Тақырып: «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылуының ерекшеліктері»
1-тапсырма Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру.
Ас қорыту жеткіліксіздігінің көріністері
|
Патогенезі
|
Арықтау, жүдеу
|
Нәруыз, май, көмірсу сіңірілуінің бұзылуы, организмге калория түсуінің азаюы.
|
Жалпы әлсіздік
|
Анемия, сүйық жоғалту, гипокалиемия.
|
Ісінулер
|
Амин қышқылдары сіңірілуінің бұзылуы, гипопротеинемия.
|
Анемия
|
Нәруыз, витаминдер, микроэлементтер сіңірілуінің төмендеуі.
|
Қанағыштық
|
К витамині сіңірілуінің бұзылуы.
|
Сүйектердегі ауыру сезімі
|
Нәруыз және кәлций сіңірілуі бұзылуынан сүйек боркеміктігі және жұмсаруы.
|
Шеткері невриттер
|
В тобындағы витаминдердің тапшылығы.
|
Парестезии, тетания
|
Кәлций және магний иондары сіңірілуінің бұзылуы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |