Руководителю соц


Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру



бет14/29
Дата03.01.2022
өлшемі0.9 Mb.
#450501
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
МодульЖКТ.27.06.10.каз-doc

Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру.


Ас қорыту жеткіліксіздігінің көріністері

Патогенезі

Арықтау




Жалпы әлсіздік




Ісінулер




Анемия




Геморрагиялар




Сүйектердегі ауыру сезімі




Шеткері невриттер




Парестезиялар, тетания






2- тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп.

32 жастағы ер адам, дәрігерге мынадай шағыммен келді: 4 жыл бұрын пайда болған жұтудың қиындауы. Ол қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 сек. соң төстің жоғары жағында қысу сезімінің пайда болуын айтады. Алғашқыда бұл сезімдер сирек болатын, бірақ соңғы жылы олар тұрақты және әрбір тағам қабылдаған кезде пайда бола бастады. Сұрау барысында анықталғандай, жылдан аса науқасты кеудеде «бүлкілдеу» және оянғаннан кейін жөтел мазалайды. Бұл бұзылыстар ол су ішкеннен соң азаяды. Науқас тағам ішкен кезде тұншығу сезімі немесе шаршау сезімінің, мұрын және ауыз арқылы кері лықсудың, тамағы ауыруының, қыжылдың, дене массасы төмендеуінің, қарын-ішектік қан кетудің болмайтынын айтады. Науқаста бұлшықеттердің жоғары ауырсынғыштығы, қыжыл жоқ, онда да, оның туыстарында да жүйелік коллагеноздар болмаған. Айғақты тексерудің, сонымен қатар, зерттеуханалық тексерулерге кіретін қанның жалпы талданымының деректері, ЭТЖ, қанттың, креатининнің, бауыр және қан ферменттерінің, деңгейі қалыпты мөлшерде.



    1. Жұтудың бұзылуы неге байланысты: жұтқыншақ немесе өңеш қызметінің бұзылуына?

    2. Ары қарай қандай тексеру жүргізу керек?

    3. Рентгенограмма нені анықтайдайды? (деректерді оқытушыдан сұраңыз)

    4. Осы науқастағы жұту бұзылуының патогенезі қандай?

2 есеп. А., Б., науқастарда, кестеде келтірілген көрсеткіштер бойынша, асқазан сөлденісінің патофизиологиялық талдамасын жүргізу.







Қалыпты жағдай

Көлемі мл

Жалпы қышқылдық

Бос НСl

Байланысқан НCl

Пепсин мг%

Титрациялық бірліктер




Ашқарында (Н)

50- ден көп емес

40-қа дейін

20-ға дейін

-

0 -21

Негізгі секреция (ТС)

50 -100

40 -60

20 - 40

10 -15

20 -40

Түрткілік секреция (КС)

50 -100

40 -60

20 - 40

10 -15

21 -45

Науқас А

Н

10

30

-

10

10

НС

-

-

-

-

-

ТС

20

35

10

10

5

Науқас Б



Н

100

60

30

20

15

НС

120

80

60

10

30

ТС

140

100

50

30

50




НС

120

60

30

15

-




ТС

10

10

-

5

-

1. А және Б науқастарында асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылысының қай түріне жатады?

2.Берілген науқастарда асқазанның эвакуациялық қызметі қалай өзгереді?

3.Берілген науқастарда анықталған асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары ішектегі

асқорытуға қалай әсер етеді?


3 есеп.

35 жастағы науқас төс асты аймағында мезгіл-мезгіл тағам ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, шылымды көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.



  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

Науқаста қандай зақымдану жайттар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

  1. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  2. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

4 – есеп.

52 жастағы науқас соңғы кездері көкірегінің сол жағына және семсер тәрізді өсіндіге жайыла берілетін эпигастр аймағының сол бөлігіндегі тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі стенокардия әсерінен деп ойлап, валидол қабылдағанда, басылмады. Ауыру сезімі тамақтан соң жарты – бір сағаттан соң қышқылмен, іш кебумен қабаттасатындығына көңіл бөлді. Нәжісі – тұрақты емес, көбіне іші өтеді. Ұйқысы нашар, жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршағыштық, ашуланғыш, көңіл-күйі төмен, кейде тұнжыраулық жағдай да болады.

Қарап тексергенде: дене құрылымы қалыпты, нормостениялық, тері асты шел қабаты қалыптағыдай. Тілі жабынмен қапталған, бүрлері жазылып кеткен. Аузынан жағымсыз иіс шығады, эпигастр аймағын сипап тексергенде орталық сызықтың сол жағында ауыру сезімі анықталды. ҚҚ -140/80 мм с.б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәр мен нәжіс анализі қалыптыдан ауытқымаған. Негізгі және түрткілік секреция тез азайған. Асқазан сөлінде уреазаның болуы оң. Асқазан сөлінің потеолиздік белсенділігі жоғары. Асқазан сөлінде фруктоза мен N-ацетилнейрамин қышқылының мөлшері төмендеген. Рентгенологиялық суретте асқазанның кардиалды бөлігінің жоғары бөлігінде «үңгір» симптомы анықталады.

1. Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады? (Асқазанның ойық жарасы)

2. Асқазан сөлінде уреазаның оң болуы не туралы мәлімдейді?

3. Ащымен кекірудің себебі не?
5 есеп.

55 жастағы ер кісіде 4 ай бұрын кемпингтегі демалыс кезінде нәжісі тәулігіне 2-3 ретке дейін жиіледі. Диарея бірнеше ай бойы үдеп, сұйықталып, тәулігіне 4-6 ретке дейін жиіледі. Ол сұйықтық қабылдауды шектеп, іш қатыратын дәрі ішіп ,өздігінен емделгенмен көмектеспеді. Диарея үдей берді, аяқ-қолы әлсіреп, дене массасы азайды. Науқаста жүрек айну, құсу, қара нәжіс болмады. Бұған дейін колитпен немесе диареямен азап шеккен емес. Жаз бойы ол бір-ақ рет синуситтен ампициллинмен емделді, бірақ соңғы кездері ешқандай дәрі қабылдамады. Науқас ауруханаға жіберілді.

Тексергенде айқын гиповолемия, гипотензия анықталды. Дене қызымы 370С, тамыр соғуы минөтіне 110 рет, тынысы минөтіне 20 рет, АҚ 85/45 мм с.б. Ауыз қуысының шырышты қабығы қүрғақ, бауыры ұлғайған. Зерттеуханалық деректер: гемоглобин 190 г/л, гематокрит -55%, лейкоциттер – 11 х 109/л, лейкоциттік өрнек қалыптыдан ауытқымаған, Na+ -135 ммоль/л, К+ НCО3- -8 ммоль/л, зәрнәсіл -15,7 ммоль/л, креатинин – 0, 17 ммоль/л, қант – 8, 21 ммоль/л, кальций – 3, 55 ммоль/л, нәруыз – 84 г/л, АЛТ мен АСТ белсенділігі жоғарылаған, жалпы билирубин – 12 мкмоль/л.

Нәжістің көлемі – тәулігіне 6л, лейкоциттер, қарапайымдылар жоқ, құрттар жұмыртқасы анықталмады. Рентгенографиялық тексеруде дерт анықталмады. Эзофагогастродуоденоскопия да асқазанның антралды бөлімінде эритема анықталды, ойық жара жоқ. Гастрин деңгейі 124 пг/мл.



  1. Тағы қандай қосымша зертеулер жүргізу қажет?

  2. Оқытушыдан қажетті деректерді сұраңыз.

  3. Болжамдаған аңғарым?

6 есеп

Науқас М., 20 жаста, клиникаға әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентік, аяқ-қолдағы жалған сезім шағымдармен түсті. Сыртартқыдан, оның, ашішегінің бөлігі, ішек тесілгендіктен, алынып тасталғаны белгілі болды (ішектің бейнақты ойық жара - Крона ауруының асқынуы). Қан талдамасы: гемоглобин мөлшері 100 г/л, қан жағындысында диаметрі 12 мкм эритроциттер, анизоцитоз, пойкилоцитоз, алып көп бөлшектенген нейтрофилдер анықталады. Осы науқаста қандай анемия дамуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


  1. Бета-таласемия

  2. Фолий тапшылықты анемия

  3. В12 тапшылықты анемия

  4. Темір тапшылықты анемия

  5. Орақ тәрізді жасушалы анемия

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.

  2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. –С. 392-411.

  3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2т., 2009.- С 327-344, 361-383

  4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 471-483; 486-490

  5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 143-

154

Қосымша:

  1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 199-211.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 538 – 574.

  3. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000. - С. 514 - 538.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 239 – 256, 259-271

  5. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. С. 23 - 164с.

БАҚЫЛАУ


(сынамалық тапсырмаларды орындау)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б- 365-381 б. жинағының негізінде құрылды


2 тақырып. «Ұйқы безІНің сөлденістік қызметінің бұзылыстары. Балалардағы ерекшеліктері»

Сабақ мақсаты:

1.Ұйқы безінің сыртқы сөлденістік қызметі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін

меңгеру.

Оқыту міндеттері:

Берілген тақырыпты оқыған студент орындай алады:



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ұйқы бездің экзокриндік қызметі бұзылуының этиологиясы.

  2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылуының патогенезі.

  3. Жедел және созылмалы панкреатиттің этиологиясы және патогенезі.

  4. Балаларда ұйқы безі қызметі бұзылуының ерекшеліктері.

Үйрету мен оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс істеу: ситуациялық есептерді шешу.



жүктеу/скачать 0.9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет