С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет187/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

429
Тапсырма



  1. Қандай тәрбие беру міндеттері дидактикалық ойындар арқылы шешілетінін түсіндіріңіз.

  2. «Дидактикалық ойындардың түрі мен құрылымы» сызбасын жасаңыз.

    1. 2-3 дидактикалық ойынды таңдаңыз, олардың үйрету және ойын міндеттерін анықтаңыз; осы ойындарды

пайдалану әдістемесін, күрделендіру нұсқаларын ойластырыңыз.



430
XXIV ТАРАУ


ОЙЫНШЫҚТАР


Ойыншықтың сипаттамасы

Ойыншықтар – арнайы жасалған, ойнауға, балалар мен ересектердің ойын әрекетін қамтамасыз етуге арналған заттар. Ойыншықтың басты ерекшелігі болып онда жалпыланған тұрғыда заттың типтік қасиеттерінің көрініс табуы саналады, оларға байланысты бала ойнай отырып, белгілі бір іс-қимылды жасайды. Мысалы, қуыршақ – адамның жалпыланған образы. Онымен ойнай отырып, балалар адамның өміріне тән іс-әректтерді орындайды: ұйқтауға жатқызады, тамақтандырады, шомылдырады, арбада тасиды, киімін ауыстырады және т.б. бала ойындарында қуыршақ ән айтады, билейді, қонақтарды қарсы алады. Сөйтіп, ойыншық бала нақты іс-әрекеттерді орындауы үшін қажет.


Ойыншықта затты бейнелеудіңшарттылығы бар, ол да онымен түрлі іс-әректтерді орындауға мүмкіндік береді (доңғалақтағы құлыншақты жіппен жүргізуге болады, онда қонжықты қыдыртуға болады). Және, керісінше, табиғи, «жерге жақын» ойыншық баланың қиялына кеңшілік бермейді, ойынның түпкі ойының дамуын тежейді, әрекеттердің белгілі жиынына бағдар береді. К.Д.Ушинскийдің бақылауынша, «...балалар қозғалмайтын, аяқталған, жақсы жасалған, өз қиялы


бойынша өзгерте алмайтын ойыншықтарды ұнатпайды.»(Ушинский К . Д . Избр. пед. соч. — М., 1954. — Т.





  1. — С. 476). Ойыншықтағы қозғалыс құрылыммен, материалдармен, бөлшектерінің қозғалысымен, дыбыстармен қамтамасыз етіледі. Қыз балаға үстел басына отырғызуға

431
болатын, қолынан жетектеп, тазикте шомылдыруға болатын, шашын тарап, мерзім бойынша көйлек кигізуге болатын және т.б. қуыршақпен ойнаған біршама қызықтырақ.

Ойыншық, А.С.Макаренконың бейнелі сөзі бойынша, - «материалдық негіз», ол ойын әрекетін дамыту үшін қажет. Оның көмегімен бала қиялдағы образын жасайды, айналадағы өмір туралы өз әсерлерін білдіреді, белгілі бір рөлді ойнайды. Міне, қыз бала қуыршақ - сәбиді қолына алды, оны тербетіп, жылы сөздер айтып, әлдилей бастады, яғни өзін «ана» ретінде ұстай бастады, оның әрекеттеріне, балаға деген қатынасына еліктеп, қимылдар жасады. Сонымен, ойыншық, Е.А.Флерина әділ атап өткендей, «баланы өмір сүріп, әрекет етуге үйретеді».


Балалық шақтың міндетті түрдегі серігі, ойын-сауық, ермек заты бола тұрып, ойын жалпы білім беретін мәнге ие, баланың әртүрлі дамуының мақсаттарына қызмет етеді. Тәрбие беру міндеттерінің кең шеңбері ойыншықтардың мазмұны, түрі,


материалдары, орындалу техникасы, жас ерекшелігі қолданысының әртүрлілігіне қарай шешіледі.


Кішкентай баланың дамуының негізі – мықты денсаулық, өмірге құштарлығы. Сүйікті бала ойыншықтары (доп, божы, кегель ойыны, серсо, шеңбер және т.б.) сәбилерді жүгіруге, лақтыруға, тастауға, секіруге, қағып алуға және т.б. баулиды, яғни қозғалыстарды дамытады, қимыл, қарым-қатынас жасау белсенділігінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тосынсыйы бар,дыбысталатын, жүретін ойыншықтар таңқалыс, кездейсоқ қуаныш шақырады, күлдіріп, алдандырады, бала өмірін баққытырақ қылады. Кішкентай бала үшін ойыншықтар – дүниеге деген өзіндік терезе, олар оның дүниетанымын кеңейтіп, білімге құмарлығын оятады. Көптеген заттар бала өміріне жануарларды, керек-жарақты, техниканы және т.б. бейнелейтін ойыншықтар арқылы енеді. Олардың көмегімен бала проблемалық міндеттерін шешетін, өзіндік ойлап, тәжірибе жасауға үйренетін ойыншықтар бар. Мысалы, конструктордан оның доңғалақтары «нағыз доңғалақтар» сияқты айналатын




432
арбаны қалай жасауға, мұнараны қалай құрастыруға болады?

К. Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып ойыншық – бала сезімдерін тәрбиелеудің өзіндік мектебі екеніне назар аударды. «Нәресте өз ойыншықтарына шынайы үйір болады, оларды ыстық және емірене жақсы көреді, және те олардағы сұлулық


емес, өзі оларға бекіткен қиялдағы суреттерді сүйеді»(Ушинский К . Д . Избр. пед. соч. — М., 1954. — Т. 2. — С. 477). Жаңа ойыншық баланың жүрегін бірден аулап алмайды. Барлығы сәби оны серіктесі ретінде қосқан ойындар, өмірлік жағдаяттарға байланысты болады.


Ойыншық балаға арналған кітаппен қатар – сәбидің өміріне енетін алғашқы өнер шығармасы. Жақсы безендірілген ойыншық онда эстетикалық уайымдарды оятып, көркем талғамын сіңіреді.


Ойыншықтардың балалардың дамуына үлкен мәні бар екенін тани отырып, ересектер оларды таратады: құрады, қолдан жасайды, фабрикаларда жасайды, бала өміріне енгізеді. Ойыншықтар жалпыадамзат мәдениетінің бөлшегі болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет