273
сезім мүшелерімен (көздің, құлақтың құрылымы), немесе
организмның ішкі құрылымымен (көру қабілеті мен есту
қабілетінің мимен, мидың - қозғалыс жүйесімен қатынасы)
таныстыратын моделдер жайлы балаларға арналған әдебиеттер,
оқу құралдары көп. Мұндай модельдерді қолдана отырып оқыту,
балалардың өз мүмкіндіктерін тануға,
өзінің психикалық және
физиологиялық денсаулығына мұқият болуына үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкен жастағыларына
маңызды қасиеттері мен қатынастары алмастырушы заттар,
шартты белгілер арқылы көрсетілетін заттық-сызбалық
модельдер ұсынылған. Мысалға - табиғат күнтізбесі, яғни
балалар табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды арнайы
шартты белгілермен белгілеп күнтізбе жүргізеді. Жоспар құру
(бөлменің, бау-бақшаның, қуйыршақ бұрышының), маршрут
сызбасын жасау (үйден балабақшаға бару жолы) барысында
педагог балаларды моделдеуге үйретеді. Заттық-сызбалық
модельдерің жиі кездесетін түрлері сызба, киімнің сұлбасы.
Мысалы, педагог қуыршаққа
арналған киім жасауды ұсына
отырып балалардың өлшеу, киім модельдеу туралы танымын
қалыптастырады.
Әдебиеттік шығармалардың мазмұнын талдау барысында
О.М.Дьяченконың ұсынған балаларға ертегіні модельдеуді
үйрету әдісіне жүгіну орынды болады. Ертегінің мазмұнын
логикалық аяқталған бөлімдерге бөледі, балалар оның әр
қайсысына қатысты сызба түрінде сурет (пиктограмма) салады.
Нәтижесінде апперцептивты сызба, яғни шығарманың мазмұны
туралы толық түсінік қалыптасады. Балалар осыған сүйене
отырып, ертегінің мазмұнын
жақсырақ мазмұндайды және
фланелеграфта және т.б. көрсете алады.
Балалардың талдау, салыстыру, жалпылау, заттың
маңызды емес қасиеттеріне мән бермеу дағдыларының жақсы
қалыптасқан жағдайда ғана модельдерді қолдану мүмкін
екендігін ескеру қажет. Модельді игеру белсенді тану, зерттеу
274
іс-әрекеттерімен, заттарды шартты белгілермен алмастыра алу
қабілетімен тығыз байланысты.
Ойын әдістері және тәсілдері
Ойын әдістері мен тәсілдерінің
артықшылық қасиеті,
олардың
балалардың
жоғарғы
қызығушылығын,
оң
эмоцияларын тудыратындығында және оқу тапсырмасының
сырттан мәжбүрлі түрде емес баланың өз қалауымен зейін
қойып орындауына ықпал ететіндігінде. Оқу тапсырмасының
ойын барсында орындалуы жүйке энергиясының және еркін
күш-жігерінің минималды жұмсалуына әкеледі.
Е.А. Флерина, өз уақытында, ойын әдістері мен тәсілдерінің
оқу тапсырмаларын жеңіл әрі қызығушылықпен, сондай-ақ
белсенділікпен орындауға мүмкіндік беретініне назар аударған.
Қазіргі заманның
зерттеулерінде анықталғандай, бұл тәсілдер
балалардың ақыл-ой белсенділігін ғана емес, моторлық
белсенділігін де бағыттауға мүмкіндік береді. Моторлық
белсенділік білім алуды, меңгеруді жеңілдететін бай
ассоциативты қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді. Ойын
жағдайында қабылдау процестері баланың ой-санасында
әлдеқайда тез және нақты жүреді.
Ойын әдістері және тәсілдері біршама белгілермен
сипатталады. Ең алдымен,
олар оқу әрекетін, белгілі-бір сәйкес
ережелер жүйесімен немесе сценариймен жүргізілетін шартты
жоспарға айландырады. Тағы да бір ерекшелігі ол, баланың
ойын жағдайына толық кірісуін қажет етуі. Сәйкесінше, педагог
та балалармен бірге ойнап, тікелей оқыту әсерінен, сөгіс
беруден, кінәлаудан бас тартуы қажет.
Ойын әдістері мен тәсілдері барынша әртүрлі. Ең көп
тараған түрі -
дидактикалық ойын. Оған оқыту барысында екі
қызмет тән болады (А.П. Усов, В.Н.Аванесова).
Бірінші
қызметі - білімді жетілдіру және бекіту. Мұнда
бала меңгерген
білімін сол күйінде емес, ойын жағдайына қарай өзгертіп,
түрлендіріп көрсетеді, олармен опрерациялар жасауға үйренеді.
Мысалы, балалар түрлі түстерді атай алады және ажырата