С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет204/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

367 
Ойындағы рөл 
Бала үшін рөл – бұл оның ойын ұстанымы: ол өзін сюжеттің 
белгілі бір персонажына ұқсастырып, сол персонаж туралы 
түсініктеріне сәйкес қимылдайды. Әр рөл баланың қоршаған 
өмірден алынған, ересектер әлемімен араласудан алып 
пайдаланылған тәртіп ережелерін қамтиды. Ана балаларға 
қамқорлық етіп, тамақ жасап, ұйқтатады; мұғалім қатты және 
діл сөйлейді, қатал, барлығы оны тыңдағанын, сабақта бұзық 
болмауларын талап етеді. Баланың рөлдік ойындарға бағынуы 
сюжеттік-рөлдік ойынның маңызды элементі болып саналады. 
Ойыншылардың біреуінің осы ережелерден алшақтауы ойын 
бойынша серіктестерінде наразылық тудырады: «Капитанмен 
дауласуға болмайды!» немесе: «Капитандар қатты дауыспен 
бұйрық береді, ал сен матростан палубану жууын өтінесің!» 
сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балалар үшін – бұл қалай әрекет 
ету керек екендігіне үлгі. Осы үлгіге негізделе отырып, сәби 
ойынға қатысушылардың, кеін өзінің де мінез-құлқын 
бағалайды. 
Рөл ойында ерте және мектеп жасына дейінгі жаста пайда 
болады. 
Өмірінің 
үш 
жасында 
баланың 
ересектен 
эмансипациясы байқалады. Бір мезгілде меткеп жасына деінгі 
балада ересектер сияқты, дербес қимылдау талпынысы өседі. 
Сонда сіби ойнап отырып, белгілі бір ересекке тән жекелеген 
қимылдарды жасай бастайды (анасы сияқты қуыршақты 
ұйқтауға жатқызады). 
Оларға тағы бір белгіні жатқызуға болады: бала ойыншықтың 
атынан сөйлей отырып, оны «дыбыстайды». 
Мектеп жасына дейінгі балалақы шақ бойына сюжеттік-
рөлдік ойындағы рөлдің дамуырөл-образдарғарөлдік іс-
қимылдарды орындаудан шығады. Төменгі мектеп жасына 
дейінгі балалардатұрмыстық іс-қимылдар басым болады: пісіру, 
шомылдыру, жуу, жүргізу және т.б. Кейін белгілі бір іс-
әрекеттермен байланысты рөлдік белгілеулер де пайда болады: 


368 
мен – ана, мен- жүргізуші, мен – дәрігер. Заттармен әрекет 
жасауда алынған рөл белгілі бағыт, мән береді: ана ойнау үшін 
түскі ас әзірлеуге, баланы шомылдыруға қажетті ойыншықтар 
мен заттарды таңдап алады; дәрігер емдеу үшін қарындаш-
қызуөлшегішті алады, қыша қағаз үшін қағазды жыртады, 
бөтелкеден ойдағы дәріні құяды және т.б. балалар ересектердің 
белгілі бір атрибутиканы қажет ететін әрекетін орындағанды 
қалайды: анада – тұрмыс заттарының жиынтығы, дәрігерде – 
дәрігерлік құрал-саймандар, дәрі-дәрмектер, жүргізушіде – көлік 
құралы. Сөйтіп, рөлді орындай отыра, төменгі мектепке дейінгі 
жастағы балалар ойыншықтарды, шынайы заттарды (қасық, 
қуыршақты шомылдыру үшін леген), сондай-ақ, заттар-
орынбасарларды (қарындаш немесе таяқша ойын барысында 
пышақ, қасық, кызуөлшегіш, шприц болып кетеді) пайдаланады. 
Ойыншылар арасындағы рөлдік өзара әрекет ету заттық-ойын 
әрекеттері арқылы жүзеге асады: дәрігер қызуды өлшей, дәрі егу 
арқылы ауруды емдейді және т.б. 
Орта мекткепке дейінгі жаста рөлді орындау ойын әрекетінің 
маңызды мотивы болып саналады: балада жай ғана ойнау емес, 
белгілі бір рөлді орындау ынтасы пайда болады. 4-5 жастағы 
мектепке дейінгі жастағы балада ойын мәні песронаждар 
арасындағы қарым-қатынастардан тұрады. Сондықтан бала өзіне 
қарым-қатынастары түсінікті рөлдерді жеңіл алады (тәрбиеші 
балаларға қамқорлық жасайды, капитан корабльді жүргізеді, 
матростардың дұрыс жұмыс жасауын, жүргіншілерге ыңғайлы 
болғанын қадағалайды). Бала осы қатынастарды сөз, ым-ишарат 
арқылы бейнелейді. Осы жастар рөлдік сөйлеу өзара әрекет 
жасау құралына айналады. Балаларда белгілі бір рөлдерге 
таңдау 
қарым-қатынасы 
қалыптасатындықтан, 
ойын 
басталғанша оларды бөлу – біршама эмоционалды үрдіс. 
Педагогтің көмегі қажет. 
Жоғары мектепке дейінгі жаста ойынның мәні рөлін бала 
орындайтын тұлғаның, рөлдерін басқа балалар алатын өзге 
тұлғалардың типтік қарым-қатынастарынан құралады. Ойын 


369 
барысында рөлдік сұхбаттасулар пайда болады, олардың 
көмегімен персонжадар арасындағы қатынастар көрінеді, 
ойындағы өзара әрекеттер орнайды. Рөлді орындау сапасы үшін 
оның балаға деген қарым-қатынасы маңызды. Сондықтан ересек 
мектепке дейінгі жастағы балалар олардың түсінігінше 
жынысына сәкес келмейтін рөлдерді ынтасыз орындайтынын 
есте сақтау керек. Сөйтіп, ер балалар тәрбиеші, мектепке дейінгі 
мекеменің меңгерушісі рөлін орындаудан бас тартады, мектеп 
ойынын ойнағанда дене шынықтыру мұғалімі болуға келіседі. 
Рөлдердей орындай отырып, балалар әрекеттердің сыртқы 
логикасын, бірізділігін емес (аэродромда бос алап бар, ол 
дегеніміз ұшақ жерге қона алады), әлеуметтік қатынастар (алап 
бос, бірақ апатты болдырмау үшін диспетчерді шақыру керек) 
мәнін назарына алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет