52
қоғамының жоғары лауазымдағыларын қатты қызықтырғанын айта кету
маңызды. Мәңгілік ӛмір сҥруді аңсаған императорлар даолықтарға тек
моральді кӛмек кӛрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, қаржылай кӛмек
кӛрсетіп отырған.
Мәңгілік ӛмір сҥруге жетудің тҥрлі тәсілдерінің ішінде практикалық
жыныстық қатынасқа кӛп кӛңіл бӛлінген, онда қажетті ережелерді орындау
жағдайында, екі жақтың да ағзаларын нығайтып, жасару қабілеті
туындайды. Әр тҥрлі тілдерге аударылған
«Махаббат Даосы» кітабы
дҥниежҥзінде зор сҧранысқа ие.
Даосизм жҥйесінде адамгершілік аспектісі аса мәнді саналады.
Даолықтар барлық жағымды істердің кем дегенде бір теріс қылықпен
толысып отыратынын айтты.
Ең жоғары қҧрметтелетін ізгіліктердің ішінде бірінші орынға - 1) ата-
ананы қҧрметтеу; 2) басшыға, оқытушыға, ҥлкенге бас ию; 3) барлық тірі
жанға сҥйіспеншілік таныту, 4) ӛзін-ӛзі қҧрбандыққа шалу; 5) барлық
мҧқтаж жануарлар, қҧстарды қоректендіру; 6) ӛсімдіктерге қамқор болу; 7)
жетімдер ҥйлерін, қонақ ҥйлерді, керуен сарайлары орналасатын
мекемелерді салу; 8) білімді және адамдарға қызмет кӛрсетуді насихаттау;
9) киелі әдебиеттерді оқу; 10) салттарды және қҧрбандыққа шалу
әрекеттерін сақтау.
Осыған орай, даолықтардың кез-келген аурулар туралы талқылаулары
маңызды болып табылады. Даолықтардың пікірінше, барлық аурулар
адамдардың ӛз іс-әрекеттері мен кҥнәларының нәтижесі. Әрбір теріс әрекет
ақырында аурумен аяқталған. Сондықтан да, кӛп жағдайда ауруларды
емдемеген, керісінше, сау адамдардан алшақтатқан, оларды ӛздігінен ӛмір
сҥріп, жасаған кҥнәлары ҥшін тәубе қылуға мәжбҥр еткен.
Достарыңызбен бөлісу: