Тақырыбы: Өкпе ұяшықтық-қылтамырлық мембранасының дифузиялық қабілетінің төмендеуінің патогенездік тетіктері.
№ 1 есеп
D жауабы. Ірі бронх тесігінің жабылуы қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысымен қабаттаспайды. Бітелген бронхтан төмен өкпе аумағы тесіледі, бірақ желденбейді. Бұл аумақта газ алмасу болмайды және желденудің перфузияға қатынасы айқын төмендейді. Сондықтан рО2 төмендеп, ал рСО2 жоғарылайды, соған сәйкес рН төмендейді.
№ 2 есеп
С жауабы. Артериялық қантамырдың тромбоэмболиясы кезінде өкпе аймағында қан ағымы төмендейді, бірақ өкпенің желдетілуі жалғаса береді, сондықтан өкпе ұяшықтарында рО2 және рСО2 дем алу кезіндегідей болады.
№ 3 есеп
D жауабы. Тыныштық жағдайында бір өкпенің қан тамырлары қанның кіші қанайналымы шеңбері арқылы өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ жүктеме кезінде өкпе арқылы өтетін қанның артық көлемін теңгере алмайды.
№ 4 есеп
Берілген науқастың өкпелік перфузиясының патогенезі қандай? Қосжарғақты қақпақшаның тарылуы → өкпе көктамырларында қан қысымының жоғарылауы (қылтамырсоңылық гипертензия) → өкпе артериоласының тарылуы, қылтамыралдылық гипертензия (Китаев рефлексі).
ӨТС және ТӨС даму тетігінің төмендеуін түсіндіріңіз. Өкпедегі қанның іркілуі олардың керіліп созылуының төмендеуімен түсіндіріледі, сондықтан ӨТС және ТӨС азаяды.
Бронхообструкциялық синдром туралы ойлауға бола ма? Берілген науқастағы Тиффно индексінің қалыпты болуы тыныс алу өткізгіштігінің бұзылысына қарама қарсы екендігін білдіреді.
Тақырыбы: Сыртқы тыныстың орталық реттелу тетігінің бұзылысы.
№ 1 тапсырма
Ацидоз кезінде гиперпноэ қалыптасады. Патогенезінде тыныс орталығын көп жинақталған Н+ тітіркендіруі маңызды орын алады.
Ацидоз кезіндегі гиперпноэның СО2 сыртқа шығарып, ацидоздың әрі қарай дамуын шектейтін теңгерілу маңызы бар. Дегенмен, организмнен СО2 артық мөлшерін шығара отырып, түрлі зиянды зардаптары болатын газдық алкалоздың даму қаупі бар.
№
Достарыңызбен бөлісу: |