С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ерте жастағы балаларға арналған ойыншықтар



Pdf көрінісі
бет243/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Ерте жастағы балаларға арналған ойыншықтар 
Баланың психикалық дамуы үшін ойыншықтың мәні сіби 
кішкентай болған сайын маңызды. Сондықтан өмірінің бірінші 
жылдарындағы балаларға ойыншықтарды дұрыс таңдау өте 
маңызды болып келеді. Ерте жаста даму тез қарқындап жүреді, 
ол тәрбие берудің міндеттерін, әдістері мен құралдарының, 
соның ішінде, ойын матреиалының да алмасуына әкеледі. Сол 
арада бала психикасының дамуы, оның тұлғасының қалыптасуы 
айналадағы дүниені іспен игеру үрдісінде орындалатынын 
ескерген жөн. Ең алдымен бала материалдық мәдениетті, яғни 
практикалық (заттық), құрал-сайман әрекеттерін игеруі тиіс. 
Осы практикалық әрекеттердің қойнауында таным мотивтері 
мен қажеттіліктері қалыптасады, сөйлеу және эмоциялар 
дамиды. Ойыншықтармен әрекет ету бала қол жеткізетін 
алғашқы практикалық іс-қимылдар сынды анализаторлардың 
жұмысына, сыртқы әсерлері, қимылдарына қажеттіліктерін 
ынталандырады. Нәрестенің өміріне бір-екі айлығында енетін 
ойыншықтар көру, естудің дамуына ықпал етуі керек. Бұл ашық 
түсті жеңіл доп, шар, басқа да ашық түсті ірі ойыншық 
(кереуеттің үстіне нәрестенің көзінен 50 см алшақтықта ілінеді). 
2-2,5 айынан ірі сюжеттік ойыншықтар қосылады (қуыршақ, 
қонжық), олар кереуеттің, манеждің қасына орнаастырылады. 
Сол арада дыбыс шығаратын ойыншықтар да қажет 
(сылдырмақтар, 
қоңыраушалар, 
неваляшкалар). 
Ойыншықтардың дыбыс беруі бала көзқарасымен оған қосымша 
тартымдылық береді. Оған қоса, баланың кеудесінің үстіңгі 


447 
жағына қолымен ұстап алуға болатын ойыншықтарды таңдап
іледі: сақиналары, сабы бар сылдырмақтар; салпыншақтар. 
Заттармен әрекет ету үшін балаларға 5-6 ай жасынан бастап 
әртүрлі ойыншықтарды береді: ысқырығы бар пластмассалы, 
рәзеңкелі, ағаштан жасалған астары бар ойыншықтар, түрлі 
көлемдегі кішкентай шарлар мен доптар және т.б. Түрлі 
материалдардан жасалған ойыншықтардың арасында образдық 
ойыншықтар да болуы тиіс: қуыршақ-неваляшка және пішініне 
қарай қарапайым пластмассадан, рәзеңкеден, матадан жасалған 
қуыршақтар, жануарлардың кішкентай фигуралары. Осы 
ойыншықтар көрнекі безендірілуі қажет (қуыршақта – үлкен 
көздер, қанық түсті ауыз). Көлеміне қарай ойыншықтар ұсақ 
және орташа, пішініе қарай бір немесе екі қолымен ұстауға 
ыңғайлы. 7-8 айдан бастап салуға арналған ойыншықтар мен 
заттар қосылады (тегенелер, кубтар, ұсақ ойыншықтары бар 
кәрзеңкелер). Балаларға тақырыбы бойынша бірдей (әтеш, 
мысық), 
бірақ 
түсіне, 
көлеміне, 
материалына 
қарай 
ажыратылатын 
ойыншықтар 
ұсынылады. 
Сюжеткөліктік 
ойыншықтар пайда болады (каталка, кішкентай автомашиналар). 
Балаға 8-9 айынан бастап әдемі, қолға ұстағанда жұмсақ 
ойыншықтарды көрсетеді, олармен әрекет етуді үйретеді. Осы 
кезеңнен бастап олардың көмегімен бала біртектес, бірақ 
көлеміне қарай әр түрлі заттар мен ойыншықтарды жинау 
(конустар, цилиндрлер), қорабшаларды, ойыншық кәстрөлдердің 
қақпағын жабу барысында әрекеттерді үйлестіру тәсілдерін 
игереді. Алмалы-салмалы ойыншықтар (бочата, жұмыртқалар, 
саңырауқұлақтар), доғаға ілетін сақиналар пайдалы. 
Кейінірек (10-12 айдан бастап) бала пирамидаларды, 
матрешкаларды жинау, астау ішінде кішкентай шар немесе 
допты домалату, алмаслы-салмалы ойыншықтармен, сонымен 
қатар кубиктермен, кішкентай кірпіштермен, призмалармен 
ойнайтын ойындар барысында заттық әрекет жасауды меңгереді. 
Осы жастағы балаларға (түрлі пішіндегі, көлемдегі, түстегі) 
тиісті заттарды салуға арналған кертіктері бар ойын үстелдері 


448 
қызығушылық тудырады. 
Бір зат – құрал-сайман – басқасына (басқаларына) әрекет ету 
үшін қолданылатын құралмен жұмыс істеу әрекеттерін игеру 
барысында бала бір жасының аяғына қарай ойыншық 
қалақшаларды, күректі, ойыншық ыдыс-аяқты пайдалануды 
үйрене бастйды. Бұл ойыншықтардан басқа, (көздері, 
құлақтары) ірі жасалған бөлшектері бар ойыншықтар, 
қуыршақпен ойнауға арналған арбалар, төсек жаймалары, 
көрпелер қосылады. Ересектер ермек-ойыншықтарды көрсетеді 
(жерді шоқып жатқан тауықтар, секіретін көлбақалар). 
Сәбилерге бұрамалы ойыншықтарды көрсетеді (автокөлік, арба). 
Жүру дағдыларын дамыту үшін ойыншық-каталкаларды 
пайдаланады, бала оларды алдына итереді немесе жіппен 
жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет