Көркемдік құралдар: көркем әдебиет, музыка, бейнелеу өнері.Осы құралдар тобының көмегімен балаларда еңбек мазмұны туралы, адамдардың жұмысқа деген көзқарасы туралы, басқа адамдардың еңбегін қоршаған орта қалай бағалайтыны туралы түсінік қалыптасады. Бұл құралдар адамгершілік сезімдер мен қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудегі көркемдік құралдардың рөлі ерекше. Адамды музыка, әңгіме, ертегі тыңдап отырып немесе еңбек туралы суретті қарап отырып еңбекке баули алмайсыз. Дегенмен, көркемдік құралдар арқылы балалардың жұмысқа деген қызығушылығын, жұмыс істейтін адамдарға ұқсас болуды қалауын тудыруға, адамдар еңбегінің маңыздылығын және әлеуметтік мәнін түсіндіруге болады.
Тәрбиеші балалармен жұмыс істегенде күн сайын мақал – мәтелдерді қолданады. Бұл «халық даналығындағы інжу-маржандар» оған баланы мақтауға және жігерлендіруге көмектеседі («Кішкентай ғана болса да, өзі батыл», «Көз – қорқақ, қол - батыр»), жалқаулыққа деген көзқарасты айту («Жалқау Федордың сылтауы бітпес», «Диқан нанын жейді, жалқау арын жейді», «Жалқау қолдар біреудің еңбегін жақсы көреді», «Іскердің іші пыспас»), еңбектің маңыздылығын көрсету («Адамды түсіне қарап таныма , ісіне қарап таны», «Ащы еңбекке тұщы нан»). Мақалды бала ақыл ретінде қабылдамайды, сондықтан да ол тәрбие құралы ретінде тиімді.
Еңбектің моральдық құны ертегілерде де бекітілген. Көптеген халық ертегілерінде жағымды кейіпкер, әдетте, еңбекқор, басқа адамға көмектесуге дайын, сондықтан, ақыр
225
соңында, махаббат, байлық, тану арқылы марапатталады.
Авторлық көркем шығармаларда еңбекке деген көзқарас адамның маңызды қызметі ретінде көрініс табады («Кім болу керек?»В. Маяковский, «Сенде не бар?» С. Михалков), еңбек үдерісі көрсетіледі («Сіздің кітапты қалай басып шығарды»С. Маршак, «Шай жөнінде»,«Мақта қалай бұтада өседі» А. Ивича және т.б.), адамның еңбекке деген көзқарасын, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін, қайсарлық пен қайырымдылықты сипаттайды («Олар қандай поляршы» А. Членова, «Боран арқылы» И. Винокурова).
Энциклопедиялық әдебиеттер де маңызды, олардан балалар әртүрлі кәсіптердің пайда болуы туралы, сондай-ақ киімдерді, заттарды жасау үдерісі туралы, еңбектері адамзаттың ілгері басуына әсер еткен белгілі адамдар туралы біледі. Көркем шығармалардың арқасында еңбектің пайдасы, әртүрлі мамандықтар иелерінің өзара байланысы мен өзара көмек
көрсетуі туралы қорытынды жасауға болады. Мысалы, Ю.Тувимның «Барлығы бәріүшін» өлең жолдары:
Тас қалаушы тұрғын үйлер салғанда, Ал тігінші тігін тігер оларға.
Тігін тігіп, жұмыс жасау үшін де Жылы жайсыз жағдайы оның болар ма?
Қалар еді тас қалаушы киімсіз, Шебер қолдар киім тігіп бермесе. Керек-ақ қой жұмыс жасау үшін де
Суық күнде жылы күрте, кеудеше. Ал наубайшы талап етер етікшіден, Етік тігіп берші деп мерзімімен. Етікші аш жүрсе нан жеместен,
Не пайда дүниенің кеңдігінен. Ойлап тұрсаң, бәріде керек екен Атқарған жұмыстары әр адамның. Сондықтан тату болып, еңбектеніп, Қызығын бір көргейсің бұл ғаламның.
Балаларға еңбек туралы көркем әдебиет оқып отырып
226
тәрбиеші бірден бірнеше маңызды үйрететін және тәрбиелейтін міндеттерді шешеді: балалар әртүрлі мамандықтарды таниды. Олардың ересек адамның қызметінің тағы бір жағына қызығушылығы оянады, оған қарым-қатынасы қалыптасады. Өзін-өзі жасап шығара отырып бала өзі ұмтылатын бейнесін аздап-аздап қалыптастыра бастайды. Шынына келгенде, бұл тек тәрбиеші көркем әдебиетті педагогикалық міндеттерді шешу құралы ретінде қолданған жағдайда, еңбектің маңыздылығына және тұлғада еңбекқор адамның қасиеттері болуына сенімді болған жағдайда, және балаларға өзі осы жағынан үлгі бола алса және көркем шығармаларды оқуды өзінің еңбек қызметі мен балалардың қызметін ұйымдастырумен үйлестіре алған жағдайда ғана пайда болады. Бейнелеу өнері туындылары да балаларды тәрбиелеу құралы бола алады. Шебер суретшілердің суреттерін қарап отырып,балалар тек еңбек процесін көрмейді,одан да маңыздырақ суреттің көңіл-күйін сезінеді. Бір жағдайда - бұл қуаныш, эмоциялық көтерілу ("Нан" Т.
Яблонская), басқасында -тыныш, жай дамылдау ("Тракторшылардың кешкі асы" А. Пластов), өз еңбегінен ләззат алу ("Шілтер тоқушы" В. Тропинин). Бірақ еңбек әрдайым жеңіл және оңай емес. Балалар бұны еңбек етуші адамдарға құрметпен, аяушылықпен қарауды үйрену үшін білу керек. Сондықтан мектепке дейінгі ересек балалармен Н. Ярошенконың «Пеш жағушы» немесе К. Савицкийдің «Темір жолдағы жөндеу жұмыстары» дейтін және т.б. ұлы шеберлердің картиналарын қарауға болады. Тәрбиеші ата - анаға балаларымен бірге сурет галереясына баруға, немесе репродукцияларды үйде көруге және балаларымен суреттердің мазмұны туралы әңгімелесуіне ұсыныс беруіне болады.
Еңбек тәрбиесінің көркемдік құралдар тобына диафильмдер және видеофильмдер, слайдтар жатады. Өкінішке орай, әсіресе соңғы жылдары, адамдардың еңбек тақырыбына осындай құралдар аз шығарылады. Бірақ та бұрынғы жылдары олар жеткілікті болатын және әлі де өз
227
өзектілігін жоғалтпады. Мысалға алсақ: «Колхозшылардың жылдың әр мезгіліндегі қалай еңбек етуі» диафильмі «колхозшылар» деген сөзімен ғана-ақ заманауи емес, ал қалған бәрі - еңбек мазмұны, оның процесі (барысы) толығымен біздің заманға сай келіп тұр, сондықтан осы диафильмді балаларға көрсетіп, ауылдағы шаруашылық жөнінде әңгімелесуге болады.
Еңбек етуге құштарлықты тәрбиелеуде музыка көп септігін тигізеді. Шетелдік (мысалы, болгарлық) әрітестердің тәжірибесінде балалардың еңбегін музыкамен сүйемелдеп отырады. Музыкалық жазбаларды топтық жұмыста да, учаскеде де (телімде де) қолдануға болады. Музыканың көмегімен (әуеннің көмегімен) көңіл-күйді көтеруге, жұмысқа белгілі бір ырғақ беруге болады. Музыка ырғағымен жұмыс жеңілдейді және жағымды болады. Оны қолдану: топпен топтық бөлмені тазалау жұмысы кезінде, қол еңбегі, мектеп жанындағы телімде қолданған аса пайдалы. Балалар ақырында орындаушыға қосылып ән айтуына болады. Тәрбиешісінің де балалармен бірге қосылып бір жайлы ән айтып жұмыс істегені құп болады. Әрине, бұл тек қана тікелей еңбек іс – қимылдарына үйрету жүріп жатпаған жағдайларда ғана мүмкін.
Барлық аталған көркемдік құралдармен педогогикалық процесте жүйелі түрде, бір-бірімен және бір-бірімен өзара қарым–қатынасымен және мектепке дейінгі балалардың да еңбек, шеберлік қызметтерінің ұйымдастырушылығы мен өзара қарым–қатынастары қолданылған жағдайда тиімді болады. Соңғы жылдардың зерттеулері ( А.Д. Шаттова, Л.А. Голуб) еңбек тәрбиесі экономикалық тәрбиесінің алғы шарттарына негізгі қызметін атқаратынын көрсетеді.
Мектепке дейінгі балалардың экономикалық тәрбиелеу туралы бұрынғы кездері де сөз болған жоқ еді. Соңғы онжылдықта ғана осы заманға сай адал экономикалық ой-санаға, іскерлік-шеберлік қасиеттеріне ие болу қажеттілігі турлы мәселе, сұрақ туындады.
Қоғамның бұл талабы экономикалық тәрбие
228
мәселелерін тіпті мектепке дейінгі балаларды актуалды етті. Балалар кішкентай кездерінен бастап: ақшалар, заттар, еңбек, құнды нәрселер сияқты экономикалық категорияларымен араласатын болады
А. Д. Шатованың шығарған «Мектепке дейінгі балалар мен экономика» бағдарламасында білімдер мен мазмұны балалармен бірге жасалатын әдістемелік жұмыстарды төрт
бөлімге бөліп топтастырады. «Еңбек - өнім», «Ақша»,
«Жарнама», «Тұрмыста пайдалы машықтар мен әдеттер» ойдың экономикалық ой-пікірінің қалпын, яғни түрін қалыптастыру
жөніндегі жұмыстар барысында балаларда адам өмірінің
адамдығының, адамгершілігінің негізінде бірінші еңбек
жатқаны туралы тусініктер нақылданады және де қалыптасады. Адам өз еңбектерімен тек қана өзі үшін ғана емес, айналасындығы барлығы үшін де заттар жасауға тырысады. Адамдар бірнеше заттар жасап, жұмыстар істеп, адамдар ақшалар табады, олар жинаған ақшаға өздеріне өте қажет және олар үшін басқа адамдар жасап шығарған заттарды сатып алады. Бағдарлама балалар тұлғаларының дамуымен байланысты бірнеше маңызды теориялық ережелерден құралған: әр тұлға әрекеттен дамиды; Адамның негізгі әрекеті (қызметі) еңбек болып табылады; экономикалық тәрбиенің тәрбиелік мәні саналы қажеттіліктерді дамытуды және қоршаған табиғат пен заттар әлеміне ұқыпты қарауда.
«Мектеп жасына дейінгі балалар және экономика» бағдарламасы мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларға бағытталған, бірақ ойлаудың экономикалық қалпының алғышарттарын қалыптастыру бойынша жұмысты айтарлықтай ертерек бастауға болады және бастау қажет. Мұндай жұмыстың бірінші кезеңінде балалар өздерінің әлеуметтік тәжірибесін әлемге қарым-қатынасын сипаттайтын жекелеген мысалдармен байытады: ересек (үлкен) адам киімді былғамауға, ойыншықтрды сындырмауға, азықты (тамақты) тастамауға үйретеді. Ол балаға этикалық әңгімелер барысында емес,
229
күнделікті өмірде туындайтын нақты жағдайлардың арқасында үйретуге болады. Сондай-ақ үлкеннің нақты мысалдармен бірден балаларға жағдайды түзетуді үйреткені маңызды: «Ойыншық сынып қалды ма? Бұл жаман, бірақ Біз сенімен бірге жөндей аламыз, содан кейін аюдың аяғын бұдан былай тартпайтын боламыз, жақсы ма?»; «Көйлек былғанып қалды, өкінішті, бірақ біз оны жуа аламыз, қыз бала әрқашан таза және әдемі болып жүруі керек қой.» және т.б. Үлкен адам сондай жағдайларда бірден бірнеше мәселені шешеді: заттарға ұқыпты қатынастың маңыздылығына назар аудартады (белгілейді) және осындай қатынастың жолын (тәсілін) көрсетеді, баланың өз күшіне сенімділігін қалыптастырады, еңбекпен қиын жағдайды түзетуді түсіндіреді. Мектепке дейінгі кіші балалар да ересек адам назар аудартса, ата-ананың су мен электр тоғына ұқыпты қатынасуын көре алады: «Мына бөлменің жарығын өшірейік, қазір ешкім жоқ қой» және т.б. Сонымен, баланың жүйелік, саналық түрде әрекеттің экономикалық жағы туралы мағлұмат ала бастауына дейін сәбиде дүниеге қатынас нормалары мен ережелері туралы түсінік қалыптасады. Баланың тәжірибесінде осындай жекелеген мысалдар неғұрлым көп жиналса, соғұрлым оның үлкенірек жасында жинақтауға және қорытындылауға көбірек матерал болады.
Маңызды мәселенің бірі - саналы қажеттіліктерді тәрбиелеу. Бұл тұлғаның адамгершілік, ерік-жігерлік, ақыл-ой, еңбек және экономикалық дамуы мәселесі. Бала неғұрлым үлкен болған сайын соғұрлым ол өзіне ұнайтын, ие болғысы келетін нәрселер мен заттарды көреді. Ересектердің алдында, біріншіден ата-аналар, ата-әжелердің алдында балаға өз тілектерін шектеуді үйрету мәселесі тұрады. Бұл ретте шектеу саналы және біртіндеп бала түсінетіндей болуы қажет. Балаға әрдайым үзілді-кесілді: «Біз қазір дүкенге кіргенде, менен ешнәрсе туралы сұрама, менде ақша жоқ» - деуге болмайды. Мұнымен үлкен (ересек) адам өзіне бірден қарама-қарсы мәселені шешеді, өйткені бала ішінен: «тыйым салынған жеміс дәмді болады» -
230
деп ойлайды. Одан да баланы ақыл-естілікке баулыған жөн: «Біз саған тек ең қажеттіні сатып алып береміз, жаман нәрселерді сатып алуға болмайды. Кейде сатып алу күнін ұйымдастыруға болады. Еңбекпен тапқан ақшаның және өз қажеттілліктерін қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы байланысты балалар өз ойындарында да түсіне алады. Кейде ересек топтарда балалар өз қолдарымен жасаған заттар сатылатын дүкен ұйымдастыруға болады. Олар балалар жасаған өз ақшалары - «балабақша валютасына» сатылады. Оларға өз атауын қоюға болады, мысалы «бақшалықтар»: заттың құны 3 «бақшалық». Балалар (үйде немесе балабақшада) бұйымдарды, ойыншықтарды, суреттерді және т.б. заттарды қолдан жасайды. Сапасы жоғары болуы керек. Тәрбиеші «тауарды» автордан белгілі бір «бақшалықтарға» сатып алып, кейін соның бәрін дүкен сөрелеріне қойып қояды, содан кейін балалар өздері қазір сатып алатын немесе тағы еңбектеніп қосымша ақша табу керектігін анықтайды және есептейді. Балалар бұл ойынды аса қатты қызығушылықпен ойнайтын болады және де сапа мен баға арасындағы, кеткен еңбек пен қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы байланысты түсіне бастайды.
Экономикалық тәрбие беру - біздің балаларымызға, әсіресе мектепке дейінгі балаларға, тәрбие берудегі енді дами бастаған жаңа сала. Бұнда қарама -қайшылықтар мен қазірше оның жауабы жоқ сұрақтар көп. Бірақ осындай тәрбиенің өзектілігі даусыз, ол заман талабымен және балаларды жан-жақты дамуының үлкен мүмкіндіктерімен туындаған.
Достарыңызбен бөлісу: |