С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет102/109
Дата27.10.2022
өлшемі2.3 Mb.
#463463
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   109
aiajanov-kompiuterlik-jeliler

ОН БЕСІНШІ ТАҚЫРЫП. 
ЖЕЛІЛІК БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ 
 
Дәрістің мән-мәтіні 
Мақсаты: желілік бағдарламалық жабдықтауды менгеру. 
Дәріс жоспары: 
1. Бір рангілі компьютерлік желілердің операциялық жҥйелері.
2. Ерекшеленген серверлі желілердің операциялық жҥйелері.
 
Негізгі тҥсініктер: Желілік операциялық жҥйелер, желілік тақша, желілік 
операциялық жҥйелер-Unix, Linux. 
 
Тақырыптың мазмҧны. Желілік операциялық жҥйелер (Network 
Operating System –NOS) – желіде ақпаратты ӛңдеуді, сақтауды және жіберу мен 
қабылдауды ҧйымдастыратын бағдарламалар тобы.
Желіні ҧйымдастыру ҥшін аппараттық қҧралдар ғана емес және де желілік 
операциялық жҥйе де керек. Операциялық жҥйелер желіні ӛз бетінше қолдай 
алмайды. Қандай да бір операциялық жҥйені желілік қҧралдармен толықтыру 
ҥшін желіні орнату процедурасы қажет. Желілік операциялық жҥйе жҧмыс 
стансаларымен файлдық сервер арасындағы қатынас ағындарын басқару ҥшін 
қажет. Ол желіде жҥзеге асырылып, әр тҥрлі желілік қызметтерді ҧсынатын 
және қолданбалы ҥдерістерді қолдайтын қолданбалы платформа болып 
табылады. NOS бір рангтік немесе клиент-сервер архитектурасын пайдаланады. 
NOS желінің негізгі қызметімен қамтамасыз ететін хаттамалар тобын 
анықтайды. Оларға мыналар жатады: 

желі объектілерінің мекен-жайын анықтау; 

желілік қызметтерді функцияландыру

деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

желіні басқару. 

желілік бағдарламалық қамтамасыздандыру. 
Клиент желіде басқа компьютерлермен және сервермен байланыс 
жасайды және қҧжаттар мен принтерге кіруге рҧқсат береді. 
Желілік тақша компьютерді желімен физикалық байланыстыратын 
қҧрылғы болып табылады. Әр желілік тақшаға ӛз драйверлері, IRQ мағынасы 
және енгізу/шығару мекен-жайы орнатылады. 
Хаттамалар желіде ақпарат алмасу ережелерін орнатады. 
Қашықтан кіруге рұқсат қызметі файлдар мен принтерлерді желідегі 
барлық компьютерлерге қол жетерліктей етіп жасайды. 
Қолданбалы бағдарламалардың кӛпқолданушылық нҧсқасы ӛнімділігін 
кенет жоғарылатады. Кӛптеген деректер базасын басқару жҥйесі бірнеше 
жҧмыс стансаларына жалпы деректер базасымен жҧмыс істеуге мҥмкіндік 


206 
береді. Қолданбалы іскерлік бағдарламалардың кӛпшілігі кӛп қолданушылық 
болып табылады. 
Желілік операциалық жҥйенің (ЖОЖ) компоненттері желідегі жҧмысшы 
стансаларында орын алады. Қазір кӛптеген ЖОЖ бар: 

Windows NT; 

Windows for Workgroups; 

LANtastic; 

NetWare; 

Unix; 

Linux және т.б. 
Алғашқы кезеңдерде компьютер желіде жҧмыс істеу ҥшін қосымша 
желілік операциялық жҥйені жҥктейтін. Компьютер автономды да, желілік те 
операциалық жҥйелермен бір мезгілде басқарыла беретін. Бір компьютерде екі 
ОЖ орнатылатын. Мысалы, Mіcrosoft LAN ОЖ желілік болып есептелсе де 
оның қызметі компьютердің автономды ОЖ-нің (MS-DOS, UNІX н/се OS/2®) 
кызметтерін желіде қолдайтын (48-сурет).
48-сурет – Wіndows NT Server желілік бағдарламалық қҧралдарымен 
қамтылған 
Қазіргі ОЖ-де (Mіcrosoft Wіndows NT,Wіndows NT Workstatіon және 
Wіndows 95 Server) автономды және желілік біртҧтас жҥйе болып жобаланған. 
Бҧл ОЖ барлық аппараттық және бағдарламалық қҧралдар қызметінің негізі 
болып саналады. Желілік ОЖ аппараттық және бағдарламалық жабдықты 
бағыттап, қолдап, әрекеттестіріп, аппаратық ресурстарды бӛлу мен қолдануды 
басқарып отырады. 
Желілік ОЖ және қызметті қолдау ӛте кҥрделі жҧмыс. Сондықтан да 
желілік ортаны ҧйымдастыру алдында кӛпмақсаттылығын (multіtaskіng) 
ескерткен орынды. Кӛпмақсаттылы ОЖ компьютерде бір мезгілде бірнеше 
маселелерді шешуге мҥмкіндік береді. Кӛпмақсатты ОЖ-нің бағынысындағы 
компьютер бір мезгілде бірнеше ӛңдеулер жасап жатқандай болып кӛрінеді. 
Желілік ОЖ желідегі барлық компьютерлерді, сыртқы қондырғыларды 
байланыстырады; солардын қызметтерін бақылайды; рҧқсатсыз енуден 
қорғауды ҧйымдастырады. Wіndows NT Server доменінің бақылаушысы желіні 
біртҧтас орта етіп ҧйымдастырады.
Желілік бағдарламалық қамтамасыз етудің қҧрамдас бӛліктері:
1) клиент компьютерлерінде орнатылған желілік бағдарламалар тобы; 


207 
2) сервер компьютерлерінде орнатылған желілік бағдарламалар тобы. 
Клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету. Желіде пайдаланушы сҧратуды 
алыстағы қорға (ресурсқа) жібергенде, ол сҧрау редиректормен жеткізіледі. 
Редиректор – желілік бағдарламалық қҧрал, қызметі - компьютердегі 
сҧратуларды қабылдап, қайда бағыттайтынын анықтайды. 
Сонымен, редиректордың жҧмысы пайдаланушы сҧрату жіберген мезетте 
басталады. Пайдаланушы сҧрату жібергендіктен, оның компьютері клиент 
болып есептеледі. Сҧрату редиректормен ҧсталынада да, желі бойымен 
жіберіледі. 
Редиректорлар 
сҧрауларды 
компьютерлерге 
де, 
сыртқы 
қондырғыларға да жібере алады. Жергілікті принтерге жіберілген тапсырманы 
іліп алып, желілік принтерге жібере алады. 
Сервердің бағдарламалық қҧралдары желідегі барлық компьютерлерге 
сервердегі деректерді, сондай-ақ қосылған сыртқы қондырғыларды да 
қолдануға мҥмкіндік береді. Wіndows NT ортасында жҧмыс жасайтын клиент-
компьютерлер клиенттік және сервердің бағдарламалық қҧралдарымен 
жабдықталған. 
Мысалы, пайдаланушы алыстаған дискінің каталогына сҧрату жібереді. 
Сҧрату редиректордың кӛмегімен желіге жіберіледі де, принтер қосылған және 
бірігіп қолданылатын каталог орналасқан файлдар серверіне жеткізіледі. Жауап 
ретінде каталог тізімі жіберіледі. 
Кӛбінде желілік ОЖ пайдаланушылардың қорларын (ресурстарын) бірігіп 
қолдануын ретке келтіреді, бірігіп қолданылатын қорларға (ресурстарға) енуге 
мҥмкіндік беріп, қолдану ретін анықтайды. Бірігіп қолданудың реті дегеніміз: 

әртҥрлі дәрежеден пайдаланушының қорына (ресурсына) енуді 
қамтамасыз ету; 

қорларға (ресурстарға) енуді бағыттау; 

екі компьютерді бір уақытта қорға (ресурсқа) енгізбеуін қадағалау.
Мысалы: әкімші (администратор) желінің барлық пайдаланушыларын 
нақты бір қҧжаттың (файл) қҧрамымен таныстыруы керек - ол бҧл қҧжатқа 
(файлға) жалпыға бірдей енуге мҥмкіндік береді, бірақ енуді басқаруды былай 
жҥргізеді: 

кейбір пайдаланушылардың қҧжатты тек оқуға ғана мҥмкіндігі болады; 

басқа пайдаланушылардың қҧжатты оқуға, сонымен қатар ӛзгерістер 
енгізуге мҥмкіндігі болады.
Желілік ОЖ желі әкімшісіне (администраторына): қорларға (ресурстарға) 
пайдаланушылардың ену қҧқықтарын анықтау; олардын тізіміне ӛзгерістер 
енгізу кӛптеген мҥмкіндіктерін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет