447
жағына қолымен ұстап алуға
болатын ойыншықтарды таңдап,
іледі: сақиналары, сабы бар сылдырмақтар; салпыншақтар.
Заттармен әрекет ету үшін балаларға 5-6 ай жасынан бастап
әртүрлі ойыншықтарды береді: ысқырығы бар пластмассалы,
рәзеңкелі, ағаштан жасалған астары бар ойыншықтар, түрлі
көлемдегі кішкентай шарлар мен доптар және т.б. Түрлі
материалдардан жасалған ойыншықтардың арасында образдық
ойыншықтар да болуы тиіс: қуыршақ-неваляшка
және пішініне
қарай қарапайым пластмассадан, рәзеңкеден, матадан жасалған
қуыршақтар, жануарлардың кішкентай фигуралары. Осы
ойыншықтар көрнекі безендірілуі қажет (қуыршақта – үлкен
көздер, қанық түсті ауыз). Көлеміне қарай ойыншықтар ұсақ
және орташа, пішініе қарай бір немесе екі қолымен ұстауға
ыңғайлы. 7-8 айдан бастап салуға арналған ойыншықтар мен
заттар қосылады (тегенелер, кубтар,
ұсақ ойыншықтары бар
кәрзеңкелер). Балаларға тақырыбы бойынша бірдей (әтеш,
мысық),
бірақ
түсіне,
көлеміне,
материалына
қарай
ажыратылатын
ойыншықтар
ұсынылады.
Сюжеткөліктік
ойыншықтар пайда болады (каталка, кішкентай автомашиналар).
Балаға 8-9 айынан бастап әдемі, қолға ұстағанда жұмсақ
ойыншықтарды көрсетеді, олармен әрекет етуді үйретеді. Осы
кезеңнен бастап олардың көмегімен бала біртектес, бірақ
көлеміне қарай әр түрлі заттар мен ойыншықтарды жинау
(конустар, цилиндрлер), қорабшаларды, ойыншық кәстрөлдердің
қақпағын жабу барысында әрекеттерді үйлестіру
тәсілдерін
игереді. Алмалы-салмалы ойыншықтар (бочата, жұмыртқалар,
саңырауқұлақтар), доғаға ілетін сақиналар пайдалы.
Кейінірек (10-12 айдан бастап) бала пирамидаларды,
матрешкаларды жинау, астау ішінде кішкентай шар немесе
допты домалату, алмаслы-салмалы ойыншықтармен, сонымен
қатар кубиктермен,
кішкентай кірпіштермен, призмалармен
ойнайтын ойындар барысында заттық әрекет жасауды меңгереді.
Осы жастағы балаларға (түрлі пішіндегі, көлемдегі, түстегі)
тиісті заттарды салуға арналған кертіктері бар ойын үстелдері
448
қызығушылық тудырады.
Бір зат – құрал-сайман – басқасына (басқаларына) әрекет ету
үшін қолданылатын құралмен жұмыс істеу әрекеттерін игеру
барысында бала бір жасының аяғына қарай ойыншық
қалақшаларды, күректі, ойыншық ыдыс-аяқты пайдалануды
үйрене бастйды.
Бұл ойыншықтардан басқа, (көздері,
құлақтары) ірі жасалған бөлшектері бар ойыншықтар,
қуыршақпен ойнауға арналған арбалар, төсек жаймалары,
көрпелер қосылады. Ересектер ермек-ойыншықтарды көрсетеді
(жерді шоқып жатқан тауықтар, секіретін көлбақалар).
Сәбилерге бұрамалы ойыншықтарды көрсетеді (автокөлік, арба).
Жүру дағдыларын дамыту үшін ойыншық-каталкаларды
пайдаланады, бала оларды алдына
итереді немесе жіппен
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: