Руководство по акушерству и гинекологии. Том стр. 164-231. Гаврюшова В. В., Сотникова К. А. Руководство по неонатологии. Ленинград-Медицина 1985



бет5/7
Дата29.09.2023
өлшемі117.5 Kb.
#479204
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7
Метод.-Босану-кезіндегі-жарақаттанушылық.

Жатыр мойнының жыртылуы.
ЖМЖ — төменнен жоғарыға дейін жиі болады, сыртқы ернеуден ішке қарай болады. Жатыр мойнының жыртылуы 3 дәрежеден тұрады.
І-дәрежеде — жатыр мойын жыртылуы бір немесе 2 жығынан ұзындығы 2 см-ден көп болмауы.
ІІ-дәрежесі — 2 см-ден жоғары, бірақ 1 см дейін қынап күмбезіне дейін жетпейді.
ІІІ-дәрежелі — жыртылу қынап күмбезіне дейін немесе оған өтеді.
III-дәрежелі жыртылу — акушерлік жарақат болып, онда жатыр жыртылуы оның төменгі сегментіне өтпеуі мүмкін емес.
Клиникалык, көрінісі және диагностикасы: Терең емес жыртылуы 0,5 — 1 см симптом бермейді. Жатыр мойны жыртылуы терең болса қан кетулер болады. Жатыр артериясының төменгі мойындық тармақтары зақымдалған соң қан кетулер көп болса, бала туылған соң дамиды. Қан-ал қызыл ағымды, бөлінген плацентада және қысқарған жатырдан болады. Жатыр мойны оның ұзақ уақыт бала басымен қысылуынан қан тоқтауы мүмкін. Қан кету жатыр мойынан болса, айнамен, жұмсақ қысқышпен көруге болады.
Нәресте жарақаты
Босану жарақаты терминінің негізінде босану жолдары арқылы өтетін дер кезінде пайда болатын ұрықтың зақымдалуын айтамыз. Ұрықтың зақымдануы акушерлік манипуляциялар әсерінен, асқынған босанулардан болады. Көбінесе босану кезінде ұрық басы жарақаттанады.
Кефалогематома-төбе немесе шүйде сүйектеріне қан құйылу. 0,2- 0,5% жағдайда кездеседі. Флюктуациялаушы ісік сүйек шекараларынан таралмайды. Ол ауырсынбайды, пульсацияланбайды. Кефалогематоманың үлкен көлемдерінде және екі жақты кефалогематомада (18-20%) ми сүйегінің жарығы кездеседі, оны рентгенограммада көруге болады. Кефалогематома кезінде емдеу қолданылмайды. Пункцияны: өте үлкен, өсіп келе жатқан кефалогематома кезінде немесе іріңдеген гематомада жүргізеді.
Бас сүйектерінің сынуы және жарақаты акушерлік әсерлерден немесе ана жамбас анамалияларының әсерінен бастардың қысылуы қорытындысынан пайда болады.
Бас сүйек ішілік босану жарақаттарымен тканьдерінің зақымдануымен ақырында ісікпен бірге жүреді. Клиникалық көрінісі гемоликвородинамика бұзылыстар дәрежесіне байланысты. Ауыр жағдайларда нәресте өлімі өмірінің алғашқы сағаттарында пайда болады, жеңіл формасында қайтымды мінезге ие.
Эпидуральды, субдуральды, субарахноидальды, миішілік және аралас қан қүюларды ажыратамыз. Көбінесе босану жарақаты кезінде венозды синустардан шығып, мишықта жиналады. Мишық жарылуы кезінде ми бағаналарының қысылуы жүреді. Нәрестенің жағдайының ауыр кезінде; жұтуы және емуі бұзылады, анизокория; вертикальды немесе рототарлы нистагм, " жүзу " көз алмасы тоникалық қалтыраулар ұстамалары болады. Ауыр жағдайларда тыныс жүйесінің, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары өсіп, бала өліміне әкеледі.
Жедел кезеңінде басмидың босану жарақатының жалпы ми симптомдары кездеседі. Бірінші этапта жалпы функциялардың тежелуі байқалады; бұлшықеттер атониясы; активті қозғалысқа түсе алмау; сыртқы тітіркендіргіш реакциясының әлсіреуі, тыныс алу функциясының тежелуі және жүрек ритмінің әлсіреуі, бет, үштік, тіласты нервтерінің зақымдану симптомдары болады. Екінші кезеңде қозу жағдайында байқалады; қозғалысы тынымсыз, қозуларға реакциясы адекватсыз, ұйқының бұзылуы, бүгілу гипертониясы, аяқ, қол тремолары, қалтырау, терморегуляцияның бұзылуы. Егер нәресте тірі қалса, функциялардың жай қалпына келу периоды болады, әр түрлі клиникалық синдромдар дамиды, вегетовисцеральды дисфункциялар, қозғалыстың бұзылулары, бұлшықет гипотониялар, сондай- ақ қалтырау және гидроцефальды синдромдар. Бас ми босану жарақаты диагностикасы берілген клиникалық зерттеулерге, цереброснальды сұйықтық, көз түбі зерттеулерге, ЭЭГ, УЗИ қорытындыларына, компьтерлі томографияға негізделеді. Жедел кезеңде емдеу толық тыныштықты сақтауға, адекватты оксигенотерапия жүргізуге, инфузионды терапия, микроциркуляцияны жақсартуға негізделеді, қалтырауға қарсы препараттар енгізеді. Субарахноинальды және субдуральды қан құюлулар кезінде люмбальды пункциялар көрсетіледі. Жұлын ми босану жарақаты баланың басы қысылған және иықтарының қысылуы кезінде кездеседі. Бұл жағдайда омыртқалар зақымданады (шығулар, омыртқа денелерінің қысылуы, сынықтар), омыртқа аралық дискілердің зақымдануы, жұлын миға қан құюулар оның қабықшаларына және эпидуральды клекчаткаға.
Клиникалық суреті орналасуы және зақымдануы түріне байланысты. Омыртқаның мойын бөлімі жарақаттанғанда айқын ауырсыну синдромы, қисық мойын байқалады. Мойын сегменттерінің с-с деңгейде зақымданғанда бұлшықет гипотонимы, арефлексия, тыныс алу бұзылыстары, қысқа мойын, симптомы, құрбақа позасы, жамбас органдары функцияларының бұзылуы байқалады. Жұлын мидың с-с деңгейі жарақаты жағдайында диафрагма парезі көбінесе оң жақты дамиды. Дюшенни Эрба параличі және жоғарғы парез жұлын мидың с-с деңгейінде зақымданғанда дамиды. Бұл жағдайда баланың қолы денесіне алып келініп, шынтақ буындарында иілген, ішке иілген, иық буынында байқалған. Қол саусақтарының қозғалысы бос.
Дежерин Киюмпк парпличі төменгі тип жиіреккездеседі. VI-VII мойын және I көкірек сегменттері зақымдалады. Бұл жағдайда қолы салбырап, қол саусақ қозғалыстары болмайды. Иық және шынтақ буындарының қозғалысы сақталған, сезімталдылығы бұзылады. Мойын симпатикалық талшықтарының зақымдалуы птоз, миоз және зақымдалған жақты экзофталмьн болуы байқалады.
Жұлын ми жарақатының диагнозын толық анамнозді жинауға клиникалық суреттеріне және берілген омыртқа рентгенографиялық зерттеулерге, электрмиографияларға және миолографияға негізделеді.
Емдеуі-қанағуды тоқтатуға ауырсыну синдромын басуға, қанайналымды жақсартуға бағытталады. Дюшенн параличі кезінде гипстік таңғыштар арқылы жоғарғы қолдарды тыныштық жағдайға қоямыз. Өмірдің 3-ші күнімен бастап дибазол, В витамині, ол 2 аптадан бастап- массаждар, физиотерапиялық процерадуралар қолданады. Аяқтардың жарақаттары нәрестелерде дене массаларының үлкен болуы кезінде және иықтарының кең болып келуінде байқалады. Бұғана сынығы кезінде, қалдықтардың енуі болмады. Ұстап көргенде алғашқыда крепитауше, 2-ші аптада сүйек мозалы түзіледі. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған, қолдарының активті қозғалысы шектелмеген. Денесін және қолдарын ориксациялауға таңғыштар қажет. Болжамы жақсы. Иық сүйектерінің сынуы көбінесе орта немесе жоғарғы үштен бірінде орналасады. Бұл жағдайларында буындарына қан қүйылуы мүмкін. Қолы адукция және ішкі ротакция жағдайларында. Бұл сынықтар иммобилизация көмегімен толық қалпына келеді. Көбіне төменгі аяқтардың жарақаты- аяқ сан сүйегінің сынығы кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет