Дене тәрбиесінің әдістері, тәсілдері мен формалары
Бірінші топтың міндеттері (сауықтыру) өмір сүруді қамтамасыз ететін мазмұнға ие. Олардың табысты іске асырылуына денсаулық, адамның өмірі де байланысты болады. Бала кіші кезінен бастап оның денсаулығын сақтауға бағытталған ереркше күтімді қажет етеді. Балалардың өлімі осы жаста көп жағдайда олардың денсаулығына деген күтімнің болмауынан немесе жетіспеушілігінен кездеседі.
Жасы үлкен балаларға қатысты денсаулықты күту өзектілігін жоймайды. Бүгінгі таңда біздің елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулықтары туралы мәліметтер үрей тудырады: практикалық түрде балалардың 14% -ының дені сау, 50%-ының денсаулықтарында кемшіліктер бар.
Осы топтың міндеттерін жүзеге асырудың тәсілдеріне гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар, дұрыс тамақтану, табиғаттың сауықтыру күші, Өмірдің оңтайлы тәртібі, дене шынықтыру жаттығулары жатады.
Аталған міндетті шешуге бағытталған педагогикалық жұмысқа балалар өмірінің тәртібін ұйымдастыру, шынықтыру шаралары, қозғалысты дамыту бойынша арнайы жаттығулар жатады. Балалардың дене тәрбиесінің бұл саласында тәрбиеші медицина қызметкерлерімен үнемі байланысты болуды, олардың ұсыныстарын ескеріп, балаларға жеке қарым-қатынас жарау, ата-аналармен әңгімелесуі қажет.
109
Міндеттер
|
Ю. К. Бабанский
|
В.И.Логинова
|
Г. В. Хухлаева және т.б.
|
|
|
|
|
|
|
1. Денсаулықты
|
1. Денсаулықты
|
1.
|
Сауықтыру
|
|
нығайту және
|
сақтау және
|
|
міндеті бар топ:
|
|
шынықтыру,
|
нығайту
|
|
денсаулықты қорғау
|
|
дененің дұрыс
|
2. Ағзаның барлық
|
|
және нығайту,
|
|
дамуына және еңбек
|
мүшелері мен
|
|
қозғалысты
|
|
етуді артыруға
|
қызметінің
|
|
шынықтыру,
|
|
ықпал ету.
|
уақытында және
|
|
дамыту.
|
|
2. Қозғаушы
|
толық дамуын
|
|
2.
|
Тәрбиелеу міндеті
|
|
дағдылар мен
|
қамтамасыз ету
|
|
бар топ:
|
|
іскерлікті дамыту.
|
3. Негізгі
|
|
■
|
рухани-дене
|
|
3. Негізгі қимыл
|
қозғалысты және
|
|
|
дағдыларын
|
|
сапасын дамыту.
|
қозғаушы
|
|
|
|
қалыптастыру;
|
|
4. Гигиеналық
|
дағдылардығ
|
|
|
■
|
дене жетілуінде
|
|
дағдыларға
|
ептілікті,
|
|
|
қажеттілікті
|
|
дағдыландыру,
|
|
|
икемділікті,
|
|
|
|
қалыптастыру;
|
|
гигиена бойынша
|
|
|
батылдықты
|
|
|
■
|
мәдени-
|
|
білімді хабарлау.
|
|
қалыптастыру
|
|
5. Еріктілікке,
|
|
гигиеналық
|
|
|
|
|
батылдыққа,
|
|
|
қабілетке
|
|
тәртіптілікке
|
|
|
тәрбиелеу.
|
|
тәрбиелеу.
|
|
3. Білім беру міндеті
|
|
6. Дене шынықтыру
|
|
бар топ:
|
|
жаттығуларын
|
|
■
|
өзінің
|
|
үнемі орындау
|
|
|
денсаулығы,
|
|
әдеттері мен
|
|
|
өзінің ағзасы
|
|
қызығушылықты
|
|
|
туралы түсінікті
|
|
қалыптастыру.
|
|
|
қалыптастыру;
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7.Ұйымдастырушыл
|
|
■
|
негізгі
|
|
|
|
|
ық дағдыларды
|
|
|
қозғалысты
|
|
қалыптастыру
|
|
|
жасау
|
|
|
|
|
дағдыларын
|
|
|
|
|
қалыптастыру –
|
|
|
|
|
күн тәртібі,
|
|
|
|
|
белсенділік пен
|
|
|
|
|
демалыс туралы
|
|
|
|
|
|
Мысалы, балалардың тамақтанулары туралы мәселеге назар
110
аударайық. Әрине, баланы мектеп жасына дейінгі мекемеде немен тамақтандыру керек. Оны үйлестірілген тамақпен қалай қамтамасыз ету – тәрбиешінің емес, меңгерушінің жұмысы болып табылады. Алайда тек тәрбиеші ғана баланың нені жақсы көріп, нені ұнатпайтындығын, оны күшпен тамақтандыру керек пе жоқ па екендігін біле алады. Тамақтану – денсаулықтың маңызды факторы. Бірақ тамақ баланың көңілін көтеріп, ол рахаттанып тамақ ішуі қажет. Тамақпен зеріктіру, артық тамақ ішу зиынды болып табылады. Бәрімізге белгілі, толықтық денсаулыққа жатпайды. Дәрігерлердің айтуынша, тәбеттің екі реттегіші бар – дене белсенділігі және толық тоқмейілдік сезіміне дейін тамақтануды аяқтау қажет. Әйгілі дәрігер Н.М.Амосов ата-аналарға тамақтануда да пайдалы болатын жалпы кеңестерді береді: «Біріншіден, кез-келген ықыластың қанағаттануын толық қанығуына дейін жеткізбеу керек, қажеттілік бәсеңдеуі мүмкін. Бұл бәріне қатысты. Екіншіден, жеңіп шығуды қажет ететін қиыншылықтарды тудыру қажет, өйткені бұл мінезді шынықтырады. Алайда қиындықтар жеңе алатындай болуын қатаң түрде мөлшерлеу қажет және балаға 50%-дан 70 %-ға дейін мүмкіндік болуы керек. Бірақ 100% болмайды».
Ғалым физикалық денсаулықты адамгершілік денсаулығымен тығыз байланыста қарастырады. «Денің сау болу үшін – бақытты болу маңызды» деген оның сөзі айрықша. Соңғысы тәрбиешіге байланысты болады. Тамақтану кезінде бала күшпен тамақтанбайтындай ортаны жасау керек. Бұған үстелдердің сыртқы түрі, түсі, балалардың отырулары – бір-біріне қарама-қарсы, бір-біріне және тәрбиешіні көріп отырса, бәрі де әсер етеді. Тамақтану кезінде балаларға сөйлесуге тыйым жасауға болмайды, бұл табиғи емес нәрсе. Оларды ақырын сөйлеуге, тамақ туралы ұмытпауға үйрету керек. Ересектер арасында да не сөйлеп, не тамақ ішіп отыратындарды кездестіреміз, олар екі нәрсені бір уақытта орындай алмайды. Тамақтануды ұйымдастыруға, шынықтыру механизмін түсінуге, денеге салмақ түсіруге т.б. әртүрлі амалдар бар. Қазіргі заманғы ата-аналар көп жайдайда кез-келген сауықтырудың «жаңа» жүйесін біліп алып, батыл түрде өз балаларына зерттеу жүргізе бастайды. Кей кезде өзінің жұмыс жүйесіне кез келген инновациялық бағдарламаның балаға деген пайдалылығының дәлелдемесімен таныспай осындай «батылдықты» қолданумен
111
мектепке дейінгі мекемелер де ерекшеленеді. Балалардың денсаулығы туралы сөз болғанда бұған жол беруге болмайды. Өйткені абайсыз жасаған амалдардан қайтымсыз салдарлар пайда болуы мүмкін. Дене тәрбиесі міндеттердің бірінші тобын табысты шешу үшін келесі басты шарттарды айтуға болады: бала организмі қызметінің ерекшеліктерін білу, материалдық ортаны кәсіби сауаттылық амалмен жабдықтау, сауықтыру бағдарламасын таңдауға ерекше көңіл бөлу, балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша жұмыста тұрақтылық пен жүйеліліктің болуы.
Денсаулықтың маңызды факторы физикалық белсенділік болып табылады. Қозғалыстың белсенділігі өмір сүру әрекетін қамтамасыз етеді. Әрбір жаста ол әртүрлі мазмұнмен толығады, бірақ үнемі болуы шарт. Кішкентай балаға тек жүру ғана емес, сонымен бірге жүгіру ойындары, ағаштарға міну, әртүрлі күшке салмақ түсіретін әрекеттер пайдалы және қажетті болып табылады. Өкінішке орай тәрбиешілер де, ата-аналар да балалардың белсенділіктерін тоқтатады, оларға еркін қозғалуға ерік бермейді де сонымен денсаулыққа зиян келтіреді.
Мектепке дейінгі мекемелердің күн тәртібі үшін таңертеңгілік жаттығулар, қозғалыс ойындары, спорттық ойындар міндетті болады. Егер бассейн болса, велосипед тебу, шаңғы, коньки тебу т.б. ұйымдастырылса жақсы. Тәрбиеші балалар қозғалысының белсенділігін ұйымдастыра отыра, әрекеттің басқа түрлерінің алмасып отыруына көңіл бөледі және белсенділік пен демалысты реттейді, осы сәтте қозғалыстың жігерлі болуын ұмытпауы тиіс.
Екінші топтың міндеттері – тәрбиелік – жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға және дене жетілуінің қажеттілігіне бағытталған. Әрине, бұл міндеттер сауықтыру жұмыстарымен тығыз байланысты. Өйткені олардың шешуі табылған соң, баланың жеке қабілеттері де қалыптасады.
Бұл топ міндеттерін іске асыру балалардың іс-әрекеттері, ойындар, сонымен қатар көркемөнер құралдары (көркем әдебиеті, фольклор, кинофильмдер, музыка және бейнелеу өнерінің шығармалары) болып табылады.
Жұмыс әр түрлі формада өтеді: дене тәрбие-сауықтыру жұмысы күн тәртібінде (таңғы жаттығу , қимыл-қозғалыс ойындары, демалудағы дене жаттығулары), балалардың жеке қимыл әрекеттері, белсенді демалыс (дене шынықтыру
112
демалыстары, мейрамдар, деңсаулық күндері).
Әдістер - жаттығулар, әңгімелесу, күрделі жағдаяттарды құрастыру, физикалық және адамгершілік қасиеттерді талдау.
Бұл міндеттер тобы ептілік, батылдық, ерік күші, қиындықты игеруге, жеңіске жетуге деген ұмтылыс, достық сезімі, өзара көмектесу сынды қасиеттерге тәрбиелеуді жобалайды. Зерттеушілер (Т. И. Осокина, Е. Н. Вавилова, Э. Г. Степаненкова және т.б.) дене дамуы баланың жан-жақты тәрбиеленуіне
қолайлы әсер етеді деп анықтады. Жеке қасиеттерді қалыптастыру үшін қозғалу ойындары мен жаттығулар, дене тәрбиесі сабақтарында арнайы үйрету қолданылады.
Тәрбиелік міндеттер балалардың спортшылармен танысқан кезде де шешіледі. Балалармен спортшылардың жаттығуларын бақылағпн, олармен сұхбаттасқан жақсы болар еді. Балаларға әлемдік жарыстарда Отан намысын қорғаған әйгілі спортшылар, чемпиондар туралы әңгімелеп беруге болады. Фильм көрсетуге, суреттер, фотосуреттерді қарастыруға болады. Қызықтыратын мысал өзінің тәрбиелік міндетін атқарады. Егер балалардың біреуі спорт үйірмесіне қатысса, баладан мақсатты түрде жаттығулардың қалай өтетіндігі, қанша күш қажет ететіндігі туралы әңгімелеуін сұрау қажет. Балалардың адам өзін-өзі тәрбиелегенде қандай қанағаттанарлық сезімде болатындығын сезінуі маңызды болып саналады.
Бала дене қозғалысыны игергенде, өзінің мүсінін күте алған кезде денені жетілдіруге ұмтылысқа тәрбиелеуді бастауға болады. Зерттеушілер мен дәрігерлер мектеп жасына дейінгі балалардың көбінде мүсіннің бұзылуы байқалады. Осы жаста әлі де арнайы жаттығулар, тәрбиеші мен ата-ананың күнделікті көңіл бөлуі және баланың санасын жандандыру арқылы кемшілікті түзетуге болады (Н.Н.Кожухова, С. Е. Шукшина және т.б.). Баланың әдемі, сымбатты, дені сау болуын өзінің қалауы маңызды және де оның тілегіне қолдау көрсетіліп отыру қажет және топта өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс ахуалы орнату керек.
Үшінші топты балада өз денсаулығына саналы қарауын қалыптастырумен байланысты міндеттер құрайды. Бұл жағдайда ересектер үлгі тұту, балалардың өз әрекеті, шығармашылық орта секілді амалдар жетекші рөл атқарады. Міндеттер нақты шешішімін табатын үдеріс болып табылатын дене шынықтыру сабақтары мен күнделікті өмірдегі оқу жұмыстары жұмыс
113
формасына жатады. Негізгі әдістердің арасынан келесілерді бөліп қарауға болады: эксперименттеу, жаттығулар, әігңмелесу, картиналар мен иллюстрацияларды қарау . Бала өзінің денсаулығын басқара алатындығын сезінетін жағдаят жасау қажет. Дене тәрбиесінің отандық дәстүрлі жүйесінде осы міндеттер тобы, негізгі қозғалыс арқылы баланы оқытуға бағытталған әдістер кешені ретінде қарастырылады. Бұл ретте тәрбиешінің ықпалына екпін түседі, ал балаға тілалғыш орындаушының рөлі беріледі, оған өзінің денсаулығына әсер ететін механизм туралы ойлану міндетті емес.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдеріндегідей біздің елімізде де дені сау адам туралы ғылым – валеология дамып ждатыр. Бұл ғылымның концепциясы өзінің денсаулығына белсенді қарауы керек, тіршілікке қажетті пен әлеуметтік қажеттіліктердің ішінде денсаулық маңызды екендігін түсінуі керек. Өкінішке орай, адам баласы өз денсаулығын сезбейді (сырқатты сезінеді), оның организмінің қандай да болсын ықпалға қалай әсер ететіндігін білмейді, осыдан көп жағдайда өз денсаулығына деген бейжайлық пен елемеу себебі туындайды.
Негізгі валеологиялық принцип – адам өзін түсінуі, өз денсаулығына ерекше ұқыпты қарауы қажет. Бірақ мұнда адамгершілік тәрбеи беру жүйесімен жойылатын қарама-қайшылық жатыр. Қарама-қайшылықтың негізі өз денсаулығына ұқыпты көңіл бөлгенде ерееск адамдарда, кіші балаларда да басқа адамдарға деген немқұрайлылық дамуы мүмкін, менмендік қасиеті артады. Сондықтан тәрбиешінің балаларда өз дегсаулығына саналы қарауды қалыптастыру бойынша зейін салып жұмыс жүргізу және оны адамгершілік тәрбие беру міндеттерінің шешімімен үйлестіру маңызды болып табылады. (С.А. Козлова, Л.Г. Нисканен, С.Е.Шукшина, О.А.Князева). Балаларды әлеуметтік шындықпен таныстыру әдістемесіне арналған тарауда балабақшаның әртүрлі топтарында осы жұмысты ұйымдастырумен танысасыздар.
Жоғарыда көрсетілген міндеттердің шешіміне бағытталған мазмұнының жұмысына балаларда өмір сүру қауіпсіздігі туралы ұғымды қалыптастыру енеді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың қарауында тиісті бағдарламалар бар (Р.Б.Стеркина, О.Л.Князева, С.А.Козлова и др.). Тәрбиеші осы жұмыстың мағыздылығын түсінуі керек және балалардың нені және не үшін істеп жүргендіктерін түсіне отыра өз денсаулықтарын
114
қорғаудың тәсілдерін меңгерулеріне мол күш жұмсауы қажет. Үшінші топтың міндеттері жүзеге асырылатын әдістердің
арасында маңызды орынды эксперименттеу алады. Оның мақсаты – балаға практикада оның ағзасының қызметін тануға мүмкіндік беру. Балалар бойында демалыс туралы, оның ағзаға
деген қажеттілігі туралы түсінік қалыптастырғанда эксперименттеуді жүргізуге болады (шаршағанға дейін секір, жүгір. Неге жүгірмейсің? Шаршадың ба? Демалу керек. Кеудеңде қатты соғып тұрған не? Жүрек. Жүгірген соң қалай дем аласың? Т.с.с.). Тәрбиеші осы сынды бақылаулардан кейін эксперименттеудің нәтижелерін жинақтай, балаларда өздерін көбірек тануға қызығушылықтарын тудыра отырып әңгімелесуді жүргізеді. Зерттеушілер мен практиктер балалардың өздеріне, өз ағзасын тануға үлкен қызығушылық танытатындықтарын атайтындықтарын ерекше айту керек. Арнайы сабақтар мен күнделікті өмірде тәрбиеші көрнекі құралдар мен кітаптар (Г.Юдиннің «Әлемнің басты кереметі») арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың өз ағзасын тануға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Баланы өзін жақсы көруге үйрету керек. Бұл жерде де қарама-қайшылық туындайды. Э. Фромм : «Бірақ ешкім әртүрлі объектілерді жақсы көруге тыйым салмайды. Алайда басқаларды жақсы көру – адамгершілікті, өзін жақсы көру – кінә дегенді білдіреді деген түсінік қалыптасқан. Өзіңді қаншалықты көп жақсы көрсең, басқаларды жақсы көруің бәсеңдейді, өзіңе деген махаббат – өзімшілдікпен бірдей деген ой ұйғарылады» - деп жазған. Э. Фромм бұл көзқарасқа қарсы пікір білдіреді, өзіңе деген махаббат өзіңді қадірлеу сезімін тудыратындығын айтқан.
С. Л. Рубинштейн де өзіңді жақсы көру және құрметтеу дамуды жеделдететін оң белгі екендігін айтқан. Алайда қарама-қайшылық қалады. Егер тәрбиеші балаға өзін жақсы көре отыра басқаларды да құрметтеп жақсы көру екендігін дұрыс түсіндіріп, қалыптастырса, бұл мәселе шешіледі. Бұл жағдайдан да біз дене тәрбиесінің адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты екендігін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |