С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет105/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

барысында осы білімдер жаңа деңгейге көтеріледі: сөйлеуге
жалпыланады, жетілдіріледі. Ойында балалрдың қарым-
қатынасы олардың білімдерімен өзара баюына ықпалын тигізеді, 
өйткені балалар өз ойларымен алмасады, үлкендерден кеңес 
сұрайды, басқа да қосымша ақпаратқа жүгінеді. 
Ойын арқылы балалар өздерінің алған әсерлерін жинақтайды, 
рөлге кіреді, түрлі ойыншықтар мен заттарды қолданады. 
Өздерінің ойларын келісу қажеттілігі, не ойнайтындарын 
алдын ала келісулері балларда ойлау функцияларын дамытуға 
ықпалын тигізеді. 
Ә р е к е т т і ң
т и і м д і
т ү р л е р і
( е ң б е к ,
қ ұ р ы л ы м д ы қ , б е й н е л і - лаудың жоспралау функциясын 
ары қарай дамыту үшін өзінің ерекше мүмкіндіктері болап 
саналады. Бала атқаратын әрекетінің нәтижесін алдын ала 
болжауы тиіс, жұмыстың орындалуы кезеңдерін анықтай алуы 
қажет.
Еңбек әрекетіндегі ақыл-ой тәрбие балалардың сенсорлық 
тәжірибесін молайтуға бағытталған: материалдармен, олардың 
белгілерімен, қасиеттерімен, түрлендіруші әрекеттің әсерінен 
олардың өзгерістерімен (топырақ суарған соң сулы болады
қазылған жер – борпылдақ; сабын жылы суда көпіршіктенеді) 
таныстыру. Балаларда материал, еңбек құралдары, еңбек 
операцияларын орындау тәсілдері туралы білім жүйесі 


187 
қалыптасады. 
Қол еңбегіне қиялдауды дамыту үшін шексіз мүмкіндіктер 
тән (в том числе и пространственного), тапқырлық
шығармашылық.
Табиғаттағы еңбек ерекше танымдық негізге ие, өйткені 
баланы 
өсімдік 
және 
жануарлар 
әлемі 
дамуының 
ерекшеліктерімен таныстырады. Ол өз кезегінде себептік-
тергеулі байланыстарды анықтауға, қорытынды шығаруға, ой 
тұжырымын жасауға көмектеседі.
Жүйектерде, табиғаттың бұрышында өсімдікті өсіру кезінде 
балалар «тұқымнан тұқымға дейін» барлық циклді бақылайды, 
өсімдік өсуінің оған жасаған қажетті жағдайлардың (судың, 
жарықтың, жылудың бар болуы) әсерін көріп, иланады. Сөйтіп, 
еңбек табиғатта ойлаудың жетілуіне ықпал етеді.
Баланың өміріне ақыл-ой дамуының маңызды құралы ретінде 
материалдық және рухани мәдениеттің заттары ерте енеді: 
әртүрлі ойындар мен ойыншықтар, құралдар, кітаптар, өнер 
туындылары, 
архитектуралар, 
мүсіндер, 
декорациялық-
қолданбалы өнер заттары және т.б.).
Соңғы жылдары ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде ұлттық 
мәдениеттің туындылары: ұлттық әндер, билер, фольклор, аспап, 
киім, әшекей бұйымдар; ұлттық салт-дәстүрлер, мерекелере 
белсенді қолданыла бастады. Ұлттық мәдениеттің танымдық 
мазмұны өте үлкен. Нақты материалда балаларда халықтың 
өмірі мен тұрмысы, қолөнері және т.б. туралы бастапқы тарихи 
түсініктері қалыптасады.
Шетелде, соңғы жылдары біздің елімізде де балалардың 
ақыл-ой тәрбиесінің кешенді тәсілі ретінде мұражайлар 
(өлкетану, шығармашылық, тарихи) қолданылады. Көптеген 
мұражайлар өз студиясының базасында мектепке дейінгі және 
кіші 
мектеп 
жасындағы 
балалар 
үшін 
үйірмелер 
ұйымдастырады, арнайы қойылымдар жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет