166
туралы түсінік оның мінез-құлқын жаңа мазмұнмен толықтырып
бағыттайды, достың әрекетін бағалауға
және өзін-өзі бағалауға
қызмет етеді. Бала кіші жасынан бастап, денсаулықты сақтау,
мәдени-гигиеналық әдет, дұрыс қозғалысты үйренудің негізі
болатын, өз денесін күту жөнінде (қолды, бетті жуу, қол
орамалды, майлықты пайдалануды) білім алады.
Баланы
мәдениетке тарту, өнер туындыларымен таныстыру, қоршаған
әлемді оның алуан түрлілігімен қабылдау, қиялдау, ойлау, есте
сақтаусыз мүмкін болмайтын түсінуді, ұғынуды талап етеді.
Эстетикалық қабылдау процесіне ойлау әрекетін белсенді түрде
енгізу – баланың байқампаздығы,
сенсорлық мәденит пен
ойлаудың деңгейі көрінетін бағалау пікірлерін қалыптастыруға
арналған алғышарт. Сөйтіп, баланың миына әсер етуді мақсат
ететін ақыл-ой тәрбиесі оның адамгершілік бейнесінің
қалыптасуына, эстетикалық дамуына,
салауатты өмір суру
әдетін дағдылануға жақсы ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: