С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет15/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Фарабидің әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұл-
дыздай жарқ етіп, Аристотельден кейін екінші ұстаз атануы – ға-
жайып құбылыс. «Ол - ислам мәдениетінің алтын ғасырындағы 
ұлы тұлғалардың бірі»
1
.
Әл-Фарабидің жүзден аса трактаттары 
бар екенін ғалымдар мойындап отыр. Оның ішінде «Музыканың 
үлкен кітабы», «Ақылдың міні туралы трактат», «Ғылымды 
жіктеу және анықтау туралы кітап», «Аристотель еңбектеріне 
түсіндірме», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Ыр-
ғақтарды топ-топқа бөлу», «Логика», «Өлең өнері туралы» т.б. 
еңбектері – дүниежүзілік эстетикаға қосылған үлкен үлес. Бірқа-
тар дүниелері әдебиеттің теориялық мәселелерін қамтиды. 
Әл-Фараби «Өлең өнерінің қағидалары туралы тракта-
тында» өнердің тарихшысы ретінде Аристотельдің «Поэтика-
сын» түсіндіруді мақсат еткенімен, эстетика категорияларын 
өзінше саралайды. Аристотель жасаған логикалық категория-
ларды арабтардың поэзия өнеріне қолдануға болатынын жазады, 
себебі поэзия өнеріне, оның ойынша, өзгеше поэтикалық тол-
1
Азимхан А. Философское приношение Аль-Фараби. –Алматы: Айкос, 
2006. -
7 б.


41 
ғамдар тән. Поэзияны жанрлық түрлерге: трагедия, дифирамба, 
комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма және т.б. деп жік-
тейді де, оның әрқайсысына теориялық сипаттама береді. Әрине, 
бұл жіктеу қазіргі жанрлар теориясына сай келмегенімен, өз дә-
уірі үшін өзекті сипатта. Сонымен бірге поэзия канондары мен 
оның барлық бей-нелеу тәсілдерін қолдана білу қабілетін 
жинақтаған өнерді терең білумен, меңгерумен байланысты 
поэтикалық шеберлік мәселе-сін айқындауда Әл-Фарабидің 
философиялық-эстетикалық көз-қарастарын байқаймыз
1
.
«
Өлең өнері туралы» трактатында әл-Фараби араб поэ-
зиясының ерекшелігіне, әсіресе бәйітке тән шарттарға, ақындар 
негізге алуға тиісті ережелерге тоқталады. Мұнда қиялдың, 
ойдан шығарудың сипаты мен мағынасын аша отырып, риторика 
мен поэзия табиғатының арасындағы айырмашылықты көрсе-
теді. Философ қиялды поэзияның еншісінде деп біледі де: «Қиял-
даудың, ойдан шығарудың поэзияда маңызы аса зор, мысалы, бі-
лімнің – дәлелдеудегі, сендірудің – риторикадағы маңызы сияқ-
ты» - деп жазады. Әл-Фараби өзінің поэзия туралы 
пайымдауларында араб поэзиясының сыр-сипатына, көркемдік 
шарттарына, өлеңге қа-тысты теориялық мәселелерге тоқталады. 
Өнерді санадан тыс объективті түрде дүниеде әр құбылыстың 
адамның ақыл-ойын-дағы елесі деп қарады. Көне дәуір 
ойшылдары Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотельден 
ауызданған 
әл-Фарабидің 
ойлары 
өзінен 
кейінгі 
данышпандардың еңбектерінде жалғасын тапты. 
X-XII 
ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани 
лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтты білік», А.Яссауидің 
«Диуани хикметінде» жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік
әсер көріністері ұшырасады. М.Қашқаридің (ХІ ғ) «Диуани лұғат 
ат-түрік» атты түрікше-арабша түсіндірме сөздігі - түркі 
халықтарына ортақ әдеби мұра. Ол сөздік қана емес, сонымен 
бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, 
мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, 
салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты бағалы деректері 
бар мол жинақ. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында 
1
Аль-Фараби. Логические трактаты. -Алматы: Наука, 1975. -С.551


42 
эстетикалық құндылықтар, әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, 
қанағат туралы ойлары жатыр. XII ғасырдағы көне түркі тілінде 
жазылған Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» кітабында 
жалпыадамзаттық асқақ сезімге, мейірімділікке, рухани 
қасиеттер мен имандылыққа, рузани кемелдікке көп көңіл 
бөлінеді.
ХҮ ғасырда қазақ халқы жеке мемлекет ретінде 
қалыптасқан кезеңнен бастап ұлттық сөз өнері жаңа биікке 
көтерілді. Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып Қазақ 
хандығын құраған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі 
және мемлекетті нығайту, оның жауынгерлік күшін арттыру 
болды. Жыраулар жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен 
қорғау ісіне атсалысып, ел ішіндегі түрлі деңгейдегі мәселелерді 
шешіп отырды. Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған, Доспамбет, 
Шалгез, Жиенбет, Марғасқа, Ақтанберді, Бұхар, Үмбетай, Шал, 
т.б. ақындар ежелгі әдебиетімізден жүлге тартқан дәстүрді 
сақтай отырып, оны өз дәуірінің талап-тілектеріне орай 
әдебиетімізді тақырыптық, мазмұндық, түрлік тұрғыдан 
жетілдіріп, байытты. Бір кездері бүкіл түркі халықтарының 
тарихында, рухани ғұмырында үлкен орын алған жыраулар өз 
шығармашылығын орта ғасырлардан бастап бергі кезеңге, яғни 
ХІХ ғасырларға дейін жеткізді. Жаңа мемлекеттің күшті, хан 
билігінің мықты болуын көздеген қазақ жыраулары маңызды 
мәселелер бойынша ой толғап, бітімді сөздерін айтты. Бүгін 
болып жатқан оқиғаларды бейнелеп, оған өз бағасын, 
көзқарасын білдіріп отырды, бабалардың мазмұнды, тағылымды 
бұрынғы тіршілігіне, өткенге иек артты, болашаққа барлау 
жасады. Өз заманы мен өткен уақытты салыстыра толғап, дәуір 
туралы, қоғам туралы философиялық ой түйді. 
Қазақ топырағындағы сөз өнері туралы әдеби-эстетикалық 
тұжырымдардың тууы ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлихановтың, 
А.Құнанбайұлының, Ы.Алтынсариннің есімдерімен байланысты. 
Қазақ ойшылдары өмір сүрген ХІХ ғасыр қазақ халқының 
тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшы-лығы мол 
дәуірмен тұстас келді. Патша үкіметінің қазақ дала-сында 
жүргізген отарлау саясатының салдарынан туған рухани 
кіріптарлықтан, заңсыздықтардан қазақ елін құтқарудың ендігі 


43 
жаңа жағдайдағы бірден-бір ұтымды жолы өнер, білім-ғылым 
үйрену еді. Қазақ зиялылары осыны жақсы түсініп, ағарту 
идеясын ұлттық ұранға айналдырды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы XIX ға-
сырдан Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен бастау алады. Білім-
білігі, дүниетанымы кең, көп ғылымды игерген Ш.Уәлиханов
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, терең зерттеген. «Манас», «Қозы 
Көрпеш - Баян сұлу» жырлары да оның назарынан тыс қалмаған. 
Ол көшпенді халықтардың поэзиясы, әдебиеті туралы құнды пі-
кірлер айтып, ақындық қасиет, импровизацияға жүйріктік көш-
пелі елдердің бәріне ортақ сипат екенін жазады. Оның поэзия 
туралы «Қазақ халық поэзиясының түрлері» атты зерттеу 
мақаласында қазақ ауыз әдебиеті, оның озық өкіл-дері Жанақ, 
Шөже, Орынбай сияқты эпикалық ақындардың шы-
ғармашылығы жайлы тұңғыш рет ғылыми ой-пікірлер айтылды. 
Бұл мақаласында ол поэзияны: қара өлең, қайым өлең, жыр, жоқ-
тау, өлең деп бес жанрлық түрге жіктеп, әрқайсысының ерекше-
ліктері турасында сипаттама жасайды. Жырдың жеті буынды, 
қара өлеңнің он бір буынды болып келетінін жазып, бір-бірінен 
айырмашылықтарын саралайды. Ш.Уәлихановтың көзқарасы қа-
зіргі поэзиядағы жанрлық жіктеумен қабыса бермегенімен, қазақ 
әдебиеттануындағы поэзия туралы алғашқы салмақты пікір-
лердің бірі болғандықтан бағалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет