С. Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық бойынша 4-9-11 сыныптардың



бет16/26
Дата14.03.2023
өлшемі140.4 Kb.
#470751
түріСынақтар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
2016 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық бойынша 4-9-11 сыныптардың
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Хаттама №
20.04.2017ж
Талапты ауылы
Қатысқаны: 80
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде:
1. Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларымен таныстыру.
1-ші мәселе бойынша ДОІЖО Ш.Акментаев ата-аналарға оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларымен таныстырды.Ата-аналармен амандасып алып өз сөзін жалғастырды.

  • 1. Осы Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес  әзірленді және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жүргізу тәртібін:

 1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;
4) жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.
3. ОЖСБ жүргізудің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда (бұдан әрі - МЖМС) көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің (бұдан әрі – орта білім) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады....
2-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай 9 сыныптардың 14.04.2017ж күні алынған тесттердің нәтижесін талдап өтті.
-2016-2017 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында 14 .04.2017ж күні байқау сынағы өткізілді .Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылып отырылды. Тапсырған сынақ тесттерінің нәтижесі бойынша пән мұғалімдері оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіліп жатыр. ОЖСБ-ға дайындық кестесі бойынша дайындық сабақтары уақытында өткізілуде.
Мектепішілік жоспарға сәйкес, ОЖСБ дайындығын жетілдіру жоспары бойынша оқушыларға ОЖСБ туралы түсініктеме берілді.Нормативтік құжаттармен таныстырылды Жалпы мектеп бойынша 9-сыныптарда 67 оқушы оқиды. Олардың барлығы ОЖСБ сынағына қатысады.
Оқу жылының басында ОЖСБ дайындығының кестесі құрылды.
Мектепте айына 1 рет байқау сынамалары өткізілді.
Оқушылар қазақ тілінен,Қазақстан тарихы, орыс тілі және өздерінің таңдау пәндерінен тест сынамаларын тапсырды. Осы пәндер бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті.
8 оқушы жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 9 «А» сыныбы Асқар А-64 балл,Өстемір Н- 70 балл, Әсілбек Ж-66 балл, Абатхан А-68 балл
9 «Ә» сыныбынан: Сейтқұл А-63 балл,Әлімқұл Б-61 балл.
9 «Б» сыныбынан: Айтбай А-60 балл,Саттар А-66 балл.
Ең төмен балл жинаған: 9 «А» сыныбы: Жеңіс Е-39 балл
9 «Ә» сыныбы: Тасболат Д-35 балл
Тасболт М-38 балл
9 «Б» сыныбы:Нұрайым Ж-38 балл
Нұрайым Е-48 балл
Мектеп бойынша орташа балл -34.
9 «А»- 30,4
9 «Ә»-33,2
9 «Б»-38,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет