С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет77/109
Дата27.10.2022
өлшемі2.3 Mb.
#463463
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   109
aiajanov-kompiuterlik-jeliler

ОН БІРІНШІ ТАҚЫРЫП. 
АУҚЫМДЫ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҦРАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ 
КӚРСЕТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
Дәрістің мән-мәтіні 
Мақсаты: ауқымды желілердің қҧрастырылуы және қызмет кӛрсету 
технологияларын оқып-ҥйрену. 
Дәріс жоспары: 
1. Ауқымды желінің қҧрылымы.
2. Арналары коммутацияланған ауқымды желілері. 
3. Пакеттердің коммутацияланған ауқымды желілері. 
 
Негізгі тҥсініктер: арналар коммутациясы, пакеттердің коммутациясы, 
ерекшеленген арналар, ауқымды желілер. 
 
Тақырыптың мазмҧны. Байланыстың кез келген желілері ӛздерінің 
абоненттерін ӛзара коммутациялау тәсілдерін қолдайды. Қашықтағы 
компьютерлер, жергілікті желілер, факс-аппараттар осы абоненттер болуы 
мҥмкін. 
Абоненттер коммутаторлармен жеке байланыс сызықтары арқылы 
қосылады, олардың әрбіреуін осы сызыққа тіркелген абонент кез келген 
уақытта пайдаланады. 
Желілерде абоненттерді коммутациялаудың ҥш принципиалды әртҥрлі 
схемалары бар: арналардың коммутациясы (circuit switching), пакеттердің 
коммутациясы (packet switching), хабарламалардың коммутациясы (message 
switching). 
Арналардың коммутациясы бар желілердің тарихы аса бай, олар бірінші 
телефондық желілерде пайда болған.
Арналардың коммутациясы тҥйіндердің арасында деректерді жіберу ҥшін 
тізбектеле жалғанған бӛлек арналық бӛлімдерден тҧратын, ҥздіксіз қҧрамдас 
физикалық арнаның пайда болуын бейнелейді. Бӛлек арналар ӛзара арнайы 
аппаратура – коммутатормен қосылады, олар желінің кез келген соңғы 
тҥйіндері арасында байланыс орната алады. Арналардың коммутациясы бар 
желіде деректерді жіберу алдында, әрқашан байланыс орнату процедурасын 
орындау қажет.
Коммутаторлар, сонымен қатар оларды қосатын арналар бірнеше 
абоненттік арналардың деректерін бір уақытта жіберуді қамтамасыз етуі қажет. 
Ол ҥшін олар жоғары жылдамдықта болуы керек және абоненттік арналарды 
мультиплексирлеудің қандай да бір техникасын қолдауы керек. 
Қазіргі уақытта абоненттік арналарды мультиплексирлеу ҥшін екі техника 
тҥрі қолданылады: 
1. жиілік мультиплексирлеу техникасы (Frequency Division Multiplexing, 
FDM); 


157 
2. уақытты бӛлумен мультиплексирлеу техникасы (Time Division 
Multiplexing, TDM). 
Пакеттерді коммутациялау – компьютерлік трафикті тиімді жеткізуге 
арнайы жасалған абоненттерді коммутациялау техникасы. Арналарды 
коммутациялау негізінде жасалған алғашқы компьютер желісін жасаудағы 
эксперименттердің бҧл коммутациясының тҥрі желінің жалпы ӛткізу қабілетіне 
қол жеткізуге мҥмкіндік бермейді. Мысалы, қашықтағы файл серверіне кӛңіл 
аударған кезде, қолданушы ең алдымен бҧл сервер каталогының қҧрамын 
қарастырады, ол ӛз тарапынан қысқа кӛлемдегі ақпарат жіберуді бәсендетеді. 
Сосын ол қажетті қҧжатты мәтіндік редактор тҥрінде ашады, егер де файл 
кӛптеген графикалық қосымшалармен қамтылса, бҧл операцияда қарқынды 
ақпарат алмасуды қамтамасыз ете алады. Файлдың бірнеше беттерін ашқан соң, 
қолданушы желі арқылы жіберуді қажет етпейтіндей жергілікті жерден жҧмыс 
жасай алады, ал сосын беттердің тҥрі ӛзгертілген кӛшірмелерін серверге 
қайтарады – бҧл тағы да ақпараттардың желі арқылы қарқынды жіберілуін 
тудырады.
Желіні жеке қолданушының трафикті пульсациялау коэффиценті 
ақпаратты алмасу қарқынының орташа кӛрсеткішінің ең жоғары мҥкіндігіне 
теңестірілгенде, 1:50 немесе 1:100 қҧрауы мҥмкін. Бҧл аталған қолданушының 
компьютері мен сервер арасында арналардың коммутациясын ҧйымдастырса, 
онда кӛп уақыт арна тоқтап тҧруы мҥмкін. Сонымен қатар желінің 
коммутациялық мҥмкіндіктерін тайм-слот қолдануы мҥмкін немесе желінің 
басқа да қолданушылары ҥшін коммутатор жолдарының жылдамдығына қол 
жеткізу мҥмкіндігі болмайды.
Пакеттерді коммутациялау кезінде желіні қолданушының жіберетін 
барлық ақпараттары жергілікті торапта салыстырмалы тҥрде қарапайым 
бӛліктерге бӛлінеді, ол пакет деп аталады. Естеріңізге сала кетейік, логикалық 
аяқталған ақпарат – файлды жіберу сҧранысы, осы сҧранысқа жауап қайтару, 
барлық файл мазмҧны т.б. қатынас хабар деп аталады. Бҧл хабарлама, бірнеше 
байттан кӛптеген мегабайтқа жететін ықтималды ҧзындыққа тең. Керісінше 
пакеттер де осындай ҧзындыққа тең болғанымен, бірақ қысқа мӛлшерде, 
мысалы 46-дан 1500 байтқа дейін болады. Әрбір пакеттің аты бар, онда пакетті 
жеткізетін желінің қажетті мекен-жайы туралы ақпарат және хабарламаны 
жинақтауда қолданылатын пакет нӛмірі жазылады. Пакеттер желіде тәуелсіз 
ақпараттық блок ретінде тасымалданады. Коммутаторлар пакетті соңғы 
тораптан қабылдап, мекен-жайлық ақпаратқа сәйкес бір біріне жібереді, 
нәтижесінде соңғы торапқа жеткізіледі.
Желі пакеті коммутаторларының арна коммутаторларынан ерекшелігі 
мынада: коммутатордың шығатын порты пакетті қабылдау кезінде басқа 
пакетті жӛнелтумен айналысып бос емес болған кезде, ақпаратты уақытша 
сақтауға арналған ішкі буферлік жады бар болады. Ақпаратты жӛнелтудің бҧл 
жҥйесі коммутаторлар арасындағы магистральды байланысты трафиктің 
пульсациясын реттеуге мҥмкіндік береді, нәтижесінде жалпы желінің ӛткізу 
қабілетін арттыру ҥшін тиімді қолдануға болады.


158 
Шындығында да, арналарды коммутациялау желісінде қолданылатындай 
екі абонентке коммутацияланған арнаны жеке дара қолданылатын, жабысқан 
коммутациялық арналы байланысты ҧсыну тиімді болады. Бҧл әдіс кезінде, осы 
екі жҧп абоненттерінің ӛзара байланысы ҧтымды болар еді, себебі ақпараттар 
бір-біріне кедергісіз берілер еді. Абоненттердің қарапайым кідірістері кезіндегі 
арнаның тоқтап тҧрулары қызықтырмайды, олар ҥшін ӛз мәселесін тиімді шешу 
маңызды болып табылады. Пакетті коммутациялау желісі нақты екі 
абоненттердің ӛзара байланыс ҥдерісін бәсеңдетеді, себебі, коммутаторға алғаш 
болып келіп тҥскен пакеттерді магистральды байланыстар арқылы басқа 
пакеттерге жібергенге дейін олардың пакеттері коммутаторда тҧрып қалуы 
мҥмкін. 
Бірақ та компьютерлік ақпараттарды желі арқылы жіберетін пакеттерді 
коммутациялау техникасы кезіндегі уақыт ӛлшемі арналарды коммутациялау 
техникасына қарағанда жоғары болады. Сондықтан, егер қызмет кӛрсетілетін 
абоненттер кӛп болса коммутаторлар ҥнемі және жеткілікті тҥрде бір ретті 
жҧмыспен қамтылады. Соңғы тораптан коммутаторға келіп тҥсетін трафик, 
уақыт тӛңірегінде біркелкі реттелмеген. Бірақ та, тӛменгі деңгейдегі 
коммутаторлардың байланысын қамтамасыз ететін иерархияның жоғарғы 
деңгейлі коммутаторларының қолданылу коэффиценті ҥнемі жоғары болады. 
Арналарды комутациялау желісімен (байланыс арналарының ӛткізу 
қабілетінің 
теңдігі 
кезінде) 
салыстырған 
кезде 
желідегі 
пакетті 
коммутациялаудың жоғары тиімділігі жасанды модельдеу кӛмегімен 60 
жылдары эксперимент тҥрінде дәлелденген болатын. Мультибағдарламалы 
операциялық жҥйелердің ҧқсастығымен байланысы орынды болып саналады. 
Бҧл жҥйеде әрбір бағдарлама бір бағдарламалы жҥйеге қарағанда ҧзақ 
орындалады, ӛзінің орындауын аяқтағанға дейін бағдарламаға процессорлық 
уақыт бӛлінеді. Бірақ берілген уақыт ішіндегі бағдарламалардың жалпы саны 
бір бағдарламалы жҥйеге қарағанда мультибағдарламалы жҥйеде кӛп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет