С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет40/109
Дата27.10.2022
өлшемі2.3 Mb.
#463463
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109
aiajanov-kompiuterlik-jeliler

Есептуіш желі. Типті сымсыз желінің жай желіден айырмашылығы, тек 
беру ортасы ғана болады. Сымсыз трансиверлі желілік адаптер әрбір 
компьютерге орнатылғандықтан, пайдаланушылар, компьютерлер кабельмен 
жалғанғандай жҧмыс істейді. 
Трансивер қалған желімен сымсыз қосылған компьютерлер арасында 
сигналдар ауысуын қамтамасыз ететін, кейде қатынау нҥктесі (access poіnt) деп 
аталады.
Сымсыз ЖЕЖ ҥлкен емес қабырғалы трансивер пайдаланылады. Олар 
тасымалданатын қҧрылғылар арасында радоиконтакт орнатады. Осы 
трансиверлерді қолданғандықтан, мҧндай желіні толық сымсыз желі деп атауға 
болмайды.
Сымсыз жергілікті желі мәліметтерді берудің тӛрт әдісін пайдаланады:

инфрақызыл сәуле; 

лазер; 

тар спектрдегі радиохабар (бір жиілікті беру); 

бытыраңқы спектрдегі радиохабар. 
Барлық инфрақызылды сымсыз желілер мәліметтер беруде инфрақызыл 
сәулені пайдаланады. Осындай жҥйеде ӛте кҥшті сигнал беру қажет, әйтпесе 
оған басқа да кӛздер әсер етеді, мысалы, терезе. 
Инфрақызыл тҥс жиілігі кең ауқымды болғандықтан, осы тәсіл 
сигналдарды жоғарғы жылдамдықпен беруге мҥмкіндік береді. Инфрақызылды 
желі 10 Мбит/с жылдамдықта дҧрыс қызмет атқара алады. 
Инфрақызылды желі тӛрт тҥрге бӛлінеді: 
1.Тікелей кӛрінетін желі. Аты айтып тҧрғандай, хабарлағыш пен 
қабылдағыш арасында тікелей кӛрінетін жағдайда ғана беру мҥмкін болады. 
2. Бытыраңқы инфрақызыл сәуле. Мҧндай технологияда сигналдар тӛбе 
мен қабырғаларға шағылысып, аяғында қабылдағышқа жетеді. Тиімді аймақ 30 
м (100 фут) шектеледі және беру жылдамдығы ҥлкен емес (барлық сигналдар 
шағылысады). 
3. Шағылысқан инфрақызыл сәуле. 
Бҧл желіде компьютер жанына орналасқан оптикалық трансиверлер 
сигналдарды белгілі бір орынға береді, одан олар сәйкес компьютерге қайта 
жолданады. 
4. Кеңжолақты оптикалық желі. Бҧл инфрақызылды сымсыз желі 
кеңжолақты қызмет атқарады. Олар мультимедия ортасының қатаң 
талаптарына сәйкес келеді және кабельді желі сияқты болады. 


89 
Инфрақызыл желілерді пайдаланған ӛте қолайлы және жылдам 
болғанымен, сигналдарды 30 м-ден артық қашықтыққа беру кезінде 
қиындықтар туындайды. Осындай желі кӛптеген ҧйымдарда болатын кҥшті 
кӛздерден шығатын бӛгеттерге жиі соқтығысады. 
Хабарлағыш пен қабылдағыш арасындағы тікелей кӛрінуді талап 
ететіндіктен, лазер технологиясы инфрақызылға ҧқсайды. Егер қандай-да бір 
себеппен сәуле ҥзілген болса, онда беру де ҥзіледі. 
Тар спектрдегі радиохабарлағыш (бір жиілікті беру). Бҧл тәсіл кәдімгі 
радио стансасының радио хабары сияқты. Пайдаланушылар хабарлағыш пен 
қабылдағыштарды бір жиілікке келтіреді. Сонымен бірге тікелей кӛріну 
міндетті емес, хабарлау алаңы 46500 м2 (500000 квадратты фут) болады. 
Пайдаланушылар жоғарғы жиілікті сигналдар – металды немесе темір 
бетонды бӛгеттерге кірмейді.
Сол байланыс әдісімен қатынауды қызметпен жабдықтаушы арқылы 
болады, мысалы, Motorola (Қызметпен жабдықтаушы FCC-тың (Federal 
Communіcatіons Commіssіon) барлық талаптарына сай келеді. Байланыс, 
сәйкесінше, жай (4,8 Мбит/с) болады. 
Бытыраңқы спектрдегі радиохабарлағыш. Бҧл әдісте сигналдар кейбір 
жиілікті жолақтармен беріледі, бҧл бір жиілікті беруге тән байланыс 
проблемаларынан қҧтылуға мҥмкіндік береді. 
Қатынау жиілігі арналарға немесе интервалдарға бӛлінеді. Алдын ала 
аралық уақытта орнатылған интервалға келтіріледі, одан кейін басқа интервалға 
қосылады. Желідегі барлық компьютерлердің қайта қосылуы синхронды 
болады.
Мәліметтерді рҧқсат етілмеген қатынаудан қорғау ҥшін кодтау 
қолданылады. 
Мәліметтерді 250 Кбит/с жылдамдықпен беру әдісі ең қарапайым топқа 
жатады. 
Мәліметтерді 2 Мбит/с жылдамдықпен ашық жерлерде 3,2 км қашықтыққа, 
ал мекеме ішінде 120 м-ге дейін бере алатын, осының негізінде қҧрылған желі 
бар. 
Осы жағдайда технология шынымен сымсыз желі алуға мҥмкіндік береді. 
Мысалы, Mіcrosoft Wіndows 95 немесе Mіcrosoft Wіndows NT тҥрлі 
операциялық жҥйелермен Xіrcom CredіtCard Netwave адаптерлермен 
жабдықталған екі (немесе одан да кӛп) компьютерлер бір рангілі желі ретінде 
кабельсіз қызмет атқара алады. Сонымен қатар, Wіndows NT Server негізіндегі 
желі жҧмыс істесе, Сіз Netwave Acces Poіnt қҧрылғы Wіndows NT желіні бір 
компьютерге қосып, желілерді байланыстыра аласыз. 
Беріліс әдісі желінің анықталған шектеулерінен бірнеше рет шығып кетеді. 
Шалғай 
қҧрылғылар 
мен 
компьютерлер 
арасындағы 
әрекеттестік 
айырмашылығы ―нҥкте-нҥкте‖ беру технологиясында мәліметтер ауысуы 
компьютерлер арасында ғана болады. Бірақ сымсыз беру желісін ҧйымдастыру 
ҥшін хост-трансивер және жеке қосымша компоненттер пайдалану керек. 
Оларды автономды компьютер сияқты желіге қосылған компьютерлерге де 
орнатуға болады. 


90 
Мәліметтерді жҥйелі беруге негізделген, бҧл технология мыналарды 
қамтамасыздандырады: 

―нҥктеден-нҥктеге‖ 
радиоарнаны 
пайдалана 
отырып, 
жоғарғы 
жылдамдықта және қатесіз беру; 

қабырға мен жабудан сигналдардың ӛтуі; 

мекеме ішіндегі 1,2-ден 38,4 Кбит/с-қа дейін, 60 м-ге дейінгі қашықтыққа 
және тікелей кӛріну шартымен 530 м-ге беру жылдамдығы. 
Мҧндай жҥйе сигналды компьютерлер арасында, компьютерлер мен басқа 
да қҧрылғылар арасында, мысалы принтерлер мен штрих-кодты сканерлерге 
бере алады. 
Сымсыз компонентердің кейбір тҥрлері кабельді желіде олардың 
аналогтары сияқты кеңейтілген жергілікті есептеуіш желіде қызмет атқарады. 
Сымсыз кӛпір бір-бірінен ҥш мильге дейінгі қашықтықта орналасқан желіні 
біріктіреді. 
Сымсыз кӛпір (wіreless brіdge) деп аталатын компонент кабелсіз мекемелер 
арасында байланыс орнатуға кӛмектеседі. Кәдімгі кӛпір адамдардың ӛзеннің бір 
жағалауынан екіншісіне ӛту ҥшін қандай қызмет атқарса, сымсыз кӛпір сол 
сияқты екі мекеме арасында мәліметтерге ӛту ҥшін жол салады. AІRLAN/Brіdge 
PLUS кӛпірі ЖЕЖ-ні біріктіретін магистраль қҧру ҥшін бытыраңқы спектрде 
радиохабарлағыш 
технологиясын 
пайдаланады. 
Олардың 
арасындағы 
қашықтық жағдайға байланысты 5 км-ге жетуі мҥмкін. Мҧндай қҧрылғының 
пайдаланылу қҧны шектен тыс болып кӛрінбейді, ӛйткені байланыс жолдарын 
жалдау қажеттілігі болмайды. 
Егер сымсыз кӛпір ―жапқан‖ қашықтық жеткіліксіз болса, онда алыс кӛпір 
қҧруға болады. Қашықтығы 40 м-ге дейін Ethernet және Token Rіng желілерімен 
жҧмыс істеу ҥшін, ол бытыраңқы спектрдегі радиохабарлағыш технологиясын 
пайдаланады. Оның қҧны (кәдімгі сымсыз кӛпір сияқты) соншалықты қымбат 
емес, ӛйткені Т1 тізбегі немесе микротолқынды арналарды жалдау шығыны 
болмайды. Т1 тізбегі – бҧл 1,544 Мбит/с жылдамдықпен мәліметтерді беру 
ҥшін арналған стандартты цифрлық тізбек. Ол арқылы сӛйлесуге және 
мәліметтер беруге болады. 
Қоғамдық қызмет пен телефон жҥйесі сымсыз ҧтқыр (мобилдік) 
желілердегі беріліс ортасы. Мҧнда: 

дестелі радиобіріктіру; 

ҧялы (сотовый) желі; 

спутниктік станса қолданылады. 
Ҥнемі жҥріп-тҧратын қызметкерлер мҧндай технологияларды пайдалана 
алады: ӛздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal 
Dіgіtal Assіstants) болса, олар файлдармен, электронды пошта мен басқа да 
ақпараттармен ауысып отырады. 
Мҧндай байланыс тҥрі ыңғайлы болғанымен, ӛте баяу. Беру жылдамдығы 8 
Кбит/с-тан 28,8 Кбит/с-қа дейін. Ал егер қатені тҥзету жҥйесі қосылса, онда 
жылдамдық одан да баяулай тҥседі. 


91 
Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желіге қосу ҥшін ҧялы (кәрезді) 
байланыс технологиясы қолданылатын сымсыз адаптер пайдаланылады. 
Тасымалды компьютерлер орнатылған кішігірім антенналар, оларды қоршаған 
радиотрансляторлармен байланыстырады. 
Дестелі радиобіріктіру кезінде мына ақпараттан қҧралатын дестелерге 
(желілік десте сияқты) бӛлінеді: 

кӛздің мекен-жайы; 

қабылдығыш мекен-жайы; 

қателерді тҥзетуге арналған ақпарат. 
Дестелер кеңхабарлау режимінде трансляцияланатын спутникке беріледі. 
Содан мекен-жайлары сәйкес келетін қҧрылғылар бҧл дестелерді қабылдайды. 
Мәліметтердің ҧялы (кәрездік) цифрлық дестелері (Cellular Dіgіtal Packet 
Data, CDPD) ҧялы (кәрезді) телефондар пайдаланатын технологияны 
пайдаланады. Олар желі бос болған мезгілде сӛйлесуді беріліс желісімен береді. 
Бҧл ӛте жылдам байланыс технологиясы.
Кәрезді желіде басқа да сымсыз желілердегі сияқты, кабельді желіге 
қосылу әдісін табу керек. Nortel out of Mіssіssauga (Онтарио, Канада) 
компаниясы, осы мақсатқа арналған интерфейсті блок Ethernet-ті (Ethernet 
Іnterface Unіt, EІU) ӛндіреді. 
Микротолқынды технология – кішігірім компакты жҥйе мекемелер 
арасындағы 
әрекеттестікті 
ҧйымдастырады, 
мысалы, 
университеттік 
қалашықтарда. 
Қазір микротолқынды технология - Қҧрама Штатарда мәліметтерді алыс 
қашықтыққа берудегі кеңінен таралған әдіс.
Мынадай екі нҥктенің: 

спутник пен жердегі стансаның; 

екі мекеменің; 

ҥлкен ашық жазықтықты бӛлетін кез келген объектілердің тікелей кӛріну 
әрекеттестігіне қолайлы. 
Микротолқынды жҥйе мына компонентерден қҧралады: 

екі бағытты антеннадан. 

трансивер беретін сигналдарды қабылдау ҥшін олар бір-біріне 
бағытталған. Ҥлкен қашықтықтарды қамту мақсатында бҧл антеннаны 
мҧнараға орнатады.
Адаптер және трансиверді қалыпқа келтіру. 
Дербес компьютердің желі ішінде жҧмыс істеуі ҥшін желілік адаптерді 
дҧрыс орнатып, жҧмысқа келтіру керек. PnP стандартына сай келетін 
адаптердің қалыпқа келтірілуі автоматты тҥрде жҥргізіледі. Басқа жағдайда IRQ 
(Interrupt Request Line) және кіріс/шығыс мекен-жайына жолданымда 
(Input/Output address) ҥзіліс болғанда, сҧраныс линиясын қалыпқа келтіру 
қажет. 
Кіріс және шығыс мекен-жайы бҧл ҥш белгілік он алтылық сан, ол 
аппаратты қҧрылғы мен орталық процессор арасындағы коммуникациялық 
арнаны сәйкестендіреді. Желілік адаптердің дҧрыс жҧмыс істеуі ҥшін, IRQ 


92 
линиясы және кіріс/шығыс мекен-жайы жҧмысқа келтірілуі тиіс. Негізгі 
қҧрылғылар ҥшін IRQ ҥзілісі мен шығыс/кіріс мекен-жайына арналған сҧраулар 
бейнеленген. 
Әдетте желілік карта конфликтпен жҧмыс істейді, егер екі қҧрылғыға 
бірдей ресурс тағайындалған болса. Желілік карталар желілік қосылулардың әр 
тҥрлі типтерін ҧстап тҧрады. Желілік карта мен желі арасындағы, физикалық 
интерфейсті трансивер деп атайды – бҧл берілгендерді алумен және жіберумен 
айналысады. Желілік карталардағы трансиверлер сандық және аналогты 
белгілерді алып және жібере алады. Желілік карта пайдаланатын интерфейс 
типі желілік картада анықталуы мҥмкін. Джамперлер, трансивер типін кӛрсету 
ҥшін жҧмысқа келтірілуі мҥмкін, оны желілік карта желісінің схемасына сай 
пайдалануы тиіс. 
34-сурет – Адаптердің тҥрі 
Желілік адаптерлер тақшалары компьютердің арнайы ҧяшықтарында – 
слоттарда орнатылады. Ал тақшадағы ҧяшыққа кабель трансивер арқылы 
жалғастырылады.
Тақшаның негізгі қызметтері: 

компьютерден тҥсетін деректерді кабель арқылы жіберуге дайындау; 

деректерді басқа компьютерге жіберу 

деректердің ағымын басқару. 


93 
35-сурет – Желілік адаптер тақшасы 
Желілік адаптердің тақшалары деректерді қабылдап, компьютердің 
орталық процессорына тҥсінікті нысанда жібереді. Аппараттық және 
бағдарламалық қҧрамдас бӛліктерден тҧрады.
Компьютер ішінде деректер шиналар арқылы жеткізіледі. Әдетте шина – 
ол бір-біріне жақын орналасқан сымдар тобы - ӛткізгіштер. Шиналар 8, 16, 32-
битті болады. Яғни деректерді 8, 16, 32 биттардан жіберіп отырады. Басқаша 
айтқанда биттар параллель жіберіліп отырады деген мағынаны білдіреді. Ал 
кабельде деректер тізбектеліп бір бірден жҥреді. Желілік адаптер сол параллель 
жҥріп жатқан деректерді тізбектеп жібереді. Тізбектеліп ӛтіп жатқан 
сигналдарды трансивер электрлі және оптикалы сигналдарға тҥрлендіреді. 
Желілік кабель бойымен деректер біртіндеп тізбектеліп ағып жатқан биттар 
тҥрінде жҥреді. Желілік тақша параллель тҥрдегі деректерді қабылдап, 
тізбектеп бір бит тҥрінде жіберу ҥшін тҥрлендіреді. 
Локалды желіде модем орнына негізгі плата ажыратпасында орнатылатын 
желілік адаптерді (желілік карта, network adapter, net card ) қолдануға болады. 
Тағы ISA ажыратпасына орнатылатын карта бар, бірақ қазіргі карталар PCI 
ажыратпасына орнатылады. Портативті компьютерлер ҥшін PCMCIA-адаптері 
бар. USB интерфейсі ҥшін де желілік адаптерлер шықты. 
Желілік адаптерді екі топқа бӛлуге болады: 

клиенттік компьютерлерге арналған адаптер; 

серверге арналған адаптер. 
Клиентік компьютерге арналған адаптерде хабарламаны қабылдау және 
жіберу бойынша жҧмыстың бір бӛлігі ДК-да орындалатын бағдарламаға 
жҥктеледі. Мҧндай адаптер қарапайымдау және арзандау, бірақ ол қосымша 
машинаның орталық процессорын жҥктейді. 
Серверге арналған адаптер барлық керекті жҧмысты атқаратын ӛзінің 
процессорымен толықтырылады. 
Желілік картаның негізгі сипаттамасы мыналар болып табылады: 

бақылаушының орнатқан микросхемасы (микрочип); 

разрядтылығы – 8, 16, 32 және 64 биттік желілік карталар (микрочиппен 
анықталады); 

жіберу жылдамдығы – 10-нан 1000 бит/с –қа дейін; 

жалғанған кабель тҥрі – жіңішке және қалың коаксиалды кабель, 
экрандалмаған жҧп, талшықты-оптикалық кабель; 

мәліметті жіберуде ҧстанатын стандарттар – Ethernet, IEEE 802.3, Token 
Ring, FDDI және т.б. 


94 
Бақылаушы микросхемасының маңызы зор. Ол адаптердің кӛптеген 
параметрлерін, соның ішінде жҧмыстың тҧрақтылығын және қолайлығын 
анықтайды. Бірнеше фирманың микрочиптері компьютердің кейбір 
компоненттерімен шиеленіс тудырады. Ал Realtec, Intel микрочиптері мҧндай 
жағдайда кӛп қолайлы. 
Желілік картада тҧрақты есте сақтау қҧрылғысының BootROM чиптері 
орнатылады. Желіні ӛзінің арасында байланыстыру ҥшін желі аралық 
интерфейс ретінде қайталағыштар, кӛпірлер, маршруттаушылар және шлюздер 
әрекеттеседі. 
Мәліметті 
жіберу 
аппаратымен 
және 
терминалды 
қҧрылғымен 
компьютердің байланысу қҧрылғысы ретінде мыналар қолданылады: 

сызықты адаптер; 

мәліметті жіберу мультиплексоры; 

байланыс процессоры. 
Хабарларды нақты жолданатын мекен-жайға жеткізу ҥшін әр желілік тақша 
ӛзіндік ерекше мекен-жайына ие болады (MAC-мекен-жай, Medіa Access 
Control), алты байтты код тҥрінде ҧсынылған (мысалы 24-СD-А9-Р7-62-5A). 
Мекен-жай тақшаның микросхемасында жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет