С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет242/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Білімқұмарлар үшін 
ХХ ғ. 20-шы жж. отандық педагогтер образдық ойыншықтар (ең алдымен 
қуыршақтар) бала қызығушылығын шектейді, ескінің жұғынын баяндайды, 
«мещандық тәрбие беруге ықпал етеді деп тұжырымдай отырып, оларға сын 
айтты. Баланың сүйікті ойыншығы – қуыршақ – балабақшадан қуылды. Оның 
орнына «пионер», «қызыл әскер», «жұмысшы» қуыршақтары келді, олар 
жаңа социалистік мазмұны бар ойындарды ынталандыру керек еді. 
Е.А. Флерина осы көзқараспен келіспеді. Ол балабақшада 
эксперименталды жұмыс жүргізіп, оның негізінде мектеп 
жасына дейінгі балаларға (қыздарға да, ұлдарға да) кішкентай 
бала образындағы қуыршақтар керектігін анықтады. Олармен 
ойнау барысында балалар мәдени отбасы тұрмысын игереді, 
анасына балаларға қарауда еліктейді, қамқоршы, ұқыпты болуға 
үйренеді. Жоғары мектепке дейінгі жастағы балалар 
қуыршақтармен ересектер образында ойнайды, соның ішінде, ер 
балалар кәсібі айқын көрінген қуыршақтарды, әсіресе, ол 
мамандық қаһармандық қатарына жатса, қалайды. 
Қуыршақ өз құқықтарын баяғыда қайта қалпына келтірді
мектепке дейінгі мекеменің әр тобында барлық қуыршақ 
«шаруашылығы» бар қуыршақ ойыншықтарды көруге болады. 
Алайда 
Е.А.Флоринаның 
қуыршақтармен 
ойынаудың 
тәрбиеберу туралы көзқарасы көбінесе іске аспаған болып 
табылады. Сенбейсіздер ме? Балалардың «Жанұя», «Қыздар-
аналар» ойындарын бақылаңыздар. 
Дидактикалық ойыншықтар балаларды ақыл-ойы мен 
сенсорлық дамыту үшін арналған. Олардың арасында халық 
ойыншықтары көп кездеседі: матрешкалар, пирамидалар, әр 
түрлі кішкентай шарлар, кішкене бөшкелер, бирюлькалар және 
т.б. Дидактикалық ойыншықтармен ойнай отырып, бала түрлі 
міндеттерді 
шешеді. 
Осындай 
міндеттердің 
шартары 


443 
ойыншықтың конструкциясына енген (пирамиданы, мұнараны, 
матрешкаларды ыдырату және жинау). 
Е.А.Флеринаның 
анықтауынша, 
ермек–ойыншықтар, 
«көңілді 
ойыншықтар» 
балаларды 
алдандыру 
үшін 
пайдаланылады. Олар адамдардың күлкі тудыратын кішкене 
фигураларын білдіреді: тік сатыда айналып секіріп жатқан 
клоун, сүзісіп жатқан ешкілер, қонжық-«тартқыш», құймақты 
епті пісіріп жатқан аспазшы және т.б. Қазіргі ермек-
ойыншықтардың ертедегі бастамаларын кішкентай балалардың 
көңілін көтеру, оларды күлдіру үшін жасаған (шоқып жеп 
жатқан 
тауықтар, 
әткеншектер 
және 
т.б.). 
ермек-
ойыншықтардың 
ерекшелігі 
қозғалыста, 
тосынсыйда, 
кездейсоқтықта, кейде қарама-қайшылықта, ойын әсерлерінің 
өзгешелігінде. Осының барлығы балада күшті қызығушылықты, 
айқын эмоцияларды оятады, әзіл сезімін дамытады. Демалыс 
пен ойын-сауық уақыттарында осындай ойыншықтар қуанышты 
ортақ бірге сезінуге ересектер мен балаларды біріктіруге 
көмектеседі. 
Ермек-ойыншықтар 
тәрбиешіге 
балалармен 
байланыс орнатуға, шиеленісті жазуға, орынсыз әрекеттерден 
көңілін бөлуге көмектеседі. Балаларда ойыншық қалай 
құрастырылғаны, ол неге қозғалатыны туралы білу және т.б. 
ынтасы ерте пайда болады. Ермек-ойыншықтың мықты болу 
талабы осыдан туындайды. Ермек-ойыншықтарға сонымен қатар 
фокустар жиынтығы жатады. Заманауи ерсек-ойыншықтарда 
механикалық, электротехникалық және электронды құрылғылар 
кеңінен кездеседі. 
Спорт ойыншықтары дене тәрбиесі міндеттерін шешуге 
арналған. Олар қимылдарының ептілігін, көзбен шамалауды, ірі 
және ұсақ моториканы, шыдамдылық, ұйымшылдық сынды 
қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Бұл ойыншықтар әртүрлі. 
Біреулері қолдың, иықтың бұлшық еттерін нығайтуға
қимылдарының 
үйлесімділігін 
дамытуға 
бағытталған 
(шыбықтар, дөңгелек сүйек, серсо, доптар, шеңберлер, 
бильбоке). Басқалары жүгіру, секіру дағдыларын дамытуға 


444 
ықпал етеді, аяқ, дене бұлшық еттерін нығайтады (каталкалар, 
велосипедтер, саокаттар, роликтер, секіргіштер). Сонымен, 
ұжымдық ойындарға арналған спорт ойыншықтары да бар 
(үстел баскетболы, хоккей; пинг-понг). 
Музыкалық ойыншықтар музыка қабілетін дамытуға 
арналған. Олар сабақтарда, мерекелерде, ойын-сауықтарда, өздік 
ойындарда пайдаланылады. Дыбысталу ерекшеліктерімен, әсем 
безендірілуімен айрықшаланады. Бұл пішіні мен музыкалық 
дыбысталуына қарай балаларға арналған балалайкаларды, 
металлофондарды, ксилофондарды, органдарды, сырнайларды, 
барабандарды, сыбызғыларды, волынкаларды, музыкалық 
шкатулкаларды (соның ішінде электрондық) және т.б. 
елестететін ойыншықтар. Музыкалық ойыншықтарға музыкалық 
құрылғысы бар сюжеттік ойыншықтарды (пианино, рояль), 
қоңыраушалар, сылдырмақтар жинағын, музкалық жазбаларды 
тыңдауға арналған ойын құралдарын жатқызады. Музыкалық 
ойыншықтарға қойылатын талаптар: дұрыс дыбысталу, 
дайындаудың жоғары сапасы, безендірудің эстетикалығы. 
Театрландырылған ойыншықтар – бұл қуыршақтар – тетар 
персонаждары, бибабо қуыршақтары, марионетка-қуыршақтары; 
ертегілер бойынша көріністерді, сахналауларды орындауға 
арналған сюжеттік кішкентай фигуралардың жинағы. Осындай 
ойыншықтарға костюмдер мен костюм элементтері, атрибуттар, 
декорация элменттері, бетперделер, бутафория және т.б. жатады. 
Ойын-сауық, карнавалдар үшін үрленетін ірі ойыншықтар 
(ертегі персонаждары, жануарлар) қолайлы. Театрландырылған 
ойыншықтарды пайдалану белгілі ойын жабдығын, атап 
өткенде, театр жылжымалы сахнасын, негіз-экраннан тұратын 
және оған бекітілген кішкентай фигуралардан құралатын 
магнитті, фланельді құрылғыларды талап етеді. 
Театрландырылған ойыншықтар күнделікті қолданыстағы 
заттар болып табылмайды, олар балалардың алдында мерекелік, 
эмоционалдық көтеріңкілік атмосферасымен байланысты болуы 
керек. 


445 
Техникалық ойыншықтар балаларды техника әлемені 
енгізеді; өзіндік әрекеттері бар техникалық заттардың сыртқы 
түрімен таныстырады (машиналар, механизмдер, көлік 
құралдары). Бұл ойыншықтарға ойыншық фотоаппараттарды, 
бинокльдерді, 
дүрбілерді, 
ұшатын 
модельдерді, 
калейдоскоптарды, балаларған арналған тігін машиналарын 
жатқызады. Көптеген техникалық ойыншықтарда бұралмалы, 
серпінді 
қозғауыштар, 
электр 
моторлары, 
электронды 
құрылғылар пайдаланылады. 
Құрылыс және конструктивтік материалдар балалардың 
құрастыруына, техникалық тапқыштыққа арналған. Құрылыс 
материалдарының жинағы құрылымдар мен ғимараттарға 
арналған түрлі пішіндегі бөлшектердің жиынтығын білдіреді. 
Конструкторлар бөлшектер, бекітетін элементтер мен түрлі 
конструкцияларды жинауға арналған ұқұралдар жиынтығынан 
тұрады. Балаларға бөлшектерді біріктірудің түрлі тәсілдері бар 
конструкторларды ұсынады: салу, табыстыру, мүшелеу (бекіту 
құрылғылары бар). Үлкен дамытатын мүмкіндіктерге жаңа 
буындағы конструкторлар — «LEGO»ие. 
Қолдан жасалған ойыншықтар балалардың өздерімен, 
олардың ата-аналарымен, тәрбиешілерімен жасалады. Осындай 
ойыншықтарға қажеттілік ойынның барлық түрлерінде пайда 
болады: театрландырылған ойындар үшін балалар «әртістердің» 
шағын фигураларын, декорация элементтерін, бетперделерді 
жасайды, сюжеттік-рөлдік ойын үшін –«азық-түліктерді», 
«дәптерлерді», «кітапшаларды» және т.б. Қолдан жасалған 
ойыншықтарды жасаудың негізінде көркем еңбек жатыр, оның 
барысында бала алға қойған мақсатына жету үшін түрлі 
материалдарды түрлендіруге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі 
бала қолдан жасалатын ойыншықтарды әр түрлі материалдардан 
әзірлейді: безендірілмеген (қағаз, картон, жіп, мата, жүн, фольга, 
пенопласт), жартылай безендірілген (қорабшалар, тығындар, 
катушкалар, пластмасса бөтелкелері, түймелер), табиғи 
(бүршіктер, емен жаңғақтары, бұтақтар, сабан, саз). Ойыншықты 


446 
жасай отыра, ересек оны қалай жасап жатқанын бақылай 
отырып, оған бар күшімен көмектесе отырып, бала жасау 
әрекетіне деген қуанышты, талпынысты сезінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет