401
Балалардың
құрылыс
материалдармен
ойын
ойнауға
қызығушылығын қалыптастыру үшін, педагог
түрлі тәсілдерді
қолданады. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың көзінше
өзі
құрылысты салады, бөбектерді құрылысты ойнатуға
(зообақта торларға әртүрлі жануарларды орналастырып, ол
жерге балалар ата-анасымен келеді) тартады. Біріккен
шығармашылық тәсілін қолданады: балаларға (түрлі жастағы
топтарға) педагог өзі жасаған құрылысты салып бітіруді,
құрылысты қайта салуды ұсынады (кірберіс қанатын,
қылтимасын (балконын)
қосып салу, үйдің айналасына биік
немесе аласа қоршау тұрғызу, төбешіктің биіктігін өзгерту,
төбешіктен шаңғышылыларға арналған трамплин жасау, көпірді
ұзарту, жаяу жолды кеңейту).
Құрылыс
материалдарымен
ойнауға
қызығушылықты
туындату және нығайту үшін
шынайы өмірдегі құрылыспен
танысу көп көмектеседі. Серуендер,
экскурсиялар кезінде
мектепке дейінгі жастағы балалардың әртүрлі құрылыстардың
ерекшеліктеріне назар аудартқан абзал: көпір қалай салынған,
тұрғын үймен көркемдік мақсаттағы ғимараттың (мұражай,
театр) немен ерекшеленеді, қала қөлік құралдарының
ұқсастықтары мен ерекшеліктері және т.б. Балаларға
құрылысшылар еңбегінің сипаттарымен, құрылыс техникасымен
танысу қызықты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі үлкен жастағы
балалардың назарын,
құрылыстардың мақсатын, кұрылымын,
безендіру тәсілдерін салыстыра білуін дамыта отырып,
ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктеріне салу керек.
А.Н. Давидчуктің зерттеулерінде балаларға жаңа және ескі
ғимараттарды салыстыру ұсынылатын, бұл ең алғашқы тарихи
түсініктердің қалыптасуына маңызды. Балаларды түрлі
құрылыстар туралы әсерлер, біліммен байытып отырып, педагог
оларды жиынтықталған түсініктерді
игеруге жетектеуі міндет,
яғни құрылыстардың белгілі мақсаттары (ғимараттар, көпірлер),
құрама бөліктері, қалыптары, пропорциялары, кеңістіктегі орны,
безендірулері болады.
402
Бүкіл барлық жас ерекшелігі этаптары бойынша құрылыс
материалдар ойындарын балалардың сенсорлық тәжірибесін
байыту үшін қолданады.
Конструктивті машықтарды оқыту барысында түрлі
Достарыңызбен бөлісу: