады. Негізінен тахипноэ кезінде өлі кеңістік желденеді, сондықтан қанның газдық (анатомиялық та және функционалдық та) құрамы өзгереді.

  3. Пневмония, ателектаз

4 тапсырма

  1. Обструкциялық бұзылыс

  2. Рестрикциялық бұзылыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет