177
С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал», Ә.Таразидің «Күлмейтін
комедия», С.Балғабаевтың «Бес бойдаққа бір той», т.б. комедия-
лары бұл жанрды тақырыптық, көркемдік
аясы тұрғысынан тың
ізденістермен байытты.
Комедия - өмірдегі келеңсіз құбылыстарды, адам мінездегі
мінді, кемшілікті сықақтап, қасиетсіздікті келекеге айналдыра-
тын күлдіргі пьеса. Комедиядағы басты нәрсе - күлкі. Күлкінің
күші шынайылығында жатады.
Әдебиет философиясы мен
поэтикасын сабақтастыра зерттеген ғалым Михаил Бахтин:
«
Күлкі формасы арқылы байсалды түрде айтуға болмайтын көп
нәрсенің кілті табылмақ» - дейді. Юмор – суреткердің дүниені
көруі, қабылдауы мен авторлық бағасы. Комедияның сатиралық
және лирикалық түрлері бар.
Драма – драматургиядағы жанрлық түр. Трагедиядағы
оқиға желісі бас кейіпкер тағдырының қайғысымен аяқталса, ко-
медияда сюжет әлеуметтік құбылыстарды сынаған күлкілі оқи-
ғаларға негізделеді. Ал драма адамдардың мүдделері арасындағы
қақтығыс, тартысқа құрылады. Бірақ қақтығыс сипаты қайғымен,
трагедиямен аяқталуы шарт емес. Мысалы: Б.Майлиннің «Май-
дан», М.Әуезовтің «Сын сағатта», «Түнгі сарын», Д.Исабековтің
«
Әпке», О.Бөкеевтің «Құлыным менің», А.Сүлейменовтің
«Жетінші палата» т.б. драмалары. Тәуелсіздік жылдарындағы
драматургиядағы көркемдік ізденістерді Д.Исабековтің «Актри-
са», «Тор» пьесалары, Ә.Кекілбаевтың өлеңмен жазылған «Абы-
лай хан» драмасы танытады. Зерттеушілер драманың қаһарман-
дық,
саяси-әлеуметтік, тарихи-ғұмырнамалық түрлерін ажыра-
тады.
Жаһандық әдебиеттің көркемдік тәжірибесінде драма
жанрының
трагедия мен комедия, драмадан өзге
мелодрама,
фарс, трагикомедия, мистерия, моралите, миракль, водевиль,
мим, феерия, флиаки, оперетта, мандзац, фьяба т.б. түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: