С. Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет4/26
Дата14.03.2023
өлшемі140.4 Kb.
#470751
түріСынақтар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Жиналыс төрайымы: Г.Ашимова
Хатшы: И.Исматова

С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2016-2017 оқу жылының 18.11.2017ж күні өткізілген
9 «А», «Ә» сыныптарының ОЖСБ-ға дайындық барысындағы байқау сынақтарының қорытындысы туралы

Хаттама№
18.11.2017ж


Талапты ауылы
Қатысқаны :40
Қатыспағаны:
Қаралатын мәселелер:

  1. 18.11.2017ж алынған тестті талдау;

2. ОЖСБ-сапалы дайындықты ұйымдастыру, ОЖСБ өткізу жөніндегі нұсқаулық
1-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай сөз алды.
-2017-2018 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында 18 .11.2017ж күні байқау сынағы өткізілді .Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылып отырылды. Тапсырған сынақ тесттерінің нәтижесі бойынша пән мұғалімдері оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіліп жатыр. ОЖСБ-ға дайындық кестесі бойынша дайындық сабақтары уақытында өткізілуде.
Жалпы мектеп бойынша 9-сыныптарда 50 оқушы оқиды. Оқу жылының басында ОЖСБ дайындығының кестесі құрылды.
Оқушылар қазақ тілінен,Қазақстан тарихы, орыс тілі және өздерінің таңдау пәндерінен тест сынамаларын тапсырды. Осы пәндер бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті.
Жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 9 «А» сыныбынан Әбдімәлік Р-74 балл,Есенбек Г- 70 балл, Мақсым М-66 балл,Үсен Е-68 балл
9 «Ә» сыныбынан: Абдыш А-70 балл,Бимырза А-61 балл.
Ең төмен балл жинаған: 9 «А» сыныбы: Укашов О-22 балл
9 «Ә» сыныбы: Әбдіжаппар Б-30 балл

Мектеп бойынша орташа балл -34.
9 «А»- 30,4
9 «Ә»-33,2
2-ші мәселе бойынша ДОІЖО Р.Абенова апай сөз алып ОЖСБ ережелері және өткізу жөніндегі нұсқаулығымен таныстырды.
-1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.
3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.Қаулы:
1.Пән мұғалімдер кесте бойынша қосымша сабақтары өтілсін.
ОЖСБ-ға дайындық күшейтілсін.
2.ОЖСБ-ға оқушылардың түгел қатысуларын,құрал -жабдықтары түгел болуы, оқушыларға,ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сынып жетекшілеріне жүктелсін.

Жиналыс төрайымы: Р.Абенова


Хатшы: И.Исматова

С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2016-2017 оқу жылының 14.03.2017ж күні өткізілген
9 «А», «Ә», «Б» сыныптарының ОЖСБ-ға дайындық барысындағы байқау сынақтарының қорытындысы туралы

Хаттама№1


18.03.2017ж
Талапты ауылы
Қатысқаны :25
Қатыспағаны:
Қаралатын мәселелер:

  1. 14.03.2017ж алынған тестті талдау;

2. ОЖСБ дайныдалу және тапсыру кезінде оқушыларды психологиялық қолдау.
.
1-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай сөз алды.
-2016-2017 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында 14.03.2017ж күні байқау сынағы өткізілді .Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылып отырылды. Тапсырған сынақ тесттерінің нәтижесі бойынша пән мұғалімдері оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіліп жатыр. ОЖСБ-ға дайындық кестесі бойынша дайындық сабақтары уақытында өткізілуде.
14.03.2017ж күні 9 «А» сыныбында барлығы 22 оқушы, 20 оқушыдан 5 пәннен тест алынды.2 оқушы белгілі себептермен қатыспады.
9 «Ә» сыныбында барлығы 23 оқушы, 20 оқушыдан 5 пәннен тест алынды.3 оқушы белгілі себептермен тест тапсырмады.
9 «Б» сыныбында барлығы 22 оқушы,20 оқушыдан 5 пәндік тест алынды. 2 оқушы белгілі себептермен тест тапсырмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет