С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет154/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

кітап 
графикасын 
(кітаптардың 
иллюстрациясын) қолданады, олардың көмегімен шығарманың 
кейіпкерлері тіріледі, оқиғалар өтіп жатқан елдер мен қалалар 
пайда болады. Одан басқа педагог заттық суреттер іздеп, 
тақырыптар бойынша саралайды («Ойыншықтар», «Транспорт», 
«Үлкендердің еңбегі», «Жануарлар», «Біздің қала» және т.б.), 
әрлеп, балалармен жеке жұмыс істеген кезде, және де үлестіру 
материалы ретінде топтық және фронталды сабақтар кезінде 
қолданады. 
Сабақ кезінде оқыту мақсатында слайдтар, диафильмдер, 
видеофильмдер 
көрсетіліп, 
компьютерлік 
бағдарламалар 
қолданылады. Слайдтар арқылы педагогтың әңгімесінің 
иллюстрациясы жасалса, ол әңгіме айқын және сенімдірек 
болады. Диафильмдер мен видеофильмдер балаларды оқу 
фильмдеріне үйретеді, оның ерекшелігі танымдық мазмұнда 


266 
болатындығы.Мысалы, 
«Нан 
қайдан 
келді?», 
«Мәскеу 
салынуда», «Бір аяқ сүт» және т.б. Фильмді қабылдау үшін 
алдын-ала дайындық жасау керек, сурақтар қойылып, көргеннен 
соң олар жауап беруі керек. Фильм көру сабақтың бір бөлігін 
ғана алады, олардың ұзақтығы 10 минуттан аспайды. Кейін 
балалармен қойылған сұрақтар бойынша әңгіме жүреді. Егер 
балаларға жауап беру ауыр болса, фильмнің кейбір кадрлары, 
үзінділері қайта көрсетіледі. Бірнеше күннен соң қайта көрсетіп, 
балалардан тек мазмұндап айтып беруін сұрамай, факттарды 
талдау жасауға, олардың байланысын орнатуға итермелеу керек. 
Белгілі 
бір 
заттың, 
құбылыстың 
қарапайым 
демонстрациясы, оның суреттегі бейнесі баланың 
осы 
объектінің қажетті жақтары мен қасиеттерін ашпайтынын ескеру 
қажет.Стихиялы түрде қабылдау заттар туралы дұрыс ұғымның 
қалыптастырмайды. Осындай демонстрация кезінде педагог 
басқарушы 
рөлде 
боуы 
қажет,баланың 
игеруін 
ұйымдастрырады.Ұйымдастыру дегенге, объект туралы жеке 
білімін жалпы көрініспен бірге, заттардың түрлі жақтары мен 
қасиеттерін қатал дәйектілікпен береді. 
Осыған байланысты, сұрақтардың тәртібі маңызды, олар 
арқылы педагог картиналарды көруді басқарады. Басында, ол 
картинаның жалпы мағынасын түсінуге арналған сурақтарды 
пайдаланады («Картинада ненің суреті салынған?», «Суретші 
нені бейнелеген?») кейін балаларға мазмұнын талдауға түрткі 
болатын сұрақтар қойылады (кім және не бейнеленген, олардың 
қасиеті, ерекшеліктері, әрекеттері қандай). Содан соң 
бейнеленген 
заттар, 
тұлғалар 
арасындағы 
байланысқа 
байланысты сұрақтар қойылады. Кейін баланың қиялын 
стимулдайтын, өзіндік қорытынды, пайымдар шығаратын 
сұрақтар қойылады. Бұндай тәсілде балаларға картина 
кейпкерінің орнына өзін қойып, олардың әрекеттері мен 
уайымдарын айтып беріп «картинаны тірілту» ұсынады.
Сонымен оқытудағы көрнекі құралдар баладақоршаған әлемнің 
заттары мен құбылыстары туралы анық түсінік қалыптасуына, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет