С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет245/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Тапсырма
1. 
Прочитайте лекцию А. С. Макаренконың «Ойын» атты 
дәрісін оқыңыздар («Лекции о воспитании детей». — Любое 
издание); автор ұсынатын ойыншықтардың жіктемесін жазып 
алыңыз. 
2. 
«Ойыншықтың түрі» кестесін құрастырыңыз. 
3. 
Елизавета Ивановна Тихееваның «Бала ойыншықпен жай 
нәрсе ретінде алданбайды; ол мұнда өзінің жанын, әрекетін, 
шығармашылығын көрсететін ұзын тізбекке апаратын нүктені 
бағалайды» сөздерін қалай түсінетіндеріңізді баяндаңыздар 
(қараңыз: 
История дошкольной педагогики в России: 


450 
Хрестоматия. — М., 1976. — С. 330). 
4. 
Серуендеу барысында балаларда ойынға арналған уақыт 
жеткілікті. Сіз практикадан өтіп жатқан топта балалар серуендеу 
кезінде қандай ойыншықтарды пайдалантынына талдау жасаңыз 
(ойыншықтардың түрі, олардың саны, жағдайы, мерзімге, 
саөталу орнына сәйкестігі). «Алып шығатын» ойыншықтар 
жайында ұсыныстарыңызды айтыңыздар. 
5. 
Балаларға 
ойыншығына 
арналған 
өлеңдерді 
еске 
түсіріңіздер және жазып алыңыздар. Осы шығармалар мектеп 
жасына дейінгі бала-сәбиге қандай әсер беруі мүмкін? 
6. 
Бала олардың балалық шағы туралы ересектердің 
әңгімелерін тыңдағанды ұнатады. Балаларға өз балалық 
шағындағы сүйікті ойыншығы туралы әңгімені құрстырыңыз 
және жазып алыңыз. 


451 
 
Алтыншы бөлім 
БАЛАБАҚША, ОТБАСЫ, МЕКТЕП 
 
 
XXV ТАРАУ 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ 
ОТБАСЫМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 
 
 
Отбасының тұлғаның қалыптасуындағы рөлі 
Адамзаттың мыңжылдық тарихында өскелең ұрпақты 
трәбиелеудің екі тармағы қалыптасты: отбасылық және 
қоғамдық. Оның әрқайсысы әлеуметтік институтты білдіре 
отырып, баланың тұлғасын қалыптастыруда өзіндік ерекше 
мүмкіндіктерге ие. 
Тұлғаның қалытасуында не маңыздырақ деген дау баяғыдан 
келеді: отбасы немесе қоғамдық тәрбиелеу (балабақша, мектеп, 
басқа да білім беру ұйымдары). Бір атақты педагогтер отбасы 
пайдасына шықты, басқалары қоғамдық мекемелерге қарай 
басын бұрды. Сөйтіп, Я.А.Коменский ана мектебі деп бала ана 
қолы мен аузынан алатын білімнің бірізділігі мен сомасын 
атады. Ана сабақтары – кестедегі үзіліссіз, демалыс және 
каникулсыз. Бала өмірі көпқырлы және саналы болған сайын, 
ана қамқорының шеңбері кеңейе түседі. Я.А.Коменскийді басқа 
педагог-гуманист И.Г.Песталоцци қайталайды: отбасы – тәрбие 
берудің түпнұсқа органы, ол ісімен үйретеді, ал тірі сөз тек қана 
толықтыра түседі және өмірмен орылған топыраққа құлай 
отырып, ол мүлдем басқа әсер тудырады.
Ал социалист-утопист Роберт Оуэн отбасын жаңа адамның 
қалыптасу жолындағы күлдің бірі деп санады. 
Баланың ерте жастан тек қоғамдық тәрбие беру қажеттілігі 
туралы оның идеясы біздің елімізде бір мезгілде отбасының 


452 
«артта қалған» дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар «ұяшық» 
ұстанымын азайтуымен белсенді түрде жүзеге асты. Көптеген 
жылдар 
бойы 
сөзі 
және 
ісімен 
баланың 
тұлғасын 
қалыптастырудағы қоғамдық тәрбие берудің рөлі аталып өтілді. 
Бірақ қазіргі заманғы ғылым баланың жеке басының дамуына 
кедергі келтірместен, отбасылық тәрбиеден бас тартуға 
болмайды, өйткені оның күшіне және тиімділігіне балабақшада 
немесе мектепте кез келген, тіпті білікті тәрбие берудің де 
теңдесі жоқ. 
Белгілі ресейлік психолог А.Н. Леонтьевтің кішкентай балаға 
қандай да бір түрде әсер ететін айналасындағы әлемнің әртүрлі 
бөліктерінен, оның тәрбие беру әсеріне ерекше сезімтал болып 
табылатын балаға жақын адамның шеңберін анықтады. 
Бала өмірінің алғашқы жылдарында ескертулер, айтылған 
ақылдар, «бөтен апатайдың» кеңестерін қабылдамайды 
(көліктегі серіктер, басқа топтың тәрбиешілері). Кейінірек 
жасөспірім кезеңінің басында досының, жолдасының пікірі оған 
маңызды, оған жолаушының ескертуі әсер ете бастайды, ал 7-8 
жасында ең беделді сөздер - «Осылайша анам айтқан!»; «Әкем 
солай айтты». 
Т.А.Маркованың зерттеуінде отбасылық тәрбиенің күші мен 
беріктігін анықтайтын факторлар жүйеленген. 
1. 
Отбасындағы тәрбие терең эмоционалдығымен, жақын 
сипатымен 
ерекшеленеді. 
Отбасылық 
тәрбие 
берудің 
«өткізушісі» болып балаға деген ата-аналық махаббат пен 
балалардың ата-анасына деген кері сезімдері саналады (бауыр 
басқандық, сенім, жылулық). Отбасылық тәрбие берудің 
тиімділігі негізінен оның барлық мүшелерін байланыстыратын 
эмоционалдық байланыстармен айқындалады, соның арқасында 
балалар қоршаған орта туралы белгісіздік және қауіптен 
қорғалған болып сезінеді. Мұнда анасының құшағында шынайы 
және мазасыз қорқыныштарынан жасырынуға болады, әлемдегі 
барлық нәрселер туралы атақты «ең, ең ақылды» саналатын 
атадан біліп алуға болады. Отбасылық жылу - бақытты 
балалықтың жағдайының бірі. 


453 
2. 
Отбасында тәрбие беру ана, әкесі, отбасының басқа 
мүшелерінің өмірлік жағдайлардың әртүрлілігіндегі тәрбие беру 
әсерінің ұзақ мерзімділігі және тұрақтылығымен, олардың 
күнделікті 
қайталануымен 
ерекшеленеді. 
Тәрбие 
беру 
үдерістерінің осындай тұрақтылығы сыртқы факторларға жауап 
беретін әрекеттерді тудыратын баланың дамып келе жатқан 
жүйке жүйесі үшін қолайлы. Тіпті мазмұн, пішіннің формасына 
қарай осы тәрбие беру әсерлері әрдайым педагогикалық сауатты 
болмаса да, бала кез-келген сәтте оны күтетін нәрсені біледі 
және болжайды. Мысалы, серуендеуден кірлеген курткада 
қайтқан кезде, ол анасының мақұлдамайтын реакциясына 
алдын-ала дайындалады, анасын «тыныштандыру» үшін қажет 
әрекетке әзірленеді («Кешірім сұраймын, сүйемін, щетканы 
алып, куртканы тазалаймын»). 
3. Отбасы өмірдің алғашқы жылдарынан бастап баланы 
әртүрлі іс-әрекеттерге (тұрмыстық, еңбек, шаруашылық, 
отбасының басқа мүшелеріне және өзіне қатысты тәрбиелеу) 
қосу үшін объективті мүмкіндіктерге ие. Егер балабақшада 
балалар негізінен еңбек ету барысына белгілі бір жағдайда ғана 
қатысса, оның қоршаған адамдарға қажет екенін әрдайым 
түсінбейтін болса, онда отбасы мүлдем өзгеше болады. 1,5-2 
жастағы баланың өзінде тұрақты міндеттері болуы мүмкін: 
ойыншықтарды кешке «ұйықтатуға жатқызу», атасына газет 
алып беру, әжесінің креслосының алдына аяқтарын қоюға арнап 
орындық қою. 3-4 жастан бастап балаға бөлме өсімдіктерін 
суаруды тапсырады, ол үстелді әзірлейді, ересектерге тазалауға 
көмектеседі. 
«Балалар - отбасы айнасы» сөзі барлық көрінетін 
қадірсіздікке қарамастан, баланың оған отбасына уағыздайтын 
рухани-адамгершілік құндылықтарға бағдар ету мәнін береді. 
Әрбір 
отбасы 
жақсылық 
және 
жамандық, 
олардың 
басымдықтары мен адамгершілік құндылықтар туралы өз ой-
пікірі бар: біреуінде бұрыш басына мейірімділік, ізгілікті қояды, 
басқаларында керісінше, қатыгездік, табынушылық бар. Ата-
аналар ненің жақсы, ненің жаман екені туралы олардың 
түсініктеріне жауап беретін іс-әрекеттерін, қимылдарын, мінез-


454 
құлық тәсілдерін үнемі ынталандырады және көтермелейді. 
Сондықтан, жас әке өзінің 3 жастағы баласын құрдастарымен 
кез келген қақтығыстарда «жауап қайтаруға» үйретеді, ол 
балаларда ұрыс, шиеленістердің себебі қатыгез түпкі ой емес, 
өтінішін дұрыс жеткізбеу, қимылдарының опасыздығы, мінез-
құлқының қызбалығы екенін ескермейді. 
Жақындарына, жақсы көретін адамдарына еліктей отырып, 
олардың «өмірлік философиясның сабақтарына» ере отырып, 
бала мінез-құлық формаларын, айналадағы адамдармен қатынас 
жасау, өзара әрекет ету тәсілдерін игеріп алады. Қыңыр ана 
баласының қырсықтығынан зардап шегуі мүмкін, ал 
«соғысқұмар» әке мұғалімдердің «үзілісте төбелесті» сынды 
шағымдарғын үнемі тыңдауға мәжбір болады. Көптеген атақты 
педагогтардың отбасылық тәрбие – бұл алдымен ата-аналардың 
өзін-өзі тәрбиелеуі деп санауы бекер емес: өздері игермеген 
қасиеттерді балаға дарыту және үнемі көрсететіндерден 
«арылту» өте қиын. 
Тұлғаның қалыптасуының маңызды факторы – белгілі бір 
жыныстың өкілі ретінде сезіну және тиісті рөлдік мінез-құлықты 
игеру. Ғалымдар мұны психологиялық жыныстың қалыптасуы 
деп атайды және отбасының осы үрдістегі ерекше рөлін атап 
өтеді. Бала ата-анасының мінез-құлқы, олардың өзара қарым-
қатынастарының, еңбек ынтымақтастығының үлгісін көреді, өз 
жынысымен санаса отырып, еліктеу негізінде өз жүріс-тұрысын 
құрады. 
Шағын топты, «микроғарышты» өзіндік білдіре отыра
отбасы баланың әлеуметтік өмірге ақырындап қалыптасуының 
және оның дүниетанымы мен тәжірибесінің кезеңмен кеңеюі 
талаптарына біршама сәйкес келеді. 
Сонымен қатар, отбасы – біртектес емес, дараланған 
әлеуметтік топ екенін ескеру керек. Мұнда түрлі жас 
ерекшелігіндегі (отбасының ересек және кіші мүшелері), 
жыныстық, кейде кәсіптік (ана – мұғалім, әке – жүргізуші, әже - 
медбике) «ішкі жүйелер» берілген. Бұл жағдай балаға өз 


455 
мүмкіндіктерін біршама кеңірек көрсетуге және қажеттіліктерін 
толығырақ 
жүзеге 
асыруға 
көмектеседі 
(А.Г.Харчев, 
И.В.Гребенников, Ю.П.Азаров). 
Сөйтіп, қазіргі заманғы ғылым баланы тәрбиелеуде әсер ету 
формаларының көптігінде, соңғысының үздіксіздігі мен 
ұзақтығында, өсіп келе жатқан адам игеретін құндылықтар 
диапазонында көрінетін отбасы басымдылығын атап өтеді. 
Бала тәрбиесіндегі отбасының басым рөлі туралы ереже 
бірқатар халықаралық (Бала құқығы туралы конвенция, 1989), 
сондай-ақ, отандық (Ресей Федерациясының конституциясы, 
«Ресей Федерациясындағы білім туралы» заң) заңнамалық 
құжаттарда белгіленген. Мұнда бала үшін ата-ананың бірінші 
педагогтары ретіндегі құқықтары көрсетілген, сонымен қатар, 
олардың баланың толыққанды денсаулығына, жан-жақты 
дамуына, өмірге дайындығына жауапкершілігі белгіленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет