Бұзылу түрлері және негізгі көріністері
|
Пайда болу тетіктері немесе клиникалық мысалдар
|
Қимылдық белсенділіктің жоғарылауы
ауыру сезімімен, тағам жентегінің асқазаннан өтуінің баяулауымен қабаттасады.
|
ойық жара ауруы, гастриттер кезінде.
дерттік висцеро-висцералдық рефлекстер кезінде.
асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезінде.
пилороспазм кезінде.
кезбе жүйкені түрткілеген кезде.
|
Қимылдық белсенділіктің төмендеуі
тамақ ішкеннен соң төс астында ауырлықтың пайда болуымен қабаттасады. Асқазанда іркілген тағам жентегі ашу және шіруге ұшырайды, бұл асқорыту жолының жұқпалық-уыттық зақымданулары, асқорыту жүйесінің толық, қатты бұзылулары үшін алдын ала жағдай жасайды.
|
отадан кейінгі кезең (кезбе жүйкені кесуден кейінгі синдром).
жұқпалы аурулар.
ауқаттық дистрофия.
асқазанның төмен түсуі.
қымылдың жүйкелік реттелуінің бұзылуы (асқазанның идиопатиялық салдануы, жүйкелік анорексия).
диабеттік нейропатия.
симпатикалық жүйке жүйесінің түрткіленуі.
| Салдарлары.
Ерте (жылдам) тояттану синдромы. Асқазанның шығаберіс бөлімінің межеқуаты және қимылы төмендеуінен болады. Тағамды аз мөлшерде қабылдаудың өзі ауырлық және асқазанның артық толу сезімін тудырады.
Қыжыл — өңештің төменгі бөлігінде күйдіруді сезіну (асқазанның өңеш жақтағы қысқышы, өңештің төменгі қысқышы межеқуатының төмендеуінен, сөйтіп асқазанның қышқыл ішіндегісінің түсуінен).
Жүрек айну, құсу. Даму тетіктері: асқазан қабырғасының күшейген кері толқи жиырылуы, көкет және құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің жиырылуы, асқазанның өңеш жақтағы бөлігі және өңеш тегісеттерінің босаңсуы, сопақша мыйдың құсу орталығының қозуы.
Демпинг‑синдром — асқазан ішіндегісінің аш ішекке жылдам өтуінен дамитын дерттік жағдай. Әдетте, асқазан бөлігін алып тастағаннан соң дамиды. Демпинг‑синдромы патогенезінің негізгі тізбектері:
Аш ішек ішіндегісінің гиперосмолялдығы
Қантамырларынан ішек қуысына сұйықтың қарқынды тасымалдануы (осмостық қысымның градиенті бойынша).
Гиповолемия дамуы.
ББЗ түзілуі және жасушааралық кеңістікке шығуының белсенділенуі, олар жүйелік қан тамырлардың кеңеюін (серотонин, кининдер, гистамин ж.б. әсері салдарынан) және артериялық гипотензияны, соның ішінде коллапсты туындатады.
Ішекте қанттың қарқынды сіңірілуі, сөйтіп гипергликемияның дамуы.
Инсулин түзілуі және сөлденісінің түрткіленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |