Білімқұмарлар үшін
50 жылдан астам уақыт бұрын LEGO дат фирмасы жаңа буындағы конструкторды шығарды. Конструктордың негізін түрлі көлемдегі және дөңестенген цилиндр кнопкалары бар кубиктер құрады. Шыққан күнінен
бастап дат конструкторлары педагогтардың назарын аударып, балабақшаларда, бастауыш мектептерде, түзету орындарында кеңінен пайдаланыла бастады. Балабақшаға арналған алғашқы жинақтар 1961 жылы шықты. LEGO фирмасының басқа педагогтармен ынтымақтастығы (Ұлыбритания, АҚШ, Австрия, Голландия және т.б.) оларды қоллану бойынша әдістемелік құралдары бар арнайы білім беру жинақтарын шғаруға мүмкіндік берді. Бүгін мықты, анық боялған кубиктермен бірге кішкентай адамдар, доңғалақтар, түрлі қосымша арнайы бөлшектер ұсынылады. Абрлық материалдар өте қызықты болса да, бір модельді ғана құруға емес, тұрақты тақырыптық жоба жұмысын жасауға шақталған. Элементтердің бірнеше ондығы контрукциялардың сансыз даналарын құрастыруға мүмкіндік береді, соған қоса, олардың кез келгенін түрлі тәсілмен жасауға болады. Әлемде яслиде, балабақшаларда, мектептерде LEGO-конструктор пайдаланылмайтын бірде-бір ел қалған жоқ, сондықтан бүгін LEGO-педагогика әлемдік қоғамдастығының қызмет етуі жөнінде айтады. Және те, бұл педагогика адамгершілікке бағытталған: LEGO фирмасы өз конструкторларына антигумандық, милитаристік мазмұндағы элементтер мен бөлшектерді енгізуге тыйым салады.
436
ғ. Еуропа бойында өткен соғыстар әскери ойыншықтарды жасауға қызығушылықты көтерді. Әскери техника, қару-жарақтың әр түрі кең ассортименте және ірі санда өндіріле бастады. Балалардың, әсіресе ер балалардың өміріне енген әскери ойыншық күшке табынуды нығайта, адам өмірінің құндылықтары туралы түсініктерін бұза отырып, тиісті тақырыптағы ойынды ынталандырды.
Электрондық өнеркісіптің дамуы балалардың күрделі ойыншықтарын жасауда жаңа бағыттар ашты. Қашықтықтан басқару, бағдарламаланатын әсері бар электронды ойыншықтар (микропроцессорларда) пайда болды. Сөйтіп, Японияда жаңа, виртуалды деп аталатын ойыншықтар пайда болып,әлемдік нарықты жаулап алды. Түрлі телеойындар, компьютерлік ойындар қарқында таралуда.
Ойынға қойылатын педагогикалық талаптар
Баланың дамуына, өзін ойында белсенді көрсетуіне, қуанышты өмір сүруіне көмектесу үшін ойыншық қандай болуы керек?
Ойыншықтарға қойылатын негізгі таплапты Н.К.Крупская «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойыншықтар туралы» атты мақаласында анықтап берді: ойыншық мектепке дейінгі балалық шақтың әр жас ерекшелігі сатысында баланың дамуына ықпал етуі керек.Ойыншықтарды іріктеуде жас ерекшеліктеріне негізделу қажет, сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бірыңғай педагогикалық құнды ойыншық жоқ және болуы да мүмкін емес. Сәбиге айналадағы әлемге бағдар алуға көмектесетін, оның дербес әрекетін ынталандыратын, оны белгілі бір арнаға бағыттайтын ойыншықтар қажет. Ал жоғарғы мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналадағы шындықты зерделеуге көмектесетін, ұжымдық ойынды ынталандыратын ойыншықтар керек.
437
Ерекше талап ойыншықтың тақырыбына, мазмұнына қойылады (ол нені білдіретініне), өйткені осыған көптеген жағдайда ойынның сипаты, бала орындайтын іс-қимылдар, оның сезімдері, мұңаюлары байланысты болады.
Е.А. Флерина осы талапты былай белгіледі: «Ойыншық баланың дүниетанымын кеңейтуі керек, қазіргі шындық образдарымен тартуы қажет» (Флерина Е.А. Игра и игрушка. — М., 1973. — С. 49). Мектеп жасына дейінгі баланың дамуына мейірімді мәнмен толыққан, баланы оң әрекеттерге баулитын ойыншық әсер етуі мүмкін. Зорлық, зомбылық құралдарын, қаруларды бейнелейтін, агрессиялық, бұзушылық мінез-құлықты ынталандыратын ойыншықтар мектеп жасына дейінгі баланың психикасын жаралайды. Олар балаларға айналадаңы
әлем, адамгершілік туралы бұзылған түсініктерін қалыптастырады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның гуманистік бастамаларын әлсіретеді. Осы тұрғыдағы ойыншықтарды мектепке дейінгі мекемеде ұстауға болмайды. Педагог ата-аналарға милитаристік мазмұндағы ойыншықтардың, сонымен қатар, қатыгездік, зорлық-зомбылық ғибадатын насихаттайтын шетелдік мультфильмдердің «қаһармандары» - ойыншықтардың балаға әсер ету залалдығын түсіндіру қажет.
Ойыншық динамикалы, балаға ойынның әртүрлі әрекеттеріне баулуы тиіс. Бұл белсенді іс-қимылдарға, қызметке қажеттілік ретіндегі мектепке дейінгі баланың психофизикалық ерекшеліктерін ескеретін маңызды талап. Егер бала ойыншыққа меңзеп қана қараса, онда ол оның дамуына ісер етпейді. Е.А.Флеринаның сөздерін есте сақтау керек: «Ойыншық түрлі әрекеттергекөп мүмкіншіліктер жасаса, ол балаға соншалықты қызықтырақ, сонша тәрбие мүмкіндіктері көбірек» (Флерина Е.А. Игра и игрушка. — М., 1973. — С. 20). Сондықтан ойыншықтарды түрлі жастағы балаларға жинақтағанда олардың динамикалығына баға ьепу қажет. Кездейсоқ таңдаған жағдайда ойыншық баланың күші мен мүмкіндіктеріне, оның даму даңгейіне сәкес келмеуі мүмкін. Кейде мектепке дейінгі
438
мекемеге алынған ойыншықтар жас ерекшелігіне қатысты топтарға бірдей атеортиментте бөлінуі мүмкін, оны болдырмау керек. Тым қарапайым ойыншықтар жоғары мектеп жаына
дейінгі балаларда қызығушылық тудырмайды, олар жалықтырады, ал кішкентай балаларды, керісінше, күрделі ойыншықтар шаршатады, манипулятивті әрекеттерге апарады.
Ойыншықтың безендірілуіне де белгілі талаптар қойылады. Балада эмоционалдық қатынас тудыру, көркемдік талғамын тәрбиелеу үшін, ойыншық тартымды, әсем безендіруді қажете етеді. Көркем бейнелілік конструкциясының, түсі мен пішінінің гармониялық үйлесуімен қамтамасыз етіледі. Ойыншық дайындалған материал да бейжай қалмайды. Зерттеушілер жұмсақ, үлпілдек материал оң эмоцияларды тудырады, баланы ойынға ынталандырады деп анықтаған. Беті тықыр, суық ойыншықтар, әдетте, сүйікті ойыншығы болмайды.
Ойыншықтың безендірілуі бала өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болып, бір қатар гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс. Соңғы жылдары балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын талаптардың қатаюы туралы мәселе жаңа полимерлік, материалдардың бояулардың, сырлардың пайда болуына айланысты кезек күттірмейтін проблемаға айналды. Әр елдерде жүргізілген сараптамалар ойыншық нарығын толтырып кеткен пластиктен жасалған қарапайым, арзан заттар балалардың, әсересе ерте жастағы, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіндігін көрсетті. Осыған байланысты көптеген елдер ойыншық өндірушілерден олардың өнімінің сапасына, оның токсинды еместігіне, жанбайтындығына және т.б. сенімді кепіл берулерін талап етеді.
Бала денсаулығына қауіпті оларды «пайдалану» барысында туындаған ақаулары бар ойыншықтар төндіруі мүмкін: кішкентай балалар өздері отырғанды ұнататын ірі қуыршақ жиһазы жинағынан шыққан үстел қисайып қалды; металл самосвалдың борты түсіп қалды және т.б. Сондықтан тәрбиеші жүргізетін ойын материалының жағдайына жиі бақылау жасау
439
қажет, уақытылы жөндеу, балалардың пайдалануынан ақауы бар, сынған ойыншықтарды алып тастау керек. Металл және ағаш бөлшектердің көмкерілмеген шеттеріне, ойыншықтардың нашар бекітілген ұсақ бөлшектеріне, бояуының тұрақтылығына және т.б. аса назар аудару қажет.
Мектепке дейінгі ұйымда ойыншықтар тиісті деңгейде орналастырылуы қажет, ол болса, белгілі ойын жабдығын пайдалануды талап етеді: шкафтар, стеллаждар, жәшіктер, доптарды сақтауға арналған торлар және т.б. Өздік ойындарды ойнау үшін ыңғайына қарай модульдер, өзгермелі ойыншық-жиһаз, сахналық жабдық, подиумдар болуы тиіс.
Қазіргі талаптарға толыққанды жауап беретін ойыншықтарды жасау әр түрлі бейіндіге мамандарды біріктіру арқылы мүмкін болады: педагогтар, психологтар, дәрігерлер, суретшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, технологтар, инженерлер және т.б.
Мәскеуде 1920 ж. ойыншықтың көркем-педагогикалық мұражайы ашылды. 1931 ж. ол Загорск қаласына ауыстырылып, мұнда Ойыншықтың ғылыми-зерттеу институты және ойыншық техникумымен бірге (екеуі де 1932 ж. ашылған) отандық ойыншық өнеркісібінің өзіндік орталығын ашты. Атаулы орталық жңа ойыншықтардың үлгілерін жасап, ойыншықтың даму үрдістерін зерттейді және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |