236
ұлы педагог баланың қоршаған әлем туралы әртүрлі білімді
игеруінде, адамгершілік дамуында және мектепке дайындағанда
көрген. Педагогика тарихындағы алғашқы жас балалаларды
отбасында оқытуға арналған білім бағдарламасын дайындау
құрметі осы ұлы педагогқа тиесілі. Автор өзі «пайдалы
қазбалар» деп атаған бағдарламаны
ғылыми терминдермен
аталған аталған тақырыптар бойынша топтастырылған білімдер
құрайды. Мысалы, «оптика» (жарық пен қараңғылықты,
кемпірқосақ түстерін түсіну және ажырату) «география»
(баланың туған және тұратын жерін білуі, әртүрлі
ландшафттарды білуі мен ажырата білуі) және т.б.. Баланы
физика, экономика,
геометрия, хронология, астрономия және
т.б. сабақтарды осындай және осы тектес білімге тарту.
Я.А.Коменскийдің ойынша, жалпы ғылыми білім беру
негіздерін орнатады. «Ана мектебі» кітабында осы білімді игеру
жолдары анықталған, әрі айқын
артықшылық сезімдік танымға
беріледі.
Балабақша дидактикасын құрған келесі салмақты
қадамды балабақшада оқыту жүйесін дайындаған
Ф.Фребель жасады. Бұл жүйенің негізін мыналар
құрайды:
■
Білім мен қызмет тәсілдері үйлескен егжей-
тегжейлі
пысықталған бағдарлама;
■
Бірізді күрделеніп отыратын сабақтар формасында
оқытуды ұйымдастыру.
Ф.Фребельдің еңбектерінде педагогика тарихында алғаш
рет оқытудың нақты таратып жазылған методикасы,
«бақташының» (тәрбиешінің) ауызша түсіндіруі балалардың
жауап репликасын, орындалып жатқан іс-қимылды поэзиялық
немесе әнмен сүймелдеуіне дейін көрсетілген.
Мектепке дейінгі
оқыту мәселесі атақты орыс
педагогтарының
еңбектерінде
өз
дамуына
жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: