Мектепке дейінгі жастағы бала
Келесі жас кезеңі – мектепке дейінгі жас. Ол да бірнеше ұсақ кезеңдерге бөлінеді: кіші, орта, үлкен мектепке дейінгі жас. Мектепке дейінгі ұйымдарда бұл кезеңге бөлуге сәйкес жас топтары құрылған: бірінші және екінші кіші, орташа, үлкен,
88
мектепке даярлық.
Мектепке дейінгі жастың басталуын 3 жастағы дағдарыспен
сәйкестендіру қабылданған. Әр дағдарыстың сапалы сипаттамасы ретінде жаңалықтың пайда болуын қарастыратын болсақ, онда балада өмірінің 3 жасында қандай жаңалықтар байқалатынын анықтау керек. Бұл уақытта, егер ерте жастағы даму жақсы жүрсе, ал тәрбиелеу амплификация заңын ескерсе, бала шамамен 90— 100 см өседі, салмақ қосады (оның салмағы енді шамамен 13—16 кг болуы мүмкін). Ол анағұрлым епті бола бастады, жеңіл жүгіреді, әрине, екі аяқпен және өте биікке болмаса да секіреді, допты екі қолмен қабыл алады және оны кеудесіне қатты қысады, алайда 2 жасында ол бұны да істей алмаған еді. Физикалық тұрғыдан бала күштірек болғаны анық. Әрине, енді баланың денсаулығы туралы және әрі қарай физикалық дамуы туралы қамқорлық өзектілігін жоймайды, бірақ ол дербес, оның қозғалысы үлкен үйлесімділік пен және сенімділікпен ерекшеленеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың физикалық дамуы ерте жастан қарағанда қарқынды емес. Бұл заңдылық, өйткені өскелең организм үшін сүйек жүйесінің, бұлшықетінің нығаюы, организмнің барлық өмірлік маңызды жүйелерінің ритммен жұмыс жасауы қажет. Табиғат 6 – 7 жаста болатын келесі «секіріске» дайындала отырып, дамудың қарқынын даналықпен тұрақтандырады.
Баланың физикалық дамуы бұрынғыша ақыл-ой дамуымен байланысты. Алайда ерте жаста ол дамудың барлық қырларын өз артарынан ілестіргендей еді. Мектепке дейінгі жаста физикалық даму қажетті шарты, фоны болады, онда баланың жан-жақты дамуы жүреді. Ал ақыл -ой, эстетикалық, адамгершілік, яғни әлеуметтік даму жоғары қарқын алады (бұл физикалық даму әлеуметтіктен айрылған деген сөз емес).
Мектепке дейінгі бала белсенді түрде өзін қоршаған әлемді таниды, бақылып отырған қүбылыстарды, жағдайларды түсініп, анықтағысы келеді. Бұл кезеңде ес, ойлау, сөйлеу, елестету белсенді дамиды. Жақсы ұйымдастырылған педагогикалық жұмыста балалар түсініктерді, қортындыларды игереді, қортынды жасау қабілетін бойына сіңіреді .П.Я. Гальперин «кезеңдік әдістемеге сүйене отырып, біз 6 — 7 жаста (тіпті 5 жаста) ... жалпы қабылданған үлгі бойынша жасөспірім жаста ойлау деңгейіне жауап беретін оқыл-ой әрекеті мен түсінігін алдық» деп атап өтті. Бұл мәліметтерде мектепке дейінгі
89
жастағы балалардың жоғары білімділігі туралы айтады, сондай-ақ ол әлеуметтік қабілеттері, өкінішке орай, дамымай қалатынын білдіреді.
Ақылдың сергектегі, қызығушылық, жақсы ес мектепке дейінгі балаға көп қиындықсыз өмірдің келесі кезеңдерінде қайталанбайтын ақпарат толқының жинауға көмектеседі. Сонымен қатар, балалар шашыраңқы білімді ғана емес, жүйелі білімді де игеруге қабілетті екенін көрсетеді. Егер, Л. С.
Выготский атап айтқандай, бала 3 жасқа дейін «жеке»
бағдарлама бойынша оқитын болса (яғни сәби білім желісін қабылдап және игере алмаса және оны оқыту барысында ересектердің себептеріне ере алмаса ), онда 3 жастан кейін мектепке дейінгі баланың ойлау қабілеті себеп-салдар байланысымен тәуелділікті түсіну, көрсету түрінде ұсынылса, ол оны қабылдауға дайын. Ғалымдардың ойынша егер балаға нақты, шашыранқы, бөлінген білім берсе, оның ойы да нақты болады . Бірақ қарапайым байланыстар мен тәуелділіктер туралы білім беретін болса, мектепке дейінгі бала оларды игеріп қана қоймай, өзінің ой толғамдарында, қортындыларында қолданады. «Егер адам өмірге келсе, оны құдай жаратты», - деп 5 жастағы бала терең оймен айтты. Немесе мындай ойлар: «Ер адам баланы дүниеге әкеле алмайы. Олар әйел затына көмектесу үшін керек. Мысалы, ауыр заттарды көтеру үшін»; «Мұндай жұдырықтай жүрекпен қалай өз отбасынды қатты жақсы көруге болады?!».
Қызығушылық баланы зерттеу жұмыстарына, тәжірбие жасауға (Н.Н. Поддьяков), үлкендерге сұрақ қоюға итермелейді. Сұрақтар сипаты бойынша бала дамудың қандай деңгейінде екенін білуге болады. Мектепке дейінгі баланың алғашқы сұрақтары өзін қоршаған ортаны тану қызығушылығымен байланысты. Сондықтан балалардың сұрағы көбінесе сұрау сөздерініне басталады (« Не, Кім бұл?», «Бұл қалай аталады?»). Мұндай сұрақтар, әрине, әр жаңа затпен, құбылыспен, нысанмен
кездескен сайын пайда болады (үлкен адамдар да осылай болады). Бірақ бұл уақытта – «не және кім» кезеңінде - себепті байланыс пен тәуелділікке қатысты сұрақ әлі туындамайды. Шамамен 4 – 5 жасқа қарай қалай? сұрақ сөзімен («Бұл қалай пайда болады?»), неге? сөзімен («Неге күн жарқырайды?», «Неге әжем жылайды?», «Неге теңіз суы тұзды?» және т.с.)байланысты сұрақтар пайда болады. Мұндағы неге? сұрағынан ересектер
90
көбіне шаршайды, бірақ бұл сұрақтар баланың ойлауға тырысып жатқанын, баланың танып білуге деген құштарлығын білдіреді. Егер ересектер бұл сұрақтарға қажетті түрде көңіл бөлмесе, танымдық қызығушылық бірте-бірте төмендейді және немқұрайлық пайда болады. Алайда мектепке дейінге балалықтың ерекше өзгешелігі тануға, қызығуға деген мүддесі тұрақты сипаттау болып табылады. Бұл қызығушылықты төмендету үшін ересек адамдар өте «тырысуы керек». Өкінішке орай, бұл осылай болады!
Бала танысатын әлеуметтік әлем нысандарының арасында оның өзі де бар. Мектепке дейінгі бала өзіне, өзінің организміне, өзінің жынысына, өзінің сезімдеріне, уайымына қызығушылық танытады.
Психологтар бұны өзін-өзі танудың дамуы деп атайды. Бала үлкен мектепке дейінгі жаста өзі туралы көп нәрсені біледі, ерікті әрекеттің көрінуіне әкеп соғатын жеке сезімдері мен мінез-құлқын басқара алады.
Мектепке дейінгі балалар қиялға берілгіш, ойлап тапқыш, бір нәрсені елестеткіш болып келетіні бәрімізге белгілі. Олардың қиялына шек жоқ сияқты? «Мен Лиза емеспін, мен Пакахонтаспын», — деп бір қыз бала жария салды. Сол сәтте онымен Пакахонтас ретінде сөйлессең: «Жоқ, мен енді Па-кахонтас емеспін, мен Гертамын», - дегенді естисің. Үнемі осылай. Бала үнемі оны қызықтыратын бейнелер әлемінде болады; сурет салады, өз әндерін ойлап табады және т.с. Бұл шығармашылық тұлғаны дамыту үшін өте пайдалы. «Шығармашылыққа биім бала, шығармашылық тұлға, - деп жазады Н. Н. Поддьяков, — бұл мектепке дейінгі баланың бүкіл өмір салтының нәтижесі, ересектермен қарым-қатынасының және бірлескен әрекетінің нәтижесі, өзінің жеке белсенділігін нәтижесі».
Мектепке дейінгі жастағы балада қиял дамиды. Қиял үшін материал болып ол игеретін қоршаған орта туралы білімі қызмет етеді. Шыны керек, көп нәрсе бұл білімнің қалай игерілуіне байланысты — есте сақтау жолымен бе немесе бейнелеу, көру, түсіну жолымен бе. Баланың қиялы ересек адамының қиялынан анағұрлым кедей болса да, дамушы тұлға үшін бұл бай «құрылыс» материалы, одан интеллект пен эмоция ғимараттары салынады.
Балалар жеке сөз қорларын белсенді кеңейтеді, бұл өте
91
маңызды, олардың мағынасына көңіл бөледі, олар жаңа сөздердің мағынасын түсіндіруге тырысады ( «абажурдегеніміз кім?Бұл жақсы көретін адам ба?»; «Неге бұл соншама ыстық?
барлығы қайғыруда ма?»). 4 – 5 жастағы мектепке дейінгі балаларға сай сөз шығармашылығы қалыпты дамудың көрсеткіші болып табылады және кішкентай адамда шығармашылықтың бастауы бар екені туралы дәлел болып табылады.
Мектепке дейінгі жастың жетістігі іс-әрекеттің әр түрлері дамуы болып табылады: ойын, сурет салу, еңбек. Оқу әрекеті дами бастайды. Әрине, басты, жетекші әрекет – бұл ойын. Ерте жастағы баланың қалай ойнағанынмен салыстыратын болсақ, онда ойын сюжет бойынша, роль бойынша әр түрлі бола бастағанын атап өту керек. Енді ойын ұзағырақ бола бастады. Бала ойында өз ортасында көргенін ғана емес, сонымен қатар оған оқып бергенді де, қатарластыры мен үлкен балалардан естігінін де және т.с қолдана бастайды. Ойын баланың ересектер әлемін тануда қажеттілігін қанағаттандырады және өз сезімдері мен қарым-қатынасын көрсету мүмкіндігін береді.
3 жастағы бала рахаттанып, еңбек тапсырмасын орындайды, ересектерге барлық үй істеріне, мысалы, ыдыстарды жуу, тазалау, жууға көмектесуге тырысады: Әйгілі «Мен - өзім»! деген сөздер жұмысқа деген ниетіне айналуы мүмкін, бірақ ол өшіп,қайта қалпына келмейді. Бұл ересектердің баланың тәуелсіздік көріністеріне қатынасына байланысты.Ал, мектепке дейінгі жастағы бала еңбек жасауға қабілетті, ол өсімдіктер мен
жануарларға қамқорлық жасаудан (ересектердің басшылығымен), өз-өзіне қызмет көрсете алудан (өзін киіндіреді, өзі тамақ жейді), тапсырмаларды орындаудан көрінуі мүмкін. Ақыл-ой жұмысына да қызығушылық туындайды. Мектепте оқуға дайындық біртіндеп қалыптасады.
Эмоциялық саланың даму сипаты сапалы түрде өзгеруде. Л.С. Выготскийдің айтуынша, 5 жасында «сезімнің интеллектуализациясы» орын алады: баланың өз күйзелістері менбасқа адамның эмоционалдық жағдайын сезінуге, түсінуге және оны айта білуге қабілетті бола бастайды.
Өз құрдастарымен қарым-қатынастары да өзгереді. Балалар бірге ойнау, ойларымен, әсерлерімен бөлісу мүмкіндігі үшін бір-бірімен бірге болған уақытты бағалай бастайды. Олар қақтығыстарды әділ шешуге үйренеді; бір-біріне тілектестікті
92
білдіреді. Достық пайда болады. Көбінесе бір жыныстағы балалар бір -бірімен дос болады, алайда кейбір жағдайда ер балалар мен қыз балалардың арасында да достық қарым-қатынас байқалады. Оң көріністермен қатар, жаман ойлаушылық,кейде дөрекілік, араласқысы келмеушілік жағдайы да кездеседі. Зерттеушілер өтірік сынды құбылысты да атап өтеді. Әрине, өтіріктің пайда болу себептері әртүрлі, бірақ ол көбінесе дұрыс тәрбие алмауға және балалар еліктейтін ересектер мінез-құлқымен де байланысты болады.
Жеке абырой сезімі дамиды, ол кейде көтеріңкі ашушаңшылықтан көрінеді және кейбір жағдайда балалар арасындағы ұрыстың себебі болады. Бірақ сол арада бұл балаға кейін кішкене ересерек кезінде жақсы қызмет атқаратын өте маңызды сезім болып табылады.
Бала табиғатына қарай оптимистті және көңілді болып келеді. Алайда 5 жасқа қарай, зерттеулердің көрсетуінше, балалардың барлығы әлемді оптимистік сезіне бермейді. Бұл өзін қабылдаудағы, өзін-өзі танытудағы қажеттіліктерге қанағаттанбауына байланысты болуы мүмкін.
Уақыт өткен сайын бала біршама өз бетінше бола бастайды. Онда қалаған мақсатына жету үшін ерік күшінің көру қабілеті қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі бала өзінің ересектерге және балаларға деген қатынасын білдіру формаларын игереді. Онда жақын адамдарына, өзінің отбасына деген жақындық айқын және саналырақ біліне бастайды. Психологтар ситуациядан тыс-тұлғалық деп атайтын қарым -қатынастың жаңа түрі пайда болады. Бала басқа адамдарға, олардың әлеміндегі жаңа құндылықтарға бағыттала бастайды. Мінез- құлық пен өзара қатынас нормаларын игереді. Оған ересектер ортасымен қатар, балалардың ортасы да маңызды болады, себебі олардың әрқайсысы жеке өзінше әлеуметтік тәжірибесін байытады.
Сөйтіп, мектепке дейінгі жастың соңына қарай баланың әлеуметтік тәжірибесі «көптүсті» болады, онда өмірінің алғашқы 6-7 жасында тәрбие сипаты көрінеді . Мектеп жасына дейінгі бала мейірімділікке ашық және ізгілік жасауға қабілетті болады, ал оның теріс көріністеріне өзгеріссіз тұрақты форма тән емес.
Мектеп жасына дейінгі балаға жалпы сипаттама бере отырып, оның дамуы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асатынын атап өту керек. Дене бітімі; ақыл-ой; эстетикалық; адамгершілік
93
дамуын; эмоциялардың; еріктің; интеллектінің дамуын; өмір белсенділігінің формасы ретіндегіәрекет етудің дамуын белгілеуге болады. Әр аталған бағытта баланың әлеуметтік жан ретіндегі қалыптасуының динамикасы байқалады. 6-7 жасқа қарай мектепте жүйелі оқуға дайындығы қалыптасады.
Біз бала туралы оның педагогикалық ғылымның объектісі ретінде айтқанда, жас ерекшелігі мен дамуының негізгі желілерін біліп, ескеріп қана қою маңызды емес. «Бала» деген жалпыланған сөз ол ер бала немесе қыз бала болуы мүмкін дегенді білдіреді. Табиғат барлық тірі жанды ер және әйел бастауы деп екіге даналықпен бөлді. Ерлер мен әйелдердің болуы – адамзаттың өмір сүруінің қажетті жағдайы. Және олар – ерлер мен әйелдер – өте әртүрлі. Сондықтан, ер балалар мен қыз
балалар да бірдей бола алмайды. Психологтар, нейрофизиологтар олар неге әртүрлі және бұл айырмашылық нақты неден құралады деген сұраққа жауап іздейді. Педагогтер де өз кезегінде оларды қалай тәрбиелеуге болады, оларды бірдей бағдарламалармен оқытуға болады ма немесе әртүрлі құрастыру
керек пе деген сұрақтар қояды. Педагогиканың нейропедагогика деген жаңа саласы туындайды, ол өзіне әр түрлі жыныстағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа тәсілдерді әзірлеу міндеттерін қояды. Айырмашылықтар туған кезде-ақ байқалады. Әдеттегідей, ер балалар қыз балаларға қарағанда, жоғары салмақпен туады, бірақ орнына қыз балалар дамуында ер балалардан 3-4 апта алда болады, бұл жағдай олардың жыныстық жетілуінің тезірек өтуіне, ал балалық шағы ер балаларға қарағанда, шамамен екі жылға қысқарақ болуына әкеледі.ойлау, сөйлеу, қиялдау, эмоционалдық саланың дамуы әр түрлі өтеді. Мысалы, ер балаларға ұзақ «ақыл айтудың» пайдасы жоқ. Олар ересек адамдардың әңгімесінің мәнін тез ұғады, бірден жауап береді, ал біздің кейінгі ұзақ ақыл айтуымызды қарапайым айтқанда, тыңдамайды және тиісті жағдайға мүлдем қатысы жоқ сұрақ қоюы мүмкін. Анасы, тәрбиешісі тәрбие беретін әрекеттерге осындай назарсыз қарауына ызаланады. Ал ызаланудың жөні жоқ, ер балағақыз балаға сияқты ұрсуға да, мақтауға болмайтынын түсіну керек. Ғалымдар (Т.П.Хризман, В.Д.Еремеева және т.б.) ер балаларға дамудың барлық кезеңдерінде оң эмоцияның, жылы сөздің, көзқарастың, сипаудың жетіспейтіндігін дәлелдеді. «Ер адамды» тәрбиелеуге тырыса отырып, біз қатты, кейде ашулы
94
қанағаттанбаған адамды тәрбиелейміз. Және те оған себеп – балалық шақта махаббат пен оның көріну формаларының жеткіліксіздігі. Қыздар да, ұлдар да мақтағанды ұнатады. Алайда ер балаларға - оларды не үшін мақтағанын, ал қыздарға кім мақтағанын және кімнің қатысуында мақталғандығын білу маңызды. Әрине, кейде керісінше болады, бірақ та сыртқы әрекеттерге жауап беруде белгілі заңдылық бар. Әртүрлі жыныстағы балаларда танымдық үдерістер түрлі дамиды. Белгілі бір пәнде немесе объектіде оларды әр түрлі нәрсе қызықтырады. Ер балаларды- көліктің маркасы, оның техникалық сипаттары, ал қыздарды сыртқы келбеті, көлікті айдау мүмкіншілігі, әр түрлі түймешіктерді басу қызықтырады. Ер балаларды батырлардың атақты ерліктері, ал қыздарды ренжу, қынжылу және т.б. себептері қызықтырады. Ерекшеліктері көп, олар барлық тұрғыда көрінеді. Оларды балаларды зерделеу және тәрбиелеу және оқыту үдерістерін ұйымдастыру барысында елемеуге және ескермеуге болмайды.
Балалар бір-бірінен жынысымен ғана ерекшеленбейді. Олар темпераментіне, қалыптасқан мінезіне, игерілген өмірлік тәжірибесіне және т.б. қарай әртүрлі. Барлық осы айырмашылықтар ойшыл тәрбиешіні тәрбиені жеке-дара ұйымдастыру амалына бағыттайды. Баланың дамуына назар аудару, оның жеке ерекшеліктерін ескеру ғажайыптар туғызады. Осының арқасында олигофрения диагнозын – ақыл-ой кемтарлығын жеңген жағдайлар да болғаны белгілі. Тек қана жеңген жоқ, сонымен қатар, баланың жоғары интеллектуалдық дамуына ықпал етті. (Александр Русанов туа сала, дәрігерлер осы қорқынышты диагнозды – олигрофенияны қойды. Бірақ ата-анасы мойымады, олар ұлы үшін күресті. Нәтижесінде Саша 13 жасында мектепті бітірді, 19-ында дәрігер дипломын алып, бүгінгі күні өз бағдарламасы бойынша өз қызын тәрбиелеуде.) Бірде Ролан Быков байқап қалды: «Мен бала олигрофениясына күмәндана бастадым. 70 пайға – бұл қаралмаған балалар...».
Өкінішке орай, сараланған-жеке тәсіл дамуында артта қалған балаларға «жедел жәрдем» ретінде ғана түсініледі. Осы арада әр балаға назар аудару қажет. Ол қабілетті, дарынды балаларға да кем дәрежеде қажет емес.
Жақсы дамыған балаларға деген абай-татулықтың арқасында (неге уайымдаймыз, ол жақсы дамыған! ) біз көбінесе даму қарқынын жасанды түрде тоқтатамыз, маңызды сезімтал
95
кезеңдерді өткізіп аламыз, баланы «орташа» етіп, оны бәріне ұқсас етеміз.
Жеке дара қарау дамыту бағдарламасын таңдап алудан, әсер ету әдістерін саралаудан, қарым-қатынас жасау тәсілдерін анықтаудан және т.б. көрінеді.
Осы бөлімде айтылғандардың барлығы болашақ тәрбиешілерді педагогиканың нысаны – бала күрделі, қызық және тым нәзік жан екеніне бағыттау керек. Оны зерделеу, тәрбие беру және оқыту үдерістерін ұйымдастыру барысында зиян келтірмеу керектігін есте сақтау өте маңызды.Дамуға кедергі жасаудан қорық, Адам атты әдемі жан өсетін бүршікті құртып алма!
Достарыңызбен бөлісу: |